Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_ZhER_kukygy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231.63 Кб
Скачать

2. Жер мониторингісінің міндеттері:

- жер жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процесстерді болдырмаумен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету.

Жер мониторигісін жүргізу барысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін келесідей процесстер анықталады:

1.Эволюциялық (дамудың табиғи тарихи процестерімен байланысты);

2.Кезеңдік (күндік, мезгілдік және басқа да сипаттағы өзгерістер);

3.Антропогендік (адам қызметімен);

4.Төтенше жағдайлар (экологиялық апаттар);

Жер мониторингісі ақпараттық қайнар көзіне бақылаудың, зерттеудің, инвентаризациялаудың нәтижелері, архивтік мәліметтер және жер сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жатады. Жер мониторингісін объектісі – меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық ҚР жері танылады.

3. Жер кадастры.

Жер мониторигісінің мәліметтері мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қажетті ақпараттық негізін құрайды.

Мемлекеттік жер кадастры - ҚР жерінің табиғи шаруашылық жай-күйі, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланушыларды есепке алу мен жер учаскесінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажеті мәліметтердің жиынтығы.

Жер кадастырың негізгі мақсаты – жер қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету. Жерге заттық құқықтардың азаматтық айналымы жерге меншік құқық жағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.

Жер туралы мәліметтер арнайы базалық құжаттармен реттеледі. Базалық құжаттарға келесілер жатады:

  • жер учаскесінің жер кадастрылқ ісі;

  • мемлекеттік жер кадастрының кітабы;

  • жер кадастрының картасы;

Жер учаскесінң жер кадастрылқ кітапқа жазба енгізілгеннен кейін оған жеке елдің аумағына қайталанбайтын нөмір беріледі. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері басқару, экологиялық шаруашылық және кәсіпкерлік қызмет саласында пайдаланылады. Кадастрлық мәлімет шынайы объективті болуы үшін келесі қағидалар сақталуы тиіс:

1.Мемлекеттің жер қорын түгелдей қамту;

2.Жер кадастрын жүргізудің үздіксіздігі;

3.Жер кадастрының әдістемелік негіз бірлігі;

4.Жер кадастрын жүргізу органдарының бірыңғай жүйесінің болуы;

Жер кадастрының мәліметтері келесі жағдайларда қолданылады:

1.Жер учаскелерін беру және алып қою;

2.Жер учаскесімен мәміле жасау;

3.Жерге төлем мөлшерін анықтау;

4.Құқықтық басқа кадастрды жүргізу үшін.

7-тақырып. Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері.

Жоспар:

  1. Жер учаскелерін беру тәртібі

2.Жер даулары.

3. Жерді қорғау және оның мақсаттары.

Негізгі ұғымдар: аймақ, аймақтарға бөлу, дау, жер даулары, жерді қорғау.

 1. Мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi:       1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;       2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;       3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);       4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;       5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;       6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;       7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;       8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;       9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру

Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы ЖК белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.       Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.       Жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiм комиссияның қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде қабылданады.       Жер учаскесін беруден бас тарту уәжделген болуға тиіс.     Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесiн алдын ала таңдауды ұсыну (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде) мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды уәкілетті орган комиссияға берген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде екi данада хаттамалық шешiм нысанында жасалады.       Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге жіберіледі.       3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.       Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.       Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.       Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде келіп түседі.       Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.       Егер өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінішті қараудан бас тартуды жазбаша түрде береді.     

Жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органы және тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.       Сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.     

6. Осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық беруден бас тарту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен ресiмделедi және оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге тиіс, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге комиссия қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырылуға тиiс.       Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның тиiстi қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.       7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі).       Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.       Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде қабылданады.       Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, сол шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады.       Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады.       Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.       8. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi және сол жер учаскелерiн жалдау құқығы осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiлерi болуы мүмкiн.       9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация беретін мынадай құжаттар:       жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;        тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;       уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде – уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;       уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.       Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі.       Жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.       10. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.       Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.       11. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.       Осы Кодекске сәйкес мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.       12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк тәртiбiмен алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға беріледі. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.       13. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.       14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыруға міндетті.             Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру

      1. Объект салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде жер учаскесін алдын ала таңдау жүргiзiледi. Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн де жер учаскесін таңдау нәтижелерiн жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресімдейді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының не орналасу схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

      2. Жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жібере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      3. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.        Жерге орналастыру жобасының құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.        Болжанып отырған, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының есептеулерi қоса берiледi.

      4. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскелері орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.

      5. Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiнгi сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау aктici және жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi.

      5-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үйлер, оның ішінде жеке тұрғын үйлер салуға осы елді мекеннің бекітілген бас жоспарына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес көрсетілген жерлерді елді мекендер жерінің санатына ауыстырғаннан кейін ғана және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе осы учаскелерде құрылыс салу жобасы болғанда ғана жол беріледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының орнын толтыру осы Кодекстің 105-бабына сәйкес жүргізіледі.

      5-2. Ғибадат үйін (құрылысын) салу үшін жер учаскесін беру оны салу туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі.

      5-3. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі.       Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.

      6. Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитариялық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда өтiніш беруші немесе оның сенiм бiлдiрген адамы жер учаскесiн бөлiп беруде талап етiлетiн келiсiмдердi өз бетінше қамтамасыз етедi.       Өтініш беруші меншік иесіне шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiк меншiгі иелерiнiң әрқайсысымен жасасқан шартты қосымша ұсынады.       Шартта сол кездегi бар құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс жүргiзушiнiң жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi көрсетiледi.

      7. Жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешiмiнiң жобасында:        жерге құқық табысталатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;        жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;        жер учаскесiнiң көлемi;        жерге құқықтар түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;        учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмi мен шарттары;        учаскелердің өлшемдері көрсетіле отырып, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;        жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі) туралы мәліметтер;       өзге де шарттар болуға тиiс.        Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн, құрылысқа арналған жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты қызмет түрлерiне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретiнде белгiленедi. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер                  учаскесін беру

      1. Мемлекет меншігіндегі, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін беру мынадай ретпен жүргізіледі:       1) жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;       2) жер учаскесін алдына ала таңдау;       3) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жер учаскесін алдын ала таңдауды келісу;       4) жер-кадастрлық жоспар жасау;       5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылдауы;       6) уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;       7) жергілікті жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу.       2. Объект салу үшін жер учаскесiн жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.       Жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объект пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі.       Жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыруға міндетті.       Жер учаскесі инженерлік желілер мен құрылыстар жоқ аудандарда берілген жағдайларда, аталған желілер мен құрылыстардың пайдалануға берілетін мерзімдері, сондай-ақ оларға қосылу нүктелері көрсетіледі.       Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация қалалар мен аудандардың жер-кадастрлық схемаларын интернет-ресурста деректерді апта сайын жаңартып отыру кезеңділігімен орналастыруға міндетті.       Өтініштің, келісу органдары қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын орталық уәкілетті орган бекітеді.       3. Жер учаскелерiне жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы белгіленген үлгідегі өтiнiшті бередi. Бұл ретте өтінішке міндетті түрде өтініштің қабылданған күні бойынша тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын хабарлама беріледі, онда келісу үшін жер учаскесін таңдау актісі алынған күн көрсетіледі.       Өтініште Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтер көрсетілуге тиіс. Өтінішке электрондық форматтағы жер учаскесінің орналасу схемасы қоса беріледі.       Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жер учаскесіне құқық беру туралы келіп түскен өтінішті жер учаскесі орналасқан жердегі тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне бір жұмыс күні ішінде жібереді.       4. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындайды және оны келісу үшін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.       Жер учаскесін таңдау актісінде қазіргі бар инженерлік коммуникациялар көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда, инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді.       Келісу органдары мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны он екі жұмыс күні ішінде ұсынады.       Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған учаске жөніндегі мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстарға смета қоса беріледі.       Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жібереді.       Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделеді және өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.       Оң қорытындылар келіп түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындайды және жібереді.       5. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі түпкілікті таңдау актісін өтініш берушімен «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу арқылы келіседі.       Өтініш берушімен түпкілікті таңдау актісін келісу және оның жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі он жұмыс күнін құрайды.       Өтініш беруші түпкілікті таңдау актісін келіскеннен кейін оған қол қою үшін уақытша жер пайдалану шартының алынған күні туралы хабарлама беріледі.       6. Қол қойылған материалдар жер-кадастрлық жоспар дайындау үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға келіп түседі.       7. Жер-кадастрлық жоспар он жұмыс күні ішінде дайындалады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын бекітіп, дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына жіберіледі.       Жер-кадастрлық жоспарда:       жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;       жер учаскесінің жоспары;       жер учаскесінің алаңы;       жер учаскесіне құқық түрі;       жер учаскесінің нысаналы мақсаты;       жер учаскесінің шектеулері мен ауыртпалықтары;       жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;       жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер;       жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жер пайдалану құқығының құны қамтылады.       Жер-кадастрлық жоспар үш жұмыс күні ішінде бекітіледі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы оң шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.       Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жер-кадастрлық жоспар бекітілгеннен кейін бір ай ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешім қабылдағаннан кейін жүргізіледі.       8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.       Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына бір жұмыс күні ішінде жіберіледі.       Жер-кадастрлық жоспар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол болмаған кезде, шешім жарамсыз болып есептеледі.       Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде жер-кадастрлық жоспар сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация жаңа жер-кадастрлық жоспарды бермейдi, ал жер-кадастрлық кітап пен жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі.       Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы қол қойған уақытша жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушіге қол қою үшін жіберіледі.       Меншік құқықтарын жер пайдаланушының сатып алуы осы Кодекстің 47 және 49-баптарына сәйкес реттеледі.       Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды.       Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі жер-кадастрлық жоспармен қоса және уақытша жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жіберіледі.       Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасында:       жер учаскесіне құқық берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;       жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;       жер учаскесiнiң алаңы;       жер учаскесіне құқық түрi, ауыртпалықтар, шектеулер;       учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн жалдау құқығын сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмдерi мен шарттары;       жер учаскелерінің өлшемдері көрсетіле отырып, оларды мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;       өзге де талаптар қамтылуға тиiс.       Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, құрылысқа арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты қызмет түрлеріне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде белгіленеді.       Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға жер учаскелерін беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.       Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы азаматта мұндай жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесін беру туралы қорытынды әзірлеуі және шешім қабылдауы үшін жергілікті атқарушы органның жанындағы комиссияға ұсынады.       Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етуге міндетті.       Бұл ретте тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң бекітілген бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру

      1. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiнiң меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуiне мүдделi тұлғаның өтiнiшi негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып), сұралған жер учаскесiнiң жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттерiне сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылу мүмкiндiгiн анықтайды. Жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстар осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес қарау және қорытынды әзiрлеу үшiн комиссияға берiледi.

      2. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешiмiнiң жобасы дайындалады.      

Оралмандарға жер учаскелерiн беру

      1. Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

      2. Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

      3. Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда олардың жеке меншiгiне өтедi.

Жер даулары дегеніміз- жер қатынастары екі немесе бірнеше субъектілер белгілі бір жер құқықтары мен заңды мүдделерін иеленуге қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты келіспеушілік жер дауларын меншік құқығының және жер пайдалану құқығының, жерге өзге де құқықтардың өзгеруі тоқтатылуы және жүзеге асыру бойынша туындайды. Жер дауларын жіктеу әртүрлі негіздерге байланысты жүзеге асырылады:

Қарастыру тәртібі бойынша;

Сипаты бойынша;

Даудың субъектісі бойынша;

Пәні бойынша;

1. Қарастыру тәртібі мен сипаты бойынша:

- сот тәртібімен қарастырылатын жер даулары;

- сотқа дейін қаралуды талап ететін жер даулары;

- сотта қаралуды талап етпейтіе жер даулары:

2. Субъектісі бойынша:

- азаматтар арасындағы жер даулары;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жер даулары;

- азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы жер даулары;

3. Объектісі бойынша:

- жер учаскелерімен байланысты жер даулары;

- жер учаскесіне құқықпен байланысты жер учаскелері;

- жерге басқа да құқықтармен байланысты жер даулары;

4. Жер дауының сипатына байланысты:

- жер учаскелерін берумен байланысты жер даулары;

- жер учаскесін беру процесінде пайда болатын жер даулары;

2. Жерді қорғау – қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға жерді ұтымды пайдалануға жерді орман және ауыцлшаруашылығы айналамынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.

Жердi қорғау мақсаттары:

1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;

3)жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жерді қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері:

1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;

2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;

3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.Топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi топырақтың жай-күйiн адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiне сай бағалау үшiн белгiленедi.Аталған нормативтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен бекiтiледi.Жердiң жай-күйiне керi әсер ететiн жаңа және қайта жаңғыртылатын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) әрi басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және пайдалануға беру, жаңа техника мен технологияларды енгiзу кезiнде жердi қорғау жөнiнде iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердiң, нормативтердiң) сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.Жердiң жай-күйiне керi әсердi бағалау және оларды қорғау жөнiнде көзделген iс-шаралардың тиiмдiлiгi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, өзге де мемлекеттiк сараптамалардың нәтижелерi бойынша жүргiзiледi, олардың оң қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау бағдарламаларын жүзеге асыруға, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлер салуды (қайта жаңғыртуды) қаржыландыруға тыйым салынады.

8-тақырып. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу.

Жоспар:

1. Жер құқық бұзушылықтарының түсінігі, түрлері және құрамы.

2. Жер құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі.

3. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.

Негізгі ұғымдар: құқық бұзушылық, жерқұқық бұзушылық, жер заңдары.

Жер құқық бұзушылык дегеніміз— жерқұқыктық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың кұкығымен заң- ды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың негізі — нақты құқық бұзушылықтың көрініс табуы.

Жер құқықбұзушылық ретіндетану үшін ол келесідей құрамға ие болуы керек

Объектісі, Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері және құқықтық тәртібі.

Объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған әрекет немесе әрекетсіздік.

Субъектісі, жеке және занды түлғалар.

Субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі екі нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің келесі тұрлға көзделген:

әкімшілік;

тәртіптік;

қылмыстық;

азаматтық.

Жер құқық бұзушылык жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің негізі болып табылады. Жер құқық бұзушылық дегеніз- жер құкықтық тәртіпке және мемлекеттің жеке және зандыц тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне кайшы келетің кінәлі және заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік.

Жер құқық бұзушылықтың келесі белгілерін қарастырамыз:

қоғамға кауіптілігі;

кінәлілігі;

әрекет немесе әрекетсіздік және туындаған салдарының арасындағы тікелей себепті байланыс;

жер зандарына қайшылығы;

жазаланушылық.

2. Жерқұқық бүзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі. Жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.

Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік.

Жер құқық бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершіліктін кең тараған түрі және нақты жетілдірілген түрі әкімшілік жауапкершілік.

Жер құқық қатынастары аясында әкімшілік жауапкершілік келесідей артықшылықтарға ие:

Қолдану процедурасының (рәсімдерінің) салыстырмалы түрде оңай болуы.

Әкімшілік теріс кылыққа жедел әсер етуі.Қажетті деңгейдегі шығын орнын толтыру функциясынын көріністабуы.

Құқыққа карсы әрекет зардаптардыңтуындауын күтпей - ақ құқық бұзушылықты алдын алу мүмкіндігі.

Теріс қылықпен нақты жаза арасындағы уакыттың салыстырмалы қысқа болуы.

Әкімшілік құқық бұзушылыктын негізгі қолдану шаралары бұл айыппұл және ескерту жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы істерді келесі органдар қарайды:

Соттар;

Ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы өсімдік немесе карантин жөнінде мемлекеттік инспекция;

Жер ресурстарын басқару агентгілігі және жергілікті бөлімшелері;

  1. Қоршаған ортаны корғау министрлігі және жергілікті бөлімшелері.

21-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 324-399 баптар арналған

337-бап. Жердi бүлдiру 338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау 339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы 340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау 341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру 342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн бұрмалау 342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар 343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу  337-бап. Жердi бүлдiру

      1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу –       жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердi өсіру стимуляторларымен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты, бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған залалдануы –       жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз                 пайдалану немесе пайдаланбау

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –       ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер                 пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану                 жөніндегі міндеттерді орындамауы

      1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:       1) жерді нысаналы мақсатта пайдаланбаудан;       2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –       ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –       жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына                 сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі                 міндеттерді орындамау

      Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау -       ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер                 учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты                 жасыру

      Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту –       жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және                 бағалау мәлiметтерiн бұрмалау

      Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау –       лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы                   бұзушылықтар       Мыналарға:       1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;       2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуге;       3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;       4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;       5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;       6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;       7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;       8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;       9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;       10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;       11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;       12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылық –       лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.       

      343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және                 картография саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:       геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;       штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –       жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –       жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қылмыстық құқықтық жауапкершілік. Кылмыстык жауапкершілік мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыс­тық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыкка істеген іс-әрекеттерінде кылмыстык заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстық жауапкершілік бұл қылмыстық құкылык норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе, қылмыстық жауаптылыкта болмайды.

Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәселесі бар жауаптылыктың түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың әлеуметгік мазмұнынын өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Қылмыстық жауаптылыктың мазмұны (теріс қылыққа моральдык саяси баға беріп мінеу және мемлекет, коғам тарапынан) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).

Жер құқық бұзушылықты қылмыстық құқықтық жауапкершілік қоғамға қауіпті қылмыс белгілерін қамтитын іс - әрекет орын алғанда көрініс табады.

Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекет жср қатынастар аясына бір мезгілде жер немесе қылмыстық заң нормаларын бұзады.

Қылмыстық ж ауапкершілікке тартылу үшін қылмыстық құрал болу керек.

13-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу 325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу 326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу 327-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу 328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу 329-бап. Атмосфераны ластау 330-бап. Теңiз ортасын ластау 331-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу 332-бап. Жердi бүлдiру 333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу 334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану 335-бап. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу 336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу 337-бап. Заңсыз аңшылық 338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу 339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу 340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау 342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу 343-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шаралар қолданбау

     332-бап. Жердi бүлдiру

      1. Жердi өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн ынталандырғыштарды немесе өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтi немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру, егер бұл іс-әрекеттер қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –       белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.       2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –       белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын                бұзу

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жобалау және жүргізу кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын, сол сияқты жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –       белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.       2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –       белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану

     1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, –       белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.       2. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер –       белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.       3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –       бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тәртіптік құқықтық жауапкершілік.

Аталған жауапкершілікке тек кана жеке тұлғалар тартылады. Онын қолдануы негізі болып тәртіптік теріс қылық болып табы­лады.

Басқа жауапкершіліктерден ерекшелігі:

Тәртіптік жауапкершілік тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.

Тәртіптік жауапкершілік өзге заңды жауапкершілік түрлерімен қатар қолданылады.

Тәртіптік жауапкершілік жұмыскердін жұмыс уақыты кезінде жасалған теріс қылық үшін қолданылады. Яғни, жұмыскердің жұмыстын тыс уакытта немесе демалыс уакытында жасалған теріс қылықтары үшін өзге жауапкершілік түрлері қолда­нылады.

Субъектісі тек кана жұмыс істеп жүрген жұмысшы.

Тәртіптік жауапкершілік жер заңдарынын нормаларына байланысты тәртіптерді орындауға міндетті жұмысшылар мен қызметкерлерге қолданылады.

Тәртіптік жауапкершілікте жұмыс істеп жүрген уақтысында жауапкершілк заңдарын бұзғаны үшін қолданылады.

Тек кана ұйым әкімшілігін басқару органы қолданылады.

Тәртіптік жауапкершілік мүліктік жауапкершілікпен қатар қолданылуы мүмкін.

Тәртіптік жауапкершілік ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және жмыстан шығару сиякты жазалау шараларын колданумен ерекшеленеді.

Тәртіптік жауапкершілікке тарту Кдзакстан Республикасынын қолданыстағы Еңбек кодексімен және белгілі бір ұйымның жарғысына сәйкес жасалған ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік. Азаматтық жауапкершілік Қазакстан Республикасының азаматтық заңнамалары нормаларымен реттеледі. Бұл жауапкершілік жер зандарын бұза отырып мемлекеттің мүддесіне, қоршаған ортаға, жердің меншік иесіне, басқа да жеке және заңды тұлғалардың кұкыктары мен заңды мүддслеріне зиян (шығындар) келтірілген кезде қолданы­лады. Азаматтық құкықтық жауапкершілік келесідей ерекшеліктері бар:

1.Бұл жауапкершілік жеке және заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.

2. Бұл жауапкершілік баска заңдылық жауапкершілік түрлерімен қатар қолдануы мүмкін: Мысалы, заңсыз бөтен жерді басып алған тұлға кылмыстык жауапкершілікке тартылады және зардап келтірілген жағдайда оны өтеуге де міндетті.

Шығындарды зиянды өтеу туралы тек сот органы арқылы шешіледі.

Жер заңдарын бұза отырып жасалаған зиянның әртүрлі түрлері болуы мүмкін.

Бұл зиян бірнеше топтарға бөлінеді:

Экологиялык зиян.

Экономикалық зиян.

Экологиялық зиян дегеніміз — жер заңдарын бұзу аркылы чоршаған ортаға жерге табиғат объектісі ретінде зардап келірілгенін білдіреді. Бұл зиян Казакстан Республикасының Эко­логиялык кодексінін талаптарына сәйкес өтеледі, Бұл зиянлы толық түрде өтеуге мүмкіндік жоқ, себебі келтірілген зиянды пакты бағалау мүмкін емес. Экологиялык зиянды өтеуің екі әдісі бар: тікелей және жанама түрі. Залалды экономикалык бағалаулын тура әдісі неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық -техникалық және технологиялык іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, жұтандаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауыктыруға қажетті нақты шығындарды аныктаудан түрады.

Қоршаған ортаны корғау саласындағы уәкілетті органнын лауазымды адамдары бірінші кезекте коршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шарларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.

Қоршаған ортаны калпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер қоршаған ортаға залал келтірген тұлғанын нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады. Залалдың салдарларын жою жөніндегі шаралардын құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.

Залалды тура әдіспен экономикалык бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялык аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.

Тәуелсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет коршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.

Залалды экономикалык бағалаудыңжанама әдісі залалды эко­номикалык бағалаудын тура әдісін қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі коршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жинақтау жолымен айқындалады.

Экономикалық зиян дегеніміз - жер меншік иелерінін жер пайдаланушылардын, мемлекет өзіне материялдық жағынаң келтірілген шығындар болып табылады. Бұлшығындарды өтеутолык мөлшерде жүзеге асырылады және басшылыққа Азамат­тык кодексінің нормалары алынады.

Жер заңдары бұзушылығы моральдық зиянды келтіруі мүмкін. Оны өтеу тәртібі Қазакстан Республикасының Азамат­тық кодексімен ретгеледі.

9-тақырып. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігіжәне құрамы.

2.Ауыл шаруашылықмақсатына арналған жерлергеменшік құқығы жәнеөзгеқұқықтар, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.

3.Арнайы жер қорының түсінігіжәне құрамы.

4.Ауыл шаруашылығымақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі.

Негізгі ұғымдар: ауыл шаруашылық мақсатындағы жер, жерге меншік құқығы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері.

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігі және құрамы. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазакстан Республикасының жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылык жерлері - 222513,6 мың гектарды құрайды. Сонғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылык өндірісінін мақсатында пайдаланылатын жердің баска да санаттары құрайды.

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдык аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрактылығын камтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандык өнімнің бәсекелестік артыкшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруашылыгын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамак өнеркәсібін 15-ю дамыту үшін жағдай жасау аркылы ауыл халкының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, техникалык жарақтандыру мен баска да ілеспе кызмет салаларын камтамасыз етуге, ауылдык аумак- тардың әлеуметгік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өндеуді және өткізуді, сондай-ақ тамак өнеркәсібін, оларды казіргі заманғы техникамен, технологиялык жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қам­тамасыз ететін ілеспе өндірістер мен кызмет салаларын, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын эконо­мика салаларының жиынтығы.

Ауылшаруашылык қызметтің кез келген түрі ауылшаруашылык мақсатындағы жермен тығыз байланыста болады. Яғни, аталған жер учаскесіз бұл қызмет түрін жүзеге асыру мүмкін емес.

Ауыл шаруашылыгы мақсатындагы жерлер дегеніміз—ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарга арналган жерлер болып табылады Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылы қабылданған Жер кодексiнiң 97-бабына сəйкес жер қоры нысаналы мақсатына сəйкес, мынадай санаты бар, ол ауылшаруашылығы мақсатындағы жерi жатады [151, 12 б.].

Ауылшаруашылық жерлер - ерекше қорғалуға жататын, Қазақстанның басқа жер санаттарына қарағанда ең шұрайлы, құнарлы жерлер. Сондықтан, бұл жерлерге байланысты қандай да болмасын шешiм жүктелген жауаптың ауырлығы ескерiлiп, күрделi ой елегiнен өтiп барып қабылдануы тиiс.

Ауылшаруашылығындағы жер құрамына ауылшаруашылығының алқаптары мен ауылшаруашылығы жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр жəне ауылшаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауылшаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиiс. Бұл жердi ауылшаруашылығы өндiрiсiне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол берiледi.

Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер деп ауылшаруашылығы қажеттiлiктерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер аталады. Ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлер өз кезегiнде 3 топқа бөлiнедi:

  • Ауылшаруашылық алқаптары;

  • Ауылшаруашылық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған құрылыстар, өзге объектiлер су айдындары орналасқан жерлер;

  • Өзге де алқаптар; құмдар, тақырлар т.б.

Ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлердiң құрамына фермерлер, қырмандар, жүру жолдары жəне т.б ауылшаруашылығы объектiлерiнiң аумағында жерге ауылшаруашылығы өнiмдерiн кəсiпкерлiк, ұйымдық, фермерлiк аграрлық шаруашылықпен айналысуға қажеттi болып табылады

Ауылшаруашылық алқаптары бiрнеше түрге бөлiнедi: егiстiк, жайылым, шабындықтар, көп жылдық екпелер, т.б.

Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер құрамына ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер жəне iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су қоймалары, мелиоративтiк желi, ауылшаруашылығында жұмыс iстеуге қажеттi қосалқы үй-жайлар мен құрылыстар алып жатқан жерлер, сондай-ақ басқа да пайдаланылатын жерлер (сортаң жерлер, құмдар, тақырлар жəне басқа ауылшаруашылығының пайдаланатын жер көлемiне қосылған басқа да өзге пайдаланылатын жерлер) бөлiнедi.

Ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлерге: жыртылған жерлер, тыңайған жерлер, көпжылдық отырғызу алып жатқан жерлер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.

Жыртылған жер – көпжылдық өсiмдiктер егiстiгiн қоса, ауылшаруашылық дақылдарының егiстiгi ретiнде жүйелi түрде өңделiп, пайдаланылатын жер учаскесi, сондай-ақ таза егiстiк жерлер. Жыртылған жерге тамырын жақсарту үшiн қопсытылған алдын ала (үш жылдан артық емес уақыт iшiнде) дақылдар егiстiгi алып жатқан шабындықтары мен жайылымдар, сондай-ақ егiстiк ретiнде пайдаланылатын бақтардағы қатарлар арасы жатпайды.

Тыңайған жер – бұрын жыртылған жер құрамында болған жəне бiр жылдан артық, күзден бастап ауылшаруашылық дақылдарын себу үшiн пайдаланылмайтын жəне егiстiк жер ретiнде дайындалмаған жер учаскесi.

Көпжылдық отырғызу – жасанды жасалған көпжылдық ағаш, бұта отырғызу ретiнде пайдаланылатын, жемiс-жидек, техникалық жəне дəрiлiк өнiм түсiмiн алуға, сондай-ақ өңiрдi сəндiк көрнектеуге арналған жер учаскелерi.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шабындық ретiнде жүйелi пайдаланылатын жəне жануарларды жаюға арналған жер учаскелерi. Тамыры жақсартылатын шабындықтар мен жайылымдар – егiн екпеу арқылы жаңадан тұрақты шөп өскен шабындықтар мен жайылымдар учаскесi.

Суландырылған жайылымдар – аумағында су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, су шашырату немесе суландыру каналдары, құбырлы немесе шахталы құдықтар) бар, барлық мал басын тиiстi сапалы сумен қамтамасыз ете алатын жайылымдар

Суландыру деңгейiне байланысты суарылатын алқаптар (суландыру деңгейi табиғи тұрде 75 пайызды құрайды) жəне суарылмайтын алқаптар болып бөлiнедi. Суармалы ауылшаруашылығы алқаптарына ауылшаруашылығында пайдалануға жəне суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен байланысты тұрақты жəне уақытша суару жүйесi бар жер жатады.

Жайылма суару жерi қар суын жəне көктемгi тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру үшiн суару жəне суландыру каналдарынан берiлетiн суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды жəне қайта бөлудi қамтамасыз ететiн су бөгейтiн белдеулерi, суды реттейтiн бөгеттерi мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады.

2. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқыгы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері. 2003 жылғадейін Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы қарастырылмаған болатын. 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің қабылдануы Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылык мақсатынадағы жерлерге жеке меншік құқығын толығымен заңдастырып, аталған жерлерді шаруашылык құқықтық айналымға енгізді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке;

2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру үшін, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беріледі.

Пайдалануға беру мерзімі кемінде он жылды құрайтын шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiн көрсетілген мақсаттар үшiн жер пайдалану құқығымен беру мерзiмi кемiнде бес жылды құрайды. Жер учаскесiн осы тармақшада көрсетілген мерзімдерден аз мерзiмге беруге оны алуға мүдделi өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi;

3) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

7. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады. 

Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiк құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылым) уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске және Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңдарына сәйкес берiледi.      

Жер учаскесiн шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын азаматтар пайдаланады.       Қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметін тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесін сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкін сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

3. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы. Арнайы жер коры Қазақстанда 1991 жылы Жер реформасы туралы заңына сәйкес пайда болған болатын. Казіргі танда арнайы жер қорынын құкықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 100-бабына сәйкес анықталады.

Жерді ауыл шаруашылык өнімін өндірушілердін арасыңда жер учаскелерін қайта белу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер және босалкы жерлерден арнайы жер коры құрылады. Арнайы жер коры:

жер учаскесінен өз еркімен бас тарткан жағдайда; Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда; егер зан бойынша, өсиет бойынша мұрагерлері жоқ, немесе бірде - бір мұрагері мұраны қабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мұрадан айырған жағдайда, не мұрагерлер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайдағы жер учаскелерінен құралады.Белгілі жер учаскесін арнайы жер қорынын құрамына енгізу туралы шешімді аудандык атқарушы орган қабылдайды.

4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі. Ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыс- тыру (трансформациялау) қажеттігі табиғи факторларға, оларды кейін де баска жер алкаптарының құрамында пайдаланудың экономикалык тұрғыдан орындылығына негізделеді.

Жер учаскесі меншік иесінін немесе жер пайдаланушының жер учаскесінін орналасқан орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға берген өтінімі, сондай - ақ жергілікті аткарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге негіз бола алады.

Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жерге орналастыру жүмыстарын қаржыландыру - жергілікті бюджет каражаты есебінен, ал жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардыңөтініштері бойынша - олардың ез каражатының есебінен жүзеге асырылады.

Топырақ - мелиорациялық жай - күйі оларды басқа алқап түріне ауыстыруды қажет ететін ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар жоспарлау - картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ - мелиорациялық, геоботаникалық ізденістер материалдарын, тұзданудың түсірілген суреттерін, жер кадастрының, жерді түгендеудің деректерін зерделеу негізінде алдын ала анықталады.

Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы төменгілеріне ауыстыруға:

егістік үшін - жердін агроондірістік топырак сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейі; көпжылдық екпелер үшін — екпелердін шекті жасы, олардын сиреуі, жердің кен құрамының жұтандығы, қолайсыз топырақ - мелиорациялық сипаттамасы;

шабындықтар үшін - жердің шелейтгенуі, шалғындык өсімдік- тердің сиреуі, жердің мелиорациялык күйінің нашарлауы; жайылымдар үшін - тапталып бүлінуі негіз болып табылады. Суармалы жерді суарылмайтын жерге ауыстыру кезінде жоғарыда санамаланған факторлардан баска, суару көзімен байланыстың үзілуі, сумен камтылмауы, шаруашылық ішіндегі суару жүйелерінің техникалық жай - күйі, ал жайылма суармалы жер үшін - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, кұрылыстардың техникалык жай - күйі ескеріледі.

Қажет болған кезде жергілікті аткарушы органдар багалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы томенгілеріне ауысты- рудын баска да көрсеткіштерін ауыл шаруашылығы алкаптарынын өнімділігінін тым төмен болуы, топырактың тұздану, сорлеңген және алқаптардын сапалык сипаттан баска да өлшемдерді белгілейді.

10-тақырып. Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы.

2. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі.

3. Қала маңындағы аймақтардың түсінігі.

Негізгі ұғымдар: елді мекен жерлері, қала маңыгдағы аймақтар, елді мекеннің шекарасы.

1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы. Елді мекен дегеніміз - республика аумағыныңхалық жинакы орналаскан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылык және басқа қоғамдык кызметі нәтижесінде қалыптаскан, занда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар баскаратын бір бөлігі.

Елді мекен белгілері:

Міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс;

Тұракты түрде тұратын адамдардын саны 50-ден кем болмауы тиіс.

Казақстан Республикасы аумағыңдағы елді мекендер қалалық және селолык елді мекендерге бөлінеді.

Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстык және аудандық маңыздағы калалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға — олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елді мекендер жатады.

Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстык маңызыбар қаладағы, республикалык маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан каладағы аудан болып табылады.

Калалар және басқа елді мекендер:

республикалык маңыздағы қалаларға бөлінеді. бұларға ерекше мемлекеттік маңызы бар және бір миллион адамнан астам халқы бар елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

облыстык маңызы бар қалаларға бөлінеді, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалықжәне мәдени орталыктар бо­лып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

аудандық маңызы бар калаларға бөлінеді, бұларға аумағында өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемле­кеттік тұрғын үй коры, оку және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған жүйесі, кемінде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екісінен астамы жұмысшылар, қызметшілер мен олардыңотбасы мүшелері болып табылатынелді мекендер жатқызылуы мүмкін;

4)поселкелерге бөлінеді, бұларға өнеркәсіп орындарының,құрылыстардың, темір жол стансаларының және баска экономикалық маңызды объектілердің жанындағы, кемінде 3 мың адамы бар, оның кемінде үштен екісі жұмысшылар,қызметшілержәне олардың отбасы мүшелері болып табылатын елдімекендержатқызылуы мүмкін;

кемінде екі мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшін келетіндер саны кемінде тең жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналаскан елді мекендер де посел­келерге теңестіріледі; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемінде 25 проценті ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелері де жатқызылуы мүмкін;

ауыл (село) — саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық есіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді ме­кен;

халқының саны кемінде 50 адам шаруа және баска да қоныстар ең жуық елді мекеннің құрамына енгізіледі.

Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елді мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тіркелугежатады.

Қызметтік мақсаттағы объектілер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардын, жол қараушылардың, жол шеберлерінің үйлері, зайымкелер, қыстаулар, дала костары, метеостансалар жене т.б.) әкімшілік немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елді мекендер қүрамында есепке алынады.

Қалалардың, кенттердің немесе ауылдардың (селолардың) құрамына еңгізілген және олардың бір бөлігіне айналған елді мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрі кетіп қалған немесе қоныс аударған коныстар дербес әкімшілік-аумақтық бірліктер мәртебесінен айырылады және есепті деректерден шығарыладыК азақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, елді мекендер жеріне келесі жерлер жатады:

кұрылыстар алып жатқан әрі көп пәтерлі және көп қабатты тұрғын үйлер, үй іргесіндегі жер учаскелері бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;

денсаулық сактау, мәдениет, сауда, қоғамдыктамақтандыру, тұрмыстық кызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектілері, сондай-ак жалпы білім беру, арнаулы орта және жоғары білім беру мекемелері, өкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғибадат үйлері мен өзге де іскерлік үйлері, кұрылыстар мен ғима-раттар салынған және соларды орналастыруға арналған коғамдық іскерлік құрылыс салатын жер;

өнеркәсіп, коммуналдықжәне олардың жұмыс істеуін камтамасыз ететін койма объектілері, инженерлік және көлік йнфрақұрылымы объектілері салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ак осы объектілердін санитарлық-корғау аймактарын белгілеуге арналған өндірістік құрылыс салатын жер;

темір жол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлік инфрақұрылым мен байланыс магистральдары ететін және соларды салуға арналған көлік, байла­ныс, инженерлік коммуникациялар жері;

ерекше қорғалатын табиғи аумактар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени максаттағы жер;

өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су корғау аймақтары, гидротехникалык және баска да су! шаруашылығы құрылыстары орналаскан су айдындары мен акваторияларжері;

ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;

аландар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гулзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халыктың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су кұбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын баска да инженерлік жүйелер) орналаскан жәнесоларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;

қала күрылысы кызметінетартылмаған, елді мекенді аумақтыктұрғыдан дамытуға және өзіндік үй (косалкы) шаруашылығындамытуға арналған резервтегі және өзге де жер;

крематорийлерді, мал корымы, тұрмыстык қалдыктар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгіленбейінше пайдалануға болмайтын өзге де объектілерді орналастыру үшін бөлінетін арнайы максаттағы жер;

корғаныс қажеттері үшін берілген және өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.

Бұл жерлер құрамына көптеген жерлер кіретін болғандыктан аталған жерлерді пайдаланудын біркатар ерекшеліктері бар:

• бұл жерлер мемлекеттің және жеке меңшік құқығыныңобъектісіболады.

• мемлекеттік ұйымдарға жер тұракты тегін пайдалануғаберіледі.

Сонымен катар, елді мекендерді жобалауға және салуға Қазақстан РеспубликасыныңЭкологиялық кодексіне сәйкес экологиялык талаптар койылады. Қалаларды және баска да елді мекендерді жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялык талаптар мен экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, халықтың өміріне, еңбек етуі мен демалуына мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету ге тиіс.

Қалалар және басқа да елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде оларды санитарлық тазарту, өндіріс пен тұтыну калдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулі табиғат пайдалану режимі қолданылатын орманды-саябақты, жасыл және корғау аймақтары құрылуға тиіс. Ғимараттар, кұрылыстар, үй-жайлар, автомобиль жолдары және өзге де өнеркәсіптік объектілер қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, санитарлық-эпидемиологиялык ережелердің, нормалардың, кала құрылысыныңталаптары және өзге де талаптар ескеріле отырып орналастырылуға тиіс.

2. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі. Елді мекендердің шекарасын (шегін) белгілеу мен өзгерту жерге орналастырудың, сәулет және қала құрылысының тиісті органдары бірлесіп жасаған ұсыныс бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген қала кұрылысы құжаттамасы негізіндежүргізіледі.

1.Республикалык маңызы бар калалар мен Казақстан Рес­публикасы астанасының шекарасын (шегін) — Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің ұсынуымен Қазақстан Республикасыньщ Президенті белгілейді және өзгертеді.

2 .Облыстық маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) - Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісім бойьшша облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

Аудандык маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) — об-лыстык өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

Кенттер мен ауылдардың (селолардың) шекарасы (шегі) –аудандык, (калалык) өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

Жер учаскелерін қала, кент, село шегіне қосу осы учаскелерге меншік кұқығын немесе жер пайдалану құқығын токтатуға әкеп соқпайды. Калалардың, кенттердің, селолык елді мекендердің барлык жері олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылык орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.

Тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елді мекендерде белгіленген төртіппен бекітілген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елді мекенді дамыту мен оңда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгіленген тәртіппен бекітілген кала құрылысы кұжаттамасымен жерді пайдалануға жол беріледі. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері азаматтар мен занды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды (сауда жасайтын шатырларды, киоскілерді, жарнама құрылғыларын және баска да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер кұрамынан, оның ішінде базарлар, акылы автотұрақтар (автопарктер) орналастыруы үшін жол (көше, өтпелі жолдар) жиегінен учаскелер беруге жол берілмейді.

Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері жеке меншікке оларды ортак пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.

Зираттар орналаскан және соларға арналған ортак пайдала­нудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын не­месе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды. жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесі тегін бөлінеді.

3. Қала маңындағы аймактардың түсінігі. Қаламаңындағы аймақтар дегеніміз — жерінің құрамына қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын қала шегінен тыс жерлер.

Қала маңындағы аймактарда кала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін карқынды дамыту, кала құрылысын ерекше реттеу аймактарын (қаланы дамытуға, инженерлікжәне көлік инф-рақұрылымының калыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ғимараттарды орналастыру мен салуға арналған резервтегі аумақтарды), қорғау әрі санитарлық-гигиеналык қызмет атқаратын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар, орман парктері және баска да жасыл екпелер алып жатқан жасыл аймақтарды белгілей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.

Қалалардың кала маңы аймақтарының мөлшері мен шекарасын жерге орналастыру, сәулет жөне қала кұрылысы жөніндегі мемлекеттік органдардың бірлесіп жасаған ұсынысы бойьшша осы қалалардың бас жоспарларын бекітетін мемлекеттік органдар белгілейді және өзгертеді.

Жерді қала маңы аймағына косу бұл жерге меншік құқығы мен оны пайдалану қүқығыныңтоқгатылуына әкеп соқпайды.

Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына косылған жерді пайдалану тәртібі мен режимін аумағы кала маңы аймағына қосылған тиісті облыстық аткарушы органдармен келісілген, аталған қалалардың атқару­шы органдарының ұсыныстары бойьшша Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі белгілейді.

11-тақырып. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Өндірісжерлерініңтүсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері.

2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы.

3. Қорғанысжерлерінің түсінігі, қүрамы. Пайдалану ерекшеліктері.

4.Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайда­лану ерекшеліктері.

5.Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары және ол жерлердің құқықтық жағдайы.

Негізгі ұғымдар: өндіріс жерлері, қорғаныс жерлері, өндіріс жерлерін пайдалану, көлік жерлері.

1. Өндіріс жерлерінің түсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы максат ушін азаматтар мен занды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатка арналған жер деп танылады.

Қарастырып отырған санаттағы жерлер өз алдына өнеркөсіп, энергетика, көлік, байланыс, қорғаные жерлері болып бөлінеді.

Өнеркәсіп жері дегеніміз — өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жерлер. Өнеркәсіп объек­тілерін орналастыру үшін ең алдымен, ауылшаруашылықмақсатына арналмаған жерлерден, егер ондай жерлер болмаса, сапасы нашар ауылшаруашылық алқаптары берілуі мүмкін. Өнеркәсіп объектілері орналаскан жерлерді тұрғылықты халыктың қауіпсіздігің қамтамасыз ету мақсатында бұл аймақтарда, корғаныш, санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар белгіленеді. Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тәртіппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалык құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі.

2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы. Көлік жерлерінің кұқыктык жағдайы Казакстан Республи­касының 1994 жылы 24 қыркүйекте қабылданған Көлік туралыжәне 2001 жылы 8 желтоқсанда қабылданған Казакстан Респуб­ликасының Темір жол көлігі туралы Заңмен, Автомобиль көлігітуралы, Ішкі сулар көлігі туралы заңмен сонымен қатар Жер кодексіменреттеледі. . .

Көлік жері дегеніміз - автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің кызметін камтамасыз' ету және (немесе) оларды пайдалану үшін берілген жерлер.

К азақстан Республикасының Көлік туралы заңына сәйкес, көлік турлері келесідей болып бөлінеді: Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, өуе, құбыр магистралі және метрополитен.

Темір жол келігі қажеттеріне арналған жерге:

магистраль жолдарына жөне солармен технологиялык байланыстағы кұрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдыктар, қызметтік-техникалық үйлер);

кірме жолдарға;

энергетика, локомотив, вагон, жол жөне жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация кұрылыстары, корғау және бекіту екпелері, кызметтік және темір жол көлігіне қызмёт көрсететін арнаулы максаттағы өзге де объектілері бар темір жол станцияларына (вокзалдарға);

темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймактарына бөліп берілген жер жатады.

Темір жол көлігінің кажеттеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық кқұжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілетін нормативтер бойынша беріледі.

Тұрғын халыктың қауіпсіздігін камтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлігі кажеітеріне арналып бөлінген белдеуге іргелес жер учаскелеріндегі объектілерді кауіпсіз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аимактары белгіленеді, олардың шегіңде аймақтарды белгілеу максаттарына сай келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.

Темір жол келігінің күзет аймактарына: орманды қорғау белдеулері, көлік құрылыстарының, құрылғылары мен баска да объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен орнықтылыгыи кам­тамасыз ету үшін кажетті жер учаскелері, сондай-ақ темір жол көлігіне бөлінетін белдеуге іргелес орналасқан, сел каупі, көшкін каупі бар аймактардағы жөне баска да кауіпті әсерлер төнетін жерлердегі жер учаскелері кіреді.

Автомобиль көлігі қажеттеріне арналган жерге:

1)автомобиль жолдарына, олардың конструкциялыкэлементтері мен жолғимараттары-на және олармен технология­лык байланыскан қүрылыстаржәне ғимараттарға;

2)автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлігініңбаска объектілерін және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, кұрылғыларын пайдалану, күтіп-үстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшін кажетті жол шаруашылығы объектілерін орналастыру үшін;

3)автомобиль жолдарына бөлінетін белдеулерді белгілеу үшін бөлініп берілген жер жатады.

Автомобиль көлігінің қажеттері үшін бөліп берілетін белдеу­ге арналған жер учаскелері жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде беріледі.

Тұрғын халыктың кауіпсіздігін камтамасыз ету және автомо­биль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін жолда жүру кауіпсіздігі талаптары ескеріле отырып, оларды пайдаланудың ерекше режимі белгіленіп, ортак пайдаланудағы халықаралық және республикалык автомобиль жолдарына бөлінетін белдеулерге екі жағынан іргелес жатқан жер учаскелері түрінде жол бойындағы белдеулер жасалады. Аталған жерлер жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.

Жол бойындағы белдеулерде және ортақ пайдаланудағы халықаралык және республикалык автомобиль жолдарына бөліп берілген белдеулерде, жол кызметі объектілері мен жол сервисі объектілерін қоспағанда, күрделі ғимараттар құрылысына ты­йым салынады

Теңіз және ішкі су көлігінің кажетгеріне арналған жерге теңіз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер беті және жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті басқа объектілерді және теңіз және ішкі су көлігінің басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Әуе көлігінің қажеттеріне арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерілу-қону белдеулерін және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті басқа да жер үстіндегі объектілерді және әуе көлігінің баска да объектілерін орналастыру үшін бөлі­ніп берілген жер, сондай-ак олардың күзет аймактары жатады.

Құбыр тасымалы көлігінің қажеттеріне арналған жерге су кұбырын, газ құбырын, мұнай құбырын және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайд алану, күтіп-ұстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті объектілерді және кұбыр жүргізу көлігінің басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Аталған жерге шекарасы белгіленген тәртіппен бекітілген кұрылыс нормалары мен ережелерінің, магистральды кұбырларды күзету ережелерінің және баска нормативтік құжаттардың негізінде анықталатын, жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральды кұбырларды күзету аймақтары да жатады.

3. Қорғаныс жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері. Корғаныс жерлері дегеніміз - Казақстан Республикасы Үкіметі корғаныс пен қауіпсіздік саласыңда міндеттер атқаратын Карулы күштер ұйымының әскери бөлімдерін, аскери полигон-дарын, әекёрк-оқу орындары мен басқа да үйымдарын жөне бас­ка әскерлерді, олардың объектілері мен кұрылыстарын орналастырып, тұрақты жұмыс істеуі үшін берілген жерлер. Қорғаныс мақсатындагы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек мемлекеттің меншігінде болады.

Қорғаныс қажеттеріне байланысты жаттығулар мен басқа да іс-шаралар жүргізу үшін жерді уақытша пайдалану қажет болған жағдайда жер учаскелерінің меншік иелерінен жөне жерді пайдаданушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.

Қорғаныс максатыңдағы жерлерді іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануы мүмкін, бұл жағдайда рұқсатты облыстық атқарушы орган береді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын корғауды және күзетуді қамтамасыз ету мақсатында инженерлік-техникалық кұрылыстар мен қоршауларды, шекара белгілерін, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінжайғастыру мен күтіп-ұстау үшін жер учаскелері беріледі. Сонымен қатар, аудандык аткарушы органдар әскери болімдермен келісім бойынша, корғаныс қажеттеріне берілген жерден ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жеке және занды тұлғаларға жекелеген жер учаскелерін уакытша жер пайдалануға бере алады.

4. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, күрамы. Пайдалану ерекшеліктері. Байланыс дегеніміз - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталык ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өндеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату. Бай­ланыс желісі дегеніміз - байланыс кұралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе. Байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, жерсеріктік және баскалары), байланыстынфизикалықтізбектері және жол-кәбілдік кұрылғылары, оның ішінде магистральдык (халыкаралық және қалааралык) жолдар.

Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерлер дегеніміз - тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радио­реле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жерлер. Аталған жерлерде күзет аймактары белгіленеді. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналаскан, оңдағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса жер учаскесі.

Байланыс желілерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардын пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпактар белгіленеді, олар жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табыла-ды. Күзетілетін аймақтарға енгізілген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленеді. Мұндай жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды. Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібін және олардағы жұмыс режимін уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республика­сының Жер кодексіне сәйкес, жерді меншікке немесе жер пайда­лануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.

5. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймактары және ол жерлердің құқықтық жағдайы. Тұрғын халыктың кауіпсіздігін камтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік объектілері мен өзге де объектілерді пайдалану үшін кажетті жағдайлар жасау мақсатында аймактар белгіленеді, аймактарды белгілеу максаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне олардын шегінде шек койылады немесе тыйым салынады.

Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:

өнеркәсіп орындарының санитарлық-қорғау аймактары;

темір жол мен автомобиль жолдарына бөлініп берілген белдеуге іргелес жатқан, сел-көшкін қаупі бар және орманды корғау аймақтары;

бас саға кұрылыстарын қорғау аймақтары;

өуе айлақ маңындагы белдеулер;

магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желілерінің күзет аймактары;

су күзету аймактары мен белдеулері;

7)әскери полигондардың аумағы жатады. Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймактарға енгізілгенжер сол жерлерде

арнаулы белгілермен көрсетіледі. Бас саға кұрылыстарын күзету аймағының бірінші белдеуін коспағанда,аталған жерлер жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларданалыныпкойылмайды.

Аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жерді пайдалану режимін нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес меншікке немесе жер пайдалануға жерді беру туралы шешім кабылдаған орган айқындайды.

12-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері.

2.Қорық жерлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері.

3. Ботаникалық бақтарға және табиғи ескерткіштерге берілген жерлердің құқықтық жағдайы.

4.Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердің түсінігі. Осы жерлерді пайдаланудың тәртібі және жағдайы.

5.Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің түсінігі, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.

Негізгі ұғымдар: сауықтыру жерлері, тарихи мәдени мақсаттағы жерлер, ұлттық дендрологиялық жерлер, зоологиялық парктердің жерлері.

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңмен және Жер кодексімен реттеледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне биосфералық, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік қорық аймақтарының, мемлекеттік табиғи қорықшалардың, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендродогиялық парктердің, мемлекеттік табиғи қорық-сепортерлердің жерін қосқанда, мемлекеттік та­биғи қорықтардың жері жатады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:

Бұл жерлер ерекше қорғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәде­ни, рекреациялық, сауықтыру немесе өзге құндылығы болуы қажет;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берілмейді. Яғни шаруашылық айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде қорғаудың ерекше режимі белгіленген;

• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері толық немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге ш аруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескеріле отырып, төлем шартымен пайдаланылады.

Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру кезінде жер учаскелері басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылады.

Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық та­биғи парктер, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелері, олар­ды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында бөлінеді. Мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемле­кеттік табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық коры объектілерінің жай-күйіне және олардың экологиялық жүйелерін қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегінде шектеу жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі жөне жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде бірнеше мемле­кеттік табиғи қорық бар. Ең бірінші 1926 жылы құрылған Ақсу жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстанда құрылған оның көлемі 85,6 мын га жер. Екіншіден, 1931 жылы құрылған Наурызым корығы, бұл қорық Қостанай облысында орналасқан оның көлемі 87,7мың га жер. Үшіншіден, 1960 жылы құрылған Алматы қорығы. Төртіншіден, Барсакелмес қорығы олардың көлемі 79,7мың га жер. Бесіншіден, 1968 жылы құрылған қорғалатын қор бұл қорықАкмола облысында орналасқан көлемі 252,3 мың га жер. Алтыншыдан, 1984 жылы құрылған Маңғыстау облысы Үстүрт қорығы 223,3 мың га жер. Жетіншіден, 1992 жылы құрылған Батыс Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысында құрылған көлемі 56,1мың га жер. Сегізіншіден, 1998 жылы құрылған Алакөл қорығы бұл Алматы облысы орналасқан көлемі 12,5 мың га жер. Тоғызыншыдан, 1976 жылы құрылған Шығыс Қазақстан орналасқан Марқакөл қорының көлемі 75 мың га жер.

Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметіне:

мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялықсаналуандығын қорғау және қалпына келтіру режимінқамтамасыз ету;

табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерін, объектілерін зерделеу және олардың мониторингі жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;

экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу;

мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жұйелерінезиянды әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге объектілердіорналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттік экологиялық сараптамасына қатысу;

м емлекеттік табиғи қорық пен онын күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

Мемлекеттік ботаникалық бақ — сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі өсімдіктерді сақтаудың, қорғаудың және өсімін молайтудың ғылыми негіздерін дайындау мен зерттеулерді жүргізуге арналған, табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.

Мемлекеттік ботаникалық бақтар аумағында келесідей белдеулер белгіленген:

экспозициялық - өсімдіктерді өсіру мен келушілер үшін қол жетімді болып табылады;

ғылыми - ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін және генофон коллекциясын сақтау үшін;

қоғамдық — келушілерге қызмет көрсету үшін;

әкімшілік және өндірістік-шаруашылық. Ботаникалық бақ аумағында өсіріліп жатқан өсімдіктердің құрып кетуіне әкеп соғатын кез келген қызмет түріне тыйым салынады.

Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдаланудың келесідей ерекшеліктері бар:

1.Мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланыла­ды;

2.Мемлекеттік ботаникалық бактарда табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзілік флораны жерсіндіру және оның селекциясы бойынша, сондай-ақ Қазақстаннын өсімдіктер әлемін зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану жөнінде ғылыми зерттеулержүргізіледі;

3.Өсімдіктердің коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақ­тау, пайдалану жөніндегі ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыстар негізінде жүзеге асырылады;

Мемлекеттік ботаникалық бақтар ғылыми деректер банктерін, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кітапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметінің мәселелері бойын­ша ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет шығаруға құқылы;

Мемлекеттік ботаникалық бақтар орман, бақ-парк, ауыл шаруашылығына және басқа салаларға енгізу мақсатында ұсынылган жерсіндірілген өсімдіктер мен олардың репродукцияларын өндірістік сынақтан өткізу үшін шаруашылық эксперименттік базалар құруға құқылы;

Өздерінің фунқционалдық мақсаты бойынша мемлекеттік табиғи қаумалдар мынадай түрлерге бөлінуі мүмкін:

кешендік - ерекше құнды табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру үшін;

биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) - өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупібар түрлерін сақтау және қалпына келтіру үшін;

палеонтологиялық — жануарлардың, өсімдіктердің жәңе олардың кешендерінің қазып алынатын қалдықтарын сақтау үшін;

гидрологиялық (батпақты, көлді, өзенді) — сулы-батпақты жерлердің құнды объектілері мен кешендерін сақтау үшін;

гесморфологиллык — сирек кездесетін жене бірегей табиғи рельеф нысандарын сақтау үшін;

геологиялық және минералогиялық — сирек кездесетін геологиялық және минералогиялық түзілімдерді сақтау үшін;

топырақтық — топырақтың әдеттегі және сирек кездесетін түрлерін сақтау үшін.

Мемлекеттік табиғи каумалдар:

мерзімсіз — жұмыс істеу мерзімі көрсетілмей;

ұзақ мерзімді — 10 жылдан астам мерзімге;

қысқа мерзімді — 10 жылдан кем мерзімге құрылады.

Мемлекеттік табиғи каумалдар бекітіп берілетін табиғатқорғау мекемелері, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері арнайы күзет қызметтерінің күшімен оларда орналаскан мемле­кеттік табиғи-қорық корының объектілерін күзету мен калпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйымдастырады.

Сауықтыру мақсатындағы жерлер дегеніміз - табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелерінің жүйесі.

Адам ауруының алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерінде Қазақстан Республикасының зандарына сөйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгіленеді.

Сауықтыру мақсатындағы жердің күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимін жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайды.

Белгіленген санитарлық режимге сәйкес осы жер учаскелерін шаруашылық айналымынан толығымен алып қою (санитарлық-қорғау аймағының бірінші белдеуі) көзделетін жағдайларды қоспағанда, санитарлык-қорғау аймақтары шегіндегі жер учаскелеріжер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылады (сатып алынады).

Жер учаскелерін санитарлық-қорғау аймақтарының екінші және үшінші белдеулері шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудің белгіленген режимі сақтала отырып жүзеге асырылады.

Рекреациялық мақсаттағы жер дегеніміз — халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демалысы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланылатын жер.

Рекреациялық максаттағы жер құрамына демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектілері, туристік базалар, стационарлық және шатырлы туристік-сауықтыру лагерьлері, балықшы және аңшы үйлері, орман парктері, туристік соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлері, осы сиякты басқа да объектілер орналасқан жер учаскелері кіруі мүмкін. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлері де жатады.

Рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі мен режимін жергілікті өкілді жөне атқарушы органдар белгілейді.

Рекреациялық максаттағы жерде олардын нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кызметке тыйым салынады.

Тарихи-мәдени мақсаттағы жер дегеніміз - тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендері, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелері.

Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген жағдай­ларды қоспағанда, тарихи-мәдени мақсаттағы жерге жаткызылған жер учаскелері оның меншік иелері мен жер пайдаланушы­лардан алып қойылмайды.

Жергілікті атқарушы органдар тарихи-мәдени мақсаттағы жердің жекелеген учаскелерінде, соның ішінде зерттеуге және сақтап қоюға жататын мәдени мұра объектілерінде кез келген шаруашылық қызметіне шектеу қоюы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]