- •« Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» жеке меншік мекемесі частное учреждение «центр исследований прикладной экономики»
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •2012 Жылғы 21 тамыздағы №84 Шарттың Техникалық ерекшелігіне сәйкес дайындалды.
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
- •Денсаулық деңгейі және өмірдің ұзақтығы
- •Өмір сипаты
- •Өмір сапасы
- •Адам капиталының сапасы
- •Еңбек сапасы сапасы
- •Өндіріс сапасы
- •Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
- •Адамның даму индексі
- •2011 Жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі.[29]
- •Канада халқының денсаулығын нығайту орталығы
- •Еуропалық одақта өмір сапасын бағалау
- •Экономикалық жағдай.
- •Тұрғын үй және қоршаған орта.
- •Жұмыспен қамту, білім және машықтар.
- •Үй шаруашылықтарының құрылымы және отбасылық қатынастар.
- •Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік.
- •Денсаулық және денсаулық сақтау
- •Субъективтік саулық.
- •Қоғамның қабылданатын сапасы.
- •«InternationalLiving» журналының өмір сапасы индексі [45]
- •2009-2011Жж. «International Living» рейтингісіндегі өмір сапасы индексі.
- •«The Economist»журналының өмір сапасы индексі[40]
- •Mercer компаниясының өмір сапасы бойынша рейтингі[44]
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
- •2030 Жұмыспен қамту бағдарламасы [18]
- •2012-2020 Жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы [13]
- •Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
- •Қорытындылар және ұсынымдар
- •Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
2009-2011Жж. «International Living» рейтингісіндегі өмір сапасы индексі.
2009-2011жж. жүргізілген жыл сайынғы зерттеулерге сәйкес, Қазақстан ТМД елдері тізімінде өмір сапасы деңгейі бойынша соңғы орындардың бірін алды. Біздің ел, басылымның бағалары бойынша кейде Тәжікстан, Қырғызстан және Әзірбайжан сияқты елдердің қалып қойды. 2009 жыл қорытындылары бойынша Әлемнің 196 мемлекеттерінен тұратын тізімді 100 мүмкін болған балдан 80 балл жинаған Франция бастады, ал өмір сапасы ең төмен ел Сомали (32 балл) болып анықталды. Қазақстан 49 балл жинап және 144 орында болып тізімнің соңына жақын орналасты, ал ТМД елдерінің арасында соңынан үшінші орынды алды.[45]
2010 жылғы рейтингте 48 баллмен 154 орында болды. Бұл жолы ТМД елдерінен 46 баллмен Түрікменстан Қазақстаннан төмен болды, бұл ретте соңғы елдің экономикасы Қазақстандық экономика деңгейінде бағаланды.
Жағдай 2011 жылы айтарлықтай өзгерді – Қазақстан 20 позициядан жоғары серпіліп, жиынтық 52 балл жинап және Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанды артта қалдырып, 133 орынға көтерілді. Қырғызстан 2010 жылы 54 жиынтық балл жинады, бұл ретте талдау жалпы оның көрсеткіштері олар бойынша көршіміз бізден асып түсетін өмір құнын және климатты қоспағанда Қазақстандық көрсеткіштермен салыстыруға келетінін көрсетеді.
Рейтинг авторларының өздері мойындайтын алдын ала алуға түзетулерді және оның батыс экспатриантына бағдарланғандығын ескере отырып, жалпы International living тәжірибесі барынша қызықтылардың бірі болып көрінеді.
«The Economist»журналының өмір сапасы индексі[40]
EconomistIntelligenceUnit – «The Economist» медиялық холдингі қолдауымен «өмір сапасы» жаңа индексін әзірлеу және пайдалану мақсатында құрылған ұйым. Оның принципі өмірдің субъективтік қанағаттандырылу нәтижелерін әртүрлі елдердегі өмір сапасы детерминант объективтік зерттеулерімен байланыстыратын бірегей әдістемеге негізделген. Индекс 111 ел үшін есептеледі.
Халықтың жан басына ЖІӨ шамасымен өлшенетін материалдық саулықтың елдегі өмір сапасын толық шамада сипаттай алмайтындығына байланысты, бұл зерттеу сандық көрсеткіштерді нарықтық емес қызметтің әртүрлі салаларын өлшеумен, сондай-ақ, мысалы, қоршаған ортаның ластану дәрежесі сияқты әлеуметтік мәселелермен байланыстыру үшін ұсынылған. Бұл ретте тәсіл әлеуметтік-экономикалық саулық жағдайының толық көрінісін барынша толықтыратын әртүрлі факторлардың және материалдық емес активтердің сандық құндылығын белгілеуде қиындықтарға тап болды.
Осы жүйені қалыптастыру сәтіне дейін өмір сапасына әсер етеді деп есептелетін әртүрлі факторларды бірыңғай статистикалық жүйеге біріктіру жолымен әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың балама, ақашалай емес көрсеткіштерін қалыптастырудың көптеген әрекеттері болды.
Әдістеме.
Әдістемені әзірлеу кезінде негізгі проблема өмір сапасын бағалайтын факторлар тізбесін объективті анықтау және бір синтетикалық өлшеуішті есептеу мақсатында көрсеткіштерге салмақ беруде барынша елеулу болды. Халықтыңжан басына ЖІӨ көрсеткіші өзінің кемшіліктеріне қарамастан ең кемінде ақты айқын мәнге ие, сондай-ақ, бұлтауарлар және қызметтерге бағаларға жатады (бұл ретте, оның көмегімен осы валютадағы елдің табыстарын көрсету үшін нарықтық валюта бағамдарының орнына пайдаланылуға тиіс сатып алу қабілеті паритетін бағалауда жеткілікті күрделі проблемалар бар).
Өмір сапасы индексін есептеу кезінде Economist Intelligence Unit Әдістемесі зерттелетін тұлғалар өмірдің субъективтік қанағаттандырылуына екпіні назарды білдіреді (бірақатар себептермен артық саналатын тиісті бақыт тұжырымдамаларын зерттеуден ерекшелігі өмірдің қанағаттандырылуы туралы сауалнамалар).
Субъективтілік бөлігінде тексеру нәтижелері соңғы жылдары көп қызығушылық туғызуда. Бірқатар сындарлы ескертпелерге қарамастан (салыстырылатын елдердің мәдени салыстырмайтындылығы, терминдерді анықтаудағы тілдік айырмашылықтар, респонденттердің жауаптарын бұрмалайтын психологиялық факторлар) тесттер көптеген проблемаларды жоққа шығарды немесе жұмсартты.
Тағы бір сындарлы ескертпе өмірдің қанағаттандырылуы туралы жауаптардың өмірге үстем көзқарастарды, былайша айтқанда елдегі нақты өмір сапасы емес, пікір сұралушылардың өмірлік ұстанымын білдіретіндігінде. Өмірдің қанағаттандырылуы оның ішінде елдің әлеуметтік және мәдени ерекшеліктеріне байланысты талқылау ретінде қарастырылады.
Неге сауалнаманың номиналдық нәтижелерін алмасқа және өмірдің қанағаттандырылуын бағалаудың орташа балын жалпы ел үшін өмір сапасының көрсеткіші ретінде пайдаланбасқа? Бұған бірнеше себептер бар. Біріншіден, тексеру нәтижесінде салыстырылмайтын нәтижелер алынады, бұған қоса, есепті жариялау уақытына қарай олар ескіріп үлгереді. Екіншіден, өмірлік қанағаттандыру және объективтік индикаторларды қабылдаулар арасындағы қатынастарды бағалау кезінде нәтижелерді өлшеу қателерінің әсері көптеген елдер арқылы теңесу үрдісіне ие болады.
Ақыры, ең маңызды фактор. Дегенмен өмірдің қанағаттандырылуы дәрежесін зерттеулердегі еларалық айырмашылықтардың үлкен бөлігі объективтік факторлармен түсіндірілуі мүмкін, өлшеулердегі қателікке қосымша өмір сапасы индексін объективтік бағалауға енгізу талап етілетін ерекше факторлармен байланысты боулы мүмкін түсіндірілмеген елеулі құрамдауыш бар.
Өмірдің қанағаттандырылуы көрсеткіштерінің көлемі елдің өмір сапасы индексін білдіреді немесе өмірлік қанағаттандырылудың «түзетілген» көрсеткіші объективтік еларалық детерминанттарға байланысты.
Өмір сапасының тоғыз факторы және бұл факторларды өлшеу үшін пайдаланылатын индикаторлар:
1. Материалдық әл-ауқат.
Халықтың жан басына ЖІӨ, АҚШ долл.. Дерек көзі: EconomistIntelligenceUnit
2. Денсаулық.
Күтілетін өмірдің ұзақтығы, жылдар. Дереккөзі: Халықтың хат алысулар бюросы, АҚШ.
3. Саяси тұрақтылық және қауіпсіздік.
Тұрақтылықтың және қауіпсіздіктің саяси рейтингтері. Дереккөзі: Economist Intelligence Unit.
4. Отбасылық өмір.
Ажырасулар саны (1 000 халыққа). Дереккөздері: БҰҰ; Евромонитор (Euromonitor).
5. Қоғамдық өмір.
Бағалау 1, егер елдегі жоғары діни ұйымдардың келудің немесе кәсіподақ мүшелегі; ноль – егер өзгеше болған жағдайда. Дереккөздері: Халықаралық еңбек ұйымы (MLO); WorldValuesSurvey.
6. Климат және география.
Ендік, барынша жылы және барынша суық елдерді ажырату үшін.
Дереккөзі: ОББ WorldFactbook.
7. Жұмыспен қамтылу.
Жұмыссыздық деңгейі, %. Дереккөздері: EconomistIntelligenceUnit; Халықаралық еңбек ұйымы (MLO).
8. Саяси еркіндік.
Саяси және азаматтық еркіндіктер индекстердің орташа саны. Масштабы 1-ден (абсолютті еркін) 7 (еркін емес). Дерек көзі: FreedomHouse.
9. Жыныстар теңдігі
Орташа ерлердің және әйелдердің табысының қатынасы, соңғы қолжетімді деректер. Дерек көзі: БҰҰАдамның дамуы туралы есебі
Сондай-ақ, көптеген өзге де ауыспалы мәндер зерттелді, бірақ түбінде олар осы көп шамалы құрылымға елеулі әсер еткен жоқ.
Мұндай ауыспалылар мыналар болды: білім деңгейі, ЖІӨ өсуінің қарқыны және табыстар теңсіздігі (Джинни Коэффициенті). Зертетеулер білім мен өмірдің қанағаттандырылуы арасындағы біршама корреляцияны анықтады, алайда, білім адамдардың табыстарына және денсаулығына әсер етеді, бұл мысалы, саяси еркіндік дәрежесі сияқты басқа да ауыспалыларға қатысты болуы мүмкін. Халықаралық еңбек ұйымының жуырдағы есебі білімділік деңгейі жұмыс орындары адамдардың қажеттіліктірне және ұмтылыстарына сәйкес келмеген жағдайларды әл-ауқатпен іс жүзінде кері пропорционалды байланыста екендігін анықтады.
