- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Зертханалық сабақтарға әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
- •Жұмысты орындау кезінде келесі ережелерді қатаң қадағалау керек:
- •Физика-химиялық өлшемдердің (параметрлердің) дәлдігін анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін математикалық өңдеу
- •Физикалық химияда графикалық және аналитикалық әдістердің қолданылуы
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Список литературы
- •Ацетонды иодтау реакциясының жылдамдық тұрақтысын және белсендіру энергиясын анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Т әжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме беру түрі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тасымалдау санын жылжымалы шекара әдісімен анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмыстың орындалуы бойынша есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Гальваникалық элементтердің электр қозғаушы күшін өлшеу жолымен белсенділік коэффициентін анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім Потенциометрде жұмыс істеу
- •Тәжірибе барысы
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Ерітінділердің беттік керілісін және «ерітінді-ауа» шекарасындағы адсорбцияны анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Әр түрлі температуарадағы судың беттік керілуі
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметерді өңдеу
- •Зерханалық жұмысты орындағаны туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Сутегі қос тотығының каталитикалық айырылуының кинетикасы
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •«Нафталин-фенол» екі компонентті жүйесінің ерігіштік диаграммасы
- •Теориялық бөлім
- •Салқындату қисықтары
- •Күй диаграммасы
- •Балқығыштық диаграммасы
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Үшкомпонентті жүйенің ерігіштік диаграммасы
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
Зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Физикалық химия зертханасында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техника қауіпсіздік ережелерін қатаң орындау қажет және оқытушының нұсқауларына мұқият болу керек.
Бір қатар зертханалық жұмыстардың орындалуы оңай тұтанатын сұйықтықтарды, коюланған қышқылдарды және сілтілерді, сонымен қатар улы электролиттерді қолданумен тығыз байланысты.
Қатты қышқылдар мен сілтілер көзге тиіп кетсе көз көрмей, ал теріге тисе күйіп қалулары мүмкін. Қышқылдардың, сілтілердің, хромдық ангидридтердің ерітінділері және т.б. киімге тисе, ол пайдаға аспай қалады.
Жұмысты орындау кезінде келесі ережелерді қатаң қадағалау керек:
Зертханада халатсыз жұмыс істемеу керек, жеке заттарды зертханалық үстелдің үстіне қоймай, арнайы бөлінген орынға қою қажет;
Зертханада жұмыс істеу кезінде тамақ және су ішпеу керек;
Әрбір реактивтің, аспаптың және жұмыста қолданылатын басқа заттардың өзінің тұрақты орындары болу керек. Жұмысты аяқтағаннан кейін қондырғыны бастапқы қалпына келтіріп қою керек, барлық қондырғыға қажетті құрал-жабдықтарды өз орнына қою керек, ыдысты жуу керек.
Қысқа уақытқа да химиялық реактивтерді, әр түрлі сыналатын заттарды, жуатын суларды, этикеткасыз ерітінділерді оларға арналмаған жерлерде тастап кетпеу керек, себебі бұл келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін.
Жеңіл тұтанатын заттарды (ЖТЗ), органикалық еріткіштерді - бензин, бензол, ацетон, эфир және т.б. – ашық оттан қорғау керек. үлгілерді майсыздандыру кезінде осы еріткіштердің аз мөлшерін қолдану керек және бірден шыны ыдысты тығынмен жабу керек;
Хромдық электролит, қоюландырылған қышқылдарды және сілтілерді қолданумен байланысты жұмыстарды тек арнайы желдеткішпен жабдықталған тартып алатын шкафтарда орындау керек.
Ерітіндіні ыдыстан ыдысқа құйған кезде воронкаларды қолдану керек және сұйықтақты төгіп алмау керек; воронкаларды, мензуркаларды, өлшеуіш цилиндрлерді қолданып болған соң краннан ағып жатқан сумен шайып алу керек;
Пипеткаға улы заттарды алған кезде резиналық алмұртты қолданған дұрыс, пипеткаға ерітінділерді ауыз арқылы алуға қатаң тийым салынады. Осы ережелерді дұрыс орындамау ауыр күйіктерге және улануларға алып келуі мүмкін.
Ешқашан да заттың дәмін көруге немесе колбаның, стаканның немесе басқа ыдыстың ауызына мұрынды жақындатып, оның иісін анықтауға болмайды. Затты иісі бойынша айыру үшін ашық тұрған ыдыстан 0,2 - 0,3 м қашықтықта түру керек және қолды қағу арқылы сұйықтың буын мұрынға жақындату керек;
Қышқылдардың немесе олардың қоспаларының ерітінділерін дайындаған кезде қорғайтын көзілдірікті қолданған жөн. Сонымен қатар шашырауды болдырмау үшін ауыр сұйықтықты одан да жеңілге құюға (қышқылды суға, күкірт қышқылын азот қышқылына, т.б.), ыстық қышқылды немесе сілтіні ыстық сумен араластыруға мүлдем болмайды, себебі бұл кезде сұйықтықтың ыдыстан үлкен тасуы байқалады.
үстел үстіне немесе еденге төгілген сұйықтықты бірден құрғақ шүберекпен сүрту керек, содан соң қолға резиналық қолғап киіп дымқыл шүберекпен сүрту керек.
Күшті қышқылдарды (азот қышқылы, моногидрат, олеум және т.б.) үлкен шыны ыдыстан кішкене шыныға сифонның көмегімен құю керек;
Қышқылдар және сілтілермен күйген кезде, мүмкіндігінше күйген жерлерді таза су ағысымен тез (10 -15 минут аралығында) жуу керек. Егер сілті тисе, терінің күйген бөлігін сірке қышқылының әлсіз 3% - тік ерітіндісімен залалсыздандыру керек, ал киімге тиген қышқыл шашырандыларын аммоний гидроқышқылымен, ал сілті ерітінділердің шашырандыларын сірке қышқылының 2 н ерітіндісімен залалсыздандырады;
Теріге тиген хромды электролиттің тамшыларын тез арада сумен жуу керек; егер қоңыр дақтар пайда болса, оларды спирт пен тұз қышқылының бір бөліктерінен және судың екі бөлігінен тұратын ерітіндімен жуу керек;
Күйіктің алдын алу үшін жалаңаш қолмен суымаған тигельдерді, үлгілерді және т.б. үстамау керек;
Электрлік рубильниктерді (127, 220 В) дымқыл қолмен қосуға қатаң тиым салынады;
Электржабдықтар және жұмыс жасау барысында ұшқын беретін аспаптар (мысалы, өткізгіш сымның үзілуі кезінде, қысқаша тұйықталу кезінде) мөлдір материалдан жасалған экранмен изоляциялануы керек. Аспап жұмыс істеп тұрған кезде экранды алуға болмайды;
Барлық кездейсоқ оқиғалар туралы оқытушыға тез арада айту керек;
19. Зертхана зардап шегушілерге алғаш көмек көрсету үшін пайдаланылатын керекті медикаменттері бар дәрі-дәрмек салынған қобдишамен жабдықталу керек.
№1 Зертханалық жұмыс
