Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык жане салык салу Силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Тақырып №13 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

Бұл бөлім жер қойнауын пайдалануға келісім – шарттар бойынша туындайтын салық міндеттемелерін орындауға байланысты ережелерді айқындайды және

  1. Үстеме пайда салығын;

  2. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:

  • бонустарды

  • роялтиді

  • өнімді бөлу бойынша ҚР-ның үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.

Техногендік минералды құрылымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса, ҚР-да жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.

Пайдалы қазбалар өндіруді жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттің кірісіне ҚР-ның Үкіметі белгілейтін мөлшерде роялти түрінде аударымдар жасайды.

Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін салық режимі тек қана ҚР-ның Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісім-шартта айқындалады.

Тақырып №14. Алымдар

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi алым) заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын алуы кезiнде алынады.

Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

Алым төлеушiлер - Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi алым төлеушiлер болып табылады.

Тақырып №15. Мемлекеттік баж: экономикалық табиғаты, мәні, мазмұны, түсінігі

  1. Мемлекеттік баж – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Заңдық мәні бар іс-қимылдар жасау және құжаттар беру жөнінде мемлекеттік уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

азаматтық хал актілерін тіркегені, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы

шетелдіктердің паспорттарына және оларды ауыстыратын құжаттарына ҚР-нан кету және ҚР-на келу құқығына виза бергені үшін;

ҚР-ның азаматтығын алу, ҚР-ның азаматтығын қалпына келтіру және ҚР-ның азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды рәсімдеу;

Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық ставкалары, ҚР-ның заң актісімен мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.

9. Рейтинг бақылау сұрақтары (0-100%): Рейтинг 1

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

  2. Экономикалық саясаттың басты мақсаттары

  3. ЭМР методологиясы және оны әрдайым жетілдіріп ортырудың қажеттілігі

  4. Экономикалық саясаттың шаралары

  5. Қазақстан жағдайында ЭМР-дің шетелдегі тәжірибелерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен проблемалары.

  6. Шет елдердегі жалпы экономикалық және стратегиялық жоспарлау

  7. Өндірістік күштерді ұтымды орналастыру проблемасы және оны шешу барысында мемлекет мүддесін есепке алу.

  8. Қоғамдық өндіріс: көрсеткіштері өсу; қарқыны және құрылымы

  9. Стратегиялық жоспарлау методологиясының түсінігі

  10. Дамыған елдердегі экономикалық саясатты әзірлеу

  11. Мемлекеттің индустриялдық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру шараларыны

  12. Қазақстанның ғылыми-технологиялық даму жүйесін

  13. Денсаулық сақтаудың, білім берудің, мәдениеттің даму көрсеткіштері және оларды негіздеу әдістері.

  14. Халықтың жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық дәрежесін есептеу