Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

1720-40Ж. Ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.

1715-1722 жылдары 2-ші жоңғарлық циндік соғыстар созылды, Қытай тарапынан 2 бағыт анықталды:Цэван Рабданға қысым көрсету және оның иеліктерін ситратегиялық аудандарын басып алу. Осылай Қытай империсы Канси Цеван Рабданнан тәуелсіздік алудан бас тартып Цин империясының егемендігін мойындап Қытайға жоңғар хандығының көп бөлігі мен халқын беруді талап етті, әрине бұған Цеван Рабдан көнбеді. Соғыс 1722 жылға дейін созылды. 1722 жылы Қытайда император Канси қайтыс болады, оның мұрагері Юнчжэн ел мен әскер ауыр жағдайда тұрғанын сезініп, Цеван Рабданға бейбіт келісімге келуді ұсынады. Кансидің өліміне байланысты Цин үкіметінен қауіп баяулап, 1722 ж кейін Цеван Рабдан шығыстан қазақтарға ірі жорыққа дайындалды. 1723 жылы ақпан- наурыз айларында ойраттар Ұлы және Орта жүз қазақтарының ауылына басып кірді. Қарсыласқа дайын болмағандықтың бірнеше себебі бар: 1. Қазақтар қыстақтан жайлауға көшуге дайындықтан босамады. 2. Қазақтардың феодалдары ойраттар жорыққа дайындалып жатқанын сезбеді. 3. Ішкі тартыстар ошағы жанып, Тәуке ханның өлімінен кейін оны сөндіре алмады. Осы себептерге байланысты қазақтар қарсы тұрмай өздерінің малын, жерін, дүниесін тастап қашуға мәжбүр болды.

Ойрат феодалдарының шапқыншылықтары Орта Азия халықтары мен тайпаның араласуымен тарихи қалыптасып қалған этникалық шекараның бұзылмауына алып келді. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған ұлы апат жылдары Орта жүз бен Ұлы жүздің кейібр тайпалары мен бүкіл ауылдарын қырып-жойып, ойраттар Орта Азиялық кейбір қалаларын басып алды. Физикалық түрде жойылып кетпес үшін қазақтар миграция бастайды, бұл «цептік реакция» түрінде Орта Азиялық хандықтарда өмір сүріп жатқан, Орта Азияның басқа халқына таралып, ариалдық өзгеруіне алып келді. Кіші жүз қазақтары қарақалпақтармен бірге Батысқа Арал теңізіне қарай көшіп ембіден өтіп, оннан қалмақтарды қуып, башқұрттарды солтүстікке ығыстырып, Жайық, Илек өзендерінің маңызды даланы басып алды, онымен қоса Кіші жүздің кейбір рулары Бұқар мен Хиуаға кетті. Орта жүз солтүстікке ығысты. Тобыл, Ом өзенінің жоғарғы жағына онда олар башқұрттарды және оңтүстік –сібір түріктерінің халқын ығыстырды. Сонымен қатар, Орта жүз руларының кейбіреуі Самарқандқа, Бұқарға, Ташкентке қашты. Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Орта Азияға, Самарқандқа, Ходжент, Ферғана, Памирге дейінгі аудандарға көшіп кетті.

Орта Азиялық тарихшы Мұхамед Алидің деректері бойынша Самарқандттық хан Раджаб Бұқар ханы абдул Фейзден соғысқа өздерінің жерлерінен ойраттар қуған «Маверенахрға басып кіріп, Зарохман далаларынан Бұқарға дейінгі құнарлы жерлерді басып алған» қазақтарды пайдаланғандығы туралы айтылады. Ойраттардан қашқан қазақтар қырғыздардың қарақалпақтардың Орталық Азияға келуін ірі катализмге алып келді. Аштыққа,экономикалық күйреуіне алып келді.

1723 жылдың екінші жартысы мен 1740 жылдың басында қазақтар мен ойраттардың арасында құнарлы табаға тайлық жерлер мен жайылымдар үшін соғыс жүреді. Сонымен қатар, ХҮІІІ ғасырдың басындағыдай белсенді болмаса да, Жоңғария шекаралас жатқан жер мен Жетісу даласы үшін соғысады. Орта және Кіші жүз қазақтарына ойраттардың шапқыншылығының бәсеңдеуі 1729 жылы Циндық қытаймен жоңғария арасындағы тағы бір соғыстың басталуымен сипатталады.

Осы оқиғаға дейінгі болған тарихи құбылыстар қазақтардың ирреденттерінің пайда болып зерттеуге өте маңызды болып табылады. Өйткені жоңғария мен қытай арасында алғаш рет тереториялық шекаралық мәселе шешілді, осыған байланысты кейінірек жоңғар хандығы қирағаннан кейін қытай мемлекеті ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда соғыстарда ойраттар қазақтардан тартып алынған қазақ жерлерін мұрагерлікке алды.

1723 жылы Цеван Рабдан Пекинге қайтадан елшілік жібереді, онда ол екі ел арасы\нда достық көршілік өарым-қатынас орнатумен екі елдің шекарасын анықтау мәселесін ұсынады. Қытай императоры Юнгжэн ойраттарға шекараны моңғол Алтай тауы арқылы бөлісуді ұсынды. Яғни дәл қай жерден өтетіндігін дәл анықтамай ұсынды. Бұл жағдай шекараның жоқ екенін анық көрсетті. Нәтижесінде шекара анықталмады. Сондықтанда 1725 жылғы оқиғадан кейін елшілік келгенде циндер шекараның дәл жоспары ұсынды, ол Батыс таулары моңғол Алтайы Улунгу өзені, содан кейін оңтүстікте Булаган, Хабутас, Байтаг, Лабиор көліне дейін және оңтүстікке қарай Газиаль көліне дейінгі аймақты қамтыды.

1720-1770 жж болған ойраттардың Қытайға қарсы болған соғыстары ,ойраттардың Қытайға тұра алмайтынан көрсетеді.