Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
su__1179_or_1171_au_zhana114111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Дәрістер курсы

1 Су қорларын қорғау пәнінің мақсаттары мен міндеттері

1. Су қорларын қорғау бойынша зерттеулердің дамуы

2.Қазақстандағы су қорларын қорғау жүйесі

3.Судың ластануының табиғи және жасанды көздері

4.Судың ластануымен байланысты экологиялық мәселелер

1 Көп елдердегі судың жетіспеушілігін негізінен әлем бойынша су қорларының біркелкі таралмағандығы тудырып отыр. Кейбір аудандар судың артықшылығынан стихиялық апаттарға душар болып отырса, кейбір елдерде судың артықшылығы қажетті жерде және қажетті жағдайда пайда болмауы қиыншылық туғызады. Ал енді бір елдер үнемі судың жоқтығынан зардап шегуде. Суды пайдаланудың оңай болғандығы соншалықты адамдар оны таусылмайтын ресурстарға жатқыза бастады. Бірақ қазір тұщы судың таусылып бара жатқанын оңай көруге болады. Тұщы су әлемдегі барлық су қорының үш пайызын ғана құрайды. БҰҰ мәліметтері бойынша, ΧΧΙ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болады.

Ғалам халқының санының өсуі су қажеттілігін күрт арттырады. Әсіресе, бұл Азия құрлығының тұрғындары үшін қиындық туғызады, өйткені олардың негізгі тамағы суда өсетін күріш. Су – өмір көзі. Бір де бір өндіріс сусыз жұмыс істей алмайды. Сусыз атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық) және кіші (биохимиялық) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында 60 % -дай су болады.

Адам үшін су тек биологиялық емес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л су жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000л жұмсайды.

Жер ғаламшарындағы су қоры ~ 1.400 000 км3, бірақ оның көбі ащы. Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдылығын ескерген жөн. Тұщы судың 70 % -дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды пайдалана алмайды. Бұл “өлі” табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының 0,001 % ғана ішуге жарамды.

2 Суды қорғау - судың ластануын болдырмауға және ластану салдарының алдын алуға бағытталған шаралар жүйесі. Суды қорғау межелері – су объектілерінің экологиялық жағдайын және тұрғындардың денсаулығына қажетті жағдайды қамтамасыз ететін көрсеткіштер.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ) негізгі мәселесі – су заңын, стандарттарды, нормативтерді, ережелерді және басқа да құқықтық актілерді су қорын пайдаланушылардың қатаң сақтауын қадағалау болып табылады.

Судың сапасы дегеніміз – шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, балық шаруашылығы және техникалық қажеттілікті анықтайтын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы.

3 Жерүсті суларының ластануының негізгі себептері:

1) тазаланбаған немесе аз тазаланған жиынтық сулардың;

2) тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетуден қалған сулардың;

3) өндіріс кәсіпорындары суларының;

4) ауыл шаруашылығы мекемелері суларының;

5) халық шаруашылығы басқа да мекемелер суларының суға қосылып кетуіне байланысты.

Химиялық ластаушы заттардың ең кеңінен тарағаны синтетикалық белсенді беттік заттар (СББЗ), бірақ олардан пестицидтер де қалыспайды. Тура осылай жерасты сулары да ластанады. Ластаушы заттар микробтық және химиялық болып бөлінеді. Микробтық ластануға көбінесе жерасты сулары ұшырайды. Жерасты суларының химиялық ластануы жерүсті сулары арқылы жүреді. Жерасты суларына қалдық суларды тазалауға пайдаланатын биологиялық белсенді заттар (ББЗ) да өтіп кетуі мүмкін. Жерасты суларын өндірістік қалдықтар, мұнай өнімдерін сақтағандағы қалдықтар, химиялық өндірістердің шикізаты және өнімдері, химикаттар және тыңайтқыштармен ластанған жауын-шашын ластайды. Судың ластану индексі келесі кестеде келтірілген.

1-кесте - Судың ластану индексінің сипаттамасы (СЛИ)

Сапа

класы

Жерүсті сулары сапасының сипаттамасы

СЛИ шамасы

1 өте таза ≤ 0,3

2 таза 0,3 тен 1,0 ге

3 мөлшерлі ластанған 1,0 ден 2,5 ке

4 ластанған 2,5 нан 4,0 ке

5 лас 4,0 тен 6,0 ға

6 өте лас 6,0 дан 10,0 ға

7 төтенше лас > 10,0

Кейінгі жылдары ең көп ластанған Ертіс өзені (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Риддер қорғасын зауыты, Зырян ағаш-жоңқа плиталары кәсіпорны және т.б.) Сырдария, Шу, Талас, Қаратал өзендерінің жағдайлары 3-4 класқа жатады. Балқаш көлінің күйі қанағаттанарлықсыз (ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар). Каспий теңізінің су қоры да үрей туғызады. Солтүстік Каспийді Еділ- Жайық сулары ластайды. Қалдық суларды тазалауда ауыр жағдай Өскеменде, Қарағандыда, Павлодарда және Петропавлда. ҚР халық шаруашылығы дамуы, әрине, су қажетінің артуына әкеліп соғады, бұл жағдайда үлкен көмекті жерасты суларынан күтуге болады. Жерасты суларының елеулі қорлары Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Арал теңізінің тағдыры тоқырау кезіндегі күріш пен мақтаны шексіз суарумен байланысты.

Суды 400 түрлі зат ластауы мүмкін. Егер судағы санитарлық-токсикологиялық, жалпысанитарлық немесе органолептикалық көрсеткіштер шектеулі межеден асып кетсе, онда ол су ластанған болып есептеледі. Ластаушылар химиялық, биологиялық және физикалық болып бөлінеді. Оның ішінде жиі кездесетіні химиялық және биологиялық.

Химиялық ластану (ХЛ) – органикалық (фенолдар, пестицидтер), бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), улы (мышьяк, сынап қосылыстары) және усыз.

Биологиялық ластану – суда патогендік бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың болуы.

Механикалық қоспалар да суды ластайды. Технологиялық сулармен, ыстық аумақтармен араласып кетуі судың жылулық ластануына әкеліп соғады.

СӨЖ тапсырмасы Судың ластануымен байланысты экологиялық мәселелер мен жағдайларды анықтап, төмендегідей талдау жасау қажет.

Су ресурстарына түскен антропогендік салмақтың көбеюіне байланысты, көпшілік өзен-көлдер өзін-өзі тазарту және өзін-өзі қайтадан қалпына келтіру қасиеттерінен айрылған. Бұл еліміздің барлық өзен-көл бассейндерін экологиялық қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыруда.

Су ресурстары тапшылығының (дефицит) басты себептеріне мына табиғи және антропогендік ықпалдарды жатқызуға болады:

  1. Еліміздің ауа-райына байланысты өзендер ағымының (сток рек) 90% қар күрт еріген кезде ағып кетуі және өзендердің 50% іргелес елдерде қалыптасуы;

  2. Су ресурстарын экстенсивті (орынсыз көп) пайдалану;

3. Пайдаланған суларды тазартып қайта пайдалану жұмыстарының ұйымдастырылмағандығы (әсіресе, жер суару саласында);

4. Өндірістік, коммуналдық – тұрмыстық мекемелерге су берілетін құбырлардың ескіргендігінен орынсыз шығындалуы;

5. Өзен сулары қалыптасатын аймақтарда бөгеттер құрып, су қоры орынсыз пайдаланылуы;

6. Іргелес елдермен су ресурстарын пайдалану жайлы мәселелер толық шешілмеуі .

Бақылау сұрақтары

  1. Су қандай айналымдарға қатысады?

  2. Суды ластаушылар қалай жіктеледі?

  3. Бактериологиялық ластаушылар қандай?

  4. Судың органолептикалық көрсеткіштері дегеніміз не?

  5. Жерүсті суларының ластануының негізгі себептері қандай?

  6. Жерасты суларының қандай ластаушылары белгілі?

  7. Судың ластану индексі дегеніміз не?

  8. Жерасты суларының қорлары қандай облыстарда орналасқан?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]