Форма құру.
Сұраныстар құрылғаннан кейін форма жасалынады. Оны құру үшін Форма батырмасын басып қалаған режимінде құруға болады. Олар шебер көмегімен құру режимі және конструктор көмегімен құру режимідері бар.
Ең алдымен біз конструктор режимімен құрамыз. Ол үшін конструктор көмегімен құру батырмасын басып, Құру (создать) түймешігін басқанда келесі терезе ашылады.
Конструктор режимінде форма құру
Бұл терезеден қай кестеге форма құратынымызды таңдаймыз. Таңдағаннан кейін форма терезесі ашылады. Сол терезеге кестенің батырмаларын көшіреміз. Ол үшін тышқанды басып тұрып кестедегі бағанды көтеріп форма қою қажет. Қойып болғаннан кейін саймандар терезесінен батырмалар енгізу қажет. Орнатылып болғаннан кейін жауып сақтау керек. Сақталған терезені ашқанда, мына терезе экранға пайда болады.
Конструктор режиміндегі форма құру
Бұл конструктор режимінде құрылған форма. Екіншісі шебер көмегімен құрылған форма. Ол үшін шебер көмегімен құру батырмасы басылғаннан мына терезе пайда болады.
форма жасауда өрістерді таңдау терезесі.
Мәліметтер бағанасын бірінші бетінен екінші бетіне көшіру керек. Көшіргеннен кейін Келесі (Далее) батырмасын басу керек. Батырманы басқаннан кейін Форманың сыртқы пішінін таңдау терезесі шығады.
Форма түрін таңдау терезесі
Осы терезеден қалаған сыртқы пішін көрінісін таңдауға болады. Таңдалғаннан кейін Келесі (Далее) басу керек. Осыдан келесі терезе ашылады, ол терезеде форманың стилін таңдаймыз.
Форманың стилін таңдау терезесі
Таңдалғаннан кейін Келесі (Далее) батырмасын басамыз. Келесі терезеде формаға ат беру терезесі шығады. Сол терезеге қалаған атыңызды беріп сақтау керек.
Формаға ат қою терезесі
Сақталған форманы ашқанда экранда мына терезе пайда болады.
Шебер көмегімен құрылған форма
Есептер (Отчеты) жасау
Форма құрылғаннан кейін ендігі кезекте есептер жасалынады. Есептердің де екі режимі бар: Конструктор режимі және Шебер режимі көмегімен. Есептерді шебер көмегімен жасайық. Ол үшін шебер көмегімен жасау режиімі батырмасын басамыз. Есептер терезесі пайда болады, ол терезеден бірінші беттен екінші бетке көшіру керек. Ол үшін терезеден бірінші беттегі мәліметтерді екінші беттерге >/>> батырмаларын басу арқылы жүргізіледі.
Шебер режиміндегі отчетті құру
Көшіргенен кейін Келесі(Далее) түймешігін басу керек. Түймешік басылғаннан кейін топтастыру терезесі ашылады.
Топтастыру терезесі
Топтастырғаннан кейін Келесі (Далее) түймешігін басамыз. Келесі терезеде сұрыптау тәртібін таңдау терезесі ашады .
Сұрыптау тәртібін орналастыру терезесі
Тәртібін таңдағаннан кейін Келесі (Далее) түймешігін басамыз. Осыдан кейін макеттің түрін таңдау терезесі ашылады.
Есептер макетінің түрін таңдау терезесі
Макет таңдалғаннан кейін көрініс стилін таңдаймыз.
Таңдалатын стиль терезесі
Бәрін жасап біткеннен кейін басылымға ат беріп сақтаймыз.
Сақтаған басылымда ашқан кезде экранға мына терезе пайда болады.
Есептерді құру – барлық деректер қорын, сонымен қатар деректер қоры объектілерін жеке-жеке өзімізге ыңғайлы етіп баспаға беру үшін қолданылатын объект болып табылады.
