- •Анықтама, дешифрлеу түрлерi.
- •2. Дешифрлеу әдiстерi.
- •4. Дешифрлеу процессінің логикалық структурасы.
- •5. Жанама дешифрлеу белгілері.
- •6. Кешенді деширлеу белгілері.
- •7.Тура дешифрлеу белгілері.
- •8. Суреттерді топографиялық дешифрлеу
- •9. Түгел далалық дешифрлеу.
- •10. Суреттерді түгел камералды дешифрлеу.
- •11. Маршруттық дешифрирлеу.
- •12. Аэровизуальды дешифрирлеу.
- •13. Аэровизуальдық дешифрлеудiң нормативтi шарттары.
- •14. Камералды дешифрирлеу.
- •15. Камералды дешифрирлеу далалық жұмыс жалғасымен.
- •16. Дешифрлеуде қолданылатын аспаптар.
- •18. Дешифрлеудегi генерализация.
- •19. Фотографиялық емес бейнелердi дешифрлеу.
- •20. Фотографиялық емес бейнелердiң түрлерi.
- •23. Телевизиондық бейнелердi дешифрлеу.
- •24. Лазерлі бейнені дешифрлеу.
- •25. Ұсақ масштабты бейнелердi дешифрлеу.
- •29. 1 : 10000 Масштабтағы аэрофотосуреттермен елдi мекен пункттерiн дешифрлеу.
- •30. 1 : 2000 Масштабтағы аэрофотосуреттермен елдi мекен пункттерiн дешифрлеу.
- •49. Көру қабiлетiнiң ұш стадиясы.
- •50. Аэрофотосуреттердiң информациялық қөлемi.
- •53. Дешифрлеудiң тарихи дамуы.
- •55. Суреттердi құруға әсер ететiн факторлар.
- •56. Дешифрлеуде қолданатын аэрофотопленкалар типтерi.
- •57. Ұсақ масштабты бейнелердi құрудағы негiздер.
- •58. Ұсақ масштабты бейнелердi топографиялық дешифрлеу.
- •59. Космостық суреттерде бейнелердi генерализациялау.
- •60. Ұсақ масштабты бейнелердiң тематикалық дешифрлеу.
- •61. Космостық суреттермен елдi мекен пункттерiн дешифрлеу.
- •62 Дешифрлеудiң берiлген мақсатына оптималды спектрлi сенсибилизация есебi.
- •63. Фототеодолиттiк суреттердi дешифрлеу.
- •64. Геологиялық суреттердi дешифрлеу.
Анықтама, дешифрлеу түрлерi.
Суреттерді дешифрлеу дегеніміз – жергілікті жерді фотосуретте бейнеленген объектілердің мінездемесін табу, тану және анықтау суреттерді дешифрлеу (аэросуреттерді, фотосуреттерді,бейнелерді) – картаны құруда ең қиын ж/е маңызды процесс, сондықтан картаның сапасы орындалуында дешифрлеудің маңызы өте зор.
Суреттерді дешифрлеуде мақсаты мен тапсырмасы бойынша шешуде дешифрлеудің екі түрі болады. Жалпы географиялық және (отрасливые) салалы (тематикалық, арнайы).Жалпы географиялық суреттерді дешифрлеуде жер бетінің қорытындалған анықтамасын алады. Оған: жер бетін регионалды және типологиялық аудандар, жергілікті жердің гидрография жүйесін, жол торларын, елді мекен пунктерін, жасыл жабынды және басқа элементтерін ашу, олардың өзара байланысын орнату, топографиялық карталарды құру және жаңарту жатады. Оған дешифрлеудің екі түрі кіреді – топографиялық және ландшафтық.Суреттерді топографиялық дешифрлеу топографиялық карталарды бейнеленуі қажет объектілерді тану, табу және мінездемесін алу үшін жүргізіледі. Топографиялық дешифрлеу картаны құру мен жаңартуда технологиялық схеманың ең маңызды процессі болып келеді.Суреттерді ландшафты дешифрлеу жер бетін оқуда жергілікті жерді регионалды және типологиялық аумақтау мақсаты кіреді.Салалы (отраслевого) дешифрлеудің (тематикалық) түрлері көп. Суреттерді салалы дешифрлеу жер беті мен атмосферада орналасқан бөлек объектілердің мінездемесін анықтау үшін жасалады.
2. Дешифрлеу әдiстерi.
Жұмыстың принциптері мен (орналасу) шартына байланысты олардың орындалуы келесі суреттерді дешифрлеу әдістерінен тұрады. Далалық әдіс тек қана жергілікті жерде берілген объектілерді тауып сонымен қатар суретте бейнеленбеген объектілерді де суретте дешифрлеу қарастырылады. Бұл тәсілдің жетіспеушілігі: жұмыстың қиындығы және қаржының көп кетуінде. Аэровизуальдық әдіс – суреттерді дешифрлеуде объектіні танып бейнелеу ұшақтан немесе тік ұшақтан орындалады. Камералды әдіс – суреттерді дешифрлеуде фотобейнелер қасиетін сипаттау далаға шықпай объектілерді ажырату және мінездемесін алу қарастырылады. Біріккен (комбинированный) әдіс – суреттерді дешифрлеу объектілерді ажыратуда негізгі жұмыс камералды шартта орындалады, ал дала мен әуеде камералды ашыла алмайтын объектілер мен мінездемелерді ажыратады.
3. Ортаны қоршауды оқудағы дистанционды әдiс.
Дистанциондық әдістер – аэроәдіс – (түсіріс атмосферадан жүргізілді) және космостық әдіс (түсіріс космостан жүргізіледі) болып бөлінеді. Дистанциондық әдіске үш негізгі жұмыстар кіреді: түсірістің материалдарын алу, оны өңдеу, және өңделген суреттер бойынша карта мен картографиялық емес материалдарды құру. Жұмыстың бірінші түрі: Түсіріс материалдарын алуда қандай аппараттар қолданғанына байланысты дистанциондық әдістер визуалды, фотографиялық, фотографиялық емес және көп зоналы болып бөлінеді. Түсіріс материалдарын алуда қандай аппараттар қолданғанына байланысты дистанциондық әдістер визуалды, фотографиялық, фотографиялық емес және көп зоналы болып бөлінеді. Визуалды түсіріс жергілікті жерді ұшатын аппаратта суреттерде бақылау результаттарының регистрациясын магниттік лентада текет түрінде жүргізіледі. Фототүсіріс – жарық сезгіш қабаттарда 0,4 – 1,1 мкм толқын ұзындығы диапозонында жергілікті жердің электромагниттік сәуле шығару спектр ауданында инфрақызыл, жақын және көрінетін регистрация. Фотографиялық емес түсіріс – улкен диапозон ұзындық толқындарының электромагниттік сәуле шығаруының бейнелеу түрінде фотопленкада немесе магниттік лентадағы регистрацися. Көп зоналы түсіріс – төрт–алты немесе одан көп каналдарды қолданып жіңішке спектрлі диапозонда жүргізіледі. Ал бейнелер 0,4-тен 1,1 мкм кең спектрлі интервалда алынады. Жұмыстың екінші түрі: түсіріс материалдарын өңдеу. Жердің қисықтығының, жергілікті жердің бедеріне, ұшу жылдамдығына, ұшудың азимутына, жобалау центр координаттарына және тағы басқаларға байланысты дешифрлеу турін оңайлату үшін суреттерді геодезиялық байланыстыру және геометриялық бұрмаланулардың учеті мен жою кіреді. Жұмыстың үшінші түрі: суреттер бойынша картаны құру және фотографиялық емес материалдарымен байланысты болады.
