Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдана силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.09 Кб
Скачать

Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті

«Бекітілді»

Филология, тарих және құқық факультетінің деканы

____________ С.Т.Тайманов

« ______ » ________________ 201__ж.

Силлабус

Модуль №21 :«Телерадиожурналистика»

KPTK / RXDT 3305

Радиохабар даярлау технологиясы

Мамандығы

5В050400-журналистика

Курс, семестр (күзгі немесе көктемгі)

ІІІ курс, 6 семестр (күндізгі)

Оқыту тілі

Қазақ

Кредит саны

3

Пән статусы (міндетті, таңдау)

Таңдау

Лектор зертханалық сабақты беретін оқытушы

Зертханалық сабақты беретін оқытушы

Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы, баспа ісінің магистрі., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87018610875), e-mail: asyakuz.abdrazakova_75@mail.ru, каб. 306. 1-оқу ғимараты.

Нұрғазиева Айдана, педагогика ғылымдарының магистрі., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87026151425, e-mail:aidunia_92_92 @mail.ru каб. 306. 1-оқу ғимараты.

Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана

№1 оқу ғимараты, 306, 115 дәрісханалар

Силлабусты дайындаған: А.Қ.Әбдіразақова, А.Нұрғазиева

Силлабус Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № ___ «__»___________ 201___ жыл.

Кафедра меңгерушісі: Ғ.Ә.Тұяқбаев

Силлабус Филология, тарих және құқық факультетінің гуманитарлық мамандықтар бағыты бойынша Академиялық кеңесі мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № ____ «__»___________ 201___ жыл.

Академиялық кеңес төрағасы: ________________________________

Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Радиохабар даярлау технологиясы» таңдау курсының мақсаты – журналистің ақпарат алуы мен оны таратуындағы мақсат-міндеттері, ізденістері мен бағыты, қоғамда орын алған оқиғаларды талдап, қоғамдық пікір туғызудағы рөлін анықтау.

Курстың міндеті:

-радиожурналистиканың табиғаты мен өзіне тән ерекшеліктерін, құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары жайында толыққанды мәлімет ұсыну;

-радиожурналистиканың тарихи кезеңдерін, қазіргі заман аясындағы тенденциясын баяндау және келешегі туралы тұжырым жасау;

-эфирдегі сөйлеу техникасын меңгеру;

-дыбыс жазу технологиясымен таныс болу;

-микрофон түрлері мен ерекшеліктерін түсіну;

-радиохабар жасаудың методикасымен танысады;

-радиожурналистика саласының теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын;

-радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің ерекшеліктерін;

-радиарналардың құрылымдық сипаты мен жұмыс жүйесінің шығармашылық тәсілдерін;

-радиожурналистика саласының талаптары мен ережелерін үйретеді;

-радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстырады.

Тәжірибе жүзінде студент:

Бақ жүйесіндегі радиожурналистиканың орны мен рөлін түсініп, радиоэфирде сөз бостандығын пайдалану, мүмкіндіктері мен кәсіби шығармашылықты шыңдау әдістерін меңгеруге, ақпараттық ресурстардың құрылымы мен технологиялық тәсілдерін игеруге, радиобағдарламалардың кәсіби деңгейін бағалап, сараптама жасауға, радионың ақпарат кеңсітігіндегі қазіргі заманғы проблемаларына талдау жасап, өзіндік қорытынды ой айтып, пікір білдіруге дағдылануы тиіс.

Пәннің нысандары: бұқаралық ақпарат құралдарының тігінділері мен материалдары, мұрағат деректері, интернет материалдары, радиоарналардағы осы жанрдағы бағдарламалар т.б.

Пәнді оқыту әдістері: дәстүрлі әдістер, сындарлы оқыту теориясы, сыни тұрғыдан жазу мен ойлауды дамыту бағдарламасы, модульдік технология.

«Радиохабар даярлау технологиясы» курсы сөйлеу мәдениеті, саясаттану, өнертану,, экономика, әдебиеттану, психология, құқық т.б. ғылым салаларымен тығыз байланысты.

«Радиохабар даярлау технологиясы» курсының оқу жоспарында бекітілген сағат көлемі – 3 кредит (135 сағат). Пәннің мазмұны тақырыпқа толық сәйкес келеді.

Пререквизиттер: 1. Қазақ журналистикасының тарихы

2. Журналистикаға кіріспе

3. Телерадиожурналистика

4. Қазақ журналистикасының функциялары мен жанрлық

пішіндері

Постреквизиттер: 1. Мамандану

2. Публицистің шығармашылық шеберханасы

3. Журналистік шеберлік сыныбы