- •Дәріс конспектілері (тезистері)
- •Сызықтық программалау модельдері және оның қосымшасы
- •2.1 Экономикалық-математикалық модельдер
- •2.2 Сызықтық программалау есептеріне мысалдар
- •2.3 Сызықтық программалау есебінің қойылуы және оның құрылымы
- •2.4 Сызықтық программалау есебінің геометриялық интерпретациясы
- •3.1 Сызықтық программалау есебін шығарудың жалпы идеясы
- •3.2 Симплекс әдісінің ерекше жағдайлары
- •3.2.1 Тиімді шешімнің жалғыз еместігі (балама оптимум)
- •3.2.2 Өзгешеленген базистік шешімнің пайда болуы
- •3.3 Симплекс кесте
- •3.4 Жасанды базис әдісі
- •4.1 Тасымалдау есебінің қойылуы және оның математикалық моделі
- •4.2 Жабық модельдегі тасымалдау есебі
- •4.3 Алғашқы базистік шешімді табу
- •4.3.1 «Солтүстік-батыс» бұрыш әдісі
- •4.3.2 Ең кіші элемент (ең кіші құн) әдісі
- •4.4 Базистік шешімнің тиімділік критерийі
- •4.5 Үлестірімділік әдісі
- •Оңтайландырудың классикалық теориясының негіздері
- •5.1 Функцияның экстремумы
- •5.2 Оңтайландыру есебінің қойылуы
- •5.3 Шартсыз экстремумның бар болу шарты
- •6.1 Есептің қойылуы
- •6.2 Лагранждың көбейткіштер әдісі
- •6.3 Лагранж көбейткішінің жалпыланған әдісі
- •7.1 Итеративті әдістер ұғымы
- •7.2 Бірөлшемді минимизациялау әдістері
- •7.2.1 Минимумды анықтаудың пассивті әдісі
- •7.2.2 Минимумды анықтаудың белсенді әдістері
- •8.4 Фибоначчи әдісі
- •10.1 Тездетіп түсу әдісі
- •11.1 Динамикалық программалау есебінің жалпы қойылуы
- •11.2 Тиімділік принципі. Беллман теңдеуі
- •Антагонистикалық ойындар
- •12.1 Ойындар теориясының негізгі ұғымдары. Ойындарды топтастыру
- •12.2 Матрицалық ойындар
- •12.3 Максимин принципі
- •13.1 Аралас стратегиялардағы ұтыстар
- •13.2 Доминациялау принципі
- •13.3 2Х2 матрицалық ойындарды шешудің элементарлық әдістері
- •13.4 2Хn матрицалық ойындардың геометриялық шешімі
- •Негізгі түсініктер. Жаппай қызмет көрсету жүйелерін топтастыру
- •Марковтық кездейсоқ үрдісі
- •Жаппай қызмет көрсету жүйесі
- •15.1 Күтуі шектеулі уақытпен берілген жаппай қызмет көрсету жүйесі
Негізгі түсініктер. Жаппай қызмет көрсету жүйелерін топтастыру
Амалдарды зерттеу барысында біртипті есептерді шығару кезінде көп рет пайдалануға арналған жүйелер жиі кездеседі. Осы жерде пайда болатын үрдістер қызмет көрсету үрдістері деп, ал жүйелер жаппай қызмет көрсету жүйелері (ЖҚКЖ) деп аталады.
Табиғат құбылысын, техника, экономика немесе тасымалдау жүйелерінің үрдістерін зерттеу барысында көбінесе уақыт бойынша өзгеретін кездейсоқ шаманың көмегімен жүзеге асырылатын осы құбылыстарды немесе үрдістерді сипаттау кезінде пайда болатын жағдайлар жиі кездеседі.
Жаппай қызмет көрсету теориясы кездейсоқ үрдістер теориясының қолданбалы саласы болып табылады.
Уақыттың кездейсоқ (немесе кездейсоқ емес) мезгілінде қызмет көрсетуге өтініштер пайда болатындай және осы өтініштер бойынша қызмет көрсету үшін құрылғылар бар болатындай нақты қызмет көрсету жүйесінің ықтималдық модельдері жаппай қызмет көрсету теориясының зерттеу мәселесі болып табылады.
Жаппай қызмет көрсетуді ұйымдастыру есебі практикалық қызметтің көптеген салаларында кездеседі.
Телефон жүйелерін, жөндеу шеберханаларын, есептеу кешендерін, билет кассаларын, дүкендерді, шаштараздарды және т.т. осындай мекемелерді жүйелерге мысал ретінде қарастыруға болады.
Адамзаттың практикалық қызметінде қандай да бір арнайы түрдегі қызмет көрсетуге жаппай сұраныс болатындай жағдайлар үнемі пайда болады және шектеулі ғана қызмет көрсету бірліктері бар қызмет көрсетуші ұйым түскен өтініштерді бір мезгілде тез арада қанағаттандыратындай мүмкіндіктер барлық уақытта бола бермейді. Осы жерде кезек пайда болады. Жаппай қызмет көрсету жүйесі үшін мүмкін болатын дәлдікте қызмет көрсетудің бірлік саны мен қызмет көрсету сапасының арасындағы өзара байланысты орнататын типтік есеп пайда болады. Әрине, қызмет сапасы әр түрлі көрсеткіштермен өлшенеді. Уақыт бірлігінде қызмет көрсетілетін өтініштердің орташа санын; қызмет көрсетуді күтудің орташа уақытын; күтусіз қызмет көрсетуде қабыл алмау ықтималдығын; кезектегі өтініш саны белгілі бір мәннен асып кеткен жағдайдағы ықтималдығын жаппай қызмет көрсету жүйесінің тиімділік көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Қызмет көрсету бірліктерін арттыру жаппай қызмет көрсету жүйесі жұмысының сапасы мен тиімділігін арттырады. Дегенмен, осы бірлік санының шамадан тыс артуы күшті және материалдық құралды артық жұмсағанмен бірдей. Осылайша, жаппай қызмет көрсету теориясына үрдісті математикалық қалыптастыратындай негізгі ерекшелігі бар оңтайландыру енгізіледі.
Жаппай қызмет көрсету жүйесі толығымен мына тапсырмалармен сипатталады: енгізу ағыны, кезек тәртібі, қызмет көрсету реті.
Қызмет көрсету бірліктерін қызмет көрсету арналары деп айтамыз. Байланыс желілері, жұмыс орындары, есептеу машиналары, сатушылар және т.б. арналар болуы мүмкін. Жаппай қызмет көрсету жүйесіндегі арналар саны бойынша бірарналы және көпарналы болып бөлінеді.
Жаппай қызмет көрсету жүйесінде негізінен өтініштер тұрақты емес кездейсоқ түседі де, өтініштердің (талаптардың) кездейсоқ ағыны деп аталады. Өтініштер ағыны мен қызмет көрсету уақытының кездейсоқтық сипаты жаппай қызмет көрсету жүйесін бірқалыпты емес жүктеуге әкеледі: қандай да бір уақыт аралығында өте көп мөлшерде өтініштер түседі (олар не кезекке тұрады, не қызмет көрсетуді күтпей кетіп қалады), ал басқа бір уақыт аралығында аз мөлшерде өтініштер түсіп жаппай қызмет көрсету жүйесі толық жүктелмейді немесе тұрып қалады.
Жаппай қызмет көрсету жүйесі екі негізгі класқа бөлінеді: қабыл алынбайтын жаппай қызмет көрсету жүйесі және күтілетін (кезекпен) жаппай қызмет көрсету жүйесі. Қабыл алмайтын ЖҚКЖ-сінде барлық арналар бос емес кезде түскен өтініш қабыл алынбайды, ЖҚКЖ-сін тастап кетеді және әрі қарай қызмет көрсету үрдісіне қатыспайды. Күтілетін ЖҚКЖ-сінде барлық арналар бос емес кезде түскен өтініш кетпейді, қызмет көрсету кезегіне тұрады.
Күтілетін ЖҚКЖ кезектің ұйымдастырылуына байланысты алуан түрге бөлінеді: шектелген немесе шектелмеген кезек ұзындығы, күтудің шектелген уақыты және т.б.
ЖҚКЖ-сін топтастыру үшін түскен өтініштердің ішінен іріктеу ретін және бос арналардың арасында оларды бөлу ретін анықтайтын қызмет көрсету тәртібі маңызды рөл атқарады. Осы белгі бойынша өтініштер «бірінші келді – бірінші қызмет көрсетілді», «соңынан келді – бірінші қызмет көрсетілді» (мысалы, қызмет көрсету мақсатында қоймадағы өнімді алу үшін соңғысы алдымен пайдаланылады, немесе соңғыларға қатынау мүмкіндігі жеңіл болады) принциптері бойынша немесе приоритетпен қызмет көрсетілу (маңызды өтініштер бірінші орындалады) ұйымдастырылады. Приоритет абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолютті приоритет – маңызды өтініш әдеттегі өтінішті «ығыстырады» (мысалы, жөндеу бригадалары жоспарланған жұмысын орындау барысында, апат жағдайы болса апатты жойғанша жоспарлы жұмыс тоқтатылады), салыстырмалы приоритет – маңызды өтініш кезектегі «жақсырақ» орынға жылжытылады.
