Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫ БОЙЫНША ҚОСЫМШАЛАР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.43 Кб
Скачать

Қатысқан сабақтың, тәрбиелік іс-шараны талдау хаттамасы

Мерзімі, уақыты

Тақырыбы

Сыныбы

Қатысушы

Іс шара барысы

Іс-шара талдауы

Жағымды тұстары

Жағымсыз тұстары

Ұсыныстар, пікірлер, баға

Хаттама толтырушы қолы _____________________

Қосымша 10

Сабақтың толық психолого-педагогикалық талдауы

1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.

  1. Сабақ тақырыбы, мақсаты мен міндеттері. (білімдік, тәрбиелік, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интелектісін, еркін, эмоцияларын дамыту міндеттері);

  2. Сабақтың түрі, құрылымы және оның психологиялық мақсатқа сәйкестігі. Оқытудың негізгі принциптерін жүзеге асыру және психологиялық тұрғыдан негіздеу.

  3. 2. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.

  1. Оқу материалының сапасы қандай (сипаттама немесе түсіндірме, көрнекілік дәрежесі, нақтылығы, абстрактілігі мен жалпыламалығы)?

  2. Бұл оқу материалын қабылдау оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қай жағын жандандыруды талап етеді (бейнелік немесе сөздік-логикалық ес, абстрактілік ойлау, елестету)? Ол қандай эмоция тудыруы мүмкін?

  3. Берілген материал оқушылардың танымдық әрекетінің жас ерекшелігіне, олардың өмірлік тәжірибесіне, білім деңгейлеріне сай келе ме?

  4. Күрделі оқу ақпаратын мұғалім сол жастағы оқушы қабылдауына түсінікті, қызықты етіп қалай жеткізеді (баяндаудың анықтығы мен қарапайымдығы, айқын салыстырулар, ұқсастырулар, мысалдардың болуы, көрнекі құралдарды қолдануы, өмірмен байланысы)?

  5. Оқылатын материалдың тәрбиелік ықпалы қандай (моральдық, эстетикалық және т.б.)? Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін мұғалім қаншалықты тиімді жүзеге асырады?

3.Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.

1) Зейінді ұйымдастыру (шоғырландыру).

Сабақтың барлық кезеңдерінде зейінді ұйымдастырудың жолдары (оқушылардан зейіндерін аударуды, өткізіліп отырған жұмыстың маңыздылығын белгілеп отыруды сұрау, нақты міндеттерді қою, көрнекілік қағидасын қолдану т.б.).

Сабақтағы зейін түрлері және оның жекелеген оқушыларда көріну формасы. Оқушылар зейінін бір жұмыстан екінші жұмысқа аудару тәсілдері. Оқытушы ұсынған күрделі тапсырма түрлерінің қандайында оқушылар зейінін ерекше шоғырландыру керек болды және олар тапсырмаларды қалай орындай алды?

2) Қабылдауды ұйымдастыру және оның сипаты.

Оқушылар қабылдауының объектісі не болып табылады (мұғалім сөзі, оқулық мәтіні, түрлі көрнекі құралдар)? Қабылдау материалының сапасы.

3) Есті жандандыру және оны дамыту.

Сабақта естің қандай түрлері болды (көрнекі-бейнелік, сөздік- логикалық, эмоционалдық, ниет етілген, ниет етілмеген, механикалық, логикалық)? Мұғалім баяндалған мәліметті еске жақсы сақтаудың қандай тәсілдерін қолданды (материалды логикалық өңдеу, түрлі ассоциацияларды белгілеу, іс-әрекетке қосылу, қайталау, эмоциональдық жүктеме және т.б.)? Сабақта жекелеген оқушылардың еске сақтау үрдісі қалай көрінді (еске сақтау, білу, қабылдау, ұмыту)?