Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-Аналитика Каз.яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
795.14 Кб
Скачать
  1. Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік.

Жұмыс пен отбасылық өмірді бірлестірудің қиындықтары.

Аптасына бірнеше мәрте жұмыс пен отбасылық өмірді бірлестіру қиындықтары («үй жұмысы үшін қатты шаршаймын», «отбасылық міндеттерді орындауда қиындықтар бар», «жұмыста жиналуда қиындықтар бар») бар жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі.

Сұралушылардың жынысына байланысты отбасылық міндеттерді орындаудың қиындықтары.

Жынысқа байланысты жұмыс аптасының ұзақтығы.

Аптасына бірнеше мәрте отбасылық міндеттерді орындаудың қиындықтары: төрт жастан кіші балалары бар жұмыс істейтін ата-аналардың барлық жұмыспен қамтылған адамдарға қатынасы.

Шартты жұмыс уақыты мен отбасылық жұмысқа кеткен уақыт арасындағы қатынас.

  1. Денсаулық және денсаулық сақтау

Денсаулық жағдайы.

Жасқа байланысты созылмалы аурулар немесе мүгедектік, %.

Үй шаруашылықтарының табысына байланысты денсаулық жағдайы (төмен, орта, жоғары квартиль).

Медициналық көмекке қол жетімділік қиындықтары (өте қиын, шамалы қиын, қиын емес).

Медициналық қызметтер сапасы, әлеуметтік қызметтер сапасы («Жалпы сіз [елдегі] мемлекеттік қызметтердің әрқайсысының сапасын қалай бағалар едіңіз. Бірден бастап 10-ға дейінгі шәкіл бойынша бағалаңыз, онда 1 өте төмен сапаны және 10 – ең жоғары сапаны білдіреді.»)

  1. Субъективтік саулық.

Өмірге қанағаттанушылық және бақыт («Барлық жағдайларды ескере отырып, сіз осы сәтте өз өміріңізге қаншалықты қанағаттанасыз? 1-ден бастап шәкіл «өте қанағаттанбаймын» 10-ға дейін «барынша қанағаттанамын», «Барлық аспектілер туралы айта отырып, сіз қаншалықты бақыттысыз? 1-ден бастап 10-ға дейінгі шәкіл бойынша 1 «өте бақытсызбын» және 10 «өте бақыттымын» дегенді білдіреді»).

Өмірге орташа қанағаттанушылық және әлеуметтік топтар бойынша орташа қанағаттанушылықтан ауытқу.

Әлеуметтік топтар бойынша болашаққа нық сеніммен қарау («Мархабат, маған: Мен болашаққа нық сеніммен қараймын деген пайымдаумен толық келісетініңізді, кейбір дәрежеде келісетініңізді, онша келіспейтініңізді немесе толық келіспейтініңізді айтыңыз»).

  1. Қоғамның қабылданатын сапасы.

Қоғамдағы ауыртпалықты сезіну.

Әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардағы ауыртпалық («Барлық елдерде әлеуметтік топтар арасында ауыртпалық бар. Сіздің ойыңызша, сіздің елдегі келесі топтардың әрқайсысының арасында қаншалықты мұндай ауыртпалық бар? Кедей және бай адамдар, менеджмент және жұмысшылар, ерлер мен әйелдер, қарттар мен жастар, әртүрлі нәсілдік және этникалық топтар: күшті ауыртпалық, кейбір ауыртпалық, ешқандай ауыртпалық жоқ»).

Білім жүйесінің және мемлекеттік зейнетақы жүйесінің қабылданатын сапасы. («Жалпы сіздің елдегі келесі топтардың әрқайсысының сапасын сіз қалай бағалар едіңіз? 1-ден бастап 10-ға дейінгі шәкіл бойынша бағалаңыз, онда 1 өте төмен сапаны және 10 – ең жоғары сапаны білдіреді: білім жүйесі және мемлекеттік зейнетақы жүйесі»).

Мемлекеттік зейнетақы жүйесіне және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне сенім. («Сізге олардың қызметтері қажет болған кезде мына екі қамтамасыз ету жүйесінің қабілеттеріне сіз қаншалықты сенесіз - мемлекеттік зейнетақы жүйесі, әлеуметтік жеңілдіктер жүйесі – үлкен сенім, кейбір сенім, сенуім екіталай, мүлде сенім жоқ»).

Айналадағыларға сенім. («Жалпы сіз адамдардың көпшілігіне сенуге болады деп айта алар ма едіңіз немесе сіз адамдарға тым сенім арта алмайсыз бар? 1-ден бастап 10-ға дейінгі шәкіл бойынша бағалаңыз, 1 сіздің тым сенгіш бола алмайтыныңызды және 10 - адамдардың көпшілігіне сенуге болатынын білдіреді»).

Өмір сапасы, жалпы адамдардың жалпы саулығы ретінде өлшенеді, дегенмен зерттеушілер нысанасында тар ауқымды немесе бір өлшемді адамның жеке тұлғасы болады.

Өмір сапасы және шарттарының мониторингі таза "ғылыми" санат болып табылмайды, айтарлықтай қолданбалы сипатқа ие болады және қоғамның негізгі проблемаларын және мақсаттарын шешуге көмек ретінде ұсынылған. Бұл зерттеуді жүргізу одақтың еуропалық әлеуметтік саясатының өзгерісін көрсетті. Көптеген жылдар ішінде ЕО саясаты әлеуметтікке қарағанда барынша экономикалық болды. Бұған қоса, соңғы жылдары ЕО-да ішанара нарықты біріктірудің теріс салдарларынан кейбірін өтеу қажеттігі туындағандықтан әлеуметтік саясат саласындағы құзыреттілікті арттыруға талап өсуде. Грециядағы және Испаниядағы соңғы оқиғалар осы тұжырымдаманың дұрыстығын растайды.

Соңғы сауланаманы Intomart GfK28 елдерде жүргізді: сауалнама алынғандар саны 600 адамды құраған "шағын" елдер - Кипр, Эстония, Люксембург, Мальта және Словенияны қоспағанда одақ елдерінің әрбірінде жас санаты 18 жас және жоғары шамамен 1000 адамға сауалнама жүргізілді. Әзірленген сауаланама жұмыспен қамтылу және еңбек шарттары, тұрғын үй, отбасылық, өмірдіңәлеуметтік және саяси жақтары, қоғамның өмір сапасы, сондай-ақ, субъективтік саулыққа екпін бере отырып, өмір салаларының кең ауқымын қамтыды.

Деректерді өңдеу берлиндік Әлеуметтік ғылымдарды зерттеулер орталығында (WZB) жүргізілді. Бірнеше макрокөрсеткіштер жеке тұлғалардың қабылдауы (мысалы, табыстар үй шаруашылықтары) мен жалпы елдегі әлеуметтік жағдай (мысалы, халықтың жан басына ЖІӨ) арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін сұрау кезеңінде қосылды.

Зерттеу әртүрлі елдердегі өмір сапасын зерттеудің амбициялық мүмкіндігін білдіреді. Ол жуырдағы кеңейту тұрғысынын ЕО алдында тұрған проблемаларды көрсете отырып, маңызды ақпарат көзі болып табылады. Сондай-ақ, ол кеңейтілген қоғамдастықтағы әлеуметтік жағдайдың дәлме-дәл көрінісін, объективтік және субъективтік элементтерді қамтитын көріністі береді. Сонымен бірге, деректерге кейбір шектеулердің бар екендігін атап өту керек. Сонымен қатар іріктеме көлемі әрбір елде шамамен 1000 құрайды, мысалы босқындар немесе толық емес отбасылар сияқты кіші топтарды егжей-тегжейлі талдауды қамтамасыз ету үшін оның көлемінің шағын болуына байланысты іріктеменің репрезентативтілігі толық шамада қамтамасыз етілмейді. Бұдан өзге, зерттеуде қамтылған мәселелердің кең ауқымы бір жағынан басымдықты білдіргенмен, бірақ бұл сондай-ақ, тақырыптардың ешқайсысы терең қарастырыла алмайтынын білдіреді. Өмір сапасы аспектілерінің кейбірі мамандандырылған зерттеулерде қолдану мүмкін болатынға қарағанда көрсеткіштердің шамалы ауқымды топтамасын пайдаланумен өлшенеді. Бұған қоса, бұл зерттеудің күші оның объективтік және субъективті көмір сапасының негізгі аспектілері туралы ақпараттың жиналуын қамтамасыз ететіндігінде.