- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В011400 - Тарих
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – 1
- •Барлығы – 90 сағат Орал, 2012ж.
- •13.09.2012 Ж. №1 хаттама
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2.1 Пән туралы мәлімет
- •4 Кредит сағат
- •5 Кредит сағат
- •6 Кредит сағат
- •7 Кредит сағат
- •8 Кредит сағат
- •9 Кредит сағат
- •10 Кредит сағат
- •11 Кредит сағат
- •12 Кредит сағат
- •13 Кредит сағат
- •14 Кредит сағат
- •15 Кредит сағат
- •16 Кредит сағат
- •17 Кредит сағат
- •11 Апта
- •21 Кредит сағат
- •13 Апта
- •25 Кредит сағат
- •26 Кредит сағат
- •14 Апта
- •27 Кредит сағат
- •28 Кредит сағат
- •15 Апта
- •29 Кредит сағат
- •30 Кредит сағат
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •4.1 Әдебиеттер тізімі.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •1. Диастрология ғылымының мақсаты, міндеттері
- •2. Қазақ диастрология проблемасының зерттелу тарихы
- •1. Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.
- •2. Қазақ диаспорасы – тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық.
- •3. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақ диаспорасы.
- •1. Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері.
- •2. Қазақ диаспорасының этнографиялық сипаттамасы.
- •3. Қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы концепция – тұжырымдамасы.
- •1. Ресей қазақтары.
- •2. Монғолия қазақтары.
- •3. Қытайдағы қазақ қауымдастығының қалыптасуы.
- •7. Курсты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
- •1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- •1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •Түркиядағы қашқын қазақтар
- •Ресейдегі қазақ диаспорасы
- •Шетелдегі қазақтар
- •Қазақстан және "қазақ диаспорасы."
- •Орталық Азиядағы Циндік Қытай мен Ресей империясының арасындағы түпкілікті шекараның орнауы.
- •1930 – 1940 Жж Синь Цзяндағы кеңес ықпалының өсуі.
- •Моңғолиядан қазақтардың репатриациялануы.
- •Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
- •1720-40Ж. Ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.
- •Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан Жаналтайдың Пәкістанға келуі.
- •Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.
- •Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.
- •Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.
- •Хviii ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.
- •Столыпиндік аграрлық реформа.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Хүіі-хүііі ғ.Ғ. І-ші жартысындағы қазақ-ойрат қатынастары.
- •Мұстафа Шоқай.
- •Ұлы Отан соғысы және соғыстан қайтпағандар мәселесі.
- •8. Ожсөж өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.
- •Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.
- •Казахстан. История возникновения и развития казахской ирреденты и диаспоры.
- •900 О Концепции репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Концепция репатриации этнических казахов на историческую родину
- •Раздел 1. Цель репатриации и ожидаемые результаты
- •Раздел 2. Государственный миграционный фонд
- •Раздел 3. Организация репатриации
- •Раздел 4. Работа с казахской диаспорой за рубежом
- •Раздел 5. Подготовительная работа к репатриации
- •Раздел 6. Работа с репатриантами внутри страны
- •2. Обеспечение жильем
- •3. Трудоустройство репатриантов
- •4. Социальное обеспечение репатриантов
- •5. Специальное обучение репатриантов
- •6. Обеспечение доступности социальной сферы
- •7. Другие вопросы, связанные с работой с репатриантами внутри страны
- •9. Реферат тақырыптары
- •Мазмұны.
- •10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған
- •11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •11.1 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
- •11.2 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
- •13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.
2. Қазақ диаспорасы – тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылық.
Шет елдердегі қазақ диаспорасын қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылы жарияланды. Осы құжат бойынша соңғы уақытта кешенді істер атқарылуда. Сәйкесінше Қазақстан республикасы мемлекет ретінде қазақ диаспорасымен өзара қатынастарын дамытудың бірнеше жолдары бар. Олар: 1. Интеграциялық немесе консолидациялық қатынас; 2. Фрагментті немесе жанжалды қатынас; 3. Оқшауланған немесе қарсыласты қатынас; 4. Факторлы өзара байланыс.
Қатынастардың біріншісі олардың арасында ең жоғарғы, тиімді, өркениетті түрі болып табылады. Яғни тәуелсіз Қазақстан Республикасы қазақ диаспорасын мәдени, саяси, әлеуметтік тұрғыдан қабыл алып, өзара кірігіп, мәселелерді бірігіп шешуге тырысады. Бұл өзара қатынастардың орнығуы үшін тек қана заңдарды жөндеп, құқықтық негізде іргетастар қалау аздық етеді. Ол үшін жалпы халықтық деңгейде (екі жақтан да) терең этнопсихологиялық ұмтылыстар қажет. Сонда ғана алыстағы да, жақындағы да қазақ диаспорасы қазақ елін өзін бауыр басатын Отан, Атамекен ретінде қабылдайды. Ал қазақстандықтар үшін шет елден келген қандастар жәй ғана пана іздеп келген пенделер емес, толыққанда мемлекеттің азаматы болатын өркениетті жандар деген ұғым беки түседі.
Фрагментті немесе жанжалды деңгей бұл қоныс аударып келген, немесе алыс, жақын шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастар мен қазақстандық шындықтың арасында біршама әлеуметтік қашықтық, қайшылықтың барлығын білдіреді. Ол екі жақтың әр түрлі құндылықтар жүйесін құрып, өздері күйттейтін мүдделердің жетегінде кетуден туындайды. Бұл қатынастардың оңды да, теріс жағы да бар. Оңды жағы өзара қатынастардан туындайтын әр түрлі мәселелердің тезірек көлеңкелі тұстарын анықтап, сол бағытта тиімді жұмыстар атқаруға мүмкіндіктер ашылады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда өмір сүруге бейімделген оралмандарды Солтүстік өңірге механикалық түрде шенеулік нұсқаумен көшіре салуға болмайды. Ал, теріс жағы көшіп келген қандастарымызға қиындықтар моральдік нұсқан келтіріп, жандарына қаяу түсіруі мүмкін. Міне, осындай құбылыстың көрінісі – Моңғолиядан келген қазақ диаспорасының бір бөлігі қайта Баян-Өлгей жаққа көшіп кеткен.
Оқшауланған немесе қарсыласты деңгейдегі қатынастар көбінесе өзара байланыстың тереңдемеуінен, ол үстірттік формада ғана көрініс беруінен туындайды. Бұл этномәдени, этносаяси бағдарлар мен құндылықтардың түйіспеуінен, өзара көмек пен түсіністіктің болмауынан өрбиді. Қазіргі кезеңде Қазақстан республикасы өзінің шет елдердегі қазақ диаспорасына тартымды, мәдени, әлеуметтік, тіптен саяси тұрғыдан көмек бере алып отырған жоқ. Ол қытай, Ауғанстан, Тәжікістан, Өзбекстан. Түркіменстан елдеріндегі қазақ диаспорасының жағдайынна белгілі болып отыр. 2002 жылы Өзбекстанның, Еуропа қазақтарының құрылтайлары болып өтті. Дегенмен, ол елдердегі қазақ диаспорасының күрделі мәселелері (тіл бойынша, әлеуметтік мәселелер, көші-қон бойынша) әлі шешімін таппаған күйінде.
Қазақ диаспорасының өкілдеріндегі құндылықтар жүйесі әр түрлі елдерде алуан сипатта көрініс беретіні де табиғи нәрсе.Сондықтан Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы арасындағы өзара қатынастарды терең танып-білу үшін құндылықтық деңгейдегі әр қилы байланыстық сипаттамаларды қарастыру қажеттілігі бар. Оларды төрт түрге бөлуге болады: генетикалық, құрылымдық, қызметтік және факторлық байланыстар.
Гентикалық өзара байланыс.
Генетикалық жағынан қазақ халқы біртұтастанған екені белгілі. Дәстүрлі қоғам кезеңінде шартты түрде үш жүзге бөлінген қазақ халқы қожа, төре, сунақ, төлеңгіт және т.б. сол сияқты шағын этникалық топтарды құрылымына кіргізгенмен өзінің этникалық келбетін ХХІ ғасырға дейін бірыңғай күйде сақтап келгені белгілі. Дәстүрлік, тілдік, антропологиялық, мәдени өзара алшақтық онша көп байқалмайды. Қытай мен Моңғолиядағы, кейін Үндістан, Ауғанстан, Иран, Түркия, содан кейін Еуропаға ауысқан қазақтар негізінен «Найман», «Керей» руларынан болса, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстандағы қазақтар Кіші жүздің «Тама», «Табын», «Адай», «Алшын», «Керейт» және т.б. руларының өкілдерін құрайды. Сондықтан қазақ диаспорасының Қазақстан Республикасындағы қандастарымен генетикалық байланыс, ұқсастық өте тереңде жатыр. Тек оған кейбір түзетпе енгізетін құбылыс некелердің көбеюі мен ұлттық нигилизмнің, ассимиляцияның көрініс беруі жатады.
Құрылымдық өзара байланыс.
Бұл байланыс этникалық «Менді» негізгі компоненттері болатын құрылымдық салалар мен бағыт-бағдарлардың ұқсастығы мен айырмашылығы арқылы анықталады. Этникалық «Менге»-тілдік, діндік, ділдік, мәдени, саяси жүйелік, дәстүрлік, дүниетанымдық қатынастарды жатқызуға болады.
Міне, сондықтан құрылымдық байланысты нығайту дегеніміз – тілді, мәдениетті, руханилықты, діни негіздерді, тұлға еркіндігін қоғамда үйлесімді дамыту болып табылады.
Қызметтік өзара байланыс.
Бұл өзара қатынастар негізінен социумдық деңгейдегі адамдардың күнделікті қажеттілігінен туындайтын мүдделерінен туындайды. Олардың экономикалық, шаруашылық, саяси, мәдени, ақпараттық, тұрмыстық сипаттары басым. Қазіргі нарықтық қатынастар адамдардың әрбір байланыстан прагматистік тиімділікті іздете бастады. Қазақ диаспорасының өкілдерімен байланыстың нығая түсуі екі жаққа бірдей тиімді пайдалы экономикалық қатынастарды өрбіту үстінде. Шет елдерде өмір сүріп, әр түрлі кәсіптің басын ұстап жүрген қандастарымыз туған жермен арадағы қатынасты экономикалық тиімділік деңгейіне дейін көтеру мақсатын қоюда.
Ерекше иаңыздылығы бар нәрсе әр түрлі мамандықты игерген, жоғарғы деңгейдегі біліктілігі бар мамандардың елімізге қоныс аударып келгеннен кейін өз қабілетін халық игілігіне жұмсауы болып табылады.
Факторлы өзара байланыс.
Бұл қатынастар көбінесе қоғамдағы кенеттен болатын өзгерістердің нәтижесінде пайда болды және құрылымдық байланыстардың алдын алатын құбылыс. Мемлекеттің геосаяси бағдары өзгеруіне байланысты құндылықтық бағдарларға өзгеріс еніп, бұрынғы деректер мен процестерге жаңаша баға беріледі. Мәселен, Кеңес Одағы кезеңінде Мұстафа Шоқай тұлғасы ұлтшылдық айдарына ілініп, Еуррпадағы қазақтарға деген көзқарас та теріс болған болатын. Қазақстан Республикасы егемендікке қол жеткізуі арқасында бұл стереотиптік түсініктер бұзылып, олардың объективті түрде бағалануына мүмкіндіктер пайда болады. Оған қозғаушы күш болған қоғамның демократиялана түсуі, тоталитаризмнің күйреуі еді.
