Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+11. Зертханалы сабатара дістемелік нсаулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Тәжірибелік бөлім

    1. Ыдыстар мен реактивтер:

Титрлеу үшін конус тәрізді 25 мл колба – 8 түйір

Микробюретка – 2 түйір

5 мл бөлінген пипетка – 4 түйір

Сұйықтар: ацетон, этил спирті, метил спирті, уксус қышқылы, бензол, толуол, ксилол және төртхлорлы көміртегі

    1. Тәжірибе әдістемесі:

2.1. Титрлеу үшін құрғақ колбалар даярлап, мұғалімнің нұсқауы бойынша кестеде көрсетілген проценттік көлемде қоскомпонентті А және В қоспасын жасауға кірісеміз.

Колба номері

Компоненттер өлшемі, %

Бастапқы компоненттер, мл

Қоспадағы С компонентінің мөлшері, %

A

B

A

B

D

1

30

70

2

45

55

3

60

40

4

70

30

5

80

20

6

85

15

7

90

10

8

95

5

Әрбір колбадағы А және В мөлшерін олардың қосындысы 5 мл болатындай етіп есептеу керек. Мысалы, ерітінді 1 дайындау үшін А компонентін А: және В компонентін В: етіп алу керек және әрі қарай бұл мәліметтер кестеге толтырылады.

Бұдан соң жұмыстың негізгі бөлімі орындалады, яғни әрбір қоспа тұнба түзілгенше микробюреткадан сумен титрленеді.

Бірінші колбадағы қоспа үшін бір-екі тамшы су жеткілікті, сондықтан титрлеуді колбаны жиі шайқай отырып, ақырын тамшылатып жүргізу керек.

Шығындалған су мөлшерін кестеге толтырамыз /С, мл/.

Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу

    1. Есептеу әдістемесі.

Су миллилитрлерін проценттік көлемде үшкомпонентті жүйеге келтіріп, қайта есептеу теңдеуі:

Есептеу мәліметтерін кестенің соңғы бағанын толтыру керек.

    1. Диаграмма тұрғызу әдістемесі.

Миллиметрлік қағазға қабырғаларының ұзындығы 10 см кіші емес тең қабырғалы үшбұрыш тұрғызу. Графикке нүктелерді салу үшін АВ қабырғасындағы А мен В қоспаларының 1-ден 8-ге дейінгі әртүрлі проценттік құрамына сәйкес келетін нүктелерді үшбұрыштың D төбесіне қосамыз. Үшбұрыштың биіктігін тең 10 бөлікке бөлу үшін судың проценттік көлемдерін осы түзулер бойына белгілеу керек және осы нүктелер арқылы АВ қабырғасына параллель түзулер жүргіземіз. АВ қабырғасында судың құрамы 0 %, ал әрбір келесі соризонталь су құрамының 10% өсуіне сәйкес келеді.

Графиктегі әрбір нүктені қосу арқылы В-дан D-ға және А-ға дөңес бағытталған қисық сызықты аламыз.

    1. Диаграмманы талдау.

    1. Графиктегі гомогенді, гетерогенді аймақтарды және ерудің кризистік температурасын көрсету, яғни барлық аймақты фазалар бойынша жазу, диаграмманың түзулері мен нүктелерінің қызметін жазу.

    2. Диаграмманың барлық аймағы, қисығы, нүктелері үшін Гиббстің фазалар ережесін қолданып еркінділік дәрежесі санының мәндерін анықтау.

    3. Диаграммаға тән нүктелерге толық талдау жасау.

    1. Әдебиет анықтамасынан компоненттердің өзара ерігіштігі жөніндегі мәліметтерді тауып, алынған нәтижелермен салыстыру. Әдебиет мәліметтерін кесте және диаграмма түрінде көрсету.

Жеке тапсырма варианттары

Вариант №

A

B

D

1

Ацетон

Бензол

Су

2

Ацетон

Толуол

Су

3

Ацетон

Ксилол

Су

4

Ацетон

Төртхлорлы көміртегі

Су

5

Уксус қышқылы

Бензол

Су

6

Уксус қышқылы

Толуол

Су

7

Уксус қышқылы

Ксилол

Су

8

Уксус қышқылы

Төртхлорлы көміртегі

Су

9

Этил спирті

Бензол

Су

10

Этил спирті

Толуол

Су

11

Этил спирті

Ксилол

Су

12

Этил спирті

Төртхлорлы көміртегі

Су

13

Метил спирті

Бензол

Су

14

Метил спирті

Толуол

Су

15

Метил спирті

Ксилол

Су

16

Метил спирті

Төртхлорлы көміртегі

Су