- •Қазіргі кездегі қазақстандық тарихнамада еуразияшылдыққа қатысты жарық көреген әдебиеттер бойынша картотека
- •Еуразиялық елдер
- •1.Еуразия халықтарының ежелгі мекендеген аймақтарын карта негізінде айқындау.
- •2. Еуразия халықтарының тарихына кесте-конспект жасау.
- •1.Еуразия халықтарының ежелгі мекендеген аймақтарын карта негізінде айқындау.
- •2. Еуразия халықтарының тарихына кесте-конспект жасау.
- •1.Еуразиялық өркениет тарихындағы мәдени феномен
- •Реферат
- •Өркениеттердің өзіндік ерекшелігі мен жалпы ұқсастықтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.Еуразия халықтарының ежелгі мекендеген аймақтарын карта негізінде айқындау.
2. Еуразия халықтарының тарихына кесте-конспект жасау.
1.Еуразия халықтарының ежелгі мекендеген аймақтарын карта негізінде айқындау.
2. Еуразия халықтарының тарихына кесте-конспект жасау.
Шығыс славяндар. Шығыс славян тайпаларының ежелгі ата-бабалары жөнінде және олардың Днепрдің орта және Днестрдің жоғарғы Донның шығысына дейін жылжып кең тарағанын, б.з.б. II-I ғғ. археологиялық «жерлеу орындарынан» белгілі. Алғаш шығыс славяндар туралы естеліктер б.з.д мың жылдығының ортасына қарай анттардың атауынан тұрады. Сол уақытта шығыс славяндар оңтүстіктен Днепрдің жағалауына дейін қоныс аударуы басталды да, Батыс славяндармен Балқан түбегіне ұмтылды. Шығыс славяндардың қозғалысы шығыс бағыттарда жүрді.Ильмень және Чуд өзендердің бойында, сондай-ақ Валдай қыратына және Волго-Окс.
Солтүстік Шығыс славяндарда қоныс аударуда финно тілді тайпалардың пайда болуымен Отралық Еділ бойынан Балтық маңына дейін мекендеген.
Еділ бойы халықтары. Финтілдес халықтарға Орал тауларынан Балтық теңізіне дейін таралған эстон, корел, лопар, вепс, комизыряне, коми-пермяк, удмурд, марийц және мордва халықтары жатады. Келесі топты түркі халықтары- чуваштар,еділ бойы татарлары, башқұрттар Орталық Еділ бойы және Орал маңында Еділ бойы татарлары мен башқұрттар, Молдавиядағы гагауздар Украинаның аралас аудандарында тұрады. Мұнда үндіеуропа халықтарынан летто-литовтар, оған жататын литовтар және латыштар сонымен қатар Батыс Монғолиядан XVII ғ. қоныс аударған монғолтілдес қалмақтар өмір сүреді.
Финтілді халықтардың байланыстары Орал маңы мен Прикамьем олардың б.з.б. II м.ж ата-бабаларының Орталық Еділ бойы мен Батысқа жылжуы, б.з.б I м.ж. олар Балтық теңізі мен Кольск түбегіне жеткен.
Еділ бойы және Орал маңы бойындағы түркі халықтарының этногенезі қүрделі тарихи жағдайлармен Еділ бойына ұлы халықтардың қоныс аудару кезеңіндегі қиындықтармен байланысты. Ежелгі түріктер Орталық Еділ бойында б.з. бірінші ғасырында пайда болды.
Орта Азия халықтары. Орта Азияның түпкі халықтарының негізін түркі тілдес халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен және иран тілдес тәжіктер құрайды
Сібір халықтары. Тунгус-маньчжур халықтары Енисейден Охот теңізі және Примор далаларына дейін таралған. Бұлар эвенк, тунгус, эвен, негидальц, нанай, ульчи, орочи, ороки және удэгейцы.
1.Еуразиялық өркениет тарихындағы мәдени феномен
Әлемнің жеті кереметінің бірі- Семирамида аспалы бағы— Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа-райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.
Навуходоносор II атты Вавилон патшасы(б.з.б 605—562 )ең басты жауы- Вавилон мемлекетінің астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы, Киаксармен әскери одақ құрады. Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы Навуходоносор II - нің Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен.
Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.
Қызықты мәліметтер:
Бақтың әр жағы 4 плетронға тең болған. Плетрон - гректердің ұзындық өлшемі, ол 30,8 м-ге тең, олай болса,бақтың ауданы 123,2 м² болған.
Вавилонның көп ғимараттары ашық көк кірпіштермен безендірілген.
Бақтарды күту, егу, суару, жерді қопсыту, өсімдіктерді отырғызып, оларды кесу-жүздеген құлдарға жұмыс тауып берді.
Патшаның әскери жеңістерінің нәтижесінде оның жаулары да көп болды, осыған байланысты аспалы бақтарды қарулы әскерлер күзетті.
Ешкім де сеніммен Аспалы бақта қандай өсімдіктер өскендігі жөнінде айта алмайды, бірақ патша Ашурнасирпала II (б.з.б. 883-859) осы жерден алыс емес Нимруде қаласындағы бақта мирт, арша, бадам, құрма, зәйтүн, паслен, анар, қара өрік, алмұрт, айва, інжір және жүзім өсірген.
Бақтарға су Ефрат өзенінен каналдар жүйесі арқылы берілген.
Аспалы бақтың әр қабатының табаны саз кірпіштен қаланған, араларына қамыс жайылып, су өтпес үшін оларды қарамаймен және қабатталған қорғасынмен жапқан.
Ағаштар көлеңке және ылғалды сақтау үшін бір-біріне жақын егілген. Олар: кипарис, қарағаш, самырсын, емен, ақ үйеңкі, үйеңкі және т.б. Бұл ағаштар: мысалы, пальма мықтылығымен қатар, шірімейтін қасиетті болған, сол қасиеті үшін құрылысқа пайдаланған.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
