Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сулет нері, дизайн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150.19 Кб
Скачать

11. Оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз, сын есімдерді белгілеңіз:

Жұмыс сапасына түстерді сауатты түрде қолдана білгенде ғана әдемі суретке қол жекткізе аламыз. Ол үшін түстік спектр шеңберіне тоқталып қасиеттерін білуіміз керек. Олар: негізгі , қосынды, ахроматикалық, хроматикалық, салқын, жылы, қосымша, контраст (қарама-қарсы) болып бөлінеді.

Негізгі түстерге - қызыл, сары, көк түстер жатады. Бұл түстер бояу қосындыларынан алынбайды. Қосынды түстер деп негізгі түстерді бір-біріне қосу арқылы алынатын түстерді айтамыз. Мысалы: сары мен көк түстерден жасыл, қызыл мен сары түстерден қызғылт сары түсті, көк пен қызыл түстерден сия көк түсті алуға болады.

Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ ,сұр, қара түстерінің реңдері жатады Хроматикалық түстерге - түрлі түстердің бәрі жатады. Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк-сары т.б.

Салқын түстер деп мұз, қар, су, аспан түстерін яғни көгілдір, көк, күлгін , көкшіл жасыл түстерін айтамыз. Жылы түстер деп күннің, оттың, қызған темірдің түстерін яғни сары, қызғылт - сары, сарғыш - жасыл, қоңыр түстерін жатқызамыз.

11-тәжірибелік сабақ

Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу.

Көркем өнер біздің ішкі дүниеміз бен жан-жүйемізге әсер етіп,

адамдық қалпымызды тәрбиелейді.

М.Әуезов

Пейзаж.

Пейзаж – француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж өнері әр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады. ХVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Голландия - Солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазыққа орналасқан ел . Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда болады.

Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.

Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін – діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек. Қазақстан суретшілері Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, Ұ.Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А.Черкасский «Көктем», Ә.Қастеев «Шәлкөде жайлауы» Ү.Әжиев «Асы жайлауы», Ә. Ысмайылов «Хан тәңірі». Ж.Шарденов «Қыс», т.б. шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етеді.

Сөздік

Табиғаттың мінез –құлқын – характер природы

Теңiз – море

Өзен – река

Суретшi – художник

Қиял – фантазия

Отанның портретi – портрет родины

Өрiс – поле

Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

  1. Пейзаж нені бейнелейді?

  2. Қай ғасырда бірыңғай пейзажды ойлап тапты?

  3. Пейзажды кімдер ойлап тапты?

  4. Голландия қай жерде орналасқан?

  5. Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен нені анықтап алу керек?

  6. Табиғаттың мінез-құлқын не көрсетеді?

  7. Пейзаждың суретін салған кезде нені анықтап алу керек?

  8. Пейзаж жанрында шығармаларын ұсынған суретшілерді ата.

Назар аударыңыз!

Етістік

Заттың қимылын, ісін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік не істеді ?, қайтты ? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: ойнады, бейнеледі, сурет салды, орындады.

Түрлері

Мысалдар

Құрамына қарай

Дара

жаз

Күрделі

жазып отыр

Тұлғасына қарай

Негізгі

ал

Туынды

ойла

Объектіге қатынасына қарай

Сабақты

аш

Салт

келді

Іс-әрекеттің орындалуына қарай

Болымды

бар

Болымсыз

барма