- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В011400 - Тарих
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 1
- •Барлығы – 90 сағат Орал, 2012ж.
- •13.09.2012 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2.1 Пән туралы мәлімет
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сағат
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •9 Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •11 Апта
- •21 Кредит сағат
- •13 Апта
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •14 Апта
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •15 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •4.1 Әдебиеттер тізімі.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері
- •2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы
- •1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.
- •2. Қазақ диаспорасы – тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық.
- •3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.
- •1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері.
- •2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.
- •3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.
- •1. Ресей қазақтары.
- •2. Монғолия қазақтары.
- •3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.
- •7. Курсты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
- •1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- •1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •Түркиядағы қашқын қазақтар
- •Ресейдегі қазақ диаспорасы
- •Шетелдегі қазақтар
- •Қазақстан және "қазақ диаспорасы."
- •Орталық Азиядағы Циндік Қытай мен Ресей империясының арасындағы түпкілікті шекараның орнауы.
- •1930 – 1940 Жж Синь Цзяндағы кеңес ықпалының өсуі.
- •Моңғолиядан қазақтардың репатриациялануы.
- •Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
- •1720-40Ж. Ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.
- •Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан Жаналтайдың Пәкістанға келуі.
- •Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.
- •Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.
- •Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.
- •Хviii ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.
- •Столыпиндік аграрлық реформа.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Хүіі-хүііі ғ.Ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.
- •Мұстафа Шоқай.
- •Ұлы Отан соғысы және соғыстан қайтпағандар мәселесі.
- •8. Ожсөж өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.
- •Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.
- •Казахстан. История возникновения и развития казахской ирреденты и диаспоры.
- •900 О Концепции репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Концепция репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Раздел 1. Цель репатриации и ожидаемые результаты
- •Раздел 2. Государственный миграционный фонд
- •Раздел 3. Организация репатриации
- •Раздел 4. Работа с казахской диаспорой за рубежом
- •Раздел 5. Подготовительная работа к репатриации
- •Раздел 6. Работа с репатриантами внутри страны
- •2. Обеспечение жильем
- •3. Трудоустройство репатриантов
- •4. Социальное обеспечение репатриантов
- •5. Специальное обучение репатриантов
- •6. Обеспечение доступности социальной сферы
- •7. Другие вопросы, связанные с работой с репатриантами внутри страны
- •9. Реферат тақырыптары
- •Мазмұны.
- •10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған
- •11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •11.1 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
- •11.2 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
- •13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.
2. Монғолия қазақтары.
Моңғолия Алтай, Хангай жотасынан шығыс Моңғол құмына дейінгі Орталық Азияның шығыс бойын мекен еткен шағын мемелекет. Жер көлемі 1566500 шаршы километр, адам саны 2,2 миллион. Халқының 93 % моңғолдар. 1994 жылдың аяғында Моңғолияның Қазақстандағы елшілігі жүргізген ресми емес сан тізімі бойынша Қазақстанда Монғолиядан көшіп келген 12 мыңға жуық түтін, 60 мыңға жуық жан өмір сүріп жатты. Монғолиядан қоныс аударған қазақтар әрбір облысқа келген түтін, жан санына қарай: Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар, Көкшетау, Жезқазған, Талдықорған, Ақмола, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына орналасқан.
Батыс моңғолдармен көршілес жатқан Керейлердің Моңғол жеріне қарай жылжу процесі ХІХ ғасырдың соңғы жартысынан басталды. Бұл оқиғаның өзіндік себептері бар еді. Жоңғар хандығының ыдырауы және 1860 жылдардағы Тайпин және дүнген көтерілісі қатарлы саяси оқиғалармен байланысты еді.
1758 жылы Моңғол жерінде Мәнжу Чин билігі тұрақтанғаннан кейін батыс Моңғолияда қалған Моңғол әулеттерін Моңғол өлкелеріне ішкерілетіп көшіріп Улиастайдағы Шүршіт билігіндегі Қобда шебіне қарасты болдырды. Осыған байланысты 1762 жылы Қобда шебінің әкімшілігі құрылды. Әкімшілік Шығыс Түркістан, Алтай өлкесін ауа қоныстануына ықпал жасады. Сөйтіп Жоңғар хандығы тұсында Моңғолдар мекендеген елдің батысындағы өзен сулы, күрең белдер қаңырап бос қалды.
Академик И.М.Майскийдің мәліметіндегі 1918-1919 жылдары Моңғол жеріндегі есебі бойынша моңғолдардың саны 542 мыңнан аспайтынын ескерсек, Моңғолия үшін осынау ұлан ғайыр мекенді игеріп кететін жан мүмкіндігі болмағаны белгілі. Бұл мүмкіндікті жерден тарлық көріп бір белдің арғы жағында отырған қазақтар босқа жіберу мүмкін емес еді және сол кезде екі тарап та бір империяның (Чин) билігінде тұрғандықтан айшықты шеп шекара болмағанын атап өткен жөн.
Қытайда 1850 жылдары басталған шаруалардың Тайпин көтерілісі саябырси бергенде 1862 жылы батыс Қытайдан Дүңген (Хуйху) көтерілісі басталды.
Чин үкіметі 1878 жылы Дүңген көтерілісіне қатысушыларды аяусыз жазалаумен қатар Тайпин көтерілісіне қатысқан шаруаларды «Жаңа жер игеру» науқанымен батыс шеткері аймақтарға қоныс аударта бастайды. Өйткені «Жер бөліп беру» Тайпин көтерілісіне қатысушылардың негізгі талабы болатын. «Жаңадан игеретін жер» тізіміне ең алдымен Алтайдағы Қазақ жайылымдары ілікті.
Моңғолия ғалымы Цэвэн Жамсрано «Дархад... Хасаг, Хамнигандардың шығу тегі туралы» атты еңбегінде «Қазақтар алғаш Алтайдың арғы жағына сиыспағандықтан бергі беттен малына жайылым жер іздеп келген екен» деп жазса, Г.Е.Грумм-Гржимайло «Өткен ғасырда қара Ертістің бойында басталған жер дауы Керейлерді мұнда (Қобда бетіне) қоныс аудармасқа шарасыз болдырды» деп жазады.
Және көшпенділер үшін жер тарлық еткеннен әзер ауыр құбылыс ол – жұт жұтымшылығы.
Көнекөз қариялардың 1869 қоян жылы Алтай өлкесінде естен қалғысыз қатты жұт болып, тәмам мал қырылып халық аштыққа ұшырағаны белгілі. «Осы қоян жылғы жұт бір бөлім елдің мал жағдайымен күн көріс тұрмысы үшін бір қырқаны асып Алтай тауының арғы бетіне қоныс аударуының бірден бір басты себебі деуге болады» деп жазады 1994 жылы Шыңжанда басылған «Абақ керей» тарихын құрастырушылар.
1936 жылы «Төрт би төре» деп аталатын әкімшілік жүйесі құрылды. Басқару жүйесі әрі қарай ұсақталғанның үстіне ұсақтала түсті.
Алтайда барлық қазақты билеп тұрған Ши Хун өкілдігі қазақтарды әуелі «Гар» немесе «Қанатқа» бөлді. Сөйтіп Уаң, Тәйжі, Үкірдай, Залан, Зәңгі делінетін бес сатылы рулық жүйе дүниеге келді. Әр жүз сайын үй сайын жүз басылары белгіленді.
Әкімшілік басқару жүйесі өте ұсақ болғандықтан ауыл, ел арасында әлсін-әлсін сайлау, белгілеу, бекіту жүріліп, әр сайлау, әр белгілеу сайын халық ру-руымен, ауыл-ауылымен дау-жанжалдары жиі көрініс тапты. «Басқа рудың ел басыларына «қол бала» болғысы келмеген кейбір кіші рудың атқа мінелері, - деп жазады «Абақ керей» тарихын құрастырушылар, - руластарын, ауылдастарын бастап басқа өңірлерге ауып барып өзін-өзі басқаруды мақсат етті».
Кейбір мәліметтерде қоныс аударудың үшінші бір себебін үстем тап өкілдерінің озбырлығы, алым-салық қысымшылығына байланысты деп көрсетеді. Қазақтар Мәнжу Чин үкіметінің қаржысына 1000 жылқы бажды төлейтін. Оның үстіне белгілі адамдардың асына сауын айту, жоғары лауазымдылар үшін тарту-таралғы жинау, руынан адам құнға жығылса құн төлесу, тоғыз жасақтау, дін жолына қайыр зекет беру сияқты ру аралық, ауыл аралық көмескі салықтар болған. Бірақ жоғарыда аталған алым-салықтардың денін ру ішіндегі ауқатылар мойына алып отырған. Ал қоныс аударуға келсек олар бір белгілі адамның басшылығында кедей, бай демей ру-руымен, ауыл-ауылымен асқан.
Ал қоныс аудару мерзімі төңірегіндегі деректерді бізге Г.Е.Грумм-Гржимайло, Г.Н.Потанин, А.М.Позднеев, В.В.Сапожников, А.В.Бурдуков және Ц.Жамсрано қатарлы көптеген ғалымдар жазып қалдырды. Деректерге қарағанда аталмыш процесс 1860 жылдардан басталады.
Алтайдағы арғы бетінен келген Абақ керей ұрпағы Моңғолиядағы қазақтардың негізгі бөлімін құрайды. Мұндағы Қазақ тобының екінші бөлімін 1914-1917 жылдары Щуй арқылы Марқакөл, Зайсаннан асып келген наймандар құрайды. Аталмыш процесс негізінен 1930 жылдардың басында аяқталды.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Қобда бетіндегі қазақтардың ахуал тіршілігінің тірегі басқа мекендердегі қазақтардікіндей көшпенді мал шаруашылығы болды. Г.Е.Грумм-Гржимайлоның белгілеуі бойынша 1900 жылдары Абақ керейдің бір түтіні орталай есеппен 13 қой, 2,5 сиыр, 4,5 жылқы, бір түйелі болған.
Керей малының көпшілігі – қой түлігі. Керей қойының генфонд (тұқым қоры) жағынан дүниеде теңдесі жоқ жануар. Қобда қазағында түйе, ешкі малының саны аз болды.
ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап қазақ арасында да диханшылық қонып, жатақтар пайда бола бастайды. «Қыран ертістің бойы қырғыз (қазақ) ауылдарына толып кетіпті, деп жазады Г.Н.Потанин, - олар да Өлеттердей арпа, бидай егеді екен». Ол кезде қазақтар бидайды қазіргі өлшеммен 5-6 кг. сыйымдылығы бар қазаншамен өлшеген. Бір тоқтысын бес қазан бидайға сатады да бидайын Шарсүмдегі қытай диірменіне айдатып ұн болдырып алдырып отырған. «Қыран ертісте 10 шақты ұн диірмені бар екен, бұл диірмендер тек Алтайдың оңтүстік баурайындағы қазақтарды ғана қанымдап қоймайды, ұн тиеген көліктер Алтайдың теріскейіндегі Қобда өлкесіне дейін жөнелтіліп жатады» деп жазған бұл өлкені 1876 жылы басып өткен Г.Н.Потанин.
Қолөнер, ұсталық, аңшылық және балық аулау деген қазақ шаруашылығының қосалқы түрлері болған. «Абақ керейлердің ең бір кедейлері балық аулаумен күнелтетін» деп жазды Г.Е.Грумм-Гржимайло.
Қазақ ежелден сауданы кәсібі етпегенмен сауда-саттық қазақ ахуалында болған еді. Қобда Керейі үшін сауданың екі түрлі жолы болды. Бірі Қыран Ертіс арқылы Қашқарлық Ұйғыр, Қытаймен жасайтын сауда жолы да, екіншісі Қосағаш, Қызылжар арқылы жүретін Ресей сауда жолы еді. Г.Н.Потанин 1876 жылы Дэлүүн түбегінде қонақтап жатқан жолында Қашқардан қазақ ауылдарын басып Қобдаға бара жатқан сарттардың сауда керуеніне кездессе, ертеңінде Тұлба көлінің маңында Қашқарға бара жатқан Қазақ тобына жолығады.
Қобда керейі қаншама саны аз, көшпенді өмір сүргенімен әрқашанда өнерден кенже қалған емес. Ақын Қ.Тауданбек, Б.Төлебай, Қ.Жолды, Б.Отарбай, Қ.Мешел, Ш.Жеңсікбай, Т.Бұрқасын, күйші М.Бердібай, А.Исабай, Сағынбай, С.Сағынған, Доланбай, Тоғай, Аққожа, сыбызғышы Ш.Құмақайлар ХІХ-ХХ ғасыр алмасу дәуірінде Қобда қазағының ішінде өмір сүріп, сол халықтың мұң-мұқтажын жырлаған. Моңғолия қазақтарының арасында айтылатын халық әндері көп-ақ. Сазгер күйші Қабыкей Ақмерұлы, ақын Имашхан Байбатырұлы, сазгер Мүсәйіп Құсайынұлының жинақтап басқаруымен 1965, 1972, 1983 жылдары Баян-Өлгийде жарық көрген «Моңғолия қазақтарының халық әндері» атты жинақта 400-ге жуық ән кірген.
1930 жылдарға дейін мұсылман діні Моңғолиядағы қазақтар арасында, олардың рухани өмірінде елеулі әсер етіп келді. 1910-1920 жылдары Қобдадағы ұйғыр мешітін айтпағанда көшпенді қазақтар арасында екі мешіт (Аққол, Соғақтағы) жұмыс істеді. Атақты Күдері, Жәлел, Дөңтай, Тілеуберді, Қылыш молдалардың өз қолынан балалар тағылым алған.
1931 жылы бұрынғы төрт аймақ, екі шептік жүйенің орынан 13 аймақтық құрылым орнықты. Қазақтардың екі хошуны жаңадан құрылған Қобда аймағына қарасты болды. Қазақтар Қобда қарамағында болған осы бір тоғыз жылда (1931-1940) аймақ әкімшілігі онда тұратын қазақ сияқты ұлт өкілдерінің ахуал, тұрмыс, әлеуметтік күн көрісін жақсарту және ұлттық салт-сана, мәдениет үрдісін жетілдіре түсуге бағытталған бірер шаралар қолданады. Елді мекендерде қазақ тілінде оқитын бастауыш мектептер құрылды. Адам және мал дәрігерлік, сауда нүктелерін құрып, әлеуметтік даяшылықты кеңейту төңірегінде көптеген істер атқарылды.
1940 жылы 5 шілдеде шақырылған мемлекеттің ҮІІІ құрылтайы Қазақ, Урианхай қауымының пікір талабын еске ала отырып, Қобда аймағынан жекешелеп, қазақ, Урианхайлардың жеке аймағын құруды мемлекеттік Кіші хурал басқармасына тапсырды. Кешікпей үкіметтік кіші құрылтайдың 1940 жылғы 17 шілдедегі №37 қаулысымен Қазақ, Урианхайлардың жеке аймағын ұйымдастыру, құруға байланысты дайындық жұмысын ретке келтіру ісі тапсырылған комиссия құрылып, бастығына Бежеұлы Қаби, мүшелеріне Орынұлы Қалқабай және Майынтыұлы Тоқтамыстарды тағайындап комиссияның алдында тұрған кезекті мәселелерді белгілеп берді. Және бұл істі тікелей ұйымдастыру ісін мойынына алған үкіметтің сол кездегі бірінші орынбасары Ч.Сурэнжав басқарған төтенше комиссия құрылды. Қазақ аймағын құруға байланысты қыруар дайындық жұмыстарынан кейін 1940 жылы 19-20 тамызда аймақ еңбекшілерінің алғашқы құрылтайы өткізіледі Қазақ аймағы «Баян-Өлгий» (Бақыт бесігі) деп аталды. Қазақ аймағының алғашқы төрағасы болып елдің белгілі азаматы Бежеұлы Қаби тағайындалады. Аймақ алғаш құрылғанда 10 сұмын (Тұлба көл, Ащылы, Аққол, Ақкөл, Улаанхус (Қызылқайың), Дэлүүн, Алтанцөгц, Сагсай) 56 бақ, 7063 жанұя, 32301 жан, 920480 басты малы бар еді.
1959 жылы үкіметтік комиссия құрылып, жер ұйымдастыру науқаны жүрді. Осы комиссияның жұмыс қорытындысы негізінде 1960 жылы 30 шілдеде Халық ұлы хуралы басқармасының №192 жарлығымен барлық аймақ, сұмын, хороонға тиісті жер шебі белгіленді. Қазіргі Баян-Өлгий аймағына қарасты жер шеңбері өмірге осылай келген еді. Ол Бесбоғда, Мөст (Мұзтау), Цэнгэл хайрхан, Хөх сэрх, Цамбагарав сынды мұз құрсанған шыңдары бар Моңғол Алтай қырқасының орта тұсы, мөлшері 45,8 мың шаршы шақырым жер. 1991 жылғы сан тізімі бойынша Моңғолиядағы жалпы қазақтың саны 120500 жан еді, олардың 82750 Баян-Өлгий Қазақ аймағында тұрып жатты.
Тарихи отанына бет бұрған Моңғолиядағы қазақтардың көші 1991 жылы наурыз айында басталды. Моңғолияның ресми ұйымдарының 1993 жылы дайындаған статистикасы бойынша еңбек шартымен 1991-1993 жылдары Моңғолиядан Қазақстанға 10461 түтін, 54201 жан қоныс аударды.
