Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.

Қазақ халқының бір бөлігі ҚХР-да тұрады. Әдетте оларды «Қытайдағы қазақтар» немесе «Қытай қазақтары» деп атаймыз. Олардың жалпы саны 1.111.718. (1990 ж.). Олар негізінен ҚХР Шыңжан Ұйғыр автономиялы ауданы Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарында өмір сүреді. Бұдан басқа қазақтардың біраз бөлігі Үрімжі, Шықызы, Күйтін қалаларында, Санжы Хэйзу (Дүнген) автономиялы облысының Мори Қазақ автономиялы ауданында, Құмыл (Хами) аймағының Баркөл Қазақ автономиялы ауданында және Аратүрік (Ийуы шян) аудандарында тұрады.

Іле Қазақ автономиялы облысының жері 350 мың шаршы шақырым болып, Шыңжанның жалпы көлемінің 1/5 құрайды.

Қытайдың Чин патшалығы ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап, Тянь-Шань тауы өлкесіне өз билігін орнату барысында қазақтармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Бұл кезде Қазақ хандығы қайта түлеу үрдісінде еді. Ол кезде Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бірақ сол кездегі жағдай оның іргесін өзіне таяп келген Чин патшалығымен тікелей байланыс жасауға мәжбүр етті. Ол Орта жүз ханы ретінде 1757 жылы, 1758 жылы Ұлы жүз ханы ретінде Әбілмәмбет Чин патшалығымен ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Содан соң қазақ-қытай арасында өзара байланыстар басталып, екі жақтылы экономикалық сауда-саттық істері қанат жайды. Қытай Чин патшалығы 1758 жылы Үрімжіден, 1760 жылы Іледен, 1763 жылы Тарбағатайдан қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрістетті.

Ол кезде қазақ ханы Абылай Алтай Тарбағатай және Іле аймақтарын қазақтардың атамекені, жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек деген танымда болды. Алайда Абылай ханның қазақтың этнотерриториясының көлеміне болған танымын және оны қалпына келтіруге тырысқан дипломатиялық талпынысы сәтсіз аяқталды.

Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Чин патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң, ол сол жерлерге шаруаларды біртіндеп сіңіру арқылы иелену әдісін қолданды. Бірақ Чин патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекара қорғаныс әскерлері көктем шығып қар кеткен соң қарауылдарды байқауға барғанда, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларды қуып кері қайтарып тұрған.

Патшалық Ресей үкіметінің Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде, яғни ХІХ ғасырдың орта шенінде орыстың отарына айналудан қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере көшіп, Чин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап барып жатты. Сөйтіп ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көше бастаған қазақтар, ХІХ ғасырдың орта шенінде Чин патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепкен.

Паташалық Ресей отаршылдары ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Чин патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен патшалық Ресей үкіметі мен Қытайдың Чин патшалығы арасында шекара мәселесі туындап, екі империяның қазақ даласына таласу дау-дамайы басталды. Сонымен екі жақ 1864 жылы 7 қазан күні Шәуешек қаласында «Қытай-Ресей батыс-солтүстік шекараны белгілеу келісіміне» қол қойды. Аталмыш келісім он тараудан тұрады. Соның бесінші тарауында: «Қазір шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мәңгі тату болады. Осыдан кейін екі мемлекет осы белгілеген шекара маңында өңірде отырған малшыларға таласпау үшін, осы келісімшарт бір-біріне тапсырғаннан күннен бастап, ол адамдар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған болса, және де сол орындарда мал бағып отыра берулері керек. Олар сол бұрыннан бері отырып келген қоныстарында орнығып отырып, бұрынғы шаруашылықтарымен шұғылдана берулері үшін, жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады» - деп белгіленген. Демек, 1864 жылғы Қытай-Ресейдің Шәуешек келісімі, іс жүзінде біртұтас қазақ халқының және оның жерінің екі мемлекетке – Қытай мен Ресей тәуелді болғандығын құжат жүзінде заңдастырды. Содан кейінгі жылдарда Чин патшалығы өзінің қарамағындағы қазақтарды шын мәнінде қытайдың азаматы деп санады. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қытайда қазақ қауымы, яғни «Қытай қазақтары» деген қоғамдық құбылыс пайда болған.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Ресейдегі қазақ диаспоралары сан жағынан кімдермен тең?

  2. Ресейдегі қазақ диаспоралары ұлттық республика статусы бар кімдерден басым?

  3. ХІХ ғасырдың соңындағы керейлердің Монғолия жерлеріне қоныс аударудың саяси себептері?

  4. Чин үкіметіндегі тайпиндардың көтерілісі қашан болды?

  5. Батыс Қытайдағы дүнгендердің көтерілісі қашан болды?

Әдебиет: А.Қошанов, Ә.Нысанбаев редакторлығымен Қазақ диаспорасы:бүгін және ертең-А:Елорда, 2005.-77-149 беттер

Дәріс №13, 14, 15

Тақырып: Қытайдағы қазақтардың қоғамдық өмірі (1949-2000 жж.)

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Қытайдағы қазақтардың 1949-2000 жж. қоғамдық өмірі туралы мәліметтер беру.

Тірек сөздер: Гоминьдан үкіметі, «Салқын соғыс», компартия т.б.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1. Қытай Компартиясының аз санды ұлттарға қолданған саясаты және қазақтар өміріндегі елеулі өзгерістер. 2. Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік шаруашылығы. 3. Қытай қазақтарының мәдени дамуы. 4. Қазақтардың тарихи Отанына оралу мәселесі.

Дәрісте Қытайдағы ұлттар саясаты туралы «Ортақ бағдарлама», ҚКП 1949 жылы қазаннан басталған Гоминьдан күштерін толық жою, «ҚХР-ның жер реформасы заңы» негізінде 1952 жыл қарашадан 1953 жыл тамызға дейін жүрген Шыңжандағы жер меншік жүйесі, 1952 жылы тамызда ҚХР Орталық Халық үкіметі жариялаған «ҚХР-ның ұлттар қоныстанған өңірлерде автономияны жүзеге асыру бағдарламасы», 1958 жылы жаздан бастау алған «Үлкен секіріс» қозғалысы, ҚХР 1950 жылдан басталған Қытайдың саяси-әкімшілік құрылымдары, Қытай қазақтарының мәдени дамуы жағдайы, олардың Отанға оралу мәселесі туралы мәліметтер беріледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ диаспорасының Шыңжаннан Үндістанға кету себептері?

  2. Шыңжандағы қазақтарға гоминданьдықтардың ұстанған саясаты?

  3. Қытай коммунистерінің Шыңжандағы қазақтарға ұстанған саясаты?

  4. Үндістан мен Пәкістан шекарасы қалай аталған?

  5. Қазақ диаспорасын Пәкістанға бастап барған кімдер?

  6. 1930 – 1940 жж Шыңжанда кеңес ықпалы қандай сипатта болды?

Әдебиет: Қазақ диаспорасы: бүгіні және ертең. Астана: Елорда. 2005-150-167 беттер

  1. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.

Тақырыбы

Семинар сабақтарының мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Қазақ диаспорасын зерттеудің теориялық-методологиялық және ғылыми-практикалық негіздері.

  1. «Қазақ диаспорысы тарихы» курсының мақсат-міндеттері.

  2. Қазақ диаспорасы мәселесінің зерттелу деңгейі.

1

27, 28, 29, 37

2

ХҮІ-ХІХ ғ.ғ. қазақ ирреденттерінің қалыптасу процесінің тарихы

  1. ХҮІІ ғ. – ХҮІІІ ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.

  2. 1720-1740 ж.ж. цин-жоңғар қатынастары мен Қазақстан.

  3. Қазақтар және жоңғар хандығын циндықтардың құлатуы.

2

5, 27, 28, 29, 37

3

ХҮІ-ХІХ ғ.ғ. қазақ ирреденттерінің қалыптасу процесінің тарихы.

  1. ХҮІІІ ғ. қазақ-қытай территориялық қақтығыстары

  2. Орталық Азиядағы орыс-қытай территориялық-мемлекеттік шекаралар

  3. Орталық Азиядағы Ресей империясы мен Циндық Қытайдың арасындағы тұрақты шекаралардың бекітілуі.

3

5, 27, 28, 29, 37

4

ХХғ. тарихи оқиға-қазақ диаспорасының қалыптасуына күшті стимулятор.

  1. Столыпиндік аграрлық реформа

  2. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс.

  3. Қазақстанда кеңестік үкіметінің орнауы және азамат соғысы.

4

1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 11, 12, 13,

14, 15, 16, 17, 18, 32, 43, 44

5

ХХғ. тарихи оқиға-қазақ диаспорасының қалыптасуына күшті стимулятор.

  1. Мұстафа Шоқай.

  2. Колхоздандыру.

  3. Колхоздандырудан Ауған соғысына дейін.

5

1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 11, 12, 13,

14, 15, 16, 17, 18, 32, 43, 44

6

ХХғ. тарихи оқиға-қазақ диаспорасының қалыптасуына күшті стимулятор.

  1. 1930-1940 ж.ж. Шыңжандағы кеңес билігінің күшеюі.

  2. ҰОС және қайтпағандар проблемасы.

6

1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 11, 12, 13,

14, 15, 16, 17, 18, 32, 43, 44

7

Қазақ диаспорасының таралу ареалының кеңеюі.

  1. 1930 ж.ж. Шыңжандағы оқиға мен қазақтардың Индияға кетуі.

  2. Жартыарал Үндістанға кету идеясы және Бөке Батыр

7

27, 28, 29

8

Қазақ диаспорасының таралу ареалының кеңеюі.

  1. 1940-1950 ж.ж. Шыңжандағы оқиға және қазақтардың Пәкістанға кетуі

  2. Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі

  3. «Қайғылы шешім» оқиғасы

8

27, 28, 29

9

Әлемдегі қазақтардың таралу ареалының кеңеюі.

  1. Қазақтардың Үндістан мен Пәкістаннан Түркияға эмиграциялануына байланысты себептер мен проблемалар

  2. Көшіп кетуді қаржыландыру мәселесі.

9

27, 28, 29

10

Әлемдегі қазақтардың таралу ареалының кеңеюі.

  1. Түркиядағы қазақ қашқындары

  2. Қазақ диаспорасының тарихындағы Тайванның орны мен ролі.

10

27, 28, 29

11

Қазақ диаспорасының жаңа замандағы даму тарихы.

  1. Қазақ диаспорасының стратегиясы-этникалық бірлігінің сақталуы

  2. ГФР

11

27, 28, 29

12

Қазақ диаспорасының жаңа замандағы даму тарихы.

  1. Қазақтардың тарихи Отанына оралу процесі

  2. Кеңестік Қазақстанға қазақтардың оралу проблемасы.

12

27, 28, 29

13

Қазақ диаспорасының жаңа замандағы даму тарихы.

  1. ҚР қазақтардың репатриациялану проблемасы

  2. ҚХР-нан қазақтардың репатриациялануы

  3. Монғолиядан қазақтардың репатриациялануы

13

27, 28, 29

14

Қазақ диаспорасының жаңа замандағы даму тарихы.

  1. ҚР қазақтардың репатриациялану проблемасы

  2. ҚХР-нан қазақтардың репатриациялануы

  3. Монғолиядан қазақтардың репатриациялануы

14

27, 28, 29

15

Қазақ диаспорасының жаңа замандағы даму тарихы.

  1. ҚР қазақтардың репатриациялану проблемасы

  2. ҚХР-нан қазақтардың репатриациялануы

  3. Монғолиядан қазақтардың репатриациялануы

15

27, 28, 29