Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі

1, 2, 3 дәріс

Дәрістің мақсаты: «Диаспора» ұғымына, курстың мақсаты мен міндеттеріне, диаспора мәселесінің зерттелу жағдайына тоқтала отырып, студенттердің курсқа деген қызығушылығын арттыру.

Тірек сөздер: диаспора, ирредент

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері. 2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы

1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері

«Диаспора»-грек тілінен аударғанда «шашырау» деген мағына білдіреді және термин вавилон патшасы Навуходоносор ІІ-ші Иерусалимді басып алғаннан кейін б.з.д. 586ж. Палестинадан тыс күшпен Вавилонияға көшірілген ежелгі еврейлердің жинағын, бірлігін анықтағанда алғаш қолданылған. Біртіндеп термин басқа да діни және этникалық топтарға қатысты қолданыла бастаған.

Қазіргі саясаттану ғылымында «диаспора» түсінігі этникалық саясаттың алты категориясының біріне жатқызылады және көбінесе дәстүрлі емес ортада жаңа жерлерде мекен етуші этникалық топтарды сипаттайды. Диаспораны миграциялар қалыптастырады. Олар өз кезегінде өздерін қалыптастыратын және дамытатын тарихи оқиғаларға тәуелді. Диаспора миграцияның өнімі болғандықтан оның топталуына тоқталған жөн.

Батыс саясаттану ғылымында миграция теориясын үш топқа бөлу ұсынылады: классикалық, дау-жанжалдық(конфликтік), жүйелі. Олар мигранттың көшу туралы шешімінің табиғатына қарай анықталады:а). реалды; шығындар мен кірістерді салыстыру арқылы-классикалық теория; б). экономикалық және саяси қыспақтың нәтижесінде шарасыздықтан көшу-дау-жанжалдық; в). салыстырмалы күштеуге байланысты көпсебепті-жүйелі.

Халықтардың миграциясы адамдардың өмір сүру мекенін мәңгілікке немесе уақытша аударуы. Ол эмиграция және иммиграциямен анықталады. Миграцияны анықтау үшін келесі параметрлерді білу керек: арақашықтық (алыс немесе жақын); ұзақтылық (уақытша немесе тұрақты); шекаралардың шектесуі (ішкі және сыртқы); тартылған облыстар (қалалар мен селолар арасында немесе елді-мекендер ішінде) ; қабылданған шешімдер мен саяси әсер (күштеу немесве ерікті); себептері (экономикалық, саяси, экологиялық); адамдардың тартылу көлемі (массалық немесе жеке); әлеуметтік ұйым мен мигранттар қасиеттері (жанұя, тап немесе индивидиум).

Қазақстан территориясынан тыс 4 миллион 500 мыңдай қазақтар бұрынғы КСРО 14 мемлекеттерінде және әлемнің 25 елдерінде өмір сүріп жатыр. Оның тек 800 мыңдайы диаспора деп саналады, ал қалған 3 миллион 700 мыңы қазақ ирреденттері болып саналады, яғни Қазақстанмен шектес, одан Ресейге, Қытайға және Өзбекстанға тартып алынып қосылған жерлерде өмір сүретіндер. Ирреденттерге Астрахань, Орынбор, Курган, Омбы, Таулы Алтай-Ресейдің автономиялы облыстарын, Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Еренқабырға, Баркөл-Құмұла аудандарын, Қытай ауданындағы Шыңжан-Ұйғыр автономиясын, Монғол Халық Республикасы аймағындағы Баян-Өлгий, Өзбекстандағы сырдария, Шыршық, Қызылқұм және Мызашөл аудандарын мекен еткен қазақтар жатады.

Әлемнің әртүрлі елдерінде қазақтар әртүрлі саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік статусқа ие. Бұл тарихи оқиғалар мен олар өмір сүріп отырған елдердің оларға қатысты жүргізіп отырған мемлекеттік саясатына байланысты. Тұрақты мекен етушілер (резиденттер) қазақтар статусына Ресейді, Қытайды, Түркияны, Монғолияны, Өзбекстанды, Батыс Еуропаның кейбір елдері мен АҚШ-тың кейбір штаттарын мекен етушілер ие. Эмиграцияланған жұмысшылар мен қызметкерлер статусына АҚШ-тың, Батыс Еуропаның елдерін мекен етушілер ие. Елде азаматтығы жоқ, қашқындар статусына қазіргі таңда 1980 ж.ж. Ауғаныстандағы соғыс оқиғалары кезінде Иранға қашқандар ие.

Курстың негізгі мақсаты-қазақ диаспорасын қалыптастырған және дамытқан тарихи оқиғаларды, әлеуметтік, экономикалық, саяси, психологиялық және мәдени-тұрмыстық себептерді зерттеу. Міндеттері-қазақ диаспорасының

тарихи

демографиялық

этнопсихологиялық

әлеуметтік-саяси

мәдени-тұрмыстық даму проблемаларын зерттеу

Сонымен қатар Қазақстанда 140 этникалық диаспора өкілдері өмір сүретіндіктен де диастрология ғылымы біз үшін маңызды.

Қазақ диаспорасына мыналар тән: оның өкілдері барлық қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады; ортақ ежелгі атамекені-Қазақстан; мұсылман дініні ұстанады; түркітілдес халықтарға жатады. Қазақ диаспорасы теориялық және тарихи қызығушылықты туғызатын кейбір қасиеттері бар-өздері өмір сүретін облыстарында ешқашан көпшілікті құрамаған, сәйкесінше этникалық азшылықты құрап өмір сүріп отырғанелдің саяси құрылысында басымдылыққа ие болмаған. Алайда қазақ диаспорасына тән қасиеті-қоныстанған елге тез бейімделеді, оған олардың генетикалық тұрғыдан берілген көшпенді тұрмыс өміріне бейімділігі әсер етеді.

Қазақ диаспорасын туғызған және әрі қарай дамытқан саяси себептерге мыналар жатады: ХҮІІІғ. жонғар-қазақ соғыстары; ұлт-азаттық көтерілісітер мен қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. патша самодержавиесіне қарсы соғыстары; 1916ж. Орталық Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс; Қазақстанда кеңес билігінің орнауы; колхоздандыру кезіндегі қазақтарға қатысты ұстанған геноцид саясаты; қазақтардың Шыңжандағы Қытай коммунистеріне қарсы күрестері; ІІ-ші дүние жүзілік соғысы

Экономикалық себептер: Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі және кеңестік дәуірдегі колхоздандыру кезіндегі оның дәстүрлі көшпелі шаруашылық жүйесінің күйреуі , патша дәуіріндегі Столыпиндік аграралық саясат. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне1960-1990 ж.ж. Қазақстанның экономикалық тұрақсыздығы кезіндегі еңбек иммиграциясы.

Діни себептері: сенушілерге мұсылмандар үшін қасиетті орындар - Мекке мен Мәдинаға қажылыққа бару қиындаған патшалық және кеңестік кезеңдер. Сол үшін де қажылыққа барған қазақтар исламның діни посттарын ұстануға шексіз мүмкіндік беретін шығыс елдерінде қалуға тырысқан.