Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.

Келесі кезең – қазақ ирреденттерінің Қытайда пайда болуына арналады. 1757 ж. Циндіктер Жоңғар хандығын талқандайдайды. Үзінше қазақтардын жерлері Циндік Қытайдін пайдасына шешілді. Өз іштерінен қырықысып әлсіреген Жоңғарияны, жоңғарлардын, орта және ұлы жүздін көші – қон жерлерін өздеріне қаратып алды. Қазақтар ойраттар шабуылы нәтижесінде қаңырап қалған Жоңғариянын құрамындағы өз жерлерін қайтаруға мүдделі болды.

Мына жайтты атап өтү керек, Қытайда Маньчжурлық Цин династиясы кезінде Қытай тауелділігіне сирек түскен, бостандық сүйгіш халқы бар екі маңызды облыс болды. Біріншісі, бұл Циндіктер 1720 жылдары басып алған Тибет. Екіншісі өзіне Орталық Азиядағы халықтардың жерліңн қосып алған жоңғар хандығы орналасқан Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі еді. жарты ғасырғы жуық уақыттан кейін бұл аймақтарды Қытай билеушілері «Синьцзян» деп атай бастады, яғни ол Қытай тіліне аударғанда «жаңа шекара» немесе «жаңа территория» деген мағынаны береді. Бұл екі облыс әрқашан қытай билеушілеріне қиыншылықтар туғызып отырды. Бұл жерде стратегиялық, экономикалық, саяси перспективалар жайында айтпа-ақ қоюға болады, дегенмен де бұл аймақты қауіпсіз аялдамаға айналдыру қажет болды. Тарих көрсеткендей, бұл алдын алу шаралары артық болмағанын біліп отырмыз, оның жемістерін қазіргі заманғы ҚХР үкімет басшылары жинап отыр.

Император Цяньлун әскери Қеңеске 1755 жылы мамырда қазақтарға елші аттандыру туралы жарғысында жоңғар хандығын қирату жайындағы Қытай үкіметінің пиғылынан тыундаса керек. Император былай деп жазды: «... Жоңғарияда бірнеше жыл өзара қақтығыс, адам өлімі, кедейшілік болуына байланысты, біздер (император) Аспан астында билік жүргізе отырып, халықтын тыныштығын сақтау үшін Жоңғарияны тыныштандыру үшін Ұлы армияны жөнелттік. Біздің ойлаумызша, бұл халыққа демалуға, күшін қайта қалпына келтіруге және көбеюне жақсы әсер ету қажет. Біздер бейшаралық пен соғыс жүргізуге емес, халыққа бақыт жеткізу үшін, шексіз Аспан тыныштығын беру үшін ниеттендік.»

Бейбітшілік орнатуды әскери күш арқылы орнату «тамаша саясат». Шындығына, көптеген жоңғарлар Цин әскерінің қолдарынан өліп, «шексіз Аспан тыныштығын» алды. 600 мың ойраттардың 80% жуығы соғыс пен аурудан өлді. Тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаят ұлы өзінің «Летопись слезных лет» атты монографиясында Тайвань тарихшысы Лю Итанның Қытайлықтар күйреткен жоңғарлардың тағдыры жайындағы сөзін келтіреді.

«...200 мың жанұядан, 600 мыңы жоңғар халқының 4/10 бөлігі аурудан өлді, 3/10 соғыста өлді, 2/10 босқындар ретінде өз жерлерін тастап кетті, 1/10 бөлігі Жоңғария жерлерінде тіршіліктерін жалғастырды».

Бұл кеңістіктер тұрақтылық орнатуға арналған Циндік саясат – күйреген жоңғар хандығының қаңырап қалған жерлеріне әртүрлі этниқалық топтарды иммиграциялауды ынталандыру болды. Циндіктер нығая бастады, әскери қоныстанушылардың көлемі кеңейтілді, онда көбінесе негізінде Қытай шаруаларынан – Ханьнан шыққан солдаттар жөнелтілді. Осылайша, бірті-бірте қытайлық – ханьдарды Қытайдың орталық аудандарынан солтүстік-батыс шекараға көшіру басталды. Шекарада қазақтармен бірге Сибо, Солон, Чахар, Таранчей, содан кейін ойраттардың гарнизондары орналастырылды. Бұлардын бәрі соғыс кезінде Циндердің жағына өтіп, Қытай бодандығын қабылдағандар болатын.

Циндіктер жүргізген әр түрлі этникалық топтарды қоныстандыру, көшіру саясатына байланысты бұрын жоңғарлар жаулап алған қазақтар мен басқада автохтонды халықтардың жері еш есепсіз өзгерді, аталған ауданда демографиялық картина өзгере түсті, Орталық Азияда қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесі бұзылды, ал қытай өзінің әскери – саяси және сауда позициясын батыстағы жақсы нығайтты, алғаш рет Қазақстанмен өз шекарасын белгілесті.

Енді Цин үкіметінін алдында осы кезеңдегі Орталық Азиядағы түрік және монғол халықтарының бостаңдық үшін болып жатқан қозғалыстарына қолдау көрсетіп отырған қазақ хандарымен қатынас жасау мәселесі тұрді. Цин ауласы мен Орта жүздін қазақтарының басшыларымен арада саяси контакттар Циндіктер жоңғар хандығына соққы беруге дайындық жасап жатқанда-ақ орнады. Өйткені Пекин қазақтармен қарым-қатынасын айқындауға мүдделі болды, себебі оларды өздеріне одақтас етуге де мүмкіндік бар екенін білді. Император Цяньлунның пікірі бойынша «Қазақтар мәселесі 1755 жылы сәуірде екі бірдей әдіс арқылы шешілуі мүмкін еді: біріншісі егер қазақтар біздің жағымызға шықса, олардың «Үлкен көсемдеріне, астанасына аудиенцияны аттандырып титулмен марапаттау»; екіншісі, егер біздің жағымызға шықпаса, онда бас салып басқыншылық жасау (әскери күшпен)».

1755 жылы жазда Орта жүздін сұлтаны Абылайдың сарайына Қытай императорынын манифестін жеткізуші алғашқы Циндік елшілік аттандырылды. Онда мына жайлар айтылды: «Бұрында сіздер жоңғарлармен жауластыңыздар.Бұл кезеңде, Аспан династиясы әскерлерін жылжытқанда (Жоңғарияға) сіздер Даваци мен соғыстыңыздар. Даваци сіздерге қарсы шыққан әскерлерін тоқтатуға мәжбүр болды.

Қазір жоңғарлар бағындырылды, олар енді біздің қызметшілерімізге айналды. сіздерге қайғы әкелген олардын іс-әрекеттері тоқтайтын болады. Егер де сіздер, қазақтар бізге бағынуды қаласаңыздар молынан қамқорлыққа бөленетін боласыздар. Егер тәуелсіз иелік ретінде қалғыларыныз келсе, сіздерге шекара қарауылдап, тынышсыздануларыңызға тура келеді.» Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «XVIII ғғ. Қазақстан тарихынан» деген монографиясында Абылайдың көздеген мақсаты қазақтардың ойраттармен тартып алынған жерлерін қайтару болды.

1755 ж. бастап Цин империясы ойраттардын көшіп қонатын аймақтарының қазақтармен және қырғыздармен шектесетін шекараларын айқындауға күш сала бастайды. Қытайлықтар қырғыздармен қазақтардың өз жерлерін қайтару туралы өтініштеріне қарамастан, жалғыз өзі жоңғар мұрагері болғысы келді.