- •« Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» жеке меншік мекемесі частное учреждение «центр исследований прикладной экономики»
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •2012 Жылғы 21 тамыздағы №84 Шарттың Техникалық ерекшелігіне сәйкес дайындалды.
- •Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
- •Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
- •Денсаулық деңгейі және өмірдің ұзақтығы
- •Өмір сипаты
- •Өмір сапасы
- •Адам капиталының сапасы
- •Еңбек сапасы сапасы
- •Өндіріс сапасы
- •Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
- •Адамның даму индексі
- •2011 Жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі.[29]
- •Канада халқының денсаулығын нығайту орталығы
- •Еуропалық одақта өмір сапасын бағалау
- •Экономикалық жағдай.
- •Тұрғын үй және қоршаған орта.
- •Жұмыспен қамту, білім және машықтар.
- •Үй шаруашылықтарының құрылымы және отбасылық қатынастар.
- •Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік.
- •Денсаулық және денсаулық сақтау
- •Субъективтік саулық.
- •Қоғамның қабылданатын сапасы.
- •«InternationalLiving» журналының өмір сапасы индексі [45]
- •2009-2011Жж. «International Living» рейтингісіндегі өмір сапасы индексі.
- •«The Economist»журналының өмір сапасы индексі[40]
- •Mercer компаниясының өмір сапасы бойынша рейтингі[44]
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
- •Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
- •2030 Жұмыспен қамту бағдарламасы [18]
- •2012-2020 Жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы [13]
- •Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
- •Қорытындылар және ұсынымдар
- •Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
« Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» жеке меншік мекемесі частное учреждение «центр исследований прикладной экономики»
КАЗАХСТАН,
010000, Г. АСТАНА, УЛ. ИМАНОВА 19,
ҚАЗАҚСТАН,
010000,
АСТАНА ҚАЛАСЫ,
ИМАНОВ КӨШЕСІ,
ОФИС
809Б, ТЕЛ.: +7 7172 787645, 787675
19 ҮЙ,
809Б ОФИСІ,
ТЕЛ.:
+7 7172 787645, 787675
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын сипаттайтын индикаторларды талдау |
Орындаушылар:
Айғазин
Ж.Ж., э.ғ.к
Төленов
Т.Б., МВА
Договора
№9 от 27 августа 2012 года.Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
2012 Жылғы 21 тамыздағы №84 Шарттың Техникалық ерекшелігіне сәйкес дайындалды.
Договора
№9 от 27 августа 2012 года.Подготовлено в соответствии с Технической спецификацией
Мазмұны
|
Бет. |
|
3 |
|
6 |
|
12 |
|
33 |
|
41 |
|
53 |
|
59 |
|
61 |
|
|
Кіріспе
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Дегенмен «өмір сүру деңгейі» және «өмір сапасы» - мәні жағынан жақын ұғымдар болғанмен, олар барабарлығы жағынан алшақ. Материалдық қамтамасыз етілген болып, бұл ретте таза суға, сапалы медициналық қызмет көрсетуге, сапалы тамаққа және басқа да өркениет өнімдеріне қол жетімді болмауы мүмкін. Бұл қиыстырылған өмір сапасы болып табылады.
Өмір сапасы және адамның жанжақты дамуы – бұл санаттар экономикалық өсу және қоғамның дамуы проблемаларының қазіргі заманғы тәсілдерінің мазмұндық сипаттамасын құрайды. Бұл проблемалардың қойылуы және өзектілігі XX ғасырдың соңында жаңа болып көрінген жоқ. Ғылыми ойдың дамуының әртүрлі кезеңдерінде ойшылдар бұл тақырыпқа жүгінген. философиялық, экономикалық, әлеуметтану жұмыстарының негізхгі мәселесі болды. Адамның өмір сапасы және дамуының қазіргі заманғы тұжырымдамаларын көне ойшылдардың еңбектерінен, көптеген мәдениеттерден және діндерден табуға болады. Бірақ адамның проблемалары – оның өмір сапасы және дамуы – екінші кезекте болған кезде экономикалық ғылымда ерекше айқын пайда болған ұзақ мерзімді кезең бар. Өткен ғасырда экономикалық мақсаттарға қол жеткізу ретіндедамуға қадам басу басым болды. Адам экономикалық теорияларда тек қана өндіріс құралы ретінде түсіндіріліп, «адам факторына» айнады. Дегенмен 60-жылдардан бастап адамның өмір сапасы және дамуы проблемалары қайтадан әлемдік экономикалық ғылымның әртүрлі мектептері мен бағыттарының назарын барынша аудара бастайды.
Танымал халықаралық ұйымдар және зерттеуорталықтары бұл проблемаларды өздерінің ғылыми әзірлемелері мен талқылауларында көтере бастады. Алайда тек қана XX ғасырдың соңғы онжылдықтарында экономикалық және әлеуметтік теорияда бұл проблемаларға елеулі бетбұрыс байқалды. Бұл процесте мынадай факторлар елеулі орын алды: ол үшінадамның экономикалық мақсаттарға және міндеттерге бағынышытылығы ерекше тән даму проблемаларының неоклассикалық тәсілінің барынша айқын болып келе жатқан шектелгендігі; әлеуметтік қарама-қайшылықтардың күрт тереңдеуі және оларды экономикалық теорияның дәстүрлі тәсілдері негізінде шешудің мүмкін еместігі; институционализмнің қарқынды дамуы және институционалдық тәсілдің қолдану аясының кеңеюі; экономикалық өсуді қамтамасыз етуде адамның орнын өзгерту; әлеуметтанудың экономикалық ғылымға әсерінің күшеюі.
Осыған байланысты 1980-жылдардың соңы және 1990-жылдардың басы адамның орны жаңа ракурстардан қарастырыла бастаған тұжырымдамалар және теориялардың қалыптасымен есте қалды. Ең алдымен, бұл тұрақты даму тұжырымдамасы және адамның даму тұжырымдамасы, олардың өзекті идеясы адамның экономикалық өсу ресурсы емес, оның мақсаты екендігі туралы ереже болып табылады.
Қазіргі заманғы сапа тұжырымдамалары өмір сапасы ретінде әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-идеологиялық, экологиялық факторлардың және жеке адамның өмір сүру шарттарының, қоғамдағы адамның орнының кешенді сипаттамасы түсініле бастады.
Қазіргі мыңжылдықтың басынан бастап әлемде орын алған ғаламдық оқиғалар сондай-ақ, қызығушылықты күшейту үшін серпін берді. Өмір деңгейі және сапасы Проблематикасы кенет қазіргі заманғы мемлекет үшін барынша маңызды мәселелердің бірі болды. Бұл пайдымдауға растау ретінде көптеген факторлар, оның ішінде жақын уақыттағы Таяу Шығыстағы «араб көктемі» деп аталатын оқиғалар болды. Әлемдік дағдарыс нәтижесінде халықтың негізгі көпшілігінің өмір деңгейі мен сапасының төмендеуі жалпы бірқатар араб елдерінің басқарушы режимдері тақтан тайған оқиғаларға алып келді. Өңірдегі жағдайдың одан әрі тұрақсыздануы өмір сапасының одан әрі құлдырауына әкеп соқты.
Қоғамның әл-ауқаты көбінесе, өз кезегінде, оның толық ақпаратпен жеткілікті қамтылуына және ақпарат қазіргі заманғы қоғамда проблемаларды қаншалықты толық көрсететіндігіне байланысты мемлекеттің дұрыс таңдап алынған әлеуметтік саясатына байланысты. Өмір деңгейі мен сапасының проблемаларының шешілуіне елдегі одан әрі қайта құрулардың бағыттылығы мен қарқындары және түбінде қоғамдағы саяси, әрі тиісінше экономикалық тұрақтылық байланысты. Бұл проблемаларды шешу орталық мәні адам, оның әл-ауқаты, дене және әлеуметтік саулығы болатын мемлекет әзірлеген белгілі бір саясатты талап етеді. Міне сондықтан осылай немесе өзгеше өмір сүру деңгейінің өзгеруіне алып келуі мүмкін барлық қайта құрулар халықтың ең әралуан топтарында үлкен қызығушылық тудырады.
Бұл мағынада Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты күмәнсіз өмірдің сапалық көрсеткіштерінің ұзақ мерзімді дамуына әлеуметтік бағдарланған, бағытталған ретінде объективті анықталады. Бұған қол жеткізу үшін мемлекет көптеген мемлекеттік даму бағдарламаларын әзірледі және ресми жариялады.
Өмір сапасын арттыру көрсетілген бағдарламаларда негізгі орын алады. Өйткені өркениетті елде мемлекеттің негізгі міндеті - бұл халықтың лайықты өмір сапасын және деңгейін қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы нарықтық экономика қайта құруларында өмір деңгейін және сапасын арттыру өте маңызды болуда. Атап айтқанда мемлекет саясатының әлеуметтік функциясымен қоғам өмір сапасын және деңгейін арттыруға қатысты өсіп келе жатқан күтілімдерді байланыстарады. Осы проблеманың шешілуіне елдегі одан әрі қайта құрулардың бағыттылығы мен қарқындары және түбінде қоғамдағы саяси, әрі тиісінше экономикалық тұрақтылық байланысты.
Мұны түсіну «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауында көрініс табады. Жолдаудың он негізгі тармақтарының сегізі тікелей өмірдің сапалық көрсеткіштерін арттыруға арналған. Осыған байланысты бұл түсініктің мәнін, оның Қазақстанның қазіргі өміріндегі орнын нақты түсіну қажет. Соңғы жылдары тақырып ерекше өзекті болуда, өйткені әлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан дамыған және дамушы елдер халқының үлкен бөлігінің өмір деңгейі және сапасы көрсеткіштері айтарлықтай төмендеген. Дағдарыс өмір деңгейі және сапасының индикаторлары мен көрсеткіштеріне жаңаша қарауға мәжбүрледі. Бұл шарттарда өмір сапасы және деңгейі қандай көрсеткіштерге байланысты екендігін білу маңызды, сондықтанелдің экономикалық дамуы деңгейінің жәнехалықтың өмір сапасының құрамдауыштарынң өзара байланысын теориялық зерттеу қажеттігі осы жұмыстың өзектілігін және оның іс жүзінде маңыздылығын анықтайды. [8]
Бұл зерттеуде Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау жүргізілді, тек қана халықтың табыстары және материалдық әл-ауқаты призмасы арқылы емес, сондай-ақ, оның ішінде Жолдауды іске асыру мақсатында қабылданған мемлекеттік даму бағдарламаларының жоспарланған нәтижелерін ескере отырып, «өмір сапасының» мәнінінің айқын және толық анықтамасы берілген. Халықтың өмір сапасын бағалаудың халықаралық тәжірибесіне, сондай-ақ, өмір сапасы, әл-ауқат деңгейі бойынша рейтингтерді құрайтын беделді халықаралық агенттіктердің қолданыстағы әдістемелеріне шолу жүзеге асырылды.
Статистикалық көрсеткіштердің қолданыстағы жүйесін және қолданыстағы даму бағдарламаларын ескере отырып, халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларының жүйелі тізбесі жасақталды.
Сондай-ақ, осы жоба шеңберінде, көрсеткіштерді интегралдық есептеудің жасақталған үлгісі негізінде ұсынылған өмір сапасы индикаторларын пайдалана отырып, Қазақстан өңірлерінің өмір сапасын іс жүзінде өлшеу жүзеге асырылды және тиісті рейтинг жасалды.
Осылайша, зерттеуде қойылған мақсатқа қол жеткізілді (Қазақстан Республикасы халқының өмір сапасын өлшеу) және міндеттер (өмір сапасы индикаторлары жүйесін, Қазақстандағы өмір сапасын өлшеу ерекшелігін өзектендіру және кеңейту) орындалды.
