Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айым.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
696.32 Кб
Скачать

2.1. Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және

ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары

Оқыту процестерінде ұғымдық непздерін дәиектілікпен жүзеге асыру өмір шындығын бейнелі түрде қабылдауға байланысты қалыптасатын түсініктердің ролін ешбір кемітпейді. Табиғат құбылыстары жөнінде, тарихи оқигалар туралы, қазіргі кездегі техника туралы, көркемөнер шығармалары туралы берілетін түсініктер сыныптардағы бағдарламалық материалдың елеулі бөлігін құрады.

Бағдарламалық материалды игеру деңгейі, демек, оқыту ісінің әсерлігі де көрнекіліктің әралуан құралдарын пайдаланып отыруға көп жағынан тәуелді келеді. Бұрынынырақ көрсетіп кеткеніміміздей, белгілі бір жағдайларда көрнекі құралдарды пайдаланып отыру оқушылардың абстрактілік ойын дамытуға емес, сонымен бірге оқушылар тарапынан аса маңызды ойлау маңызды операцияларының меңгеруіне септігін тигізеді.

Тәрбие мәселенің түйіні сол көрнекі құралдың сипатына тәуелді болады. Мұғалімнің сабақ үстінде қандай да бір кернекі құралдарға қандай роль жүктейтіндігінің де едәуір маңызы бар. Оқу процесінде әр түрлі информациялық деректерді, оның ішінде тәрбиелік мәні бар мұгалімнің өз сөзі бір- бірімен дұрыс ұштастырып отырудың мәні зор.

Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу процесінде тәрбиелік роліне қарай екі үлкен топқа:- заттық бейнелік - көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың көрнекі құралдары (картиналар, фотосуреттер, суреттер, диапазитивтер, диафильмдер, кино үзінділер, кино фильмдер,табиғи объектілер және т.б.) мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде эстетикалық сезімді қабылдауына оқушылардың арқа сүйеуіне жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар (схемалық көлемді модельдер, схемалар, чертеждар, карталар т.с.с) оқылатын объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тәуелділігін және қатысын, олардың нақтылы, бейнелі қабылдауға көндікпейтін ішкі құрылымын түсіндіру үшін керек.

Көрнекіліктің қандай түрінде болсын изоморфизм мен қарапайымдылық ұштастырылып отыруы керек.

Көрнекі құралдардың изомофизмі туралы айтқанымызда оқылып жатқан объектілердің құрылымы және қатыныстары көрнекі құралдар арқылы берілген кескіндемемен, ол кескіндеме қандай формада жүзеге асырылмасын, тепе-тең екендігін естен шығармау керек. Кабылдау қарапайымдылығы мәселесіне оралсақ көрнекі құралдар жасаған кезде оқылатын объекті тәрбиелік маңызы бар бөлшектері мен ұсақ түйек жақтары керексіз етіліп , ұғымдардың негізгі қасиеттерін немесе түсініктерін басты компоненттерін белгілейтін тек ең маңызды бөлшектері мен жақтарын ғана сақтау арқылы қол жеткізеді.

Көрнекіліктің әр құралы оның жоғары тәрбиелік әсерлілігін қамтамасыз ететін оқу процесінде өзі атқара алатын өзіне ғана тән ерекше қызметке ие болып отырады.

Оқыту процесіндегі әр алуан дидактикалық материалдар тәрбие мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде оларды қолдану қажет. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдына қойылатын тәрбиелік және танымдық міндетті шешу бағытында қанағаттанарлық әсерлікке қол жеткізуге болады.

Сынып жетекші тәрбие мәселесін комплексті түрде әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланысты.

Сонымен бірге көрнекілік құралдарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан құбылыстың әртүрлі жақтарын ашып беруге, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алуға болатын жағдайда ғана пайдаланған құралдарды іріктеу үстінде олардың мүмкіндігін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет. Бұл арада Ю.К.Бабанскийдің «көрнекілікпен шектен тыс айналысу тәрбиедегі өмір шындығын, онсыз әсерлі түрде тану мүмкін емес абстрактілі ойлауды тежеуге апарып соғады. Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда окушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танудан басқаға аударады, мұның өзі әсіресе ес қабілеті көрнекілік образды қабылдаудан гөрі, сөздік логикалық қабылдауға бейім балалармен айналысқанда орын алады» дейтін пікірмен келіспеске болмайды.

Көрнекі құралдарды орынды қолдана білмеудің білім мен тәрбиені меңгеруге тигізетін кері әсерін Е.Н:Кабанова - Меллер де атап көрсетеді.

Оқу процесінде кернекі құралдарды пайдалану тиімділігі сабақтың тәрбиелік мәнімен лардың әртүрін педагогикалық жағынан орынды ұштастыра білуге ғана емес, сонымен бірге көрнекілік пен басқа да білім көздерінің, атап айтқанда мұғалім сөзінің арақатысына байланысты болады.

Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблемасы Л.В.Занковтың «Мұғалімнің сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ісіндегі ұштастығы» және «оқыту ісіндегі көрнекілік пен оқушылар белсенділігін көтеру» деген еңбектерінде анағұрлым толық қолданған. Л.В.Занковтің

пікірінше, мұғалім сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар: . .

1-түрі: мүғалім сөздің көмегімен оқушылар жүргізетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы бөлімді оқушылар бакылау процесшде көрнекі объектінің өзінен алады.

2-түрі: мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері кәрнекі объектілерге жасаған бақылаулары негізінде және олардың бұрынғы білетіндері негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесінде көзге көріне қоймайтын байланыстарды саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды.

3-түрі: объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы мәліметтері оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады, ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәлімдемелерді дәлелдеп немесе нақтай түсу қызметін атқарады.

4-түрі: мектеп оқушыларының көрнекі объектіге жасаған бақылауларына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алмайтын байланыстар туралы хабарлайды, яғни қорытынды жасайды, жекелеген деректерді біріктіреді, жинақтайды.

5-түрі: көрнекі түрде көрсете отырып мұғалім оқушыларға қолда бар объектілермен жұмыс істегенде орындауға тиісті іс-әрекеттерге қатысты, сондай-ақ ол іс-әрекеттердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді.

6-түрі: педагог сөздің жәрдемімен оқушыларға қолда бар объектілермен олар жасауға тиісті іс-әрекеттерді орындау әдістері жайында нүсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұскауы қолма-қол көрсетіліп отырады.

Эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне анализ жасай келіп, мектеп оқушыларын нәрсенің сыртқы бейнесімен таныстырған кезде мұғалімнің сөзі мен көрінекі құралдарды ұштастырудың 1- түрінің аса тиімділігін және 3-түрінің басқалардан гөрі тиімділігі төмендігін көрсетіп отыр. Құбылыстардың байланысы мен тәуелдігін оқу қажет болған жағдайда 4- түрі емес, 2- түрі анағұрлым тиімді болатын көрінеді. Сонымен бірге эксперимент оқушылардың білімді мен тәрбиені баянды меңгеруі үшін мұғалімнің сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың 1 және 2- түрлерінің тиімділік әсерінің жоғары болатынын көрсетті.

Сонымен, көрнекі құралдар мен білім мен тәрбие беру кездерінің бірі ретінде пайдаланылмай, мұғалім сөзінің иллюстрациясы ретінде ғана қызмет атқарса, оларды қолданудың тиімділігі анағұрлым төмен болып шығады. Метеп тәжірибесінде мұғалімнің сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың дәл осы түрі әлі күнге дейін анағұрлым кеңірек етек алуда. Демек, оқу процесін жетілдіру міндеттерінің бірі сабақтарда көрнекі құралдарды мәлімет берудің дербес кездері ретінде кеңінен пайдалануда болып табылады. Бүл оқушылардың сабақ үстінде жеке дидактикалық материалдардың әр алуан түрлерімен өздігінен жұмыс істеп отыруын, зат сабақтарын, жеке тәжірибелер мен бақылаушылардың (табиғат тану және еңбек оқу сабақтарында) жүргізіп отыруды, демонстрациялық көрнекі құралдарды оқып үйренуге негізделген тапсырмаларды орындатуды және т.с.с. керек етеді.

Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі оларда берілетін мәліметтерді окушылардың өздігінен қорыта алу дәрежесімен айқындалады.

Мектеп оқушыларының теориялық ойлауын тәрбиелілігін дамытуға көрнекіліктің, бір жағынан, көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән анағұрлым ортақ қасиеттерін айырып тануға және олардың мәні шамалы қасиеттеріне айырып тануға және олардың мәні шамалы қасиеттеріне назар аудармауға мүмкіндік беретін, ал екінші жағынан – ұғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қолдану жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М.Пышкало жазған мақалаларының бірінде ашылып көрсетілген. Онда былай делінген: «Әр алуан нәрселер және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдардан жасалғандығына, түр-түсіне, жай-жапсарына, салмағына және т.с.с. қатысы шамалы оларға анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды». Мұнда геометриялық образды деректендіру тәсілін жүйелі түрде қолдану арқылы қол жеткізеді.

Оқыту ісінде тәрбиелік маңызы бар көрнекі құралдарды қолдануды педагогикалық жағынан негіздей отырып, орынды түрде қолданудың оқыту процесінде сезім мен тиімділікті табиғи түрде ұштастыруға көмектесетіндігі мейілінше айқын нәрсе, мұның өзі оқыту ісінің теориялық дәрежесін көтеруге тиімді жағдайлар туғызады.

Тәрбие негіздері оқытудың теориялық дэрежесін көтеруге сонымен бірге көрнекіліктің көптеген құралдарының сипаты мен құрылымына елеулі өзгерістер енгізуді және осыған қоса оларды сабақтарда пайдалану тәсілдерін жетілдіре түсуді шарт етіп қояды. Көрнекі құралдарды өзгерту ісі құбылыстардың, нәрселердің аса мәнді қасиеттерін, олардың өз арасындағы қатынастарды айыра алуға және қабылдауға кедергі жасайтын бейнелеу артықшылықтарынан және тым көп үсақ-түйектерден арылту бағытында жүргізілуге тиіс. Мүндай көрнекі құралдарды қолдану оқушыларға оқылып жатқан объектілердің мәні шамалы қасиеттеріне көңіл аудармауға мүмкіндік береді, мұның өзі ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруға тиімді жағдайлар туғызады.

Бір сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың орынсыз көп түрінен

бас тарту да оқу мен тәрбие процесінде оқушыларға оқылып жатқан объектілердің анағұрлым мәнді жақтарын айыруды жеңілдетеді және олардың мәні шамалы қасиеттеріне көңіл қоймауына мүмкіндік береді.

Тәрбие мен білім берудің теориялық дәрежесін көтеру, сынып жетекшілерінің меңгерілуге тиісті мәліметтер көлемінің өсуі сынып оқушыларын оқытудың түсініктілік проблемасын айтарлықтай күрделендіріп отыр. Бұл проблеманы шешуде балалардың танымдық мүмкіншіліктерін артық бағалау қандай қауіпті болса, кем бағалауда да соншалықты қауіпті.

«Жас кездегі алғырлыққа табыну да сондай-ақ жас ерекшеліктерін ескермеу де біздер үшін бірдей қажетсіз, - деп көрсетіледі «Дидактика негіздерінде». Біздің міндетіміз балалардың мол таным мүмкіншілігін ашу, сонымен бірге олардың әр жастағы және сол жасқа лайықты оқу сатысындағы психикалық, атап айтқанда, ойлау әрекетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсету болып табылады»

К.Д.Ушинскийдің «жалпылай алғанда оқудың, оның ішінде жеке

бір пәннің шектен тысқары талаптарына уақытынан бұрын кездесу және жас жағынан игеруге болмайтын қиындықтарға тап болу

нәтижесінде бала өз күшіне деген сенімді жоғалтуы және бұл сенбеушілік бала көңіліне соншалықты ұялауы да, тіпті оның оқуын көпке дейін бәсеңсітуі де мүмкін. Дарынды, күйгелек те сезімтал баланың талайы тап осы адам үшін барлық істе соншалықты қажетті өз күшіне деген сезімді уақытынан бұрын жасалған талпыныстарды жоғалтқандықтан да топас та жалқау болды» деген пікірінің мән-мағынасы әлі күнге дейін күшті.

Бала псхологиясы мен педагогикалық психология саласындағы соңғы зерттеулер оқыту ісінің мазмұны мен әдістерін өзгерте отырып, балаларға жекелеген психикалық процестер мен функцияларды дамыту жағынан кереметтей жетістіктерге қол жеткізуге болады; осының нәтижесінде сынып оқушылары әдетте анағұрлым ересек жасқа тән деп есептеліп келген психикалық процестердің ерекшеліктеріне ие бола бастайды. (мәселен, төменгі мектеп жасындағыларының өзінде ойлаудың теориялық формаларының пайда болуы).

Бүл негіздеме бізге адамның жасына қатысты ұғымды жоққа шығару үшін тіпті дәрменсіз тәрізді көрінеді , өйткені жасқа қатысты ұгым жекелеген ерекшеліктердің қарапайым қосындысымен емес, баланың жеке басына тән кейбір тұтас қүрылымдық өзіндік айырмашылықтармен және дамудың дәл осы кезеңге лайықты ерекше тенденцияларымен сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың жасына қатысты психиологиялық сипаттама оған тән жекелеген ерекшеліктерімен айқындалмайды, оның жеке басының әрбір жас кезеңдегі әр түрлі құрылысымен- оның қажет ету аясымен, оның ақыл ой құрылымымен және оның өмір шындығына жасайтын қатынасының ерекше сипатымен айқындалады.

Н.П.Ерастовтың оқу материалының игерімділік белгілерін зерттей қортындылары атарлықтай көңіл аударарлықтай. Оның пікірінше, мұңдай белгілер бесеу :

Бағыттылық. Материалды іріктеп алудағы бағыттылықты бірінші кезекте оқыту ісінің тәрбиелік міндеттері талап етеді: ғылымның негізгі мазмұнынан табиғаттың, қоғамның және ой-пікірдің мейілінше ортақ заңдары жөніндегі дүрыстыгын анағұрлым айқын дәлелдейді.

Шолымдылық. Оқу материалынан шолымдылығы оқыту үшін іріктеліп алынатын ғылыми білімдер қосындысын жүйелеуге, тұтастай қамтуға кедергі жасамайтындай мөлшерімен сипатталады:

Нормалылық.Оқу материалының нормалылығы ондағы айқындылығы жетерліктей етіліп, есте сақтауға және операция жасауға ыңгайлы етіліп тұжырымдалған жалпыға бірдей міндетті нормалар мен ережелерді ажырата білумен сипатталады.

Жеңілділік.Оқу материалының жеңілділігі ғылыми теорияның анағүрлым маңызды, елеулі компоненттерінің және ғылыми білімдерді ұсынудың психологиялық жағынан негізделген формаларын таңдап алумен сипатталады;

Үлестірімділік. Оқу материалының үлестірмелілігі дегеніміз іс жүзінде келгенде оқу процесінің міндеттеріне және мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес оку жылдары бойынша орналастыруы.

Сабақтың ең басты мақсаты оның теориялық, ғылыми мазмұны, мұғалім баяндайтын материалдың дәлдігі болып табылады. Бірде-бір сабақ, тіпті әдістемелік тұрғыдан алғанда өте тамаша сабақтың өзі де, егер оны баяндау барысында мұғалім фактіден берілетін білім картинасын бұралмайтындай, оқушыларды өмір шындығы туралы теріс түсініктерді туғызатындай фактіліктілік қателіктер дэлсіздіктер жіберіп отырса, қанағаттанарлық сабақ өтті деуге болмайды.