Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+11. Зертханалы сабатара дістемелік нсаулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Тәжірибелік бөлім

Жұмыста ванадий бестотығының қатысуымен сутегі қостотығының ыдырау жылдамдығын реакцияның басынан бастап әр түрлі уақыт аралығында бөлінетін оттегінің көлемі бойынша анықтайды.

1. Тәжірибені бастамас бұрын құрғатылған реакциялық түтікшені 1 сұлба бойынша жалғайды және жүйенің гермитикалығын тексереді. Бұл үшін жүйенің ішіндегі қысымды атмосфералық қысымға келтіреді: сұйықтық бетіндегі кеңістік шышы түтікпен 1 және атмосферамен байланысты ету үшін бюреткадағы 2 және теңестіретін шыны сауыттағы 3 сұйықтықтың ерікті биіктігін теңестіріп, шүмекті 5 бірнеше рет бұрайды. Бюретканы атмосфермамен байланыстырып бюретканы бекітпе сұйықтықпен (сумен) жоғарғы шкалаға дейін толтыратындай етіп шыны сауытты 3 көтереді, кейін шүмекті 5 айналдырады, бюретканы реакциялық түтікпен 1 байланыстырады және шыны сауытты 3 бюретка биіктігінің төрттен бір бөлігіне дейін түсіреді. Егер жеткілікті герметикалық пен қамтамасыз етілсе, бюреткадағы бекітпе сұйықтықтың деңгейі бірнеше минуттың ішінде төмендемеуі керек.

2. Зерттелетін ерітіндіні дайындау үшін 2-ші кесте бойынша оқытушының көрсетуімен Н2О2 көлемін тамызғышпен өлшейді; өлшегіш колбада 50 мл сұйылту және мұқият араластыру керек (1 кесте).

3. Реакциялық түтікшеге катализатордың навескасын орналастырады (1 кесте, жұмыстың нұсқасы, оқытушының көрсетуі бойынша).

4. Кейін 20 мл зерттелетін сутегі қостотығын құяды және реакциялық түтікшені қондырғымен байланыстырады.

5. Шүмекті 5 1-2 мин ашық ұстайды (реакциялық түтікшіден оттегіден бөлінетін ауаны шығаруы үшін).

6. Реакциялық түтікшені 1 газ бюреткасымен 2 байланыстырады. Бюреткадағы және теңестіретін түтікшедегі 3 сұйықтықтың деңгейін теңестіреді, алғашқы өлшемдерді жүргізу; бюретка бойынша деңгейді және уақытты жазып алу керек.

7. Бюреткадағы және теңестіретін түтікшедегі сұйықтықтың деңгейін үздіксіз тұрақты ұстап, бюреткадағы көлем әрбір 2 минут сайын өлшейді.

8. Кейін реакциялық түтікшені қайнап тұрған су моншасына орналастырады және қостотық толық ыдырағанша (30 мин жуық) ұстайды.

Бюреткадағы газдың деңгейі өзгермей қалса, реакция аяқталды деп саналады. Сулы моншада қайнау кезінде теңестіруші түтікшені өте жоғары деңгейде ұстайды.

9. Сутегінің қос тотығы толық ыдырағаннан кейін реакциялық түтікшені ауада 25-30 минут бөлме температурасына дейін салқындатады. Бюреткадағы және теңестіруші түтікшедегі сұйықтықтың деңгейі тең болған кезде бюреткадағы сұйықтықтың деңгейін өлшейді.

Нәтижелерді үлгі бойынша кестеге енгізу керек:

Тәжірибенің температурасы ________________

Катализатордың массасы, г ___________

Сутегі қостотығының көлемі, мл _______

1-кесте.

Нұсқалар

1

2

3

4

Катализатордың массасы (мг)

Н2О2 көлемі , мл

0,1

4

0,2

3

0,3

2

0,4

1

2-кесте

.

Реакция басталғаннан кейінгі уақыт, мин.

Бюреткадағы сұйықтықтың деңгейі, мл.

Бөлінетін газдың көлемі. см3,

Реакцияның жылдамдығы

(теңдік бойынша)

Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу кезінде реакцияның басталу уақыты болып үшінші өлшем (бекітілген тәртіп жағдайында) алынады.

Тәжірибелік мәліметтерді өңдку

Тәжірибелік мәліметтер бойынша тәуелділік графиктері тұрғызылады:

  1. бойынша әртүлі уақыт аралығындағы реакцияның жылдамдығы жанамалардың тангенс бұрышы бойынша анықталады.

4)

Соңғы екі графикті реакцияның реттілігін анықтау үшін қолданады. Реакцияның жылдамдық тұрақтысын графикалық және аналитикалық анықтайды

– барлық сутегінің қостотығы ыдырағанна кейін (Н2О2 қайнағаннан кейін) бөлінетін оттегінің көлемі.