Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+11. Зертханалы сабатара дістемелік нсаулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Тәжірибелік бөлім

1. Үш белгімен белгіленген құрылғы құбырын метилоранжбен боялған 0,05Н НСl ерітіндісімен толтырады.

2. Құрылғы тұрақты электр тоғы көзіне қосылады.

3. Реостат көмегімен 3 mA тоқ күші орнатылады және тәжірибе соңына дейін тұрақты болып сақталады.

4. Тоқ әсерінен сутегі иондары катодтың бағытына қарай қозғалады және анодта еритін кадмий Cd иондарымен алмастырылады. Анодқа ілесетін ерітінді нейтрал болады және метилоранж түсін өзгертеді. Уақыт өтуімен шекара жоғарыға қозғалады. Шекара төменгі «а» белгісіне сәйкес келген кезде секундомер қосылады.

5. Шекара «b» және «d» белгісіне келгенде секундомер көрсеткіштері жазылады.

6. Сосын секундомерді сөндіріп, құрылғыны тоқ көзінен ажыратады.

Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу

1. «а» және «в» белгілері арасындағы көлем ,ерітінді концентрациясы , ал белгілер арасындағы шекараның өту уақыты болса, онда осы көлемдегі және уақыты ішінде «в» қимасынан өткен HСl г-экв саны, сәйкесінше сутегі иондарының г-экв саны ( ) мынаған тең болады:

2. Фарадей санына F көбейтіп, сутегі иондарымен тасымалданған электр тоғы шамасын алады:

3. Бұл кезде электр тоғының жалпы шамасы:

4. Онда катион тасымалының саны:

5. (3) теңдіктен анион тсымалының саны:

Зертханалық жұмыстың орындалуы бойынша есептеме формасы

Әр студент жеке жазбаша есептеме дайындайды. Есептеме тиянақты орындалуы тиіс. Соңғы түрінде жазбаша есептемеде барлық есептеулер болу керек.

Қорытынды

Қорытындыда тасымал санының мәндеріне есептеу мәліметтерін теориямен салыстыра отырып талдау жасау.

Жұмысқа жіберілу сұрақтары:

  1. Жұмыстың мақсаты қандай?

  2. Жұмыстың орындалу реті қандай?

  3. Жұмыстағы кулонометрдің мәні қандай?

  4. Жұмыста тасымалдау санын анықтаудың қандай негізгі заңдылығы қолданылады?

Бақылау сұрақтары:

1-нұсқа

  1. Физикалық ұғымдарды атаңыз: электролит; меншікті электрөткізгіштік; жылжымалылық; Фарадей саны; тасымалдау саны

  2. Фарадейдің бірінші заңының формуласын және тұжырымдамасын атаңыз.

  3. Катодта қандай реакция жүреді?

  4. Электродтағы электролиттің азаюы қалай анықталады?

  5. Электролит мөлшерінің азаюы бойынша тасымалдау саны қалай анықталады?

  6. CuSO4 ерітідісі арқылы 0,15 А ток өткізіледі. Егер электролит кесіндісі арқылы 30 минут ішінде мыстың 3,4.1020 иондары өтсе, Cu2+ қанша саны тасымалданады.

2-нұсқа

  1. Физикалық ұғымдарды атаңыз: ион; эквивалентті электрөткізгіштік; абсолютті жылжымалылық; химиялық эквивалент; электролиз

  2. Фарадейдің екінші заңының формуласын және тұжырымдамасын атаңыз.

  3. Иондардың жылдамдығы және жылжымалылығын анықтаудың заңдылығы қандай?

  4. Анодта қандай реакция жүреді?

  5. Жылжымалы шекара әдісімен иондарды тасымалдау саны қалай анықталады?

  6. HСl ерітіндісіндегі сутегінің тасымалдау саны жылжымалы шекара әдісімен анықталды. 0,003 А ток күшінің әсерінен шекара 0,16 см3 көлемге 5 мин ішінде өтті. Сутегі ионының тасымалдау саны қанша?

Блиц - тест:

        1. Бинарлы электролит үшін катионның тасымалдау саны қалай анықталады:

        1. Анионның тасымалдау саны қалай анықталады:

3. Массаберілу коэффициенті дегеніміз не?

a) Концентрация реагенттері бірге тең болғандағы реагенттер жылдамдығы

b) Концентрацияның бірлік өзгерісі кезінде реагенттер массасының тасымал жылдамдығы

c) Уақыт бірлігінде реагенттер массасының тасымалы

d) Гетерогенді үрдіс барысындағы реагенттер массасының тасымал жылдамдығы

e) Реакцияласушы аймаққа реагенттердің жеткізілу және шығарылып алу жылдамдығы

4. Массаберілу деген не? Массаберілу деп ... процесін айтады

a) Гетерогенді процестер барысында реагенттердің реакциялық зонаға тасымалдау

b) Реакциялық зонадағы реагенттер концентрацияларының өзгеру

c) Реагенттер массасының өзгеру

d) Ағыс арқылы реагенттерді тасымалдау

e) Жылулық қозғалыс арқылы реагенттерді тасымалдау

5. Массаберілу коэффициенті қалай есептеледі?

Глоссарий:

              1. Масса берілу – молекулалық және конвективті диффузия есебінен реагенттер массаларының тасымалдану үдерісі.

              2. Сыртқы масса берілу – реагент ағынымен жүргізілетін масса берілу.

              3. Ішкі массаберілу – молекулалық диффузия есебінен жүзеге асырылатын масса тасымалдану.

              4. Масса берілу коэффиценті – диффузиялық қабатта концентрация градиенті 1-ге тең болғандағы молекулалық диффузияның жылдамдығы.