Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+11. Зертханалы сабатара дістемелік нсаулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Әдебиеттер тізімі

  1. Физическая химия. Учебник А.Г.Стромберг, Д.П.Семченко. под.ред. Стромберга – 4-еизд., испр. – М.,Высшая школа, 2001 – 527с.

  2. Симбинова К.Ж., Дюсекенова С.Р., Байсанова Ш.З. «Физико-химический анализ диаграмм состояния»: Методическое пособие по курсу «Физическая химия» для студентов химических, металлургических и технологических специональностей ВУЗов – Актобе: АГУ им. К.Жубанова, 2004. -152 с.

  3. Андреев Л.А., Астахов М.В., Бокнштейн Б.С. и др. Физическая химия: лаб. практикум. – М.: Изд. Дом МИСиС, 2011. – 126 с.

  4. Симбинова К.Ж., Байсанова Ш.З., Дюсекенова С.Р. «Термодинамика и кинетика растворов». Методическое пособие по выполнению лабораторного практикума по курсу «Физическая химия» для студентов химических, металлургических и технологических специальностей ВУЗов- Актобе: РИО Актюбинского государственного университета им. К.Жубанова, 2004г.-173с.

№9 Зертханалық жұмыс

Үшкомпонентті жүйенің ерігіштік диаграммасы

Зертханалық жұмыстың мақсаты: Шектеулі түрде еритін үшкомпонентті сұйық жүйедегі фазалық тепе-теңдік теориясын өз бетінше оқып үйрену. Сұйықтардың бір-бірінде толықтай және ішінара еруін зерттеу тәжірибесімен танысу. Тәжірибелік мәліметтер арқылы ерігіштікті тәжірибелік анықтау. Әдебиет мәліметтерінің сәйкес келетінін іздеу және олардың тәжірибе нәтижелерімен ұқсастығын талдау.

Кілт сөздер: Курнаков пирометрі, канода, эвтектика

Материалдар, аспаптар және реактивтер:

1. Конус тәрізді колбалар, микробюреткалар, бөліктері бар пипеткалар

2. Ацетон, этил спирті, метил спирті, сірке қышқылы, бензол, толуол, ксилол, төрт хлорлы көміртегі

Қауіпсіздік техникасы:

  1. Жұмыс істер алдында барлық аспаптардың дұрыстығына көз жеткізу қажет.

  2. Зертханада халатсыз жұмыс істемеу керек, жеке заттарды зертханалық столдарға қоймай, арнайы тағайындалған орындарға қою қажет.

  3. Зертханалық жұмыс кезінде ас, су ішуге болмайды.

  4. Жұмысқа арналған әрбір ребелсендің, аспаптың, склянканың және құрылғылардың өздерінің арнайы тұрақты орны болуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін қондырғыны бастапқы қалпына келтіру керек, қондырғының барлық бөлшектерін орнына қойып, ыдысты жуу қажет.

Теориялық бөлім

Егер жүйеде үш компоненттің екеуі бір-бірінде шектеулі түрде ерісе, ал үшінші компонент оларда шексіз ерісе, онда үшіншісінің қосылуы әдепкі екі компоненттің өзара ерігіштігін гомогенді жүйе түзілгенше жоғарылатады. Үшкомпонентті жүйеде тұрақты температурада сұйықтардың өзара ерігіштігі жүйенің құрамына қалай тәуелді болса, температураға да солай тәуелді. Бұл жағдайда тәуелділік үш өлшемді диаграмманы көрсетеді. Диаграмма табанындағы үшбұрыш тұрақты температурада үшкомпонентті жүйе құрамын көрсетеді және концентрациялық үшбұрыш деп аталады. Оның төбелері A, B, D таза компоненттеріне сәйкес келеді. Төбелерді қосатын қабырғаларда үшбұрыштың төбелерінде жатқан заттардан түзілген екі компонентті жүйе құрамы көрсетіледі. Үшбұрыштың ішінде орналасқан барлық нүктелер үшкомпонентті жүйенің құрамын көрсетеді. Жүйедегі әрбір компоненттің проценттік үлесі неғұрлым көп болса, соғұрлым нүкте сәйкес төбеге жақын орналасады.

Үшкомпонентті жүйенің құрамын анықтаудың екі әдісі бар. Гиббс ұсынған әдісте тең қабырғалы үшбұрыштың биіктігі қолданылады. Бұл әдіс үшбұрыш ішіндегі кез келген нүктеден үшбұрыш қабырғаларына түсірілген перпендикулярлардың ұзындықтарының қосындысы тұрақты шама және осы үшбұрыштың биіктігіне тең болатынына негізделген. Құрамды анықтау кезінде Гиббс үшбұрышының қасиеттерін қолданған орынды. Үшбұрыш төбесінен қарама-қарсы қабырғаға түсірілген кесінді осы қабырғада орналасқан компоненттердің тұрақты ара қатынасы мен нүктенің геометриялық орнын көрсетеді. Сонымен қатар, үшбұрыш қабырғаларының біріне параллель түзулер қарама-қарсы төбелерде орналасқан компоненттердің тұрақты құрамы мен нүктенің геометриялық орны болып табылады.

Розебом әдісі бойынша дұрыс үшбұрышты қабырларының ұзындығы қолданылады. Нүктеден үшбұрыш қабырғаларына параллель жүргізілген кесінділердің қосындысы жүйенің құрамын көрсетеді және үшбұрыш қабырғасына тең болады.

Бірге құйылған үш сұйықтық бір-бірінде өзара таралудың негізгі үш түрін беруі мүмкін (Сур.1)

Сур.1

  1. A, B және D заттары бір-бірінде ішінара араласқан сұйықтардың үш жұбын береді, яғни бірде-бірі келесісінде толықтай ерімейді.

  2. A, B және D заттары ішінен ішінара аритін тек екі жұп шығады.

  3. A, B және D заттары бір-бірінде ішінара араласқан сұйықтардың бір жұбын береді, ал қалған екі жұп кез келген қатынаста толық ериді.

Қазіргі жұмыста үшінші түрдегі жүйе зерттеледі.