Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫ БОЙЫНША ҚОСЫМШАЛАР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.43 Кб
Скачать

4) Оқушылардың ойлау әрекеттерін жандандыру.

Мұғалім оқушыларда ғылыми ұғымдарды қалай қалыптастырды? Бұл ретте көрнекі құралдарды қалай қолданды? Ол ұғымдар арасындағы қандай байланыстарды орнатты және қандай пайымдаулар жасады?

Ол оқушыларды қайсыбір түсініктер мен пайымдауларды меңгерудің қандай жолдарымен жетеледі (индуктивтік және дедуктивтік)?

Мұғалім оқушыларда берілген түсініктерді меңгеруге деген сұранысты тудыра алды ма (теориялық маңызын ашты ма, практикада қолданылуын көрсетті ме, өмірмен байланыстырды ма және т.б.)?

Оқушылардың сабақтағы ұғым-түсініктерді меңгеру деңгейі және ұғымдарды ажыратудағы қателіктері қандай?

Мұғалім оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлауларын қалай жандандырды? Сабақ проблемалық құрылымымен ерекшеленді ме? Проблемалық ситуация қандай жолдармен жасалды? Жауап іздеуде олар белсенді болды ма? Оқушылар тарапынан қойылған мәселенің шешімін іздеуде қандай нақты ойлау әрекеттері туды (бір мысал)?

Проблемалық оқытуға сынып қандай дәрежеде дайындалған (дамудың жалпы деңгейі; қажетті білім мен икемдердің болуы; сүраққа жауап беру кезіндегі белсенділік көрсеткен оқушылар саны)?

Мұғалім балаларды рациональдық ойлаудың дайын тәсілдеріне үйретті ме?

Сабақ тұтасымен алғанда қаншалықты үйлесімді, қисынды, жүйелі құрылған?

Мұғалім оқушылардың жеке ерекшелігін есепке алуды қалай жүзеге асырды?

4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.

  1. Сабақтың қай кезеңінде мұғалім оқушылармен байланысқа түсті және қандай мақсатта (сұрау кезінде, жаңа материалды беру кезінде, бекіту кезінде)?

  2. Сабақта оқушылардың білімді меңгеруінің қандай деңгейлерін анықтауға болады?

  3. Кері байланыс тексеруші сипатта ғана емес, үйретуші сипатта да бола алды ма? Ол неден көрінді?

  4. Оқушылар сабақта алған бағаларын қалай қабылдады? Оқушылар жауабы мұғалімнің кейінгі сөзі мен әрекетіне ықпал етті ме, яғни ол өзінің әрекетін кері ақпаратқа байланысты қалай қайта құрды?

5. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы және оның сабақтағы әрекеті.

  1. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы: оның сырт бейнесі, сөзі, мәнері, оқушылармен қарым-қатынас сипаты. Балалардың оған деген қатынасы. Сабақтағы эмоциональдық климат.

  2. Мұғалімнің талап қоюы және оның оқушы жеке тұлғасында құнды моральдық және ерік сапаларын қалыптастырудағы маңызы. Бұл талаптарға оқушы қатынасы?

  3. Сабақта қолданылған оқытудың әдістері мен тәсілдерінің тәрбиелік маңызы.

  4. Мұғалім оқу еңбегі техникасына қалай үйретті? (түсіндіргенді қалай жазып отыру керек, кітаппен жұмыс, өзін-өзі бақылау және т.б.).

  5. Сабақ нәтижелері.

  6. Сабақ мақсатына жетті ме? Бұл туралы қандай психологиялық көрсеткіштерге қарап айтуға болады? Оқушылардың жалпы дамуы үшін сабақ не берді?

Қосымша 10а

Сабақты құрылымдық талдау үлгісі

Класс, пән аты, мұғалім, өткізілген күн.

Сабақтың тақырыбы.

Сабақтың дидактикалық мақсаты, сабақ типі.

Оқытылатын материалдың мазмұны.

Сабақтың білімділік және тәрбиелік міндеттері:

Оқушылар бір рет қандай материалмен танысты, қандай білім, іскерлік, дағдылар бекітілді, қай материалды өтуге дайындық жұмыстары жүргізілді?

Сабақтың құрылысы:

Сабақтың ұйымдастырылуы мен негізгі кезеңдері, олардың бірізділігі және логикалық байланысы, сабақ құрылысының оның мазмұны мен мақсатына сәйкестігі, әрбір сабақ кезеңдеріне уақыттың бөлінуі.

Оқыту әдістері:

А) білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыруда қандай әдеттерді қолданды, олардың сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкестілігі және тиімділігі.

Б) әрбір сабақ кезеңдерінде қолданылған әдістемелік тәсілдер және жаттығулар, олардың тиімділігі.

Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру:

Сабақта әрбір кезеңде мақсаттың қойылуы, сабақ барысында әр түрлі қызмет түрлерінің ұштасуы, оқушылар жұмысын бақылау және бағалау, оған оқушылардың қатысуы, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру, тәртіпті және жұмыс жасауға ыңғайлы жағдайлар жасау тәсілдері.

Сабақтың құрал-жабдықтары:

Көрнекілік, оқу құралдары, дидактикалық материалдар техникалық құралдарды қолданудың мақсаты, орны, әдістері.

Сабақтың нәтижесі:

Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің орындалуы.

Қосымша 10б