Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сулет нері, дизайн.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150.19 Кб
Скачать

8. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:

Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша тоқуға, сырмақ сыруға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» , «Гүл ашқан алма» , «Менің Отаным» , «Қапшағай ГЭС –І» сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

Оқушылардың білімін тексерудегі қолданылатын тест жұмыстары

1 Қай сөз атау септікте тұр?

А) мүсін

В) суретшімен

С) кескінге

Д) қатырманың

Е) мұқабаға

2 Қандай сұраулық шылау жазылуы тиісті?

Қолданбалы графикаға жата…?

А) пе

В) ме

С) ма

Д) ба

Е) бе

3 Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой.

Суреттер кітап ... деп аталады.

А) графикасы

В) мақсат

С) қағаз

Д) еңбек

Е) сауытты

4 Графика дегеніміз қай сөзден шыққан?

А) әр алуан

В) түрлі-түсті

С) сатып аламыз

Д) суретке саламын

Е) тең ортасынан

5 Жатыс септікте тұрған сөзді көрсет.

А) оттың

В) өнері

С) туындыға

Д) ұғым

Е) көрмеде

6 Келер шақта тұрған етістікті көрсет.

А) қолдану

В) бардың

С) сұрады

Д) ықпал ету

Е) анықтайсың

7 Мүсінші шығармасын неден жасайды?

А) судан ,құмнан , тұздан

В) тастан,мәрмардан, саздан

С) сөз, буын, сөйлем

Д) акварель, тушь ,гуашь

Е) бояу, гуашь, тушь

8 Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсет

А) суретшіге

В) суретпен

С) суретшісің

Д) суретім

Е) сурет

9 Бірінші жақта тұрған сөзді көрсет.

А) зерттеушімін

В) зерттеушілер

С) зерттеу

Д) зерттеуге

Е) зерттеушісің

10 Сан есімді көрсет.

А) елу

В) шешем

С) жаста

Д) әкем

Е) ағаш

11 «Отбасы » сөзі қай сөйлемде дұрыс жазылған.

А) Отанды сүю отбасынан басталады.

В) Отбасындағы адамдар отты өшірмейді

С) Адамдар уақытын отбасында, ошақ қасында өткізеді.

Д) Оттың жылуы кісілерді отбасына жинады.

Е) Отты өшірмеу отбасындағылардың міндеті болды.

12 Қай сөзде шығыс септігінің жалғауы бар?

А) қыл қалам

В) қаламұштан

С) сезім

Д) күйеге

Е) желіммен

13 Қарындашты кім ойлап тапты?

А) Д.Дидро

В) Н.Конте

С) И.Репин

Д) Ә.Ысмайлов

Е) Ә.Қастеев

14 Дұрыс аударылған сөйлемді көрсет.

Натюрморт - изображение мертвой природы.

А) Натюрморт - француз сөзі.

В) Натюрмортқа тұрмыстағы заттар жатады.

С) Натюрмортқа гүлдің, балықтың бейнелері жатады..

Д) Натюрморт - өлі табиғат бейнесі.

Е) Біз натюрморт жасадық.

15 «Табиғат » сөзінің аудармасын табыңыз.

А) понятие

В) природа

С) в быту

Д) картина

Е) система

16 Қай сөз қатары салыстырмалы шырайда тұр?

А) төмен, жоғары, жас..

В) биіктеу, жаңалау, ескірек.

С) үймен, бөлшекке,қатерлі..

Д) қауіпсіз,көшелер,талғамды, .

Е) қалалық,сапалы, негізгі.

17 Жұмбақтың шешуін тап.

Сарғайып отсыз піседі,

Үзіліп жерге түседі.

А) өрік.

В) гүл.

С) бесеу

Д) көктем

Е) қауын.

18 Табыс септігінде тұрған сөзді көрсет.

А) аңыздар

В) ауылға

С) ғарышқа

Д) көздері

Е) шеберді

19 «Қоршаған орта» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А) прикладное

В) наблюдение