Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫ БОЙЫНША ҚОСЫМШАЛАР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.43 Кб
Скачать

Сынып ұжымын зерттеудің үлгі схемасы және оған мінездеме беру

  1. Сынып ұжымы туралы жалпы мәлімет және оның қалыптасуының тарихы (оқушылар саны, ішінде ер бала, қыз баласы, жас ерекшелігіне қарай құрамы және т.б.).

  2. Әрекетінің мазмұны мен сипаты.

Үлгерімі мен тәртібінің жалпы сипаты; жекелеген оқушылардың бағаларын тексеру, оларға сынып ұжымының, активінің, сынып жетекшісінің талабы; өзара көмек, оның формалары және ұйымдастыру; сыныптың сабақтағы және үй жұмысын орындаудағы тәртібі; оқу жұмысындағы теріс моменттер (көшіріп алу, т.б.).

Сабақтан тыс кездегі сынып өмірі: саяси жағдайларға, музыкаға, өнерге, әдебиетке, спортқа т.б. қызығушылық; бұл қызығушылықтардың көріну формасы: оқырман конференциясына, кино, театрға бару, көргенді талқылау, диспут және т.б.); сыныптың жалпы мектеп өміріне араласуы.

Қоғамдық пайдалы еңбек және оның ұжымның сыныптан тыс өміріндегі орны; еңбек түрлері және оны атқарудың сипаты; саналы тәртіптің көрінуі.

Шефтік ұйымдармен байланыс; оның көрінуінің формалары, ата-аналар қоғамдастығының сыныпқа ықпалы.

3. Сынып ұжымын басқару және оны ұйымдастыру.

Сынып белсенділері: староста және оның жұмысы: сынып ұйымдары; сынып белсенділерінің сипаты (олардың идеялық деңгейі, құлшынысы, даралығы, табандылығы, өзіне және өзгелерге талап қоя білуі, жолдастары арасындағы беделі, ұйымдастырушылық қабілеттері, жекелеген оқушыларға қамқорлығы, қоғамдық пікірге көзқарасы, жеке тұлға аралық қатынастар жүйесіндегі жағдайы).

Ұжым ішіндегі өзара қарым-қатынас: ұйымшылдық дәрежесі, сыныптың құндылық-бағдарлы бірлігі, өзара талаптың көрінуі, достық қамқорлығы, өзара көмек, гуманизм, сыйлау, ұжымшылдық; шағын топтардың болуы немесе жоқтығы; олардың сыныптың ортақ істеріне қызығушылық дәрежесі; ұжымдағы сын және өзін-өзін сынау; ер балалар мен қыз балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшеліктері.

Сынып жетекшісінің жеке тұлғасы және оның сыныпқа ықпалы: білімділігі, жалпы мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, оқушылар психологиясын, олардың қызығушылықтарын білуі, басқарудағы жалпы стилі және т.б.; сыныптың сынып жетекшісіне қатынасы, оның оқушылар алдындағы беделі.

4. Қайсыбір оқушы тұлғасына деген ұжым ықпалының және ұжымға деген оқушы тұлғасы ықпалының нақты үлгісіне анализ.

  1. Жалпы қорытындылар.

  2. Ұжым дамуының деңгейі.

Сыныптағы жалпы эмоциональдық климат сипаты: сергек, өмірге құштар, инертті және т.б.

Тәртібі. Ұжым өмірін ұйымдастырудағы негізгі қателіктер және оның мүшелері арасындағы конфликтіні анықтау, оны жою жолдары.

Студент-практиканттың қолы:

Қосымша 12

Жеке оқушыға психолого-педагогикалық мінездеменің үлгі схемасы

Басты бағдарламада ең маңызды жеке анализіне жататын төмендегі схема-мінездеме берілгенде белгілі бір берілген бағытпен пайдалану керек, оның ішінде, мінездеме материалы мен оның жазуына көп мағына бөлу керек.

І. Ортақ мәселе.

Оқушының фамилиясы, аты-жөні, туған жылы, сыныбы, ортақ дене дамуы, денсаулығы, жанұядағы жағдайы мен тұрмысы, жанұядағы орынды тәрбие алу жайы.

ІІ. Ұжым арасындағы өзара қарым-қатынас пен мектепке деген ынта, көзқарас.

  1. Әр кластың ортақ мінездемесіне оқушының даму қабілеті дәстүрлі тәрбиесі мен класс ұжымының талабы жатады.

  2. Ұжымдағы жағжайы /сүйіспеншілік пен өз бағасын пайдалана біле ме? Оны қалай айыруға болады?/

  3. Кластастарымен қарым-қатынасы /оларды ұнатады, көңілі бейжай, ұнатпайды, ұжым ұсынысымен санасады ма? Достары бар ма? Достығы неге байланысты? Жолдастарымен ұрыс-керіс болып қала ма және де қандай себеппен?/

  4. Ұжымдағы өз бағасына /жағдайына/ көңілі тола ма және де қандай жағдайда жүргісі келеді?

  5. Мектепте жүргеніне көңілі тола ма? Қандай қасиетін ұнатып қадірлейді?

  6. Мұғалімдермен қарым-қатынасы олармен тіл табысуы, сүйіспеншілігі, сыйластығы қандай?

ІІІ. Оқу

  1. Оқу үлгерімі /үлгіл бағалары, әр кластағы үлгерім деңгейі/

  2. Білім ой-өрісі.

  3. Сөз дамуы /оның түрлілігі, мінез-құлқы, сөз байлығы, өз ойын жазбаша және ауызша жеткізе білу қабілеті/

  4. Оқуға деген ынтасы мен көзқарасы /қызығып оқи ма, қандай пәнге ынтасы бар, бағаға қалай қарайды, ата-ана мен оқытушының мақтауы мен ескертуіне қалай қарайды, оқуға деген ең басты мәселенің мотиві/

  5. Оқуға деген қабілеті.

А) көңіл бөлу ерекшелігі /айтылға сөздің даму дәрежесі, көңіл бөлуі, оның беріліп оқуы, тұрақтылығы, өзін-өзі әр жағдайда ұстай білуі/.

Б) оқудың материалдық мағынасын қабылдау түсінігі, түйсіну жылдамдығы, оқу деңгейі мен алдын-ала есте сақтау мінезінің даму қабілеті, жылдам жаттап алу мен ойда ұстау, алдын-ала жаттап алу жолдарын біле ме? Есте сақтау жүйріктігі мен мықтылығы, қабылдау жеңілдігімен және есте сақтау индивидуалдық ерекшеліктері.

В) Ой жүйесінің дамуы. Пәннің баянды баянсыз белгілерін айыра білуі және де пайда болу туралы; ортақ және өзіндік деңгейі, тіл табыса ала ма, өз бетімен тұжырым жасай білуі, әрбір жағдайдан тез шығу жағын таба біле ме?

Г) Қиялдау қабілетінің дамуы. /оның әр түрлі оқу өнеріндегі творчестволық пен туынды байлығы/.

Д) Оқу жұмысына деген ынтасы /оқи білуі, күн тәртібін сақтауы, ұйымшылдығы, өз бетімен кітаппен жұмыс жасай ала ма? Материалды жаттауы, өзін-өзі ұстауы, жоспар құруы, конспект жасай білуі/.

Е) Еңбек. /еңбек сабағы мектеп пен үйдегі пайдалы еңбек, еңбекке деген ынтасы, жақсы бар ынтасымен істегенді қадірлей ме? Ортақ еңбекке тигізген пайдасына қызығушылығы бар ма? Еңбек еткенді ұната ма?

Студент-практиканттың қолы:

Қосымша 13

Практика қорытындысын бағалау критерийлері үлгісі

Курс компоненттері

бағалауы

Максимальды баға

1

Мектеп жетекшісінің бағалау критерийлері

40

2

Педагог –психолог бағалауының критерийлері

20

3

ЖОО әдіскері бағалауының критерийлері

40

Барлығы

100

Қосымша 14

Практика барысын бақылау графигі

Бақылау графигі төмендегідей тараулардан тұрады:

- мерзімі

-бақылау мазмұны

-бақылау жасаушы

-бақылау түрлері мен әдістері