- •« Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» жеке меншік мекемесі частное учреждение «центр исследований прикладной экономики»
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •2012 Жылғы 21 тамыздағы №84 Шарттың Техникалық ерекшелігіне сәйкес дайындалды.
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
- •Денсаулық деңгейі және өмірдің ұзақтығы
- •Өмір сипаты
- •Өмір сапасы
- •Адам капиталының сапасы
- •Еңбек сапасы сапасы
- •Өндіріс сапасы
- •Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
- •Адамның даму индексі
- •2011 Жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі.[29]
- •Канада халқының денсаулығын нығайту орталығы
- •Еуропалық одақта өмір сапасын бағалау
- •Экономикалық жағдай.
- •Тұрғын үй және қоршаған орта.
- •Жұмыспен қамту, білім және машықтар.
- •Үй шаруашылықтарының құрылымы және отбасылық қатынастар.
- •Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік.
- •Денсаулық және денсаулық сақтау
- •Субъективтік саулық.
- •Қоғамның қабылданатын сапасы.
- •«InternationalLiving» журналының өмір сапасы индексі [45]
- •2009-2011Жж. «International Living» рейтингісіндегі өмір сапасы индексі.
- •«The Economist»журналының өмір сапасы индексі[40]
- •Mercer компаниясының өмір сапасы бойынша рейтингі[44]
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
- •2030 Жұмыспен қамту бағдарламасы [18]
- •2012-2020 Жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы [13]
- •Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
- •Қорытындылар және ұсынымдар
- •Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
Адамның даму индексі
Адамның даму индексі (HumanDevelopmentIndex) әлемнің елдеріндегі және өңірлеріндегі адам материалының даму дәрежесін сипаттайды. Индексті Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жасады және БҰҰ адамның дамуы туралы баяндамаларының арнайы сериясы шеңберінде пайдаланылады. [37, 39]
АДИ-ды жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өзінің жұмысында талдамалық әзірлемелермен қатар ұлттық институттар және халықаралық ұйымдардың статистикалық деректерін пайдаланатын тәуелсіз халықаралық сарапшылар тобымен бірлесіп есептейді. Индекс БҰҰ адамның дамуы туралы баяндамаларының арнайы сериясында жарияланады.
Әлем елдерінің экономикалық және әлеуметтік прогресін бағалаумен бірінші баяндама адамның даму ұғымын былайша қалыптастырды: «Адамның дамуы таңдау спектрін кеңейту процесі. Таңдаудың барынша маңызды элементтері – ұзақ және аман-сау өмір сүру, білім алу және лайықты өмір сүру деңгейіне ие болу. Таңдаудың қосымша элементтері саяси еркіндікті, кепілдендірілген адам құқықтарын және өзін-өзі сыйлауды қамтиды». Бұл көзқарастар жүйесі адамның өмір сапасын арттыруға, барлық салаларды оның мүмкіндіктерін кеңейтуге және жетілдіруге бағдарларанған. Адамның даму тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнім көрсеткішіне негізделген, адамды тек қана экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырған және экономикалық өсуді қоғамдық прогрестің басты мақсаты деп жариялаған экономикалық дамудың «классикалық» деп аталатын теориясын ауыстырды.
Экономикалық өсу мен тиісінше табыстардың өсуі арасындағы тікелей байланыстың жоқтығын дәлелдеу ретінде АДИ экономикалық өсу және денсаулық және білім деңгейлеріндегі өзгерістер арасындағы әлсіз корреляцияны келтіреді. 70-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін әртүрлі өңірлерде жүргізілген өлшеулер нәтижесінде АДИ зерттеушілері елдердегі денсаулық сақтау және білім жүйелері дамуының олардың экономикаларының даму жағдайына тікелей тәуелділігін анықтады.
4-сурет. Экономикалық өсу және денсаулық және білім деңгейлеріндегі өзгерістер арасындағы әлсіз өзара байланыс, 1970-2010 [37]
2010 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада «адамның дамуы» ұғымының анықтамасы айталықтай толықты. Жоба авторларының пікірі бойынша адамның дамуын адамның таңдау мүмкіндіктерін кеңейту ретінде анықтау негіз қалаушы, бірақ жеткіліксіз болып табылады. Адамның дамуы ұзақ уақыт ішінде позитивтік нәтижелерді сақтауды және адамдарды қанаушылыққа алып келетін және құрылымдық әділетсіздікті күшейтетін процестерге қарсы әрекет етуді болжайды. Сондықтан әлеуметтік әділеттілік, тұрақтылық және адам құқықтарына құрметпен қарау сияқты принциптер негізгі болып табылады. Бұған сүйене отырып, ұйым сарапшылары адамның даму проблемалары бойынша тәжірибеге және ғылыми зерттеулерге сәйкес келетін нақтыланған жаңа мынадай ұсынысты ұсынды: «Адамның дамуы ұзақ, аман-сау өмір сүру және шығармашылық өмір, олардың пікірі бойынша құндылығы бар басқа да мақсаттарды жүзеге асыру; планетадағы дамудың әділеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге белсенді қатысу еркіндігін кеңейту процесін білдіреді».
АДИ-дың бұл анықтамасы тұрғысында төрт парадигмалардан тұрады және үш көрсеткіштермен өлшенеді.
Адамның әлеуетінің дамуы парадигмаларына мыналар жатады:
табысты арттыруға және экономикалық өсуге бағытталған тиімді қызмет нәтижесі ретінде өнімділік;
қабілеттерді іске асыруға және ізгіліктерді пайдалануға мүмкіндіктер теңдігі деп түсінілетін теңдік;
тек қана қазіргі емес, сондай-ақ, болашақ ұрпақтарға өркениет мүмкіндіктеріне қолжетімділкті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақтылық;
дамудың тек қана адамдардың мүддесінде емес, сондай-ақ, олардың күш-жігерімен жүзеге асырылатындығын болжайтын мүмкіндіктерді кеңейту.
Адамның дамуының үш құрамауышы мыналар:
Әл-ауқаты:адамның нақты еркіндіктерін олар өркендей алатындай кеңейту.
Құқықтарды және мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ, агенттілік: адамның және топтардың әрекет ету және құнды нәтижелер алу мүмкіндігі.
Әділеттілік: әлеуметтік әділеттілікті арттыру, уақыты жағынан нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, адам құқықтарын құрметтеу және қоғамның басқа да мақсаттары.
Халықтың денсаулығын жақсарту халықтың физикалық дамуы және жұмысқа қабілеттілігін арттырудың және тиісінше өнімдерді және қызметтерді жасау, білімдер жинау және т.б. үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңызды факторы ретінде қарастырылады, сондықтан адамның денсаулығы жақсарту саласындағы жетістікті көрсететін күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішін таңдау кездейсоқ емес.
Білім деңгейін арттыру адам капиталының сапасына – қоғамның байлығын көбейтудің негізгі факторынан айтарлықтай әсер етеді және қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне негізделеді. Білім деңгейі жиынтық білімдер және машықтар қорын - қоғамның «рухани байлығын» құрай отырып, жиналған білім, еңбек, ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті сипаттайды. Бұл сапа ұрпақтан ұрпаққа беріледі және адамның өзінің дамуына және жалпы процесті қалпына келтіру тиімділігінің өсуінің маңызды алғышартын білдіреді.
Бұдан өзге отбасы, мемлекет, кәсіпорындар және ұйымдар жүргізетін оқу жылдары және оларға кететін шығындар көлемі туралы деректер негізінде белгілі бір күнге білімдердің жиналған әлеуетін анықтауға болады. Ұлттық валютадан АҚШ долларына алынған деректерді қайта есептеу, тек қана халықаралық салыстыруды жүзеге асыруға емес, сондай-ақ, елдер топтары бойынша және жалпы әлем бойынша болып жатқан процестердің заңдылығын және серпінін анықтай отырып, осы әлеует шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
Халықтың әл-ауқаты, немесе табыстары ұлттық байлық көрсеткішімен емес халық ЖІӨ-мен өлшенеді. Дегенмен ұлттық байлық көрсеткіштері белгілі бір күнге экономикалық қызметтің жиналған нәтижелерін сипаттайды, олар елдердің шектелген санында есептеледі, және оларды есептеу әлі пысықталмаған. Сондықтан қазіргі уақытта тек қана ағымдағы қызметті сипаттайтын ЖІӨ көрсеткіштері пайдаланылады.
Адамның даму тұжырымдамасының негізгі стратегиялық құралы болып табылатын АДИ 1990 жылы пәкістандық экономист Махбубомуль-Хак (Mahbubul-Haq) әзірледі. Түбегейлі деп есептелген зерттеудің бастапқы идеясы айтарлықтай қарапайым: қоғамдық дамуды бұл ұзақ уақыт тәжірибеден өткендіктен тек қана ұлттық табыс бойныша емес, сондай-ақ, елердің көпшілігінде өзгеріске ұшырайтын денсаулық және білім саласындағы жетістіктер бойынша бағалау керек. Тікелей статистикалық көрініске ие параметрлердің бұл қатары өмір сапасына әсер етеді, тиісінше оның жай-күйін көрсетеді деп болжанған. Индекстің негізінде сарапшылардың субъективтік бағалары емес, ресми көздерден алынған нақты сандық көрсеткіштер жатыр, сондықтан олар салыстырмалы түрде объективті болып есептеледі және анықтауға болады. АДИ-дің өзінің кемшіліктері болды, мұны оны жасаушылар ашық мойындады: атап айтқанда, ол ізгіліктерді бөлудің асимметриялығын жасыратын көрсеткіштердің ұлттық өзегіне сүйенді, және сондықтан көптеген жағдайларда зерттелетін елдердегі істердің нақты жағдайын көрсете алмады. Бұған қоса, жалпы өзінің міндетін табысты орындады. БҰҰ және БҰҰДБ қоса алғанда, оның мамандандырылған құрылымдарына сенімнің жоғары деңгейі, сондай-ақ, әдістемелік негіздер АДИ қоғамдық дамуды сипаттайтын ең беделді жіктемелердің бірі етті.
Адамның даму индексі — бұл осы немесе өзге елдегі адамның даму деңгейінің жиынтық көрсеткіші, сондықтан кейде оны «өмір сапасы» немесе «өмір сүру деңгейі» сияқты ұғымдардың баламасы ретінде пайдаланады. АДИ оның азаматтарының денсаулық жағдайы, білім алуы және нақты табысы көзқарасы тұрғысынан елдің жетістігі олар үшін өзінің индекстер бағаланатын мынадай үш негізгі бағыт бойынша өлшенеді:
Күтілетін өмірдің ұзақтығы индексі: туу кезінде орташа күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішімен өлшенетін денсаулық және ұзақ жасау.
Білім индексі: мектеп жасындағы балалардың орташа күтілетін білім алу ұзақтығымен және жасы үлкен халықтың білім алу ұзақтығымен өлшенетін білімге қолжетімділік.
Жалпы ұлттық табыс индексі: сатып алу қабілеті (СҚП) паритеті бойынша халықтың жан басына АҚШ долларымен жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) шамасымен өлшенетін лайықты өмір сүру деңгейі.
Бұл үш өлшем орташа геометриялығы 0-1 аралығындағы ауқымда АДИ жиынтық көрсеткішін білдіретін 0-1 аралығындағы сандық мәндер түрінде стандартталады. Одан кейін мемлекет осы көрсеткіш негізінде ранжирленеді.
2010 жылы АДИ өлшейтін индикаторлар топтастығы кеңейтілді, ал Индекстің өзі елеулі түзетуге ұшырады. Орташа елдік статистикалық деректерге сүйенетін және ішкі теңсіздікті ескермейтін жиынтық көрсеткіші болып табылатын пайдаланылған АДИ-ға қосымша үш жаңа индикатор енгізілді: әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті ескере отырып, түзетілген Адамның даму индексі (АДИТ), Гендерлік теңсіздік индексі (ГТИ) және Көп шамалы кедейлік индексі (ККИ).
