Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+11. Зертханалы сабатара дістемелік нсаулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Әдебиеттер тізімі

  1. Физическая химия. Учебник А.Г.Стромберг, Д.П.Семченко. под.ред. Стромберга – 4-еизд., испр. – М.,Высшая школа, 2001 – 527с.

  2. Симбинова К.Ж., Дюсекенова С.Р., Байсанова Ш.З. «Физико-химический анализ диаграмм состояния»: Методическое пособие по курсу «Физическая химия» для студентов химических, металлургических и технологических специональностей ВУЗов – Актобе: АГУ им. К.Жубанова, 2004. -152 с.

  3. Андреев Л.А., Астахов М.В., Бокнштейн Б.С. и др. Физическая химия: лаб. практикум. – М.: Изд. Дом МИСиС, 2011. – 126 с.

  4. Симбинова К.Ж., Байсанова Ш.З., Дюсекенова С.Р. «Термодинамика и кинетика растворов». Методическое пособие по выполнению лабораторного практикума по курсу «Физическая химия» для студентов химических, металлургических и технологических специальностей ВУЗов- Актобе: РИО Актюбинского государственного университета им. К.Жубанова, 2004г.-173с.

№3 Зертханалық жұмыс

Тасымалдау санын жылжымалы шекара әдісімен анықтау

Зертханалық жұмыстың мақсаты: Тасымалдау санын жылжымалы шекара әдісімен танысу. Сутегі иондарының тасымалдау санын анықтау.

Кілт сөздер: тасымалдау саны, жылжымалы шекара әдісі.

Материалдар, аспаптар және реактивтер:

1. Жылжымалы шекараны анықтайтын қондырғы, тұрақты ток көзі, реостат.

2. HCl ерітіндісі, метилоранж, дистилденген су.

Қауіпсіздік техникасы:

  1. Жұмыс істер алдында барлық аспаптардың дұрыстығына көз жеткізу қажет.

  2. Зертханада халатсыз жұмыс істемеу керек, жеке заттарды зертханалық столдарға қоймай, арнайы тағайындалған орындарға қою қажет.

  3. Зертханалық жұмыс кезінде ас, су ішуге болмайды.

  4. Жұмысқа арналған әрбір ребелсендің, аспаптың, склянканың және құрылғылардың өздерінің арнайы тұрақты орны болуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін қондырғыны бастапқы қалпына келтіру керек, қондырғының барлық бөлшектерін орнына қойып, ыдысты жуу қажет.

Теориялық бөлім

Электролит ерітінділерінен тұрақты электр тоғы өткенде электр тасымалы әр түрлі жылдамдықтармен қарама-қарсы бағытта қозғалатын оң және теріс иондармен жүргізіледі.

Электр тасымалындағы иондардың қатысу үлесі тасымал саны немесе ионның салыстырмалы жылдамдығы деп аталады.

Бинарлы электролит үшін катион тасымалының саны анықталады:

(1)

Анион үшін:

(1)

мұндағы катион немесе анион арқылы тасымалданған электр тоғының шамасы.

ерітіндіден өткен электр тоғының жалпы шамасы.

(2)

онда (3)

Иондардың қозғалыс жылдамдығы арқылы тасымал саны келесідей анықталады:

немесе (4)

мұндағы и - кернеулігі 1в/см болатын электр өрісіндегі катиондар мен аниондардың қозғалыс жылдамдығы, яғни иондардың абсолют қозғалыстары.

Иондардың қозғалыс жылдамдығының айырмашылығы катод пен анодтағы электролит концентрациясының өзгерісінің айырмашылығымен байланысты. Егер - анодтағы электролит шығыны және - катодтағы электролит шығыны деп белгілесек, онда

, (5)

Тасымал санын анықтаудың дәл нақты әдісі қозғалмалы шекара әдісі (Сур.1). Кадмийлі аноды (төменде) және платиналы катоды (жоғарыда) бар жіңішке вертикал құбырда біртекті анион және әр түрлі катионы бар екі электролиттің ерітінділері жанасады деп алайық. Қарастырылатын тәжірибеде (төменде) және (жоғарыда) жұмыс жасаймыз.

Электр тоғы болмағанда шекара электролиттердің өзара диффузиясы әсерінен тез жойылады. Егер алдыда келе жатқан катионның қозғалмалылығы жоғары болса, онда тоқ өткенде кезде шекара шайылмайды.

- кадмий иондарына қарағанда сутегі иондары жоғары жылдамдыққа ие.