- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Зертханалық сабақтарға әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
- •Жұмысты орындау кезінде келесі ережелерді қатаң қадағалау керек:
- •Физика-химиялық өлшемдердің (параметрлердің) дәлдігін анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін математикалық өңдеу
- •Физикалық химияда графикалық және аналитикалық әдістердің қолданылуы
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Список литературы
- •Ацетонды иодтау реакциясының жылдамдық тұрақтысын және белсендіру энергиясын анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Т әжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме беру түрі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тасымалдау санын жылжымалы шекара әдісімен анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмыстың орындалуы бойынша есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Гальваникалық элементтердің электр қозғаушы күшін өлшеу жолымен белсенділік коэффициентін анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім Потенциометрде жұмыс істеу
- •Тәжірибе барысы
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Ерітінділердің беттік керілісін және «ерітінді-ауа» шекарасындағы адсорбцияны анықтау
- •Теориялық бөлім
- •Әр түрлі температуарадағы судың беттік керілуі
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметерді өңдеу
- •Зерханалық жұмысты орындағаны туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Сутегі қос тотығының каталитикалық айырылуының кинетикасы
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •«Нафталин-фенол» екі компонентті жүйесінің ерігіштік диаграммасы
- •Теориялық бөлім
- •Салқындату қисықтары
- •Күй диаграммасы
- •Балқығыштық диаграммасы
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибе нәтижелерін өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •Үшкомпонентті жүйенің ерігіштік диаграммасы
- •Теориялық бөлім
- •Тәжірибелік бөлім
- •Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу
- •Зертханалық жұмысты орындау туралы есептеме формасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
|
|
КАФЕДРА |
МЕТАЛЛУРГИЯ |
|
|
ФАКУЛЬТЕТ |
ТЕХНИКАЛЫҚ |
|
|
|
|
|
|
|
|
GUTK 3204 Гетерогенді үдерістердің термодинамикасы мен кинетикасы |
пәнінен |
||
|
(код және пән атауы) |
|
|
5В070900 - «Металлургия» |
мамандығының күндізгі оқу бөлімінің III курс |
||
(шифр және мамандық атауы) |
|
||
студенттеріне арналған |
|||
Зертханалық сабақтарға әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулар
Ақтөбе, 2015 ж.
Орындаушылар
техн. ғыл. магистрі, оқытушы |
|
|
|
Абілберікова А.А. |
|||
қызметі, бөлімі |
|
қолы |
|
аты-жөні |
|||
|
|
|
|
|
|||
« |
|
» 2015 ж. |
|
||||
Кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № |
|
|
« |
|
» 2015 ж. |
Жауапты орындаушы
«Металлургия» каф. меңг., доцент |
|
|
|
Жумагалиев Е.У. |
|||
қызметі, бөлімше |
|
қолы |
|
Т.А.Ә. |
|||
|
|
|
|
|
|||
« |
|
» 2015 ж. |
|
||||
Алғы сөз
Гетерогенді үрдістердің термодинамикасы мен кинетикасы курсының негіздерін зерделеу 5В070900 - «Металлургия» мамандығы бойынша инженер және ғылыми кадрларды кешенді теориялық, практикалық және ғылыми зерттей дайындаудың негізгі элементі болып табылады.
Берілген жұмыс студенттердің физикалық химия зертханасындағы өзіндік жұмысының оқу – әдістемелік нұсқауының ұйымдастыруы болып табылады. Зертханалық жұмыстарды орындау үдерісінде студент өлшеудің жаңа құралдарымен оларды қолданудағы практикалық дағдыны үйренуге мүмкіндік алады. Бұдан басқа әдебиетпен, стандарттармен өзіндік жұмыс жасаудағы дағды қатайып, кеңейеді, тәжірибелік зерттеудегі әдеттер, дағдылар пайда болады, оқып жатқан курс бойынша теориялық білімді баянды етіп, нақтылайды және зерттеу жұмысындағы, техникалық құжаттарды дайындаудағы, сызу мен есептеудегі әдеттерді дамытады.
Студенттер бақылау сұрақтарына және жұмысты орындар алдындағы сұрақтарға жауап беруге дайындық барысында, сонымен қатар өзара пікір алмасу және оқытушыдан кеңес алуда өз ойларын үйлесімді және дұрыс жеткізуге, орындалған жұмыстың нәтижесін түсіндіруге үйренеді. Жұмысты дайындау және орындау барысында студенттер тәжірибелік зерттеулерді дұрыс ұйымдастырудағы дағдыға ие болады, өлшеу әдістемесін меңгереді, тәжірибені орындауда қателіктерді таба білу және тәжірибе жүргізу аспаптарымен жұмыс істеуді, оларды тексеруді, қалпына келтіруді және пайдалануды үйренеді.
Әрбір зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауында берілген жұмысты орындау алдындағы сұрақтары мен бақылау сұрақтары студенттің зертханалық жұмысты орындауға дайындығының дәрежесін және жұмыстағы зерттелетін сұрақтарды түсіну тереңдігін көрсетеді. Бақылау сұрақтарының бір бөлігіне студент зертханалық практикум материалынан нақты жауап таба алмайтындай етіп құралған. Студент оған жауапты оқылған материалдың себеп-салдар байланысын талдау әдістері арқылы терең түсініп өзі табуы тиіс.
Сонымен, берілген жұмыстың мақсаты мына дағдыларды қалыптастыру болып табылады:
оқу және анықтама әдебиеттер бойынша өз бетімен жұмыс істеуі;
зерттеу жұмысы;
зерттеу жұмыстарын сауатты аналитикалық және графикалық безендіру;
жұмыс нәтижелері бойынша қорытындыны тұжырымдау.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БАРЫСЫНДА
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Берілген зертханалық практикум физикалық химия курсын оқыту кезіндегі студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін арналған әдістемелік оқулық болып табылады.
Практикумдағы жұмыстың көлемі мен құрылымы зертханалық жұмыстың 2 академиялық сағат ішінде толық орындалу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей таңдалған. Сонымен қатар оқытушы құрастырған календарлық жоспарға сәйкес зертханалық жұмыстың орындалу графигін міндетте түрде басшылыққа алу қажет.
Студент кезекті зертханалық сабаққа алдын – ала кафедра зертханасындағы берілген пән бойынша жұмыстардың әдістемелік нұсқауларымен дайындалып келуі қажет.
Студент зертханалық жұмысқа мазмұны төмендегідей болатын дәптер беттерінен тұратын жұмыс журналын дайындау керек:
Сыртқы беті (формасы келтірілген)
Жұмыстың мақсаты
Берілген жұмыста зерттелетін негізгі заңдылықтар мен есептелетін формулалары көрсетілетін қысқаша теория.
Пункттер бойынша жұмысты жүргізу барысы
Қондырғының (суреті) схемасы (егер ол қажетті болса)
Тәжірибелік мәліметтерді жазу үшін кесте
Тәжірибелік мәліметтерді өңдеуге қойылатын талаптар
Жұмысқа жіберілу сұрақтары және бақылау сұрақтары
Сабақта студент зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алады. Жұмасқа рұқсат берудің мақсаты – жұмыс қаншалықты ойланып, зер салынып жасалатындығын анықтау, сондықтан жұмыстың мақсатын, барысын және зерттелетін негізгі заңдылықтарын меңгеруі қажет. Рұқсат беруді - тікелей әнгімелесу немесе карточкалар бойынша сұрақ беру, немесе тестілік бақылау түрінде алуға болады. Зертханалық жұмысқа рұқсатты студент тек сол топта зертхана сабағын жүргізетін оқытушыдан алу қажет. Оқытушы рұқсатты беріп, сыртқы беттің тиісті жеріне қол қояды. Лаборант студентті осындай журналымен жұмыс істеуге жібереді. Егер студент белгілі жағдайларға байланысты қалып қойса немесе сабақ жіберіп алған болса, онда міндетті түрде зертханалық жұмысты қайта жасауы тиіс. Бұл жағдайда студент жұмыс жасауға рұқсатты өз оқытушысынан алып, кафедра бекіткен қосымша уақытта жұмысты жасауы тиіс. Бірақ бұл уақыт сабақ кестесіндегі басқа сабақтарды өткізу уақытына сәйкес келмеуі қажет.
Студент келесі жұмысқа алдынғы жұмысты тапсырмайынша жіберілмейді.
Келесі жұмысты жасауға жіберілмен студент сабақтан босатылмайды, ол зертханада жұмысқа дайындық үшін берілген оқытушының тапсырмаларын орындайды. Алдынғы екі жұмысты тапсырмаған студент келесі жұмысқа деканаттың рұқсатынсыз кіргізілмейді.
Студент жұмысты орындаған кезде алдымен қондырғыны жинап алып, тәжірибені жүргізу үшін барлығын дайындап қойғаннан кейін оны лаборантқа тексертіп алып барып жұмысқа кірісуі керек.
Тәжірибеден алынған көрсеткіштерді бірден жұмыс журналының таза кестелеріне белгілеп алуы тиіс. Тәжірибе көрсеткіштерінің кестесі оқытушымен қаралып, қол қойылуы қажет. Зертханалық сабақтың барысында тәжірибенің аяқталуына қарай тез арада есептеулерге кірісу ұсынылады, ол үшін есептеуіш машинаны пайдалану керек.
Жұмысты орындап болғаннан кейін студент лаборантқа қондырғыны тапсырып, жұмыс орнын толық реттеп, тазартып кетуі қажет.
Әрбір студент жеке жазбаша есеп беруі қажет. Есеп берудің мазмұны мен безендірілуі зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауларында келтірілген талаптарға сәйкес келуі қажет. Есеп беру сауатты, ұқыпты безендірілуі қажет.
Жазбаша есеп берудің соңғы түрінде барлық есептеулер және миллиметрлік қағазда қарындашпен орындалған графиктер болуы қажет.
Жазбаша есеп беру қорытындымен аяқталуы қажет, онда студент келесі мәселені шешеді: берілген зертханалық жұмыс бойынша оның алдына қойылған міндеттерді тәжірибе жасау барысында және есептеулер бойынша қалай орындағанын көрсетеді.
Зертханалық жұмысты қабылдау сабақ кестесінде белгіленген уақытта қабылданады.
