Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык жане салык салу Силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты

«БЕКІТЕМІН»

Ғылыми Кеңес төрағасы

Алдабергенов Б.А.

__________________________

«____»_____________2015ж.

«Жаратылыстану және педагогика» факультеті

СИЛЛАБУС

«SSS-3326 Салық және салық салу» модулі бойынша

Дайындау бағыты: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Мамандығы: 5В 050900 – Қаржы, 5В 050800- Есеп және аудит, 5В 051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

Модульдің типі: таңдау модулі

Модуль деңгейі: ВА

Кредит саны: 3

Оқу түрі: күндізгі

Курсы: 2 курс

Семестр: 4

Модульдің жалғасуы: 1 семестр

Лекциялар: 30

Практикалық сабақ (семинар): 15

ОБСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Шектік бақылау саны: 2

Қорытынды бақылау түрі: (емтихан)

Шымкент, 2015ж.

Силлабус 5В 050900 – Қаржы, 5В 050800- Есеп және аудит, 5В 051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының «Салық және салық салу» пәні бойынша М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ Ғылыми Кеңесімен бекітілген Оқу бағдарламасы негізінде жасалған. Хаттама № « » ___________ 2015ж.

Құрастырған: Еркебалаева В.З., э.ғ.к., доцент

Силлабус «Экономика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының мәжілісінде қаралып, талқылауға ұсынылған.

Хаттама № « » _______ 2015ж.

Кафедра меңгерушісі: ___________________ Теңізбаев Е.Ж.

1. Модуль атауы «Салық және салық салу»

2. Сабақ түрлері мен кредит саны бойынша сағаттарды бөлу

Кредит саны

Сабақ түрлері

СӨЖ

Қорытынды

Бақылау түрі

Байланыс сағаттары

ОБ

СӨЖ

Барлығы

Дәріс

Практикалық (семинар) сабақтар

3

30

15

45

15

135

емтихан

3. Байланыс мәліметтері

Оқытушының

аты-жөні

Сабақтың өтілетін уақыты мен орны

Байланыс ақпараттары

Дәріс

Практикалық сабақ

Еркебалаева В.З.

Күні____________

Уакыты_________

Аудитория________

Күні_____________

Уакыты__________

Аудитория_________

4. Модуль мазмұны.

«Салық және салық салу»: Салық және салық салу – экономикадағы өндіріліп жатқан өнімдер мен қызмет саласындағы табыстар мен түсімдердің бюджетке әсер етуі мол. Мемлекеттік бюджеттің 70 пайызын құрап отырған салық түсімі өз кезегінде бюджеттік ұйымдарға қаржы көздері болып табылады. Осының бәрі салық және салық салу пәнінің қазіргі кезеңде экономикамыздың өркендеуіне пайдасын келтіретінін көрсетеді.

Студенттерді салықтар теориясы және салық салу жүйесінің құрылу теориясының аспектілерін және елдегі салықтық реформалардың негізгі тұжырымдарын оқытып үйрету; сонымен қатар нақты салық түрлері бойыгша тәжірибелі есептеулерді қолдана білуді, түрлі салықтарды әсер ету құралдарымен танысу, салық заңдылықтарын оқыту, үйрету.

Курс бағдарламасында лекция және семинар сабақтары қарастырылған. Пәнді игеру барысында салықтардың қызмет ету және олардың дамуының теориялық аспектілері, Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салықтың негізгі топтарының жұмыс істеу ерекшеліктері, олардың есептелінуі мен төлену механизмдері, кейбір салық төлеушілер категориясына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері, Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық топтарының жұмыс істеу ерекшеліктері және олардың есептелінуі мен төлену мехнизмдерін есеп және аудит саласындағы маманданып жатқан студенттерге қажетті білім береді. Берілген 5В050509 – «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған арнайы пән болып табылады және 6 семестрде оқытылады.

Мақсаттары: «Салық және салық салу» пәні «Қаржы», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Туризм» мамандығы студенттеріне арналады.

«Салық және салық салу» курсының мақсаты, ол:

  • салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып-үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын және т.б. оқыту.

  • Салық салудың практикасын терең қарастырумен қатар, нақты салық түрлерінің практикалық есептелуін жетіп үйрену, салық заңдарын жан-жақты оқып-үйренумен бірге салықтық тетіктердің әсер етуін оқып-білу.

  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына «бой алдыру».

Міндеттері. Курс бағдарламасын оқып-үйренуге негізгі бағыт-бағдарлар:

  • Салықтардың қызмет етуі мен дамуының теориялық аспектілері;

  • Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылуы мен дамуының кезеңдері;

  • Бюджет жүйесі арасында салықтар мен алымдардың бюджетаралық бөлінуі;

  • Қазақстан Республикасының салық жүйесінде салықтардың негізгі топтарының қалыптасуы мен оларды есептеу мен төлеу механизмінің ерекшеліктері;

  • Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндегі алымдар, баждар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеудің ерекшеліктері.

Құзіреттілігі. «Салық және салық салу» курсын оқып-үйренгеннен кейін студент салық салу теориясының теориялық негіздерін, ҚР салық жүйесінің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін, экономиканы реттеудің салықтық тетіктерін және оларды пайдалану мүмкіндіктерін білуі керек, Қазақстанның салық заңнамасына еркін түрде бейімделуі және нақты салықтың түрлерін тәжірибелік тұрғыда есептеп білуі қажет. Содан кейін, қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіне және нақты салықтардың түрлеріне мұқият тоқталады. «Салық және салық салу» оқу пәнінің негізгі міндеті болып экономика және басқару саласындағы мамандардың алғы сөзде келтірілген білім мен ғылымды меңгеру болып табылады.

5. Пререквизиттер. «Салық және салық салу» оқу пәні «Экономикалық теория», «Менеджмент», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Қаржы» және «Салық теориясы және оны ұйымдастыру» сияқты оқу пәндерінің жалғасы болып келеді.

6. Постреквизиттер. «Салық және салық салу» курсы «Шет мемлекеттер салықтары», «Қаржы менеджменті», «Корпоративтік қаржы», «Банк ісі» пәндерімен сабақтас пән болып табылады.

«Салық және салық салу» курсын оқып-үйренгеннен кейін студент салық салу теориясының теориялық негіздерін, ҚР салық жүйесінің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін, экономиканы реттеудің салықтық тетіктерін және оларды пайдалану мүмкіндіктерін білуі керек, Қазақстанның салық заңнамасына еркін түрде бейімделуі және нақты салықтың түрлерін тәжірибелік тұрғыда есептеп білуі қажет.