Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+11. Зертханалы сабатара дістемелік нсаулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Тәжірибелік бөлім

        1. Тәжірибе үшін жұмысшы келесі пропорциялардағы арнайы араластырғыштармен және термометрлармен жабдықталған және нафталин мен фенол құрамды алты арнайы ыдыс алынады.

№ п/п

Нафталин С,%

Фенол С,%

1

100

0

2

80

20

3

60

40

4

40

60

5

20

80

6

0

100

2. Қоспалары бар алты ыдыс плиткамен жылытылатын суы бар химиялық стақанға салынады.

3. Қоспа кез-келген ыдыста балқығанда, оны шығарып және температураны өлшеуге кіріседі. Әр өлшеу алдыңда қоспаны араластырып, санауды әрбір 30 секунд сайын жасайды. Бірінші кристаллдардың пайда болуын белгілеп, араластыруды тоқтатады, бірақ температураның санауын 1,6 ыдыстардың толық қатуына дейін жалғастырады. 2,3,4,5 ыдыстардағы температураның бақылауын бөлме температурасына дейін жүргізеді. Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізеді.

100% Н

80%H+20%Ф

60%Н+40%Ф

40%Н+60%Ф

20%Н+80%Ф

100%Ф

уақыт,

мин

t°С

уақыт,

мин

t°С

уақыт,

мин

t°С

уақыт,

мин

t°С

уақыт,

мин

t°С

уақыт,

мин

t°С

0,00

0,5

1,0

1,5

және т.с.с.

Тәжірибе нәтижелерін өңдеу

1. Жүргізілген бақылау негізінде алты салқындау қисығын тұрғызады.

2. Салқындау қисықтары бойынша балқығыштық диаграммасы тұрғызылады.

3. (11) теңдеу бойынша балқымадағы 90, 70, 50% құрайтын осы компоненттің нафталин белсенділігін есептейді. Оның балқу жылылығы 19022,6Дж/моль-ге тең. Содан соң 20% нафталин бар балқыма үшін, (9) теңдеу бойынша фенолдың балқу жылылығын есептейді.

Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы

Әрбір студент жеке жазбаша есептеме жазып көрсетеді. Есептеме сауатты, тиянақты толтырылуы керек.

Жазбаша есептеменің соңғы түрінде барлық есептеулер шығарылуы керек. Салқындату қисықтары және «нафталин-фенол» диаграммасы «құрам-температура» координатасында қарындашпен сызылуы керек. «Су-фенол» диаграммасы «құрам-температура» координатасына миллиметрлік қағазға қарындашпен сызылуы керек.

Қорытынды

  1. Диаграмма ерекшелігін, қай типке жататынын атау.

  2. Жылу эффектісі және белсенділіктің есептеу нәтижелерін беру.

Жұмысқа жіберілу сұрақтары:

  1. Жұмыстың мақсаты қандай?

  2. Таза зат кристталлизациясының ерекшелігін графикалық түрде көрсетіңіз.

  3. Таза заттың кристаллизациясы қай кезде аяқталады?

  4. Қоспалардың кристаллизациясы қай кезде аяқталады?

  5. Қоспалар кристталлизациясының ерекшелігін графикалық түрде көрсетіңіз.

  6. Қоспалардағы эвтектика кристаллизациясының ерекшелігін графикалық түрде көрсетіңіз.

  7. Нафталинның 20% нафталин бар қоспадағы моль санын анықтаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1-нұсқа

1. Физикалық мағынасын атаңыз: гомогенді жүйе, фаза, компонент, перитектика, канода

2. Гиббс фазасының ережесі – фазалық тепе-теңдіктің жалпы заңы.

3. Таза заттар қалай кристаллизацияланады және ол немен түсіндіріледі?

4. Қоспалар қалай кристаллизацияланады және ол немен түсіндіріледі?

5. Канода бойынша нені анықтауға болады?

6. Зерттелінді жүйе диаграммасының анализін беріңіз.

7. 4-ші типті диаграмма анализін беріңіз.

2-нұсқа

1. Физикалық мағынасын атаңыз: гетерогенді жүйе, еркіндік дәрежесі, эвтектика, энтальпия, диаграмма.

2. Конденсацияланған жүйе үшін Гиббс фазасының ережесі.

3. Ерітінділер қалай кристаллизацияланады және ол немен түсіндіріледі?

4. Эвтектика қалай кристаллизацияланады және ол немен түсіндіріледі?

5. Эвтектикалық кідіріс ұзақтығы неге байланысты?

6. Зерттелінді жүйе диаграммасының анализін беріңіз.

7. 5-ші типті диаграмма анализін беріңіз.

Блиц - тест:

1. Сұйық және қатты күйде толық ерігіштіктің геометриялық белгісін атаңдар

a) Кисықсызықты ликвидус және солидус сызықтары бірінші компоненттің температуралық осіндегі бір нүктеден шығып, екінші компоненттің осінде қиылысады

b) ликвидус және солидус сызықтары қисық

c) ликвидус және солидус қисық сызықтары бір бірімен қиылысады

d) ликвидус және солидус қисық сызықтары бір бірімен қиылыспайды

e) ликвидус және солидус сызықтары түзу

2. Тұрақсыз аралық қосылыстың геометриялық белгісін атаңдар

a) Егер аралық қосылыстың температуралық осі перитектика сызығына тірелетін болса

b) Егер ликвидус және солидус сызықтары жанасатын болса

c) Егер аралық қосылыстың температуралық осі ликвидус сызығына тірелетін болса

d) Егер аралық қосылыстың температуралық осі эвтектика сызығына тірелетін болса

e) Егер қисықсызықты ликвидус және солидус сызықтары бірінші компоненттің температуралық осіндегі бір нүктеден шығып, екінші компоненттің осінде қиылысатын болса

3. Екі компонентті жүйедегі фазалардың максимальді саны неге тең?

a)

b)

c)

d)

e)

4. Перитектика деген не? Перитектика деп ... айтады

a) Балқыма мен артық компоненттің кристалдарының аралық тұрақсыз қосылыстың кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы

b) Балқыманың артық компоненттің кристалдарымен қоспасы

c) Балқыма мен артық компоненттің кристалдарының аралық тұрақты қосылыстың кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы

d) Балқыма мен артық компоненттің кристалдарының аралық қатты ерітіндінің кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы.

e) Балқыма мен артық компоненттің кристалдарының аралық қатты ерітіндімен тепе-теңдік қоспасы

5. Екі компонентті жүйенің эвтектикалық нүктесінде қандай фазалар орналасады?

a) Сұйық балқыма және екі қатты фаза

b) Қатты фаза және екі сұйық фазалар

c) үш қатты фаза

d) үш сұйық фаза

e) Екі сұйық фаза

6. Фаза деген не? Фаза – бұл:

a) Физико-химиялық қасиеттері бірдей гетерогенді жүйе бөліктерінің жиынтығы

b) Интенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі

c) Экстенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі

d) Экстенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі

e) Интенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі

7. Жүйенің компоненті деген не? Жүйенің компоненті деп ... аталады

a) Берілген жүйенің барлық фазаларын қайта өндіру үшін қажетті және жеткілікті химиялық қосылыстардың санын

b) Жүйенің химиялық қосылыстары

c) Әр түрлі фазаларда орналасатын химиялық қосылыстар

d) Берілген жүйенің әр түрлі фазаларын қайта өндіру үшін қажетті жеке химиялық қосылыстарды

e) Заттың ең ұсақ бөлінбейтін бөлшегі

8. Еркіндік дәрежесі деген не? Еркіндік дәрежесі деп ... параметрлер санын айтады

a) өзгеру кезінде фазалық тепе-теңдік ығыспайтын

b) Еркін өзгертуге болатын

c) өзгеру кезінде фазалар саны өзгермейтін

d) өзгеру кезінде фазалар табиғаты өзгермейтін

e) Өзгеру кезінде фазалық тепе-теңдік ығысатын

Глоссарий:

              1. Эвтектикалық айналу – сұйық ерітіндіден эвтектикалық ұсақ кристалдарының түзілу үдерісі.

              2. Эвтектоидтық айналу – қатты ерітіндіден эвтектиканың ұсақ кристалдарының түзілу үдерісі.

              3. Перитектикалық айналу– аралық берік емес қосылыстың сұйық балқыма және артық компоненттің кристалдарына ыдырау үдерісі.

              4. Перитектика – аралық берік емес қосылыс кристалдарының сұйық балқымамен және артық компоненттің кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы.

              5. Перитектоид – екі қатты ерітіндінің бір жаңа ерітіндінің кристалдық құрылысымен тепе-теңдік қоспасы.

              6. Монотектика – артық компоненттің кристалдары бар екі қаныққан сұйық ерітіндінің және бір қанықпаған сұйық ерітіндінің тепе-теңдік қоспасы.