Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ диаспорасы тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.

Қазақстан Республикасы өзі алғаш құрылған күннен бастап, қандай қиын жағдайға тап болғанына қарамастан сырттағы қандастарымызға қамқорлық жасауды назардан тыс қалдырған емес. Қазақ жеріне кезінде әр түрлі себептермен көшіп кеткен қандастарымыз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыстың өзектіліг арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Көші-қон мен демография агенттігің мәліметтері бойынша, 1991 мен 2000 жылдың аралығында тәуелсіз Қазақстан жеріне 42387 қазақ отбасы немесе 183652 адам көшіп келген. Осы қоныс аударып келгендердің 60%-і ТМД елдерінен: Өзбекстаннан-62737, Түркіменстаннан-22055, Тәжікстаннан-10476, Ресейден-8490 болса, алыс шет елдерден: Монғолиядан-65202, Ираннан-5030, Түркиядан-3780, Ауғанстаннан-1719, Қытайдан-2214, Пәкістаннан-1102 және т.б.

Елімізде «Халықтың көші-қон туралы» Заңға сәйкес шет елден көшіп келетін қандастарымыз квотамен орналастырылады. Дегенмен, жоғарыда аталған Агенттіктің мәліметтері бойынша бұл квотаның орындалуы да ойдағыдай емес. Мәселен, 1993 жылы оның орындалуы да 76,5% болса, 1994 жылы – 51,5%, 1995 – 66,6%, 1996 – 63,6%, 1997 - 56%, 1998 – 53,4%. Ал 1999 және 2000 жылдары бұл көрсеткіш Ресей мен Өзбекстаннан көшіп келушілер арқылы орындалған.

Қазақ диаспорасы бұрынғы тоталитарлық жүйеде жабық тақырып болды. Мемлекеттік тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақстан үшін қазақ диаспорасы ғылыми проблема ретінде 1991 жылдан бастап Философия институтында «Қазақ диаспорасы:бүгіні мен ертеңі» атты ғылыми бағдарлама шеңберінде жүйелі түрде зерттеле бастады. Бірнеше ғылыми конференциялар мен ғылыми талқылаулар осы мәселеге арналып, көптеген мақалалар мен кітаптар шыға бастады.

Қазақ диаспорасы туралы соңғы он бес жылда швед ғалымдары Линда Бенсон мен Ингвар Сванбергтің «Түркиядағы қазақ босқындары» мен «Қытай қазақтары» дейтін мақалалары «Қазақ диаспорасы. Этникалық өмір сүру мәселелері» деген атпен 1997 жылы жарық көрді. Моңғолиядағы қазақ ғалымдары Ислам Қабышұлының «Моңғолия қазақтарының тарихы», Биқұмар Кәмашұлының «Моңғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлері», қазіргі кезеңде Қазақстан азаматы, белгілі ғалым Зардыхан Қинаятұлының «Моңғолиядағы қазақтар», Америка ғалымы Марта Бриль Олкоттың «Қазақтар» еңбектері және тағы басқа монографиялар жарық көрді. Осылардың барлығын қазақ диаспорасының тарихи, әлеуметтік, этнодемографиялық, саяси, рухани, экономикалық, экологиялық және этномәдени мәселелерін зерттеуге үлес деп бағалаймыз.

Қазіргі нарықтық экономикасы қалыптасқан тәуелсіз Қазақстан жағдайында қазақ диаспорасы мен оралмандар мәселесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары белсенді қызметтер атқаруда. Әсіресе, «Хабар», «Ел арна», «Қазақстан-1» телеарналары бұл мәселелерге үлкен мән беріп отыр.

Газеттердің ішінде бұл тақырыпқа «Қазақстан-Заман», «Жас Алаш», «егемен Қазақстан» жиі мақалалар, сұхбаттар жариялайды.

Әдебиет: А.Қошанов, Ә.Нысанбаев редакторлығымен Қазақ диаспорасы:бүгін және ертең-А:Елорда, 2005.-5-42 беттер

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Диаспора» ұғымын грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

  2. «Этникалық кеңістік» дегеніміз не?

  3. Менталитет дегеніміз не?

  4. Менталитет түрлері?

  5. Генетикалық байланыс дегеніміз не?

  6. Құрылымдық байланыс дегеніміз не?

  7. Қызметтік және факторлық байланыстарға түсінік бер.

  8. 1991-2000 жылдар аралығында ҚР жеріне ТМД елдерінен қанша қазақ отбасы көшіп келді?

  9. 1991-2000 жылдар аралығында ҚР жеріне алыс шет елдерден қанша қазақ отбасы көшіп келді?

7, 8, 9 дәріс

Тақырып:Қазақ диаспорасының этнодемографиясы және егемен Қазақстан.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге қазақтардың елде, егеменді республикалар бойынша, ұлттық автономиялардағы, шет елдердегі санының өсу-кемуін, алып жатқан территориясын, диаспора ретінде орнын, қазақтардың тарихи отанына орлау туралы тұжырымдамасының мақсат-міндеттерін, нәтижелерін, жетістіктері мен кемшіліктерін түсіндіру.

Тірек сөздер:Демография, этнографиялық, концепция-тұжырымдама т.б.

Негізгі мазмұны мен сұрақтар тізбесі: 1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері. 2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы. 3. Қазақтардыңі тарихи отанына қайта оралу туралы концепция-тұжырымдамасы.