- •Шымкент, 2015ж.
- •1. Модуль атауы «Салық және салық салу»
- •2. Сабақ түрлері мен кредит саны бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Байланыс мәліметтері
- •4. Модуль мазмұны.
- •7. 1. Сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі
- •7.2. Дәріс сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7.3. Практикалық сабақтардың (семинардың) күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7.4. Обсөж тапсырмаларының тізімі
- •7.5. Сөж тапсырмаларының тізімі
- •8. Сабақтың қысқаша мазмұны
- •Тақырып №13 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •Тақырып №15. Мемлекеттік баж: экономикалық табиғаты, мәні, мазмұны, түсінігі
- •9. Рейтинг бақылау сұрақтары (0-100%): Рейтинг 1
- •Рейтинг 2
- •10. Студенттер білімін бағалау критерийлері мен талаптары.
- •Минималдық балл: 20
- •10.1. Студенттердің білімін бағалау шкаласы.
- •11. Баға қою саясаты Принциптері:
- •12. Барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі:
- •13. Студентке қойылатын талаптар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •14.3. Электронды ресурстар
- •14.4. Заңдық және нормативтік актілер
8. Сабақтың қысқаша мазмұны
Тақырып №1. Салық жүйесі туралы түсінік
Экономиканы қайта құруда, оны реттеуде, ел бюджетінің 70-90 пайыздан астамы салықтардан құралады, ал салықтық түсімдердің үштен екі бөлігі жалпы мемлекеттік салықтардың үлесіне тиеді .
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру .
Салық жеңілдіктері дегеніміз , заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп н/е салық төлеуден түгел босату . Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
Салық төлеу мерзімі –салық төленетін уақыт .
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті (аккуратность) белгілейді .
Тақырып 2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
ҚР-ның салық заңдарына мыналар жатады : ҚР-ның салық қатынастарын реттейтін "Салық кодексі "(Алматы, 26-маусым, 2001ж.); ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілері; ҚР мемлекеттік салық комитетінің нормативтік актілері .
Салық қызметі ҚР Мемлекеттік салық комитетінен және облыстардағы , аудандардағы , қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалары мен бөлімдерінен тұрады .Салық полициясы да салық комитетінің құрамында болады . Салық қызметін ҚР Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы басқарады .
Барлық деңгейдегі салық қызметі органдары заңды тұлғалар болып табылады , олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады .
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар : қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері.
Тақырып 3. Салық саясаты және оны жүзеге асыру
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасу маңызды болып табылады. Олар өз кезегінде мемлекет енгізген салық түрлерінің, олардың құрылу формалары мен әдістерінің, салық органдары қызметінің жиынтығын береді.Экономиканың дамуына оның құрылымы өте күшті әсер етеді.
Салық саясаты дегеніміз мемлекеттің салықтар төңірегіндегі іс-шаралар жүйесі және ол қаржылық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Салық саясатының мазмұны мен мақсаттары қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысымен шартталған (яғни соған негізделген).
Салық саясатының негізгі тапсырмасы мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге, жалпы ел шаруашылығын реттеу үшін жағдайлар жасау, нарықтық қатынастар барысында халық табысының деңгейінде болатын теңсіздіктерді ретеу сияқты іс-шаралар бағытталған.
Салық саясаты салық механизмі арқылы жүзеге асады. Салық механизмі деген салық салуды басқарудың ұйымдық-құқықтық нормалары мен әдістерінің жиынтығы, оған қоса әртүрлі салық мөлшерлемелері, жеңілдіктері, салық салу тәсілдері және басқалар.
Мемлекет салық механизміне салық заңдылықтары арқылы заңдық форма береді және сол арқылы оны реттеп отырады.
Тақырып 4. Мүлік салығы
Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар (соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар);
Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады. Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер. тек мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi; уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары; дiни бiрлестiктер.
Тақырып №5. Көлік құралдары салығы
Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады.
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiлер;
2) мемлекеттiк бюджет есебiнен ғана қамтылатын ұйымдар;
3) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Тақырып №6. Жер салығы
1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердiң сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлестермен төленуге тиiс.
4. Бiрiншi төлем мерзiмiндегi ағымдағы төлем мөлшерi алдыңғы салық кезеңiнде iс жүзiнде төленген сомалардың төрттен бiрi мљлшерiнде белгіленедi.
Екiншi, үшiншi және төртiншi мерзiмдерде төленуге тиiс ағымдағы төлемдердің сомалары алдыңғы салық кезеңiнде жер салығы бойынша салық декларациясында көрсетiлген нақты салық мiндеттемелерiнiң сомалары негiзге алына отырып анықталады. Бұл ретте ағымдағы төлемдердiң сомалары бiрiншi төлем мерзiмiнде төленген ағымдағы төлем ескерiле отырып тең үлеспен төленедi.
5. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
6. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Тақырып №7. Арнаулы салық режимдері
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай – ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп
Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері болып танылады.
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Тақырып N 8. Қосылған құнға салынатын салық.
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулері) өндіру және олардың айналысы барысында қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма айқындалады.
Объектісі:
салық салынатын айналым;
салық салынатын импорт.
Субъектісі:
қосылған құн салығын төлеушілер заңға, талапқа сәйкес ҚР-да қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған н/е есепке тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.
тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды ҚР-ның аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
Тақырып №9. Акциздер
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тiзбесi осы Кодекстiң 257-бабында анықталған қызмет түрлерiне акциз салынады.
1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
3. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Жергiлiктi өкiлдi органдар ойын бизнесi объектiлерiне белгiленген базалық ставкалар шегiнде қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын белгiлейдi.
Тақырып №10. Корпорациялық табыс салығы
Корпорациялық табыс салығын төлеушiлерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар (бұдан әрi бөлiм бойынша - салық төлеушiлер) жатады.
Борышкер банктiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп танылады. Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшердегi провизиялар сомасы табысқа енгiзiледi. Сондай-ақ цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты, талап құқығын басқаға қайта беру негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде борышкерге талаптар мөлшерiн азайту кезiнде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен қатар талаптарды қайта сыныптау кезiнде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялардың азайтылған сомасы табыстар деп танылады.
Тақырып №11. Жеке табыс салығы
15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн |
салық салынатын кiрiс сомасынан 5 процент |
15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 10 процент |
40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 процент |
600 еселенген және одан жоғары |
600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 30 процент |
Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, жылына ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын жалақысының төлем көздерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкерлердің тоқсан ішіндегі орташа айлық кірісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын жағдайда "0" ставкасы бойынша салық салынуға тиіс. Дивидендтер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспағанда) мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 проценттік ставка бойынша салық салынады. Адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.
Тақырып 12. Әлеуметтік салық
Жұмыс берушінің төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез-келген табыстар түріндегі жұмыс берушінің төлейтін шығындары ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-сында қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес және заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері үшін салық салу объектісі болып табылады, оларға 1, 3, 6, 8, 10, 11, 14, 17, 23, 25, 29, 31, 34 пунктерде белгіленгентөлемдер және тағы төмендегілер қосылмайды:
мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері арқылы берілетін гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
ҚР-ның Президенті, ҚР-ның ‡кіметі белгілейтін мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;
Спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін белгіленетін ақшалай наградалар;
ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде ҚР-ның заңдарымен белгіленген мөлшерлерде төленетін төлемдер;
пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін төлемдері;
ҚР-ның заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары.
