Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-Аналитика Каз.яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
795.14 Кб
Скачать
  1. Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы

Адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға қатысты мәселелерді зерделеуге көптеген экономистердің жұмыстары арналды. Бұл саладағы зерттеулермен Кейнс, Котлер, Брю, Маслоу, Фишер және т.б. сияқты теоретиктер айналысты. Көрсетілген экономистер өмір сүру деңгейінің әртүрлі ұлттық үлгілерін, оларды бағалау көрсеткіштерін, реттеу тетіктерін әзірледі.

Соңғы онжылдықтарда ғалымдар «өмір сапасы» деген терминге беретін мағына және оған салынатын мазмұн елеулі өзгерістерге ұшырады.

Қазіргі уақытта өмір сапасы анықтамасының көптеген тұжырымдамалық тәсілдері бар. Оған сәйкес өмір сапасы осы немесе өзге де қоғамның әлеуметтік бағдарларына, уақыт кезеңіне, құбылыстың мәнінің анықтамасына және т.б. байланысты әртүрлі мазмұнмен толығуы мүмкін тұрақты дамушы санат ретінде қарастырылуға тиіс көзқарас бір мәнді болып табылады. «Өмір сапасы» санатының мәні анықтамасының әртүрлі тәсілдер талдау бірыңғай бір рет және мәңгілік белгіленген оның тұжырымын әзірлеудің мүмкін еместігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл халықтың өмір сапасын және оның әртүрлі жақтарын қарастыруға арналған көптеген жұмыстардың болуымен расталады, оларда қазіргі уақытқа дейін қандай әлеуметтік-экономикалық процестердің және құбылыстардың бұл терминмен белгіленетіндігін түсінудің бірыңғайлығы жоқ. Бір жағынан мәні бойынша адам және қоғамның тіршілік қызметінің барлық процестерін қамтитын осы санатты шекті кеңейтілген түсіндіру кездеседі. Екінші жағынан өмір сапасының көрсеткіштері кейде ешқандай ғылыми дәлелдемесіз адамдардың өмірін қамтамасыз ету процестерінің тек қана тар бөлігін қамтиды.

«Өмір сапасы»деген термин өткен ғасырдың 50-жылдарының ортасында пайда болды, ол кезде «өмір сүру деңгейі» санаты толық шамада халықтың әл-ауқатын көрсеткен жоқ. Проблеманы зерделеу ондаған жыл кейін Батыстың жоғары дамыған елдерінде қоғамның дамуының индустриялық кезеңіне өту жүзеге асырыла бастаған кезде басталды, бұл экономикалық прогрестің гуманитарлық мазмұнына қызығушылыққа негізделді. Бастапқыда өмір сапасы негізінен қоршаған ортаны, денсаулықты қорғау және қалаларды жаңарту мәселелерімен байланысты болды. Бірақ бертін келе бұл проблема қоғамның өмір сүрі қабілетін қамтамасыз ету тұрғысында қарастырылып, таяу болашақта адамзат қол жеткізетін – ол кезде бірінші кезекке ақша емес, әлеуметтік және мәдени құндылықтардың үйлесімділігі шығатын адамдар арасындағы жаңа қарым-қатынастары бар өркениеттің келесі кезеңіне өтудің кейбір футурологиялық идеалының құрамдас бөлігі ретінде түсіндіріле бастады.

Өмір сапасы адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін субъективті бағалау ретінде анықтала бастады. Өмір сапасы проблемаларына жаңа қызығушылық тоқтамаған экономикалық дағдарысқа және әлемде әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтардың ушығуына байланысты соңғы жылдары туындады, бұл негізінен әлем елдерінің көпшілігінде халықтың нақты табыстарының төмендеуінен, мүліктік сараланудың тереңдеуінен көрінді.

Өмір сапасын сондай-ақ, адам үшін өмірлік маңызды жақтардың, процестердің және еңбек қызмет аспектісіндегі сияқты жалпы тіршілік қызметі аспектісіндегі оның қазіргі болмысын көрсететін белгілі бір сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастыру керек.

Қазіргі заманғы экономикалық сөздік«өмір сапасы» деген терминді «өмір сүру деңгейі» деген ұғымның жалпылануын білдіретін және «тек қана материалдық ізгіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейін емес, сондай-ақ, қажеттіліктерді қанағаттандыру, денсаулық, өмірдің ұзақтығы, адамды қоршаған орта жағдайлары, жан рахатын қамтитын» әлеуметтік-экономикалық санат ретіндеі анықтайды[4].

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өмір сапасын «жеке тұлғаның олар өмір сүретін мәдениет контекстінде және құндылықтар жүйесінде және олардың мақсаттарымен, күтулерімен, стандарттарымен және күтімдерімен байланысты өмірдегі орнын сезінуі» ретінде анықтайды. Адамның жеке денсаулығына, психологиялық жағдайына, жеке нанымдарына, әлеуметтік қатынастарына және олардың қоршаған ортаның тән ерекшеліктері бар өзара байланыстарына байланысты тұжырымдаманың бұл кең ауқымы.[33]

Ұйым мынадай негізгі салаларды қамтитын өмір сапасын бағалау үшін халықаралық кросс-мәдени салыстыру құралын әзірледі:

  • тән саулығы;

  • психологиялық денсаулық;

  • тәуелсіздік деңгейі;

  • әлеуметтік қатынастар;

  • қоршаған орта;

  • руханият / дін/ жеке нанымдар.

Өмір сапасы экономика ғылымының санаты ретінде өзінің шығу тегі және мазмұны жағынан адамның өмір сипаты, өмір стилі, өмір сүру деңгейі сияқты жақын ұғымдармен өзара байланысты екенін атап өту қажет.

Өмір сипаты объективтік шарттардың және адамдар қызметінің субъективтік жағының, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық белсенділігі көрінісінің қосындысы. Өмір сипатын «жүргізеді», тәжірибе жүзінде енгізеді, ол жеке адамның күнделікті тұрмысының жалпы формуласы болып. Басқаша айтқанда өмір сипаты–бұл адамдардың әдеттегі, тәжірибеленетін нормалары, мінез-құлықтары, олардың еңбек және тұрмыс саласындағы, өндірістегі және материалдық және рухани құндылықтарды тұтынудағы күнделікті қызметінің әдісі.

Осылайша, өмір сапасы адамдардың алуан түрлі материалдық, рухани, зияткерлік, мәдени, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерінің тұтас кешенін қанағаттандыру дәрежесін көрсетеді.

Адам Географиясы Сөздігінде (Dictionary of Human Geography), Оксфорд анықталатын «өмір сапасы» деген термин адам мен қоғамның жалпы әл-ауқатын бағалау үшін пайдаланылады. Бұл термин барынша әртүрлі контекстерде, оның ішінде халықаралық даму, денсаулық сақтау және саясат саласында пайдаланылады. Өмір сапасы бұл дерек көзінде негізінен халықтың табыстарына негізделетін өмір сүру деңгейі ұғымымен бөлінеді. Өмірсүру деңгейін, анықтайтын стандартты көрсеткіштерден басқа, өмір сапасының көрсеткіші тек қана байлықты және жұмыспен қамтылуды емес, сондай-ақ, қоршаған ортаның жай-күйін, халықтың тән және психикалық саулығын, білім беру жүйесін, демалысты және босуақытты өткізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ, әлеуметтік керек-жарақтарды қамтиды. [1]

Осыған сәйкес экологиялық экономист Роберт Констанза (PhD, Portland State University) былай деп жазады:

Өмір сапасы бұрыннан айқын немесе айқын емес саяси мақсат болғаннан бері осы терминді балама анықтаулар мен өлшеу ұзақ уақыт бойы өлшенбейтін болды. Бірақ бұл проблема тұтас бірқатар пәндер бойынша әртүрлі объективтік және субъективтік көрсеткіштерді анықтау нәтижесінде шешіле бастады, сондай-ақ, субъективтік аман-саулықты (SWB), анықтау бойынша соңғы жұмыстар, бақыт психологиясы саласындағы зерттеулер белгілі бір көмек көрсетті.[2]

Өмір сапасын адамның еркін әл-ауқаты деңгейін және дәрежесін, әлеуметтік және рухани дамуын, сондай-ақ, оның тән саулығын жан жақты сипаттайтын интегралдық санат ретінде түсіндіруге болады. Оның құрылымдық құрамдауыштарының қатарынан мынадай негізгі құрамдауыштарды: халықтың денсаулық деңгейін және өмірінің ұзақтығын, халықтың өмір сүру деңгейін, халықтың өмір сипатын атап өтуге болады.

1-сурет. Өмір деңгейінің, сипатының және сапасының схемалық байланысы