Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прогр. пед практики-АРГУ.каз..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.2 Кб
Скачать

Практика жетекшісінің міндеті

Педагогикалық практиканың жетекшісі кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Практика жетекшісінің негізгі міндеттері:

  • Магистранттармен бірлесе отырып практиканың тапсырмасын жасайды;

  • Практиканың мақсаты мен міндетін, оның бағдарламасын және есебін жазудың формасын, практика есебін рәсімдеудің негізгі талаптарын түсіндіреді;

  • Магистранттың оқу міндеттемелері көлемін анықтау;

  • Сабақтардың мазмұны мен құрылымы бойынша сұрақтарға кеңес беру және сабақтың жоспарын бекітеді;

  • Әдістемелік қамтамасыз етудің жұмыстарына кеңес беру;

  • Практика бойынша тапсырманы қалыптастыруға қатысу және практиканың нәтижелерін бағалау.

Тапсырма практика жетекшісімен құрылады, ол практиканың мақсатымен, магистранттың дайындық ерекшелігімен сәйкестендіріледі. Тапсырма магистранттың практика бағдарламасын орындау бойынша жеке жоспарды дайындаудың негізі болып табылады.

Магистранттың міндеті

Педагогикалық практика барысында магистрант міндетті:

  • Практиканың бекітілген мерзімі қатаң сақталуы тиіс;

  • Күнтізбелік жоспарға сәйкес практиканың бағдарламасын орындау;

  • Практика жетекшісімен тұрақты түрде кездесіп отыру және ағымдағы жұмыстар жөнінде хабарлап отыру;

  • Белгіленген мерзімде педагогикалық практиканың есебін дайындап үлгеру және оны қорғау.

Магистранттың педагогикалық практикасы аяқталған болып табылады, егер барлық талаптарға сай белгіленген уақытта аяқталған болса.

Практика есебінің құрылымы

Магистрант практиканың қорытындысы бойынша келесідей құрылымда практика есебін дайындау қажет:

1педагогикалық практика бойынша тапсырма;

2) күнтізбелік жоспар (практика күнделігі);

4) практика тапсырамасына сай оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;

Құжаттарды рәсімдеу кезінде магистрант құжаттардың дұрыс рәсімделуіне үлкен мән беруі қажет

- магистранттың күнтізбелік жоспары педагогикалық практика тапсырмасына негізделіп орындалуы тиіс және оның орындалғандығы жөнінде белгі болуы шарт;

- өткізілген пәндерге сәйкес оқу-әдістемелік құжаттамада оқытушылардың қолы болуы шарт;

- практиканың есебінде магистранттың педагогикалық практикаға арналып жасалған жеке жоспары мен тапсырманың орындалғандығы жөнінде барлық жұмыстар бейнеленуі тиіс.

«Оқу-әдістемелік жұмысы» бөлімінде талдаудың барлық нәтижелері кқрсетілуі қажет: стандарттың бағыты, оқу жоспары, пәннің жұмыс бағдарламасы, сабақ.

«Оқу жұмысы» бөлімінде сабақтың сценариі, өткізілген сабақтың өзін-өзі талдау нәтижелері келтірілуі қажет.

«Ұйымдық-тәрбие жұмысы» бөлімінде төменгі курс студенттеріне арналған іс-шаралардың сипатын бейнелеу.

Педагогикалық практиканың есебі қажетті құжаттармен практика жетекшісіне тапсырылады. Барлық құжаттар компьютерлік бағдарламада толтырылып, рәсімделіп жинақталуы тиіс.

Практика бойынша есебін қорғау

Практиканың есебін тапсыру мен қорғаудың мерзімін күнтізбелік жоспарға сәйкес кафедрада бекітеді. Есебін қорғау кафедрада бекітілген комиссия мүшелерінің алдына көпшілікте қорғалауы қажет.

Практика нәтижесін қорғау барысында магистрант атқарылыған жұмыстарды, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды және ұсыныстарды баяндайды.

Педагогикалық практика бойынша қорғалған есеп бағаланып, ведомостьке тіркеліп, сынақ кітапшасына қойылуы міндетті.