- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Syllabus
- •1. Пәннің оқыту бағдарламасы – syllabus
- •2. Пән туралы мәліметтер
- •3. Студенттерге қойылатын талаптар:
- •4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
- •5. Курстың мазмұны Бірінші апта
- •Екінші апта
- •Үшінші апта
- •Төртінші апта
- •Бесінші апта
- •Алтыншы апта
- •Жетінші апта
- •Сегізінші апта
- •Тоғызыншы апта
- •Оныншы апта
- •Он бірінші апта
- •Он екінші апта
- •Он үшінші апта
- •14 Апта
- •15 Апта
- •6. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2) :
- •8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі:
- •Бағалау өлшемдері
- •Пәннің академиялық саясаты
Сегізінші апта
№ 15 дәрістің тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттік дамудың қазақстандық үлгісі.
Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.
Жергілікті (мемлекеттік) өзін-өзі басқару реформалары.
Терминдер мен анықтамалар:
Тәуелсіздік, егемендік, суверенитет, Конституциялық құрылыс. Конституциялық реформа.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның құрылуы. КСРО-ның құлауының басты себептері. Экономикалық дағдарыс. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы. 1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі».
Жаңа одақ – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімімен КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін бүкілхалықтық сайлауы. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заңының қабылдануы. Сыртқы саясаттағы басты міндеттер.
№ 16 дәрістің тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттік дамудың қазақстандық үлгісі.
1. Қазақстанның ішкі саясаты. Елдегі демократиялық қадамдар.
2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жүргізген сыртқы саясаты.
Терминдер мен анықтамалар: Этносаясат, Ұлттық бірлік доктринасы, «G-Global» жаһандық сұхбаты.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):
Азаматтық қоғам институттарын орнату және дамыту. Мемлекет пен Үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы. Азаматтық форумдардың өткізілуі. Партиялық құрылыс және олардың Мәжіліс сайлауларына қатысуы (1999 ж., 2004 ж.). Мемлекеттің ақпараттық саясаты, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы. Конфессияаралық қатынастар және Қазақстанның этносаясаты. Қазақстан халқы Ассамблеясы: мәртебесі, рөлі мен қызметі. Ұлттық бірлік доктринасы. Өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі. «Бейбітшілік және келісім» сыйлығының алғашқы лауреаттары. Дін және мемлекет саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер сьездері (Астана қ.). Жұмыспен қамту және еңбек нарығы: өтпелі кезеңнің қиындықтары. Халықтың әлеуметтік жағдайы, өмір сүру сапасы мен деңгейі. Тұрғын үй құрылысы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформалар. Зейнетақы жүйесін реформалау және жетілдіру. Білім және ғылым, денсаулық сақтау ұлттық жүйесіндегі жаңару. Спорт пен туризмнің дамуы. Қазақстанның спорт әлеміндегі жетістіктері. Егеменді мемлекетіміздің халықаралық қауымдастықта мойындалуы: Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы. Көпвекторлы сыртқы саясат. Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық әріптестік. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және межелеу. Каспий теңізі мәртебесін реттеу. Қазақстан 25 Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық тұрақтылықты нығайтудағы сыртқы саяси бастамалары. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық бастамасы. Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысуы. Қазақстан және ТМД елдері: Бірыңғай экономикалық кеңестік пен Кеден одағына қатысуы. АӨСШК, ШЫҰ жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның ҚХР, АҚШ және Еуропа елдерімен қарым-қатынасы. Қазақстан және Түркі қауымдастығы. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан және ЕҚЫҰ. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астана саммиті. Қазақстанның ШЫҰ мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі. Қазақстан – БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінің мүшесі. Еліміздің жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы. Қазақстанның халықаралық рейтингтегі орны, жаһандық ядролық қаруды таратпау қозғалысындағы жетекшілік рөлі. Қазақстанның жаңа халықаралық бастамалары: «G-Global» жаһандық сұхбаты, жаһандық дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары. Ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс қабілеті. ХХІ ғасырдың сын тегеуріндері мен қауіп-қатерлері. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік саясатының негізгі басымдықтары. Қазақстанның әскери доктринасы. Қазақстанның әскери қауіпсіздік саясатының негізгі басымдықтары. Әскери реформалар. Қарулы күштер қызметіндегі әскерилердің күнделікті өмірі.
12- СОӨЖ тақырыбы: ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар – әлемдік тәжірибе нәтижелері.
Есеп беру түрі: реферат
№8 практикалық сабақтың тақырыбы: Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.
Тапсырмалар:
Кеңестік қоғамның саяси дағдарысы
Кеңестік қоғамның әлеуметтік дағдарысы.
Кеңестік қоғамның экономикалық дағдарысы.
СӨЖ тапсырмалары: Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.
Есеп беру түрі: Презентация
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні // http: kk.wikipedia.org/wiki
2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: Раритет, 2010. — 448 б.
3. Сұлтанов Қ. Серпінді кезең. — Астана: Елорда, 2005. — 608 б.
4. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 392 б.
5. Назарбаев Н.Ә. Нұр Отанның дамуында жаңа белес басталды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — № 21 — 18—қаңтар. — 2008.
6. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. — Алматы: Қарасай, 2006. — 216 б Источник: http://e-history.kz © e-history.kz
