- •« Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» жеке меншік мекемесі частное учреждение «центр исследований прикладной экономики»
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •2012 Жылғы 21 тамыздағы №84 Шарттың Техникалық ерекшелігіне сәйкес дайындалды.
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
- •Денсаулық деңгейі және өмірдің ұзақтығы
- •Өмір сипаты
- •Өмір сапасы
- •Адам капиталының сапасы
- •Еңбек сапасы сапасы
- •Өндіріс сапасы
- •Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
- •Адамның даму индексі
- •2011 Жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі.[29]
- •Канада халқының денсаулығын нығайту орталығы
- •Еуропалық одақта өмір сапасын бағалау
- •Экономикалық жағдай.
- •Тұрғын үй және қоршаған орта.
- •Жұмыспен қамту, білім және машықтар.
- •Үй шаруашылықтарының құрылымы және отбасылық қатынастар.
- •Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік.
- •Денсаулық және денсаулық сақтау
- •Субъективтік саулық.
- •Қоғамның қабылданатын сапасы.
- •«InternationalLiving» журналының өмір сапасы индексі [45]
- •2009-2011Жж. «International Living» рейтингісіндегі өмір сапасы индексі.
- •«The Economist»журналының өмір сапасы индексі[40]
- •Mercer компаниясының өмір сапасы бойынша рейтингі[44]
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
- •2030 Жұмыспен қамту бағдарламасы [18]
- •2012-2020 Жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы [13]
- •Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
- •Қорытындылар және ұсынымдар
- •Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
2012-2020 Жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы [13]
Бағдарлама Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес әзірленген. Оның мақсаты орта және ұзақ мерзімді перспективада моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты Бағдарлама шеңберінде қарастыру үшін халық саны 1,5 млн. адам 27 моноқалалар, бұл қалалық ел халқының 16%құрайды, әлеуеті жоғары – 6 қала, орта – 19, төмен – 2 қала іріктеп алынды.
Әлемдік тәжірибені және қолда бар проблемаларды талдауды ескере отырып, моноқалалар мемлекеттік қолдау шараларының келесі басымдық берулері ұсынылды:
1-басымдық. Әлеуеті төмен моноқалалардың бірінші кезекті өткір проблемаларын шешу.
2-басымдық. Әлеуеті орташа моноқалалардың дамуы үшін жағдайлар жасау.
3-басымдық. Әлеуеті жоғары моноқалаларды одан әрі тұрақты дамыту.
Олардың топтамасын, сондай-ақ, басымдықтарын ескере отырып, моноқалалардың проблемаларын шешу үшін мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді:
Бірінші – жұмыс істейтін кәсіпорындар өндірістік қажетсінуіне байланысты моноқалаларды оңтайландыру.
Өмірсапасын арттыру көзқарасы тұрғысынан міндет депрессивтік елді мекендерді жою және олардың халқын өзге де барынша дамыған қалаларға көшіруді білдіреді. Осындай бүкіл өмір бір-екі қала құраушы кәсіпорындар айналасында топтасқан кіші қалаларда жұмыссыздықжәне барлық қатар жүретін әлеуметтік жаралар өсіп жатқаны жасырын емес. Осындай моно-қалалар оңтайландыру тек қана өліп бара жатқан кәсіпорындарды субсидиялауға бюджет қаражаттарын қысқартуға емес, сондай-ақ, қазір жұмыс істемей тұрған еңбек ресурстарын олар үлкен қайтарып әкелетін белсенді өңірлердің экономикалық өміріне енгізуге мүмкіндік береді.
Екінші – экономикианы әртараптандыру және ШОБ дамыту.
Әртараптандыру бүгінгі таңда кейбірін жою орынды қала құраушы кәсіпорындардағы жұмысқа жұмыс экономикалық қызметтің басқа да түрлерін болжайды. Сондай-ақ, бірінші міндет сияқты екінші міндет тұрғындардың әлеуметтік позициясын жасқарту, оларға басқа салада күш-жігер салуына мүмкіндік беру, іскерлік таныту мақсатын қояды. Бұл үшін моноқалаларға арналған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мөлшерін ұлғайту және жаңа өндірістер құруға гранттар ұсыну жоспарланады.
Үшінші - моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшуді ынталандыру.
Бұл міндет моно-қалалардың экономикалық және әлеуметтік өміріне әдсіз тартылған адамдардың инерттілігін еңсеруге, оларға барынша дамыған өңірлерге көшу кезінде мүмкіндіктер мен көмектер ұсынуға бағытталған. Бұл шаралар сондай-ақ, елдегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруына алып келеді, өйткені үлкен қалаларда адамдардың өзін өмірде табудың және тиісінше іске асырылуының барынша көп мүмкіндіктері бар екені белгілі. Сондай-ақ,мәдени өмір туралы ұмытуға болмайды, үлкенқалаларда оның мүмкіндіктері өте кең.
Жалпы, Бағдарламаекі кезеңге бөлінген: бастапқы кезең 2013-2015 жылдар және2020 жылға дейінгі сенімді өсу кезеңі. Оның іске асыру 2020 жылға қарай моноқалалардағы белсенді қолданыстағы шағын кәсіпорындар санын 2011 жылмен салыстырғанда 4 есе ұлғайтуға, моноқалаларда табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесін 6%-дан аспайтын деңгейге дейін төмендетуге, жұмыссыздық деңгейін 5%-дан аспайтын деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Осы Бағдарлама сондай-ақ, алдыңғысы сияқты азаматтардың барынша аз қаматамасыз етілген санаттарын – өмір сапасы бүгінде экономикалық және өзге де жағдайларға байланысты жақсартуды талап ететін шағын қалалардың және поселкелердің тұрғындарын дамытуға бағытталған. Ол осы өмір сүру орнында оларға өзінің әлеуметтік позициясын нығайтуға не өзін барынша дамыған елдімекен жағдайларында табуға мүмкіндік береді.
