Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Сырттай оқу факультеті
Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы
5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған
ДИПЛОМ АЛДЫ ПРАКТИКА
БАҒДАРЛАМАСЫ
Ақтөбе – 2017ж
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Сырттай оқу факультеті
Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы
5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3-курс ( 6 семестр) студенті Куншашев Нурболат Куатович диплом алды практикасының
ЕСЕБІ
Ақтөбе - 2017ж.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Сырттай оқу факультеті
Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы
В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3-курс ( 6 семестр) студенті Куншашев Нурболат Куатович диплом алды практикасына арналған
Күнделік
Ақтөбе - 2017ж.
Диплом алды практика 2016-2017 оқу жылы
Сырттай оқу факультетінің 3 курсының студенті
Фамилиясы Куншашев
Аты-жөні Нурболат Куатович
Практика АҚ«Казахтелеком» өтті
Практиканың күнтізбелік мерзімі:
Оқу жоспары бойынша басталуы: 09.01.2017 аяқталуы: 04.02.2017ж
Практикаға келген уақыты : «09» Қаңтар 2017 ж.
Практиканың аяқталған уақыты: «04» Ақпан 2017 ж.
Практиканың Университеттегі жетекшісі
Кафедрасы: АЖ және БҚЕ Дәрежесі -
Фамилиясы: Боранбаева
Аты-жөні: Бақыт Сағидоллақызы
Қызметі: оқытушы
Жоспары
Кіріспе
Деректер қоры жүйелерінің архитектурасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мен Куншашев НУрболат Куатович 9 қаңтар мен 7 ақпан ай аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінің «Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасында диплом алды практикасынан өттім. Менің тақырыбым: “ Деректер қоры жүйелерінің архитектурасы ”.
Тақырыпты іздеу кезінде ақпараттың өте үлкен көлемін өңдеу және іздеуге арналған мәліметтер қорын жобалау деп аталатын арнайы программалармен таныстым. Қазіргі кезде дербес компьютерлерге арналған реляциялық типті ДҚБЖ – нің бірнеше түрі: Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді. Деректер қоры деп- компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз. Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады. Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:
1)Ғылыми зерттеуге арналған;
2)Автоматталған жобаларға арналған;
3)Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;
4)Техналогиялық процессорды баспаға арналған.
Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.Деректер қоры дегеніміз – мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді. Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.
