Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

Хviii ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.

Жонғарияның құлауынан кейін 1757 жылы қазақтар өз жерлерін қытаймен дипломатиялы? бейбіт келісімдер жасау жолымен қайтаруды қарастырған.Бірақ бұл саясат оңды нәтижелер бермеді.

Цин билеушілері қазақ даласына елші жіберу жолын қарастырды. Тіпті кейбір қазақ феодалдарының Тарбағатай ауданындағы өздерінің қоныстарын қайтару үшін Цин империясына ресми түрде " сыртқы васалы болып кіруіне берген келісімдері жағымды нәтиже берген жоқ.

1757 жылы император Цяньлунның Абылайға жазған хатында қазақтардың оның орталық саясатындағы рөлін былайша анықтады:Сен бізге бағынғанда , жоңғар тайпаларының бәрінің біздің иігімізде екенін естен шығармауын керек және біздердің шекараға қол сұғуды ойлама.

1757 жылы қарашада қазақ елшілері қытай императорынан Тарбағатайдағы жерлерін қайтаруды ұсынған. Ал олар болса Бұл жерлер бізге қарайды деп жауап қайтарды.

Сонымен Қытайдың Шығыс Түркістанға қарсы әскери қимылдары кезінде қазақтарды ұйғырлардың антициндік ұлт-азаттық қозғалысына араластырмай, алаңда түруды ойлады.Олар сол үшін қазақтарға Ертіс өзеннінің Жоғарғы алқабында, Іле өзенінің арасында көшіп-қонуға рұқсат берді.

Осылайша олар өздерінің шекараларын қазақтардың шабуылынан қорғау үшін алысқа(немесе қиырға) жұмсақ қатынас (Жоу Юань) саясатын жүргізуді шешеді.

Жоңғария хандығы мен Шығыс Түркістанның құлауы Циндарға өзінің әскери саяси ықпалын Орталық Азияға кеңейтуге мүмкіндік берді. Манчжау го жаулап алған жерлеріне әкімшілік-саяси жұмыстарын жүргізді.қала,бекіністер тұрғызылды.

Қазақтардың ежелгі жерлерін қайтаруда олар айырбастауды жөн көрді.Егер Әмірсананы бізге қайтарсандар онда Тарбағатай жерін қайтаруға болады деді.

Қазақтар Пекиннің бұл ұсынысынан бас тартты.Сонымен бірге бұл елшілік барысында император Цянь-Лун Абылайға өзінің ұсынысын Алтай тауында яғни ХҮII ғасыр қазақтар ойраттармен соғыста айырылып қалған байырғы жерлерінде көшіп-қонуға ұсыныс жасады.Бұл ұзаққа созылған дискуссиядан кейін қазақтар Циндарға бұл ұсынысынан бас тартып , оларға тәуелді болып қаланды.

Шығыс Түркістан қалалары жаулап алынған уақытта антициндік ұлт-азаттық қозғалыс басып жанышталды.Қытай үкіметі өзінің саясатын тез өзгертті және өзінің қазақтарға берген уәделерінен бас тартты.Жоңғар хандығы мен Шығыс Түркістанның жаулап алынуымен Қытай Орталық Азияның солтүстік-батыс бөлігіне кілт алды және қазақтардың қолдауын қажет етпеді.

Осылайша Циндар қазақтармен саяси ойындарын тқ?татып,1762 жылы Іле округінде Бас штабтың филиалы орналастырылды.Осы уақыттан бастап Үрімшіде Қытай губернаторының ставкасы құрылды.Оған Тарбағатай, Іле, Қашқария жергілікті тұрғындары қарады.

1763 жылы 5 қыркүйекте император Цянь Лунның арнайы жарлығымен қазақтар мен қырғыздарға Шу,Талас және Іле, Оңтүстік Аягөз өзендерінде көшіп-қонуғу тиым салынды.Егер малдары кіріп кетсе оларды тез арада қууға бұйырды. Бірақ бұған қарамастан қазақтар Тарбағатай мен Жетісуда көшуді жалғастырды.

Манчжау-го Іле, Лепсі, Хоргас, Алакілден кетіру саясатын жүргізуді бастайды. Әсіресе 1762-1765 жылдары соғыс қимылдары маңызды орын алды. Бұл қытай тарапынан Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияламастан жүргізген соғыс еді. Қытайлар қазақтарды жерлерінен қуып, мүліктерін тартып алды.

Бірақ қазақтарда қарап отырмай, қарсы әрекеттерге барды.Нәтижесінде қарсылыққа тап болған Циндар 1767 жылы келісімге барып, оларға Тарбағатай, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Қазақстан жерлерінде қыстауға рұқсат берді.

Ұлы жүздің кейбір қазақтары Ілеге көшіп-қонып,қытай империясының бодандығын мойындайды, ал басқа бөліктері 1850 жылға дейін тәуелсіз болып қалды.

Бұрынғы қазақ және ойрат жерлерінде қала бекіністер:Суйдун, Іле,Чугачак тұрғызылды. Цинь империясы сыртқы саясатта "бөліп ал да билей бер" саясатын ұстанды. Қазақтарға 1767 жылы Монғолияның Алтай Іле өлкелерінде кейбір жерлерін қайтаруға мүмкіндік туды.