Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+11. Зертханалы сабатара дістемелік нсаулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы

Әрбір студент жеке жазбаша есептеме жазып көрсетеді. Есептеме сауатты, тиянақты толтырылуы керек.

Жазбаша есептеменің соңғы түрінде диаграмманың анализі және әдеби мәліметтер кесте немесе диаграмма түрінде келтірілуі керек.

Қорытынды

Қорытындыда шектеулі түрде еритін көпкомпонентті жүйенің ерігіштігінің ерекшелігін көрсету.

Жұмысқа жіберілу сұрақтары:

      1. Жұмыстың мақсаты қандай?

      2. Жұмыстың жүру жолы қандай?

      3. Жұмысты орындау барысында қандай ерекшеліктерді сақтау қажет?

      4. Ерігіштіктің кризистік нүктесі нені білдіреді?

Бақылау сұрақтары:

1-нұсқа

1. Физикалық мағынасы: фаза, гетерогенді жүйе, ерітінді, параметрлер, канода, варианттылық

2. Қазіргі заманғы әдіспен құрамды анықтау.

3. Ерітінділерді ерігіштігі бойынша жіктеу.

4. Конденсацияланған жүйе үшін Гиббстің фазалы ережесі.

5. Үшкомпонентті жүйе диаграммасын тұрғызу ерекшеліктері.

2-нұсқа

1. Физикалық мағынасы: компонент, гомогенді жүйе, ерігіштік, еркінділік дәрежесі, фазалық тепе-теңдік

2. Гиббс және Розебом әдістерімен құрамды анықтау.

3. Ерітінділерді шектеулі түрде ерігіштігі бойынша жіктеу.

4. Гиббстің фазалар ережесі – жалпы заң

5. Үшкомпонентті жүйе диаграммасын талдау ерекшеліктері.

Блиц - тест:

1. Гиббс әдісі арқылы құрамды қалай анықтайды?

a) Анықталатын компонент шыңына қарама-карсы жағына түсірілген биіктіктер кесінділері арқылы

b) Концентрациялы үшбұрыштың ішіндегі кесінділер арқылы

c) Зерттеліп отырған нүктеден үшбұрыштың жақтарына түсірлігнен түзулер кесінділері арқылы

d) Зерттеліп отырған нүктеден үшбұрыштың шыңдарына түсірлігнен түзулер кесінділері арқылы

e) Зерттеліп отырған нүктеден үшбұрыш жақтарының орталарына түсірілген түзулер кесінділері арқылы

2. 3 компонентті жүйенің жазық диаграммасында балқыманың бір ізді кристалдануын қалай анықтауға болады?

a) Зерттелетін нүкте және үшбұрыштың төбесі арқылы өткізілген түзу кесіндісінің қос эвтектика сызығымен қиылысқанша , содан соң осы сызық бойымен

b) Зерттелетін нүктенің изотермаларға қатысты жағдайы бойынша

c) Зерттелетін нүктеден екілік эвтектика сызығына дейін жүргізілген және сол сызық арқылы жүргізілген биіктік кесіндісі арқылы

d) Үшбұрыштың табанына параллель екілік эвтектика сызығына дейін жүргізілген және сол сызық арқылы жүргізілген сызық арқылы

e) Жазық диаграммада балқыманың кристалдануын анықтауға болмайды

3. Концентрациялық үшбұрыштың ішінде жататын нүктелер неше компоненттерден тұрады?

a) 3

b) 2

c) 1

d) 0

e) 4

4. Жазық диаграммадағы нүктенің орналасуы бойынша нені анықтауға болады осы нүктені толық сипаттау үшін?

a) Фазалар санын, табиғатын және құрамын

b) Фазалардың санын және құрамын

c) Фазалардың санын және құрамын, еркіндік дәрежесін

d) Еркіндік дәрежесін, фазалар санын

e) Еркіндік дәрежесін, кристалданудың температурасын және бір ізділігін

5. Фаза деген не? Фаза – бұл:

a) Физико-химиялық қасиеттері бірдей гетерогенді жүйе бөліктерінің жиынтығы

b) Интенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі

c) Экстенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі

d) Экстенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі

e) Интенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі

Глоссарий:

              1. Эвтектикалық айналу – сұйық ерітіндіден эвтектикалық ұсақ кристалдарының түзілу үдерісі.

              2. Эвтектоидтық айналу – қатты ерітіндіден эвтектиканың ұсақ кристалдарының түзілу үдерісі.

              3. Перитектикалық айналу– аралық берік емес қосылыстың сұйық балқыма және артық компоненттің кристалдарына ыдырау үдерісі.

              4. Перитектика – аралық берік емес қосылыс кристалдарының сұйық балқымамен және артық компоненттің кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы.

              5. Перитектоид – екі қатты ерітіндінің бір жаңа ерітіндінің кристалдық құрылысымен тепе-теңдік қоспасы.

              6. Монотектика – артық компоненттің кристалдары бар екі қаныққан сұйық ерітіндінің және бір қанықпаған сұйық ерітіндінің тепе-теңдік қоспасы.