Қорытынды
Опарин химиялық эволюцияның жаңа идеясын ұсынды - күшті әсер етуші физикалық-химиялық факторлардың (температураның, ультракүлгін және рентген сәулелерінің, үлкен қуатты электр разряд-тары мен атмосфералық қысымның) әсер етуінен кейбір бейорганика-лық қоспалар органикалық «тіршілік кірпіштеріне» - амин қышцылдарына, нуклеозидтер мен нуклеотидтерге, қарапайым поли-сахаридтер мен химиялық энергияны
сақтауға қабілетті АТФ молеку-лаларына өздігінен айналуы жүзеге асады. Клетка 70% оттегі, 17% көміртегі, 10% сутегі және 3% азоттан тұрады. Тіршіліктің негізін қурайтын бул химиялық элементтер әлемдегі ең тұрақты және көп таралған элементтердің қатарына жатады. Олар бір-бірімен оңай қосылыс түзеді және атомдық салмақтары да аз. Олардың қосылыстары суда жылдам ериді.
Ежелгі кембрийге дейінгі шөгінді жыныстарды химиялық және па-леонтологиялық жолмен зерттеу, әсіресе көптеген жобалық экспери-менттер күрделі органикалық қосылыстардың пайда болу жағдайын түсінуге көмектесті.
Тіршілік белгілі бір физикалық-химиялық жағдайларға байланы-сты (температура, судың болуы тағы басқа). Сонымен бірге тіршілік пайда болуы үшін температураның, ылғалдылықтың, цысымның, ра-диация деңгейінің, әлем дамуы мен уақыттың белгілі бір диапазоны болуы керек.
А.И.Опарин «Тіршілік пайда болуы» еңбегінде ол су буы, аммиак, циан, металл тағы басқа заттардан туратын газ қоспасына электр разряды, жылу энергиясы, ультракүлгін сәулелер әсер еткен кезде Жер гидросферасында коэцерваттық тамшылар деп аталатын коллоидты жүйе пайда болатынын экспериментті түрде дәлелдейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)А.А.Северцов «Основы теории зволюции»
Москва “Высшая школа”1987г
2)А.В.Яблоков
А.Г.Юсуфов «Эволюционное учение»
Москва “Высшая школа” 1976г
3)Ф.Н.Правдин «Дарвинизм»
Алматы “Мектеп баспасы” 1973ж
