- •050608 - Экология мамандығының студенттеріне
- •Пән бағдарламасы (силлабус)
- •3. Курстың пререквизиттері
- •4. Курстың постреквизиттері
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •7. «Су қорларын қорғау» пәні бойынша сөж тапсырмаларын
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәрістер курсы
- •1 Су қорларын қорғау пәнінің мақсаттары мен міндеттері
- •2 Қазақстанның су қорлары және оларға сипаттама
- •2 Кесте - Су ресурстарын қолданудың орташа көрсеткіші, %
- •3. Оңтүстік аймақ: Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.
- •Сөж тапсырмасы Су қорларын рекреациялық мақсатына қолдану.
- •3 Су қорларының сапалық және сандық өзгерістері
- •2 Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы.
- •Сурет 1- Ағызынды суларды тазарту сызбасы
- •4 Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су қорлары
- •5 Беттік суды ластанудан қорғау шаралары
- •6 Жерүсті су сапасының мониторингісі
- •3. Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу
- •7 Қалыптасудың гидрологиялық факторлары және беттік судың сапасын бағалау әдістері
- •Практикалық-зертханалық сабақтар
- •1 Тақырып: су қорларына жалпы сипаттама. Басқарудың негізгі принциптері
- •Сурет Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару
- •Су қорларын басқару неге керек?
- •2 Тақырып: іле-балқаш бассейнінің жағдайы
- •3 Тақырып: жер беті суларын қорғау шаралары
- •4 Тақырып: әр түрлі су қолдану орындарынан шығатын сарқынды сулардың мөлшерін есептеу
- •1 Кесте. Әртүрлі өндіріс салаларының су пайдалану нормалары
- •2 Кесте. Әр өндірісте душ (жаңбыр су) қолданылатын жұмыстардың пайыздық есебі.
- •5 Тақырып: сарқынды сулардағы ластаушы заттардың шоғырлануы
- •2. Тұрмыстық сарқынды сулардағы қалқып жүрген заттардың шоғырлануын анықтау
- •6 Практикалық жұмыс: жалпы сарқынды сулардың канализациялық жүйесі
- •7 Тәжірибелік жұмыс: сарқынды сулардың су
- •8 Тақырып: сулардың лабораториялық анализ үлгісін алу және оларды консервациялау
- •9 Тәжірибелік сабақ: судың температурасын және сутегі көрсеткішін анықтау
- •10 Тәжірибелік сабақ: табиғи суда қалқып жүрген
- •11 Тәжірибелік жұмыс: құрғақ қалдықты гравиметриялық әдіспен анықтау
- •12 Тақырып: иодомерлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау
- •13 Тақырып: судағы оттегінің қажеттілігін анықтау
- •14 Тақырып: табиғи сулардың уақытша кермектілігінің мөлшерін анықтау
- •Кермектігіне қарай, судың сапалық сипаттамасы
- •15 Тақырып: суды тұссыздандыру және тұщыландыру
- •12.2 Суды тұзсыздандырудың және тұщылаудың ион алмасу әдісі
- •12.3 Суды тұщыландырудың электродиализ әдісі
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Глоссарий
су – тірі заттың маңызды құрамдас бөлігі, өмірдің ең бірінші ортасы. Суға ерекше қасиеттер тән: меншікті жылу сыйымдылығы жоғары, +4оС температурасында ең жоғарғы тығыздыққа ие, табиғатта су үш түрлі агрегаттық күйде бола алады, тамаша еріткіш. Су Жердің басты биотопы болып табылады, өйткені оның ауданының 70% алып жатыр.
жердің сулық балансы – табиғаттағы судың кірісі мен шығысының сандық сипаттамасы. Судың кірісі – жауын-шашын, шығысы – булану.
суды пайдалану – тұрғындардың, өндірістің, ауыл шаруашылығының және т.б. суға қажетін қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалану. Өзен суларының қоры көп болмағанмен (барлық гидросфераның 0,0001% ғана), өздігінен тазарып және қалпына келіп тұратындықтан, суды тұрмыста және ауыл шаруашылғында пайдаланудың негізгі көлемін қамтамасыз етеді. Алайда, өндірістің, ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына және қала тұрғындары санының артуына байланысты бүкіл әлемде суды пайдаланудың мөлшері күрт өсуде.
су қоймасы – суды тоқтатып және сақтау үшін салынатын гидротехникалық құрылыс. Олар электроэнергия өрдіру, жер суару, ауыз су ретінде пайдалану үшін салынады.
минералды сулар – тектоникалық айрылу аймақтарымен байланысты жерасты сулары. Олар температура жоғарылығымен, радиоактивтілігімен және әртүрлі биологиялық белсенді құрамаларының (көмір қышқыл газы, күкірт сутегі, бром және т.б.) жоғары мөлшерімен ерекшеленеді. Мұндай суларды емдік мақсатта пайдаланады. Қазақстанда минералды сулар Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында бар. Мұндай сулармен бай өлке – Кавказ.
жерасты сулары – әртүрлі физикалық күйде жер қыртысының сыртқы қабатында кездесетін сулар. Олар артезиандық және қабықтық болып бөлінеді.
судық сапасы – шаруашылықта, мәдени-тұрмыста, балық шаруашылығында және техникада пайдаланылатын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы.
судың ластану индексі ( СЛИ) – ластану мөлшерін анықтайтын шама.
гидросфера – Әлемдік Мұхиттан, құрылық суынан (өзен, көл, мұздықтар), жерасты суларынан құралатын Жердің сулық қабаты. Ол гидробионттардың тіршілік ортасы болып келеді. Гидросфера литосферамен, атмосферамен және тірі ағзалармен тығыз байланысты. Гидросфераның жалпы көлемі 1,5 млрд км3 құрайды. Оның 94% Әлемдік Мұхит үлесіне тиеді, қалғандары жерасты сулары мен мұздықтар. Жерүсті суларының үлесі тек 0,0001% ғана.
аквотория – табиғи, жасанды немесе шартты шекарамен шектелген су кеңістігі.
су объектісінің бассейні – гидавликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдары қамтитын аймақ.
жер асты суларының бассейні – жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы.
жағалау жиегі – су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі барысында пайда болған жиегі.
су сервитуты – су объектісін шектеулі пайдалану құқығы
су үнемдеу – су ресурстарының үнемді және ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.
су жинау алаңы – шекарасы шегінде су объектісінің су ресурстары қалыптастырылатын аумақ.
сулардың зиянды әсер етуі – табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде судың шаруашылық және өзге де қызметке теріс әсер етуі.
су шаруашылығы – су объектілерін пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы.
су режимі – су обектілерімен су қабатындағы су деңгейінің шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі.
су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған қрлыстар мен құрылғылар кешені.
ағын су – ойпаңды жер бетінде ылдиға қарай құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі.
су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ.
су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану.
су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
су тұтынушы – су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерін су алушы немесе жеке тұлға.
су шаруашылығы ұйымдары – қызметі суларды реттеумен, жеткізумен, молайтумен, ағынды суларды бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлға.
су қорғау белдеуі – шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін су объектісіне және су шаруашылығы құрылыстарына іргелес жатқан су қорғау шегіндегі ені кемінде жиырма метр аумақ.
су шаруашылығы жүйесі – суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге сондай-ақ ағынды суларды бұруға арналған өзара байланысы бар су объектілері.
су шаруашылығы құрылыстары – су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету ағынды суларды бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатымен су объектілерінде жасанды құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғалар.
гидромелиорациялық жүйе – жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені.
гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, суды дайындау, су пайдаланушыларға беру, тасымалдауға және бұру, сондай-ақ олардың зиянды әсерәнің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар.
су қорының жерлері – су айдындары (өзендер және оларға теңестірілген каналдар, көлер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздеріндегі ағынды реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер.
жер асты суларының бассеиіні – жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы
санитарлық қорғау аймағы – су саласы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтаудың көзін (ашық , жер асты) , су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатымен белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылысының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ.
су объектісіндегі реакция аймағы – жаппай демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланылатын су объектісі немесе оның іргелес жағалауы бар учаскесі.
су пайдалану көзі – су пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін су объектісі.
су объектілерін пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу.
өзендерге теңестірілген каналдар – суды бір бассейіннен екіншісіне , сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар.
шегендеу құрылысы – табиғи шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс.
жерасты суларының көздері мен учаскелері – шегінде жерасты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері.
минералды жерасты сулары – өзінің құрамы және (немесе) кейбір ерекше компоненттердің мөлшері бойынша бальнеологиялық әсер ететін жер асты сулары.
су объектілерін қорғау – су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге бағытталған қызмет.
ластаушы заттардың шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтері – адамның денсаулығын қорғау және өсімдік пен жануарлар дүниесіне зиянды әсерін болғызбау мақсатында белгіленетін ластаушы заттардың су объектілеріндегі болуы мен табиғи факторлардың су ортасына әсер етуінің жол берілетін шамалары.
жер үсті объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар , құрлық бетінде оның бедері нысанындағы сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы.
су жіберу – ағын судың төменгі учаскесіндегі су шығынын немесе деңгейін немесе су қоймасының өзіндегі судың деңгейін реттеу үшін су қоймасынан суды кезеңдеп немесе мезгілдеп беру.
өндірістік-техникалық жерасты сулары - өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын мүмкн жер асты сулары.
су ағызу каналы – бөлу желісінің жалғасы болып табылатын , пайдаланылған және артық суды өзеннің арасына немесе табиғи ылди жерге қарай ағызу үшін пайдаланылатын жасанды құрылыс.
ағынды сулар – табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бетінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ағызып жіберілетін пайдаланылған немесе ластанған аумақтан келіп түскен сулар.
трансшекаралық әсер – табиғи көзі шектес мемлекеттің немесе көршілес мемлекеттердің аумағында толық немес ішінара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметінен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруі нәтижесінде пайда болатын зиянды зардаптар.
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган – су қорын пайдалану және қорғау саласындағы басқару мен бақылау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
