- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Зертханалық сабақтарға әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
- •Жұмысты орындау кезінде келесі ережелерді қатаң қадағалау керек:
- •Физика-химиялық өлшемдердің (параметрлердің) дәлдігін анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін математикалық өңдеу
- •Физикалық химияда графикалық және аналитикалық әдістердің қолданылуы
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Список литературы
- •Ацетонды иодтау реакциясының жылдамдық тұрақтысын және белсендіру энергиясын анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Т әжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме беру түрі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тасымалдау санын жылжымалы шекара әдісімен анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмыстың орындалуы бойынша есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Гальваникалық элементтердің электр қозғаушы күшін өлшеу жолымен белсенділік коэффициентін анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім Потенциометрде жұмыс істеу
- •Тәжірибе барысы
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Ерітінділердің беттік керілісін және «ерітінді-ауа» шекарасындағы адсорбцияны анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Әр түрлі температуарадағы судың беттік керілуі
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметерді өңдеу
- •Зерханалық жұмысты орындағаны туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Сутегі қос тотығының каталитикалық айырылуының кинетикасы
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •«Нафталин-фенол» екі компонентті жүйесінің ерігіштік диаграммасы
- •Теориялық бөлім
- •Салқындату қисықтары
- •Күй диаграммасы
- •Балқығыштық диаграммасы
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Үшкомпонентті жүйенің ерігіштік диаграммасы
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
Тәжірибелік бөлім
Эксперимент үшін фенол және су қоспасы бар алты дәнекерленген шыны пробирка бар. Ерітінділердің екі қабаты келесі құрамда болады:
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
% |
12 |
20 |
30 |
40 |
50 |
60 |
Пробиркалар сымды ұстағыштарда бекітілген. Треножникке қойылған суы бар стақанға, штативке бекітілген термометр салынады. Стаканның артына жарық бергіш орнатылады.
Лампаны қосқаннан кейін, бірінші пробирканы суға салады және суды баяу қыздыра бастайды. Сұйықтықтың тұнуын болдыртпай, пробирканы жиі сілкиді.
Пробиркадағы сұйықтық тұнық, біртекті болғанда, яғни гомогенизация жүргендегі температураны белгілейді және қыздырғышты қалдырады, аздаған уақыттан соң су және пробирка түтігінің ішіндегісі салқындай бастайды, және қоспа лайланады, қаббатану, гетерогенизация жүреді, сондай-ақ лайлану температурасын белгілейді.
2 белгіленген температураның орташасы қабаттану температурасы болып саналады.
Тәжірибені қалған бес қоспамен қайталайды.
Барлық тәжірибе берілгендері 1 кестеге енгізіледі.
1-кесте
Пробирка № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Фенол % салмағы |
12 |
20 |
30 |
40 |
50 |
60 |
|
Температурасы, 0С |
Гомогенизация |
|
|
|
|
|
|
Гетерогенизация |
|
|
|
|
|
|
|
Орташа |
|
|
|
|
|
|
|
Тәжірибе нәтижелерін өңдеу
Тәжірибе берілгендері бойынша «құрам-температура» координатасымен «су-фенол» жүйесінің ерігіштік диаграммасын тұрғызу.
Диаграмма аймақтарын фаза бойынша жазу.
Диаграмманың сызықтарының және айырмашылық нүктелерінің міндетін сипаттау.
Гиббс фазасының ережесі бойынша айырмашылық талдау.
Екі нүктені канода бойынша талдау.
Критикалық температураны және диаграмманың критикалық нүктесінің құрамын анықтау.
Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
Әрбір студент жеке жазбаша есептеме жазып көрсетеді. Есептеме сауатты, тиянақты толтырылуы керек.
Жазбаша есептеменің соңғы түрінде диаграмма Гиббс ережесімен, канода және кристалдану реттілігі бойынша талдануы керек. «Су-фенол» диаграммасы «құрам-температура» координатасына миллиметрлік қағазға қарындашпен сызылуы керек.
Қорытынды
Зерттелген жүйенің диаграммасының ерекшелігін және критикалық температураның мағынасын атау.
Бақылау сұрақтары:
1-нұсқа
Физикалық мағынасын атаңыз: ерігіштік, қаныққан ерітінді, гетерогенді жүйе, фаза, еркіндік дәрежесі
Гиббс фазасының ережесі – фазалық тепе-теңдіктің жалпы заңы.
Жүйелер ерігіштік бойынша қалай классификацияланады?
Жоғарғы критикалық температурадан ерігіштік жүйелерін атаңыз.
Алексеевтың ерігіштік теориясы.
Зерттелінді диаграмманың толық анализін беріңіз.
Төменгі критикалық температурадан ерігіштік диаграммасының анализін беріңіз.
2-нұсқа
Физикалық мағынасын атаңыз: ерітінді, критикалық температура, гомогенді жүйе, компонент, ликвация
Конденсацияланған жүйелер үшін Гиббс фазасының ережесі.
Канода бойынша нені анықтауға болады?
Төменгі критикалық температудан ерігіштік жүйелерін атаңыз.
Менделеевтің ерігіштік теориясы
Зерттелінді диаграмманың толық анализін беріңіз.
Жоғарғы критикалық температурадан ерігіштік диаграммасының анализін беріңіз
Блиц - тест:
1. Фаза деген не? Фаза – бұл:
a) Физико-химиялық қасиеттері бірдей гетерогенді жүйе бөліктерінің жиынтығы
b) Интенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі
c) Экстенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі
d) Экстенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі
e) Интенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі
2. Жүйенің компоненті деген не? Жүйенің компоненті деп ... аталады
a) Берілген жүйенің барлық фазаларын қайта өндіру үшін қажетті және жеткілікті химиялық қосылыстардың санын
b) Жүйенің химиялық қосылыстары
c) Әр түрлі фазаларда орналасатын химиялық қосылыстар
d) Берілген жүйенің әр түрлі фазаларын қайта өндіру үшін қажетті жеке химиялық қосылыстарды
e) Заттың ең ұсақ бөлінбейтін бөлшегі
3. Еркіндік дәрежесі деген не? Еркіндік дәрежесі деп ... параметрлер санын айтады
a) өзгеру кезінде фазалық тепе-теңдік ығыспайтын
b) Еркін өзгертуге болатын
c) өзгеру кезінде фазалар саны өзгермейтін
d) өзгеру кезінде фазалар табиғаты өзгермейтін
e) Өзгеру кезінде фазалық тепе-теңдік ығысатын
4. Егер еркіндік дәрежесінің саны 0-ге тең болса, жүйе қандай жағдайда болады?
a) Жүйе фазалар санымен табиғатын өзгерте алалмайды
b) Жүйенің бір да бір сипаты фазалар санының өзгерісісіз өзгермейді
c) Жүйе ортамен энергия алмасуға түсе алмайды
d) Фазалар саны өзгермей әрбір фазадағы сыртқы параметрлер мен концентрация өзгермейді
e) Еркіндік дәрежесі бойынша жүйе күйін сипаттауға болмайды
5. Фазалық тепе-теңдіктің шарттарын атаңдар
a) Фазалардың саны мен табиғатының тұрақтылығы
b) Фазалар санының тұрақтылығы
c) Фазалар табиғатының тұрақтылығы
d) Фазалар саны мен олардың сандық қатынасының тұрақтылығы
e) Фазалардың сандық қатынасының тұрақтылығы
6. Сұйық және қатты күйде толық ерігіштіктің геометриялық белгісін атаңдар
a) Кисықсызықты ликвидус және солидус сызықтары бірінші компоненттің температуралық осіндегі бір нүктеден шығып, екінші компоненттің осінде қиылысады
b) ликвидус және солидус сызықтары қисық
c) ликвидус және солидус қисық сызықтары бір бірімен қиылысады
d) ликвидус және солидус қисық сызықтары бір бірімен қиылыспайды
e) ликвидус және солидус сызықтары түзу
7. Тұрақсыз аралық қосылыстың геометриялық белгісін атаңдар
a) Егер аралық қосылыстың температуралық осі перитектика сызығына тірелетін болса
b) Егер ликвидус және солидус сызықтары жанасатын болса
c) Егер аралық қосылыстың температуралық осі ликвидус сызығына тірелетін болса
d) Егер аралық қосылыстың температуралық осі эвтектика сызығына тірелетін болса
e) Егер қисықсызықты ликвидус және солидус сызықтары бірінші компоненттің температуралық осіндегі бір нүктеден шығып, екінші компоненттің осінде қиылысатын болса
8. Екі компонентті жүйедегі фазалардың максимальді саны неге тең?
a)
b)
c)
d)
e)
9. Перитектика деген не? Перитектика деп ... айтады
a) Балқыма мен артық компоненттің кристалдарының аралық тұрақсыз қосылыстың кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы
b) Балқыманың артық компоненттің кристалдарымен қоспасы
c) Балқыма мен артық компоненттің кристалдарының аралық тұрақты қосылыстың кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы
d) Балқыма мен артық компоненттің кристалдарының аралық қатты ерітіндінің кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы.
e) Балқыма мен артық компоненттің кристалдарының аралық қатты ерітіндімен тепе-теңдік қоспасы
10. Екі компонентті жүйенің эвтектикалық нүктесінде қандай фазалар орналасады?
a) Сұйық балқыма және екі қатты фаза
b) Қатты фаза және екі сұйық фазалар
c) үш қатты фаза
d) үш сұйық фаза
e) Екі сұйық фаза
Глоссарий:
Эвтектикалық айналу – сұйық ерітіндіден эвтектикалық ұсақ кристалдарының түзілу үдерісі.
Эвтектоидтық айналу – қатты ерітіндіден эвтектиканың ұсақ кристалдарының түзілу үдерісі.
Перитектикалық айналу– аралық берік емес қосылыстың сұйық балқыма және артық компоненттің кристалдарына ыдырау үдерісі.
Перитектика – аралық берік емес қосылыс кристалдарының сұйық балқымамен және артық компоненттің кристалдарымен тепе-теңдік қоспасы.
Перитектоид – екі қатты ерітіндінің бір жаңа ерітіндінің кристалдық құрылысымен тепе-теңдік қоспасы.
Монотектика – артық компоненттің кристалдары бар екі қаныққан сұйық ерітіндінің және бір қанықпаған сұйық ерітіндінің тепе-теңдік қоспасы.
