Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.

Қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, әр түрлі күрделі тарихи оқиғаларға байланысты оның аман қалған санының жан-жақты шоғыры мен шашырағаны жайлы, яғни Қазақстаннан тыс жердегі қазақ диаспорасы туралы айтпай кете алмаймыз.

Дисапора грек сөзі, шашыранды өсу деген мағынаны білідіреді. Басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарын репатрианттар немесе оралмандар деп атайды.Ал екі халықтың ортасында отырып, ұлтаралық өтпелі жағдайда қалған дүбараларды маргиналдар деп атайды. Екі ұлттың арасындағы некеден туған шатыстарды метистер деп атайды. Басқа жапсарлас жатқан мемлекетте болса да, бірақ өз атақонысында баяғыдан тұрып келе жатқандарды ирредент деп атайды.

Қазақ диаспорасының кең ауқымды екенін мына салыстырулар дәлелдей түседі. Айталық, өз республикасынан тыс жердегі процентінің жоғарлылығы жағынан армян мен тәжіктерден кейінгі үшінші, ал алыс шетелдегілердің жалпы саны жағынан бұрынғы Кеңес Одағында саны көп украиндардан кейінгі екінші орын қазақтарға тиді. Шетелде болса да, ирредент ретінде өз атамекенінде тұрып жатқандардың ішінде тек азербайжандарды (Ирандағы) алға жіберіп, тағы алдыңғы екінші орынға шығып отырған да қазақтар (Қытайдағы).

Қазіргі Қазақстанның территориясы бүкіл қазақтың атамекенінің немесе қазақ топырағының тек үштен екісін ғана қамтиды. Демек, қазақтың ежелгі атамекеіні 4 миллион шаршы километрге жайылып жатыр. Оның 1,2 мың шаршы шақырымының 600 мың шаршы шақырымы Ресейде, 200 мың шаршы шақырымы Орта Азияда және 400 мың шаршы шақырымы Қытайда қалды. Екі жарым көлемдегі Түркіменстандай немесе жеті Қырығзстандай болатын осындай кең жерді қазақтың өзі бөтен мемлекеттегі аз санымен меңгеріп отыра алмайды... Олар ол жерде екінші (Ресейде) немесе үшінші (Қытайда), тіптен төртінші ұлтқа айналып отыр.

Қазақ демографиясы мен диаспорасы бүгін ғана зерттеліп жатқан жоқ.... Атақты этнограф Мұхаметжан Тынышпаевтың дерегі бойынша 1915 жылы Қазақстанның қазіргі шекарасынан тыс жерлерде, атап айтқанда ішкі ресейде, қытайда, көрші Бұхар әмірлігі мен Хиуа хандығында және алыс жырақтағы Ауғанстанмен бірге ұзын саны сол кезде 700 мың болып қалатын қазақ саны бар екен.

М.Б.Тәтімовтың «Цифрлар шежіресі» атты 1988 жылы жарық көрген еңбегінде 1959 жылғы санақ бойынша қазіргі алыс-жақын он шетелдері бойынша қазақтың барлық саны 4.260 мың, соның 1.485 мың сол кездегі Қазақ КСР-ының сыртында тұратыны туралы ғылыми қорытынды жасалған. Сонда 1915-1959 жылдар аралығында іштегі қазақтар саны 1,5 есе кемісе, ал сырттағылары айтарлықтай 2 есе өскен.

Қысқаша болса да, енді қазақ халқының саны өзінің негізгі орналасқан кең аумағынан сыртқа қалай ығыса шығып кеткені туралы айтайық. Бұл тарихи ұзақ ағым алғашқыда «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі күшті жаугершілікпен басталды. Солтүстік-шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан 1723 жылы шегінен көшпенді шұбырындылар оңтүстік-батысқа қарай шегіне, сөйтіп қазіргі Орта Азия жеріне көп санымен тереңдеп енуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығы жеңіліс тауып, біржола жоқ болғаннан кейін қазақтар өзінің ежелгі шығыстағы жеріне 50 жылдан соң қайта орала бастады. Бұл ірге кеңейтіп көшу 1754 жылдан бастап, дүркін-дүркін әр қилы тарихи оқиғалармен бірнеше рет жалғаса отыра, екі ғасырға дейін созылып, тек 1934 жылы ғана, 30 жыл ойраннан соң ғана аяқталды.

Қазақ диаспорасының әрі қарай кең етек жаюына жаугершіліктен басқа отаршылдық та тікелей әсер етті. Алдымен Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертістің өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді бабабаларымыз Солтүстік-батыстан Оңтүстік-шығысқа қарай, бұл жолы қырылмаса да, жөңкеле көшкен.

1916-1921 ж.ж. алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен әлеуметтік төңкеріс және Азамат соғысы жылдарында аштықтан қырылғандары мен оққа ұшқандары (900 мың), атамекенінен біржола көшіп кеткендері бар (200 мың), яғни барлық кемушілік миллион адамнан мол асып кеткен.

1931-1933 жылғы тікелей «қызыл қырғыннан» барлық шығын 2 млн 300 мың адам мен қызылдардың қысымынан 1.900 мыңы шетке қарай біржола үдере ауак көшкен. Қазақта «қызыл» деген сөз тек түсті ғана білдірмейді, ол «тым күшті» деген мағынаны білдіреді.

Қазақтардың 2005 жылдың басындағы барлық саны:

Қазақстанның өзінде – 8 млн. 990 мыңға тақалмақшы.

Бұрынғы Одақтас, қазіргі дербес республикаларда – 3 млн. 837мың бар.

Шалғай шетелдерде – 2 млн. 263 мың. Ал 2002 жылдың аяғы мен метистерін қосқанда исі қазақ саны 15 миллионға толады. Соның 12 миллионы «таза» қазақтар.