- •« Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» жеке меншік мекемесі частное учреждение «центр исследований прикладной экономики»
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •2012 Жылғы 21 тамыздағы №84 Шарттың Техникалық ерекшелігіне сәйкес дайындалды.
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
- •Денсаулық деңгейі және өмірдің ұзақтығы
- •Өмір сипаты
- •Өмір сапасы
- •Адам капиталының сапасы
- •Еңбек сапасы сапасы
- •Өндіріс сапасы
- •Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
- •Адамның даму индексі
- •2011 Жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі.[29]
- •Канада халқының денсаулығын нығайту орталығы
- •Еуропалық одақта өмір сапасын бағалау
- •Экономикалық жағдай.
- •Тұрғын үй және қоршаған орта.
- •Жұмыспен қамту, білім және машықтар.
- •Үй шаруашылықтарының құрылымы және отбасылық қатынастар.
- •Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік.
- •Денсаулық және денсаулық сақтау
- •Субъективтік саулық.
- •Қоғамның қабылданатын сапасы.
- •«InternationalLiving» журналының өмір сапасы индексі [45]
- •2009-2011Жж. «International Living» рейтингісіндегі өмір сапасы индексі.
- •«The Economist»журналының өмір сапасы индексі[40]
- •Mercer компаниясының өмір сапасы бойынша рейтингі[44]
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
- •2030 Жұмыспен қамту бағдарламасы [18]
- •2012-2020 Жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы [13]
- •Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
- •Қорытындылар және ұсынымдар
- •Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
2011 Жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі.[29]
2011 жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі осы жылдың күзінде жариялаған болатын, БҰҰ адамның дамуы туралы деректері бар есептер, әдетте екі жылға кешіктіріледі, өйткені ұлттық статистикалық қызметтер жариялағаннан кейін халықаралық салыстыруды талап етеді.. Осылайша, ағымдағы 2011 жылға арналған баяндамада 2009 жылғы қорытындылар бойынша есептелген деректер ұсынылды.
Барлық елдер рейтингте төрт санатқа жіктеледі:
АДИ деңгейі өте жоғары елдер.
АДИ деңгейі жоғары елдер.
АДИ деңгейі орташа елдер.
АДИ деңгейі төмен елдер.
2011 жылы ұлттық жетістіктер рейтингін Норвегия бастады, ол 2001-2006 жыл аралығында бірінші орын алған, одан кейін оны Исландияға берді, алайда 2008 жылы тізімнің басына шықты және барлық осы уақыт ішінде көшбасылықты жалғастыруда. Норвегия АДИ 0,943 тең. Бұл мемлекетте өмірдің ұзақтығы деңгейі әлемдегі ең жоғарылардың бірі —81,1 жас, халықтың жан басына орташа жылдық табысы - 57,130 АҚШ долл., халықтың жан басына жалпы ұлттық табыс – 47 557 АҚШ долл. (тұрақты халықаралық долларда көрсетілген сатып алу қабілеті паритеті бойынша, база – 2005ж.). Мұнда іс жүзінде кедейлер жоқ, «сыныптық» деп аталатын айырмашылықтар өте әлсіз көрсетілген. Халықтың әл-ауқаты айтарлықтай дәрежеде мұнай және газ өндіруші және мұнай өңдеуші өнеркәсіппен байланысты, өйткені Норвегия –әлемдегі ірі және Батыс Еуропадағы ең ірі көмірсутегін өндіруші және экспорттаушы. Елдегі инфляция және жұмыссыздық қалған Еуропамен салыстырғанда дәстүрлі төмен, бірақ сонымен бірге — бұл ең қымбат әлем елдерінің бірі.
Сондай-ақ, даму деңгейі өте жоғары елдер рейтингі көшбасылары ондығына - сондай-ақ, Австралия, Нидерланд, Құрама Штаттар, Жаңа Зеландия, Канада, Ирландия, Лихтенштейн, Германия және Швеция кірді. Алайда, зерттеу авторлары АДИТ бойынша ішкі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті ескере отырып, Индексті түзетуден кейін ең бай елдердің кейбірі бірінші ондыққа да жете алмай жатқындығын ерекше атап өтеді. Мәселен, Құрама Штаттар 4-орыннан 23-орынға, Оңтүстік Корея — 15-орыннан 32-орынға, Израиль 17-орыннан 25-орынға түсіп қалған. Теңсіздікті ескере отырып, түзетілген Адамның даму индексі бойынша АҚШ және Израиль рейтингінің төмендеуі негізінен халық табыстарындағы теңсіздіктермен түсіндіріледі, дегенмен медициналық көмек сондай-ақ, АҚШ-тың рейтингін өзгертуге ықпал ететін фактор болып табылады.
Қазақстан 2011 жылғы рейтингте 0,745 АДИ-мен 68 орын алады және БҰҰДБ бағасы бойыншажоғары дамыған мемлекеттер тізімінің ортасында орналасқан. Жалпы, елдің көрсеткіштеріне әлеуметтік теңсіздік, экологиялық проблемалар, сондай-ақ, өмірдің ұзақтығының төмен болуы теріс әсер етеді. Зерттеу авторлары Қазақстанда (посткеңестік кеңістіктегі мұнай және газ экспорттаушы басқа да елдерде) экономиканың саралануына емес, табиғи ресурстарды пайдалануға өте күшті екпін жасалатынын көрсетеді, бұл соңғы жылдардағы тұрақтылыққа және адам дамуының тұрақтылығына елеулі әсер етуі мүмкін.
Бұрынғы КСРО мемлекеттері қатарынан АДИ деңгейі жоғары елдер тобында Қазақстанмен қатар Беларусь (65 место), Ресей (66), Грузия (75), Украина (76), Армения (86) және Әзірбайжан (91) бар. Басқа да посткеңестік мемлекеттер даму деңгейі орташа елдер тобына енгізілді: Түрікменстан (102 орын), Молдова (111 орын — Еуропадағы ең төмен көрсеткіш), Өзбекстан (115), Қырғызстан (126) және Тәжікстан (127). Барлық бұрынғы КСРО мемлекеттерінен тек қана Балтық жағалауы елдері адамның даму деңгейі өте жоғары мемлекеттердің бірінші тобына кіре алды: Эстония 34, Литва — 40, Латвия — 43 орынды алады.[38]
Рейтингті даму деңгейі өте төмен нашар дамыған мемлекеттер жабады. Соңғы ондықтың барлық елдері Сахарадан оңтүстікке Африкада орналасқан: Гвинея, Орталық-Африка Республикасы, Сьерра-Леоне, Буркина-Фасо, Либерия, Чад, Мозамбик, Бурунди, Нигер және Конго Демократиялық Республикасы (0,286 АДИ соңғы орын). Бұл мемлекеттерде өмірдің ұзақтығы өте төмен — 40 жастан 50 жасқа дейін, әлеуметтік-экономикалық орта барынша қолайсыз, халықтың сауаттылығы төмен - барлық тұрғындардың 30%-дан аспайтыны оқи және жаза алады, халықтың жан басына табысы — жылына 1 адамға 1 000 АҚШ долларынан төмен. Соңғы жылдары қол жеткізілген ішінара прогреске қарамастан бұл елдер бұрынғысынша жеткіліксіз табыстан, білім саласында шектеулі мүмкіндіктерден және безгек пен ЖҚТБ сияқты ауралардан өлімнің салдарынан айтарлықтай дәрежеде өмірдің ұзақтығының төмендігінен азап шегеді. Бірқатар елдердегі бұл проблемалар қарулы қақтығыстардың жойқын салдарларынан ушыға түседі.
