- •050608 - Экология мамандығының студенттеріне
- •Пән бағдарламасы (силлабус)
- •3. Курстың пререквизиттері
- •4. Курстың постреквизиттері
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •7. «Су қорларын қорғау» пәні бойынша сөж тапсырмаларын
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәрістер курсы
- •1 Су қорларын қорғау пәнінің мақсаттары мен міндеттері
- •2 Қазақстанның су қорлары және оларға сипаттама
- •2 Кесте - Су ресурстарын қолданудың орташа көрсеткіші, %
- •3. Оңтүстік аймақ: Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.
- •Сөж тапсырмасы Су қорларын рекреациялық мақсатына қолдану.
- •3 Су қорларының сапалық және сандық өзгерістері
- •2 Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы.
- •Сурет 1- Ағызынды суларды тазарту сызбасы
- •4 Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су қорлары
- •5 Беттік суды ластанудан қорғау шаралары
- •6 Жерүсті су сапасының мониторингісі
- •3. Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу
- •7 Қалыптасудың гидрологиялық факторлары және беттік судың сапасын бағалау әдістері
- •Практикалық-зертханалық сабақтар
- •1 Тақырып: су қорларына жалпы сипаттама. Басқарудың негізгі принциптері
- •Сурет Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару
- •Су қорларын басқару неге керек?
- •2 Тақырып: іле-балқаш бассейнінің жағдайы
- •3 Тақырып: жер беті суларын қорғау шаралары
- •4 Тақырып: әр түрлі су қолдану орындарынан шығатын сарқынды сулардың мөлшерін есептеу
- •1 Кесте. Әртүрлі өндіріс салаларының су пайдалану нормалары
- •2 Кесте. Әр өндірісте душ (жаңбыр су) қолданылатын жұмыстардың пайыздық есебі.
- •5 Тақырып: сарқынды сулардағы ластаушы заттардың шоғырлануы
- •2. Тұрмыстық сарқынды сулардағы қалқып жүрген заттардың шоғырлануын анықтау
- •6 Практикалық жұмыс: жалпы сарқынды сулардың канализациялық жүйесі
- •7 Тәжірибелік жұмыс: сарқынды сулардың су
- •8 Тақырып: сулардың лабораториялық анализ үлгісін алу және оларды консервациялау
- •9 Тәжірибелік сабақ: судың температурасын және сутегі көрсеткішін анықтау
- •10 Тәжірибелік сабақ: табиғи суда қалқып жүрген
- •11 Тәжірибелік жұмыс: құрғақ қалдықты гравиметриялық әдіспен анықтау
- •12 Тақырып: иодомерлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау
- •13 Тақырып: судағы оттегінің қажеттілігін анықтау
- •14 Тақырып: табиғи сулардың уақытша кермектілігінің мөлшерін анықтау
- •Кермектігіне қарай, судың сапалық сипаттамасы
- •15 Тақырып: суды тұссыздандыру және тұщыландыру
- •12.2 Суды тұзсыздандырудың және тұщылаудың ион алмасу әдісі
- •12.3 Суды тұщыландырудың электродиализ әдісі
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Сөж тапсырмасы Су қорларын рекреациялық мақсатына қолдану.
Адамдар өз қуат-күшін қалпына келтіру үшін су жағалауында дем алуды қалайды. Бұған қолайлы өзен, көл, су қоймаларын, теңіз жағалауларын рекреациялық аймақ деп атайды. «Рекреация» - поляк тілінде «демалу», ал латын тілінде «қалпына келтіру» деген мағына білдіреді. Осы заманда халықты демалыс орындарымен қамтамасыз ету экономиканың бір үлкен саласына айналды. Су шаруашылығы комплексінде рекреацияның орны бөлек. Рекреация аймақтарын қалпына келтіру, жаңа аймақтар ашу, оларды бүгінгі күннің талабына сай жабдықтау аса маңызды жұмыстардың бірі болып отыр. Қазақстан және дүниежүзі
мысалында бұл мәселе қалай шешілуде талдау жасау.
Бақылау сұрақтары
Су қорларын қолдану түрлері қандай?
Қазақстан аймағында қандай су қоймалары бар?
Негізгі қолданылатын су қандай қорлардан алынады?
Су энергетикалық ресурс қалай орналасқан?
Суды тұтыну дегеніміз не, ол қалай бөлінеді?
Су өндірісте қандай мақсатта қолданылады?
Агротехникалық жағдайда су қалай орналасады?
Республикамызда өндірісті сумен жабдықтаудың неше түрі бар?
3 Су қорларының сапалық және сандық өзгерістері
1.Су қорларының ластану көздері
2.Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы
3.Ластағыш заттардың көшу формалары
1.Судың сапасына табиғи және антропогендік факторлар себепші болады. Соның ішінде ең күшті кері әсер ететін антропогендік факторлар. Өнеркәсіптің, энергетиканың, ауыл шаруашылығының, транспорттық және коммуналдық шаруашылықтың қарқынды дамуымен байланысты. Табиғи су ластануының басты көздері: 1. Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар. Екіншісі, өзен, сай-салалармен ағып жатқан суларды, қатты жаңбырдан кейін, ағып жатқан суларды айтады.
2. Ластанудың диффузиялық көздері (минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар (ядохимикаты), түтін шығарындылары т.б.) Диффузия – латын сөзінен аударғанда ішіне кіріп, таралу деген мағынаны білдіреді.
Су ресурстарының экожүйесіне ең үлкен залал келтіретін өңдірістің уытты заттармен ластанған сарқынды сулары, мұнай өндіру, химия, целлюлоз-қағаз, металлургия, тоқыма өндіріс салаларының өте ластанған сарқынды суларды таза су қоймаларына құйғанынан су қорлары көптеп ластанады. Өзен-көлдер жағалауындағы мал шаруашылығы қалдықтары да су көздерін ластауға өз үлесін қосып жатыр. Жылу атом электростанциялары табиғи және қолдан жасалған су қоймаларына сарқынды жылы суларын жіберіп, су ресурстарының техникалық, гидрохимиялық және гидробиологиялық режимдерінің бұзылуына үлкен әсер етіп келеді.
Табиғи судың сапасына ауыл шаруашылық жұмыстардың қалдықтары, суға түскен минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттар үлкен зиян тигізіп отыр. Сулардың сапасының нашарлауына атмосферадан түсуші ластаушы заттар да кесірін тигізуде.
2 Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы.
Табиғи суды ластаушы заттар: минералдық, органикалық және бактериялық болып бөлінеді.
1. Минералды ластаушылар құм, балшық тұздардың, қышқылдардың, сілтілердің, минералды майлардың ерітінділері.
2.Органикалық ластауға өсімдіктердің, мал шаруашылығының шіріген қалдықтары.
3. Бактериялық ластану әртүрлі микроағзалар, оның ішінде ауру туғызатын бактериялар.
Суға ең үлкен қауіп тудыратын мұнай өңдеу өндірісі. Теңізге төгілген 1 тонна мұнай 2,6 км2 су бетін біркелкі жұқа пленкамен жаба алады (бір тамшысы, сәйкесінше, 0,25 км2 шамасында). Мұнай суға қосылғанда, атмосферадағы ауамен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады. Су құрамындағы оттегі, органикалық қоспаларды тотықтыруға жұмсалып, мөлшері азаяды. Оттегі мөлшерінің азаюы, судағы организмдердің тіршілігіне қиындық тигізеді. Ал мұнайдың ауыр фракциялары, судың түбіне шөгіп, балықтардың, басқа ағзалардың өсуіне әсерін тигізеді. Егер қажетті шұғыл шаралар қолданылмаса, суға аққан мұнай мөлшері жылдан-жылға көбейіп бара жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, бүгінгі күнге дейін, әлемдік мұхиттар суына қосылған мұнайдың мөлшері шамасымен 60 млн. тоннаға жетеді екен.
Мұнайдың суға концентрациясы 800 мг/м3-ден жоғары болғанда, көптеген организмдер өмір сүруін тоқтатады, теңіз балдырларының оттегі мүмкіншілігі азаяды. Мұхит өсімдіктері, жердегі тіршілікке қажетті оттегінің 50%-ын беретінін ескерсек, теңіз суы қорларының ластануы жер бетіндегі тіршілікке кері әсер етері әбден мүмкін.
Фенол қосылыстары суды жүріп жататын өте қажетті биологиялық процестерді қиындатады, балықтардың көбеюіне зиянын тигізеді. Кейінгі кезде су көздерін ең ластағыш заттардың бірі – синтетикалық беттік белсенді заттар (БАЗ) болды. Олар газ көбіктерін түзеп, шайынды суларды биологиялық тазалау әдістерінің тиімділігін төмендетеді. БАЗ-дың судағы аз мөлшерінің өзі, балдырлар мен өсімдіктердің өсіп кетуіне жағдай туғызады. Судың күн сәулесін жақсы қабылдауы, су ағынының нашар болуы, құрамында фосфор, азот, органикалық заттардың болуы, жасыл балдырлардың өсуіне жағдай тудырады. Жасыл балдырлар шіріген кезде пайда болатын фенол, индол және басқа улы заттар көп мөлшерде суға қосылды. Мұндай су қоймаларында балықтар өмір сүре алмайды және су ішуге де келмейді.
Табиғи сулардың радиоактивтік қалдықтармен ластануы ең қауіпті жағдай туғызады. Сондықтан радиактивті қалдықтарды суға жақындатуға қатаң тыйым салынған. Су ластауының басқа да көздері бар. Олар- орманнан, ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлерден, қоқыс үйінділерінен ағып өтетін жаңбыр және қар сулары. Жер бетінде жинақталған әртүрлі күл-қоқыстардың құрамындағы зиянды заттармен өзен-көлге ағып келіп қосылатын жаңбыр және қар сулары қоршаған ортаны, оның ішінде табиғи су қоймаларын улы қосындылармен ластап, судың сапасын күрт төмендетеді.
Сонымен, өндірісте қолданылған сарқынды суларды 100% тазалап, циклді түрде қайталап қолданғанның өзінде өзен, көл суларының ластануын тоқтату қиын. Сондықтан, таза тұщы су проблемасы көп қырлы, оны өндірістің барлық салалары күш қосып, жан-жақты қарап, шешімін іздеу керек. Қазірден бастап өндіріс сарқынды суларын сыртқа шығармай, тұйық циклде қолданып, ауыл шаруашылығында сусыз заттарды пайдалануға көшкеннің өзінде, бірнеше жылдар бойы өзен мен көлдердің ластануы тоқтай қоймайтыны анық. Жүздеген жылдар бойы жер бетінде жинақталған, миллиондаған тонна әр түрлі тұрмыс, өндіріс қалдықтары өз залалын тигізуін көпке дейін тоқтатпайды. Жоғарыда келтірілген мәліметтер су қорын сақтап қалу үшін, көптеген мәселелерді тығыз шешу керек екендігін көрсетеді. Бұл проблемаларды ғылымның кейінгі жетістіктерін қолданып, табиғат заңдылықтарын есте ұстап және олармен байланыстыра отырып шешу керек. Бұл адамзаттың кезек күттірмейтін негізгі проблемасы.
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді (1-сурет).
Ағызынды суларды
тазалау
Механикалық
Биологиялық
Химиялық
Микроорганизмдер,
өсімдік-жануарлар
Тұндыру,
сүзу
Нейтралдау,
реагенттер пайдалану
