- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В011400 - Тарих
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 1
- •Барлығы – 90 сағат Орал, 2012ж.
- •13.09.2012 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2.1 Пән туралы мәлімет
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сағат
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •9 Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •11 Апта
- •21 Кредит сағат
- •13 Апта
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •14 Апта
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •15 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •4.1 Әдебиеттер тізімі.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері
- •2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы
- •1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.
- •2. Қазақ диаспорасы – тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық.
- •3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.
- •1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері.
- •2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.
- •3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.
- •1. Ресей қазақтары.
- •2. Монғолия қазақтары.
- •3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.
- •7. Курсты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
- •1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- •1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •Түркиядағы қашқын қазақтар
- •Ресейдегі қазақ диаспорасы
- •Шетелдегі қазақтар
- •Қазақстан және "қазақ диаспорасы."
- •Орталық Азиядағы Циндік Қытай мен Ресей империясының арасындағы түпкілікті шекараның орнауы.
- •1930 – 1940 Жж Синь Цзяндағы кеңес ықпалының өсуі.
- •Моңғолиядан қазақтардың репатриациялануы.
- •Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
- •1720-40Ж. Ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.
- •Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан Жаналтайдың Пәкістанға келуі.
- •Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.
- •Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.
- •Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.
- •Хviii ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.
- •Столыпиндік аграрлық реформа.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Хүіі-хүііі ғ.Ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.
- •Мұстафа Шоқай.
- •Ұлы Отан соғысы және соғыстан қайтпағандар мәселесі.
- •8. Ожсөж өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.
- •Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.
- •Казахстан. История возникновения и развития казахской ирреденты и диаспоры.
- •900 О Концепции репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Концепция репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Раздел 1. Цель репатриации и ожидаемые результаты
- •Раздел 2. Государственный миграционный фонд
- •Раздел 3. Организация репатриации
- •Раздел 4. Работа с казахской диаспорой за рубежом
- •Раздел 5. Подготовительная работа к репатриации
- •Раздел 6. Работа с репатриантами внутри страны
- •2. Обеспечение жильем
- •3. Трудоустройство репатриантов
- •4. Социальное обеспечение репатриантов
- •5. Специальное обучение репатриантов
- •6. Обеспечение доступности социальной сферы
- •7. Другие вопросы, связанные с работой с репатриантами внутри страны
- •9. Реферат тақырыптары
- •Мазмұны.
- •10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған
- •11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •11.1 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
- •11.2 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
- •13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.
Түркиядағы қашқын қазақтар
Мазмұны: 1. Түркиядағы қазақ қашқындары. 2. Көшіп келуді қаржыландыру мәселесі.
1. Түркиядағы қазақ қауымы өмірінің алғашқы он жылдық тарихи туралы айтқанда, Халиф Алтайдың, Хасен Оралайдың және Қызырбек Ғаритолланың мемуарларының толықтай тыңғылықты зерттеу барысында жазылған. И.Сванбергтің "Түркиядағы қазақ қашқындары" деген монографиясына көңіл аудару қажет. Монография Түрік Республикасындағы мұрағаттарда сақталып жатқан құжаттардың және Түркияда, Швецияда, ФРГ-да, Монғолияда тұрып жатқан қазақ, Ұйғыр, Өзбек және қырғыз диаспорларының 67 респондент-өкілдерінің сұхбаттарының қолдауымен жоғары кәсіпкерлік деңгейде жазылады.
Түркияда Пакистаннан келген қазақтар да дифференцияланған қашқындардың екі категориясы болды. 1952 жылы Үндістаннан және Пәкістаннан Түркияға қоныс аударған қазақтар тобы, яғни түрік белеушілеріне қарауына берілген тізімде болмағандар "еркін(тәуелсіз)миграт" дегенді білдіретін "serbest docmen" деген статус иеленіп, елдегі ең үлкен мемлекеттік фермадан жұмыс тапқан Урфа провинциясындағы Джейранпипарада қоныстандырылды. Еркін мигрантқа Түркияда паспорт берілді немесе сонда тұруға паспорт сияқтының бір түрі берілді, бірақ түрік билеушілері ресми қоныстанған мигрантпен салыстырғанда оларға ешқандай көмек көрсетпеді. Түрік заңдылығына қарай,әсіресе, № 2510 қоныстану заңына сәйкес еркін мигрант үй салуға,жер бөлуге немесе сонда өз ісін салуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар ол салық төлеуден босатылды.
Соны 1892 адам болатын 564 отбасын құрайтын қазақтардың көпшілігі Түркияға 1952-1958 ж.ж. "iskap gocmen" түрінде, яғни ресми қоныстанған мигранттар түрінде келді. Түрік заңдары бойынша оларға айғашқы жылдары түрік азаматтығы берілді, жер, тұрғын жай және мал бөлінді. Бұл қазақтар бес жылға әскери қызметке тартылудан босатылды.
Келген қазақтарды түрік билеушілері Стамбулдағы қашқындарға арналған үш лагерьге (Тузие, Серкеджи, Зейтинбурну) орналастырды. Онда оларды күніне 3 рет тамақтандырды, оқуды және түрікше жазуды және қолөнер, балаларға тігу және қыздарға кілем тоқу сияқты кейбір кәсіптік білімдерді үйретті. Бұл лагерьлерде қазақтар бір жыл жарым тұрды, ал кейбіреулері небары бірнеше айға ғана қалды.
Стамбулдағы қашқындарға арналған лагерьде тұрғаннан кейін, ресми қоныс аударған мигранттар түрінде келген қазақтарға түрік билеушілері олардың өздері қамалған жерлерге орын ауыстыруға орын таңдауға рұқсат берді. Олар мал шаруашылығымен айналысу үшін таулы және жайылымды жерлерді беруді ұсынды. Сондықтан да оларды Батыс Анатолияға қоныстандырды.
Қызырбек Ғаритолла Стамбулдағы лагерьлерден кейін қазақтарды жіберген және қоныстандырған алғашқы елді-мекендердің тізімін келтіреді.
Провинция Округ жанұя саны Жердің бөлінген донумы
Кайсери Девели 104 3326
Конья Конья 72 11664
Сакарья А Пазары 2 -----
Маниса Салихли 160 -----
Ниде Улукышла 226 16995
562 31987
Салихлида 300-ге жуық қазақ отбасы тұрды, бұл топқа тек ресми қоныс аударған мигранттар ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз мигранттар да кірді. Мұнда Әлібек Хәкіш мен Хамза Учар өздерінің жанұяларымен тұрды. Түркияның дәл ортасындағы кішігірім қала-Девелиде 700-800-ге жуық адамдармен қоса қазақтардың басқа тобы қоныстанды. Девелиде Қарамолла, Хусаин Тайджи және т.б. тұрды.
Сұлтаншарлы Тайджи өзінің жанұясымен 1954 жылы қарашада Стамбулға жақын "қонақжайлық орталығында" да тұрды, бұл жерде ол кісімен Годфри лиас сұқбаттасты, 1955 жылы сұлтаншәріп Тайджи Стамбулда алпыс бес жасында қайтыс болып, Зейтинбурну районында (қазлы шешме)бейтінде жерленді. Оның туыстары 1954-1955 жылдары Ниде провинциясына көшіп келіп, сонда Алтай-кей құрылды. И.Сванбергтің меліметі бойынша онда 163 қазақ отбасы тұрды. Барлық алғашқы елді-мекендерде қазақтар ауыл шаруашылығымен және қол өнермен айналысты.
1960 жылдары ауыл шаруашылық аудандардан урбанизацияланған аудандарға миграцияның өсуіне байланысты қазақтар Стамбулға, Измирге, Анкараға және т.б. қалаларға кіре бастады. Ең басты себеп қалаларда жұмыс орнының болуы себеп болды. Үкімет оларға жайылымды жерлерді жеткілікті бөлмегендіктен, шамалы өңделген жерлерде жер өңдеумен айналасу көшпелі қазақтарды қанағаттандырмады. Мұхаммед Қылыштың еске алуы бойынша Коньеде 65 қазақ отбасына жер және оны өңдеуге арналған құрал-саймандар бөлінген. Мұхаммед Қылыш түріктің жергілікті билеушілеріне өтініш жасап 2 трактор алады. Бұны ауылдық жерде 9 жыл пайдаланып, Конью қаласына көшіп келіп, тері заводын ашады.
Сонымен қатар 1960 жылдары қазақтардың арқасында түрік экономикасында жаңа сала-тері өңдеу және тері бұйымдарын тігу дами бастады. Қазақтар Түркияда өңделген қой терілерінің айтарлықтай көп мөлшерде бар екенін ескеріп, ең алдымен оларды үй шеберханаларында өңдеумен айналысып,содан белгілі бір капитал мөлшерін жинап алғаннан кейін тері өндірісін мануфактураға шейін кеңейтті.Жиналған капитал өндіріске салынды, сонымен қатар елдің ірі қалаларында көшуге және орналасуға қажетті заттарға жұмсалды.Осы жылдарда қазақтар Зейтинбурнуға, Сафра Кейге, Кучуп Чекмеджиға көшіп, Стамбулдың Гунешли ауданында Қазақкентті құрады.
1970 жылдар Түркиядағы қазақтар үшін елдің экономикасындағы интеграция және тері бұйымдарын өндірудің арқасында жақсы капитал алуы есебінен табысты болды. Кішігірім мануфактуралар орнына жалдамалы жұмысшылар бар кішігірім фабрикалар келді. Зейтинбурну, Қазақкент аудандарында, сондай-ақ Стамбулдың, Анакараның және басқа қалаларының базарларында қазақтардың тері бұйымдары тігу және фирмалық дүкендер пайда болды. Түркияның ұсақ және орташа кәсіпкерлерінің,саудагерлерінің, қолөнершілерінің сауда-өндірістік әлеміне көптеген қазақтар да кірді. Дәулетті қазақ кәсіпкерлерінің арсынан Зейтинбурнудағы бірнеше дүкендердің иесі Тоқтабай Торлыны пластикалық бұйымдар өндіретін "Turkistanlilar Plastik Suni Keri Fabrikasi" деп атлатын фабрикасы бар Мұхаммед Қылышты,"Deri Diyim Imalat ve Toptan satis"-ты басқаратын Омар жігітті, Зейтинбурнудағы компьютерлер мен қосалқы бөліктер сататын дүкендердің қожайындары Қара ағайындыларды айтуға болады.
Батыс Европа елдеріне жұмыс иммиграциясы барысында қазақтар 1970 жылдардағы өндірістің жаңа жетістіктерімен танысып, олардың дамуы барысында ақша жинала бастады. Дәл осылайша кішігірім фабрикалар"Алтайлилар", "Алтай пластик", "Түркістан Алтай", "Түркістан каучук", "Барколь пластик" және т.б. пайда болды.
Түркияда өздерінің екінші отанын тапқан және түрік қоғамының толық құқылы мүшелеріне айналған бұрынғы қазақ қашқындарының әлуметтік-экономикалық және мәдени өмір талаптарын біртіндеп реттеле бастады. И.Сванбергтің көрсеткеніндей қазақтар 1970 жылдары Анатолия ауылынан басқа миграттармен салыстырғанда жоғарғы өмір деңгейіне қол жеткізді. Бұны олардың жақсы аудандарда және Стамбул қалашықтарында және басқа қалалардан орналасқан үлкен үйлерде тұруынан, соған сәйкес балаларына жоғары білім беруі мүмкіндігінің болуынан көре аламыз.
2. Түркия үкіметі қазақтарды қабылдауға келіскеннен кейін, көшу мәселесін қабылдаушы ел қаржыландыру қажет еді. Бірақ Годфри Лиастың монографиясында «Казахский исход» атты, қазақтар Түркия үкіметінен тек тұрақты өмір сүретін мекенге шақыру алды, ал «...и БҰҰ құрлықтағы да, теңіз арқылы Стамбулға жеткізу үшін транспорттық шығындар үшін қаржы қорын қарастырды». БҰҰ-ның Пакистаннан қашқан қазақтарды 1952-1954 жж. Түркияға көшіру мәселесіне араласуы авторды танқалдырған болатын, демек бұл жайт құжатпен дәлелденбеген.
Сосын Жак Фернанттың «Беженство послевоенном мире» атты монографиясында келесі бір ақпарат жазылған. 1945ж. 1-шілдеде БҰҰ-ның Арнайы дайындалған Халықаралық қашқындар ұйымы (МОБ) Стамбулда өз офисін ашып, сол арқылы Түркия, Ирландия, Италия, Франция және Швейцария елдерінен келген мигранттар мен мұсылман қашқындарының қоныстандыруына қаржыны алып отырған. 1948ж. 24-шілдеде түркия үкіметі мен Арнайы дайындалған комиссиясы Халықаралық қашқындар ұйымы мен жоғарыда аталған елдерден мұсылмандарды иммиграциялауға МОБ қаржыландыруына қол қойды.
Иммиграциялау әрине Түркия үкіметінің жете таңдаумен жүзеге асып, сол үшін Батыс Европа елдеріне түрік комиссиясы бірнеше рет шығып отырды. 3384 адамды олардың жанұясымен қоса таңдап, бұл адамдарды Түркияға көшіру үшін транспорттық шығындарын Халықаралық қашқындар ұйымы БҰҰ-ның өз штатына алды. Олардың 1947-1951 жж. бұл іс үшін шығындары 1 миллионнан астам фунт стерлинг болды.
Халықаралық ұйым арқасында Түркияға көшу мен қоныстану ауқымын кеңейту туралы өтініштерін білдірген құжаттар және өкілдер Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия және т.б. елдерден келе бастады. Мүмкін сонда саяси қазақ қашқындарының Түркияға келу өтініштері түскен болар.
1951ж. сәуірде Түркияда қашқындарды қоныстандыру комитеті өз жұмысын бастады. Ол Халықаралық қашқындар ұйымының демеушілігімен ашылып, олар Түркияда өз жұмыстарын аяқтап, барлық істі аталмыс комитетке берді. Олар Стамбул маңынан қақындарға лагерь ашып, және келген мигранттар үшін белгілі бір мөлшерде құн төледі.
Былайша ойлайтын болсақ яғни Түркия үкіметі өз еліне келген саяси қазақ қашқындарының қоныстандыру шығынын енді өз қолына алды. Сонымен қатар мигранттардың ішінде Пакистан мен Үндістаннан келген мұсылман қашқындары да болды. Бірақ транспорттық шығындарын қазақтардың БҰҰ-ның Халықаралық қашқындар ұйымы төледі. Бұл ақпаратты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі (АҚШ) орналасқан мұрағатынан немесе Женевадағы БҰҰ-ның Жоғары Комиссар Басқармасындағы мұрағаттан тексеру қажет.
Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы:Ғылым, 1997.
