Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

ХХ ғ. казактардың Шыңжанға қарай көп көшуі Орта Азияда 1916 ж ұлт-азаттық көтерілістер туғызды.

1996 ж. 18 қазанда Алматыда «1916 ж. Қазақстандағы және Орта Азиядағы Ұлт-азаттық көтеріліс:қозғаушы күштері, маңызы, сабағы.» деген әлеуметтік ғылыми конференцияда ҒА академигі М.К.Қозыбаев көптеген зерттеушілердің жасаған қорытындыларына мән беріп,салыстырды.1916 ж ауылдағы халық көтерілістері, жігіттердің патша жарлығына бүлік етуі,картельге қарсы қарулы операциялар,интелегент адамдардың көтерілуі, императордың отарлық саясатыны қарсы жұмысшылар бүліктері болды.

1916ж. 25 шілдедегі патша жарлығында «19-43 жас аралығындағы Сырдария, Ферғана, Самарқанд, Жетісу, Орал, Торғай және Каспий маңындағы қазақтар жұмысқа тартылсын» делінді. Патшалық Ресеидегі басқа да Орта Азиялық халықтар сияқты қазақтар да әскери міндеттерден босатылды. Осы патша жарлығы Қазақстанда және Орта Азиядакөтерілістің тууына себеп болды.

Жетісудағы қазақтардың Қытаиға миграциясы 1916ж. шілдеде басталып, қыркүиекке қарай қоныс аударушылар саны одан әрі дамыды.Қашғарға бағытталған қазақтаркөшу кезінде,жолда салқыннан,тамақтан зардап шегіп, малдарынан айырылып, Қытай жеріне кедейленіп барды.Жетісудағы әскери губернатор А.И.Алексеевтің дерегі бойынша, 1917 ж. Қытайға кеткен қазақтардың саны 150 мың адамды құраған.

Шамамен 300 мыңдай қазқтар мен қырғыздар орыс әскерлерінен қоғану барысында орыс-қытай шекарасынан Құлжаға,Қашғрияға қарай өтіп кеткен. Шыңжанның шет аймақтары,солтүстік Тайчен, оңтүстік Қашғар және Ақсу жерлері қазақ қашқындарының орталықтарына айналды. Алтайда-100 мың, Тарбағатайда - 60-70 мың, Іле округінде-100 мың адам болды.

Қытайлықтар өз жерлеріне өткізу үшін қазақтардан:9 қара инаход, 9 арғамак,10 мың ақшалай және 12 джамке төлем төлеткізді. Тек осы ақыны төлеген жағдайда ғана қазақтар Қытай территориясына өте алды. Шыңжан генерал-губернаторы Ян Цзэнсинь қашқындардың және шекара мәселесін терірек шешкісі келді.

1917ж. аяғында Ян Цзэнсин бастауымен 160 мың қазақ Қазақстанға қайтарылды, губернатордың арқасында Шыңжандағы қашқын қазақтар 1918ж. күзде қайтарылды.

Қазақстанда кеңес билігінің орнауы және азамт соғысы қазақ халқын өз отанын тастап елден кетуге мәжбүр етті. Қазақтар көбінесе шығыста Қытайға, оңтүстікте Өзбекстанға әрі қарай Ауғанстанға, Иранға қашқан.

Ұлы қазан социолистік революциясы басталғаннан кейін қазақтар шағын топтарымен Қытай шекарасына өте бастады. Құлжа, Тарбағатай таулары және Қара Ертіс бойына өзмалдарын айдаған.

Хүіі-хүііі ғ.Ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.

Жарты ғасыр өткеннен кейін Қытайдағы қазақ ирреденттерінің құрылуы сол тарихи негіз болып табылды. Мынаны атап өткен жөн: Оңтүстік және Оңтүстікті Шығыс Қазақстанның аудандары ХҮ ғасырдың өзінде ойраттар жағымен күресуге қарсы тұрды.

16 ғ. дерек көзі «Тарих-и Абу-л Хайр-хан» еңбегіне сүйенсек, ойраттар ХҮ ғасырда өзінің шабуылдарында тұрғындарды тонаған, күйреткен, территорияны түгел жаулап ала алмаған Жетісу территориясы ойраттардың қоластында болмаған деген пікір туралы және 1450 жылы Моғолстан территориясына ойраттардың шабуылы жөнінде айтылған. 1457 жылдың көктемде ойраттар Сырдария жағалауындағы қалаларды алды.

ХҮІ ғасырда жағдай өзгереді. ХҮІ ғасырдың ІІ - жартысында Қазақстан мен Орта Азияда ойраттардың келуімен территориялық жаулап алушылар басталды. Бұл кезде Жоңғар хандығы Орталық Азияның солтүстік, батыс бөліктерінде қалыптасты.

Қазақтар мен ойраттар көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.Сондай-ақ жас қазақ хандығының нығаюына ықпал жасаған және сыртқы саяси аренасына ықпал жасаған – қазақтар мен ойраттар арасындағы қақтығыстар себеп болды.

ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. ойраттардың бірқатар бөлігі Қазақ хандығына тәуелді болды. Қазақтар мен ойраттар арасындағы әскери қақтығыстар әсіресе Қазақ хандығының пайдасына шешілді, әсіресе Есім хан тұсында.

ХҮІІ ғасырдың ІІ-жартысында Қазақ хандығы мен Жоңғария арасындағы күрес алма-кезек сәттіліктермен жүрді. Көп кешікпей ойраттар Жетісудың шығыс бөлігінің азғана жерін жаулап алды. Бұл жоңғарлардың пайдасына шешілген жағдай еді, бұл кейбір қазақ тайпаларының негізгі бөліктерінің миграциялануына алып келді.

Шамамен 1646 жылдан 1648 жылға дейін жоңғар басшыларының Батур-Хунтайджидің өлімінен басталған феодалдық ішінара келіспеушіліктері ойраттардың ішкі саясатына кері әсер етті. Тек билікке Галдан - ханның келуімен бүкіл билікті қолына алып Оңтүстік Азиядағы, Жоңғариядағы өзінің позициясын күшейтті.

Сосын 1680 жылдың басында Қазақ хандықтарына қарсы және Орта Азияны өздеріне қосу үшін кең масштабта өзінің әскери әрекеттерін бастады.

Галдан-хан басқарған ойрат әскері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіреді. Бұл қазақтарға ауыр соққы болды. Сөйтіп олар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болады.

1708 жылы ойраттар қазақ жеріне шапқыншылық жүргізді. Олар төнген қауіп үшін жүздердің басын қосып, 1710 жылы Қарақұмда бүкіл қазақ съезін шақыруға мәжбүр етті. Бұл қозғалыстар бірқатар жеңістер әкелді. 1723 жылғы оқиғалар мыңдаған адамдардың өліміне алып келді.

1715-1722 жылдары Екінші Жоңғар-Цин соғыстары Ұлы және Орта жүздердегі Қазақ ауылдарына шабуылға шықты. Бұған қазақтар дайындалмаған еді. Сондықтан да қазақтар ойраттарға төтеп бере алмай өзінің мүлкін тастап қашып кетуге мәжбүр болды. Ойрат феодалдарының басып кіруі этникалық шекараның бұзылуына әкеп соқты.

«Ұлы ашаршылық» жылдарында Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама жылдарында ойраттар Орта Азияның бірқатар қалаларын жаулады, Орта жүз бен Ұлы жүздің кейбір жерлерін толығымен ауыстырылды. Жойылып кетпес үшін қазақтар миграцияны бастап кетті.

Кіші жүздің кейбір халықтары Бұқара мен Хиуаға өтіп кетті. Орта жүз солтүстікке Тобыл өзендеріне қарай жүрді. Орта жүздің кейбір адамдары Самарқандқа, Бұқараға, Хиуаға қашты.